Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
6 C
Уральск
8 C
Аксай
Еще

    Жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін

    «Н» «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының облысымызда жүзеге асырылуы туралы мақала жариялауын жалғастырады.

    Бүгін біз бірыңғай ақпараттық база «электрондық еңбек биржасының» енгізілуі туралы және оның өңірлердегі бар бос орындар деректеріне қол жетімділік мүмкіндігін кеңейтетіндігін айтатын боламыз. Бұл жүйенің жұмыспен қамту мәселелерінің шешілу тиімділігін арттыратыны, оның ішінде жұмыс іздеушілердің өз бетінше жол іздеуіне мүмкіндік беретіндігі сөзсіз. Қазіргі таңда өңірлік жұмыспен қамту орталықтарымен «электрондық еңбек биржасы» порталын пайдалану жағдайлары бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

    Орал қаласының жұмыспен қамту орталығының дирек-торының орынбасары Айнұр Казмұханова айтып өткендей, Елбасы Н.Назарбаев өткен жылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілігі» Қазақстан халқына жолдауында қызметін жасап тұрған еңбек.кз базасының порталында бос орындар туралы ақпараттарға қол жетімділікті, ал жұмыс берушілерге персоналдарды таңдау жағдайын жеңілдететін онлайн-платформалар құруды тапсырған болатын.


    Бірыңғай сандық алаң қызметінің тетігі — жұмыс берушілер немесе жұмыс іздеушілер туралы ақпараты бар жеке кабинеттерді қамтамасыз ету. Еңбек базасының бірыңғай ақпараттық порталында жеке жұмыспен қамту агенттіктері де жеке кабинет аша алады, А.Казмұханованың айтуынша, бүгінгі таңда қалалық жұмыспен қамту орталығымен қала аумағында қызмет жасайтын жеті жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен тығыз байланыс жолға қойылған.
    — Бос орындар туралы ақпаратты, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары агенттіктерінің де беріп отырған ақпараттарын өткен жылдан бері жинап келеміз, алайда енбек.кз порталымен 2018 жылдан бастап белсене жұмыстана бастадық. Қазіргі уақытта, жұмыс берушілерге «электрондық еңбек биржасы» жүйесін қолдану туралы түсініктеме жүргізіп жатырмыз, одан басқа олардың сұраныстарының талаптарына сәйкес келетін жұмыскерлер туралы деректер жіберуді бастадық. Әрине, бізде есепте тұрғандардың келісімі берілгеннен кейін ғана олар туралы түйіндемелер жіберіледі,-деп атап өтті Орал қаласының жұмыспен қамту орталығының директорының орынбасары.
    Оған қоса, жоғарыда атап өткендей, жұмыс іздеушілер бұл жүйе арқылы өз бетімен түйіндемелерін салуға, ал жұмыс берушілер өтінімдерін беруге құқылы. Түйіндеме және бос орындарды орналастыру тәртібімен «Іздеу» белгісін баса отырып танысуға болады: Көмек, Электрондық еңбек биржасы.
    Еңбек нарығының бірың-ғай ақпараттық базасы жұмыспен қамту мәселесін шешу мүмкіндігімен ғана шектелмейтіндігі туралы айтып өту қажет. Сондай-ақ, енбек.кз порталында кәсіби оқу, кәсіптік бағдардан өту мүмкіндіктері туралы да ақпарат бар.
    Электрондық еңбек биржасы жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер туралы толық ақпарат алу үшін мемлекеттік органдардың мәліметтер базасымен біріктірілген.
    Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыруда жұмыспен қамту орталықтарының қатысуы туралы айта отырып, Айнұр Казмұханова бағдарлама қарастырып отырған үш бағытта да жұмыстың жүріп отырғаны туралы атап өтті. Бұл: бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету; жалпы кәсіпкерлікті дамыту, мобильдік еңбек ресурстарын және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту.
    Өткен жылы бағдарламаның бірінші бағыты аясында техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлаудан облыс орталығының 378 тұрғыны өтті.
    Жұмысшы кадрлардың қысқа мерзімдік кәсіби оқуына бюджеттен 92 682 теңге бөлінді; қысқа мерзімдік кәсіптік оқудан (1 айдан 3 айға дейінгі мерзімдік) 1009 адам өтті. Ағымдағы жылға еңбек нарығының қажеттілігіне орай мамандықтар бойынша кәсіптік оқуға 251 адамды жолдау жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта топ құрап жатырмыз, біліктіліктерін арттырғысы келетіндер қазір өтінімдерін бере алады.
    Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша халықты жұмыспен қамту Орталығының көмегімен 3192 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. «Бағдарлама» бойынша жүзеге асырылуда азаматтардың санаттарының тізімі нақты белгіленуі себепті, оларға тоқталып кетейік.
    Негізінен, 29 жасқа дейінгі азаматтарға 3125 мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді. Оның ішінде 2276 адам жұмыспен қамтылды, олардың 1179-ы тұрақты жұмысқа орналасты.
    Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері қатарынан жұмысқа орналастыруға көмек сұрап 7 адам жолықты. 3 адамға олардың жұмысқа орналастыруы бойынша оң шешім қабылданса, қалғандары бақылаудағы белгіні алуға келмеуі себепті есептен алынды.
    Жұмыс жасауға қарсы көрсетімдері жоқ мүгедектер де «Бағдарламаның» қатысушылары бола алады, осы көрсетілген санаттағы азаматтар қатарынан 181 адам өткен жылы Орал қаласының жұмыспен қамту орталығына жолыққан болатын. Тұрақты жұмысқа 44 адам орналастырылды, 93 –і қоғамдық жұмыстарға шықты, 12-і жастар практикасына, 6-ы әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды. Мүгедектік бойынша есепте тұрған 26 азамат оқуға жіберілді.
    50 жастан асқан әйелдер қатарынан 471-і жұмыспен қамтылды, оның ішінде 158-і тұрақты жұмыспен. Аталған жас санатынан 89 әйел қысқа мерзімдік оқу курсынан өтті.
    Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған немесе пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар қатарынан 34 адам Орал қаласының жұмыспен қамту орталығының көмегімен тұрақты жұмыспен қамтылды. 10 адам қысқа мерзімдік кәсіптік оқудан өтті.
    «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының мүмкіндігін пайдалана алатын азаматтардың басқа да санаттары қатарындағылар (олар:бұрын зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс жасаған және мемлекеттік жәрдемақы алушы тұлғалар, ҚР Қорғаныс күштері қатарынан жұмыстан босатылғандар, жалпыға бірдей белгіленген жасқа дейін зейнетке шыққан зейнеткерлер) өткен жылы Орал қаласының жұмыспен қамту орталығына жолыққан жоқ.
    Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша (еске сала кетейік, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту болып табылады), Халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысы — есепте тұрғандарды уақытша, әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға және жастар практикасына жолдау болып табылады.
    — Былтырғы жылы аталған жұмыс түрлеріне 1,5 мыңнан астам адам жолданған болатын, Бағдарламаның 709 қатысушысы жастар практикасынан өтті, — деп хабарлады А.Казмұханова.
    Айтпақшы, келесі жылдан бастап республиканың барлық жұмыспен қамту орталықтарында жұмысқа орналастырудың жаңа әдістері қолданылатын болады, ол дегеніміз, азаматтардың ұзақ уақыт бойына жұмыссыз қалудың жоғарғы қаупін анықтауға септігін тигізетін болады. Жұмыспен қамту орталықтарына жүгінген азаматтар жеке сипаттамаларына қарай белгілі бір санаттарға бөлінетін болады (еңбек өтілі, білімі, жасы және т.б. бойынша), яғни әр түрлі санаттағы жұмыссыздардың барлығына бірдей қарауды болдырмауға мүмкіндік тудырып, бағдарламаның жұмыспен қамту мүмкіндіктерін жинақталған топтар бойынша әрқайсысының қажеттіліктеріне қарай бейімдеуге жол береді.
    Бұл туралы халықаралық сарапшылардың және жобаны басқару бойынша топтың, Астана қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдерінің қатысуымен республикалық деңгейде өткен дөңгелек үстелде айтылды. Шараның қатысушылары айтып өткендей, халықаралық тәжірибеде жұмысқа орналастырудың жаңа әдістемесі кеңінен қолданыс тапқан, сарапшылардың көзқарасы бойынша елімізде жұмыспен қамтудың жаңа жүйесін енгізу халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік қызметке жұмысқа орналастырудың жоғарғы деңгейін қамтамасыз етуге көмектесіп қана қоймай, бұл процестің стандартталуының нәтижесінде мемлекеттік шығын да айтарлықтай азаяды.
    — Пилотты өңірлерде жұмысқа орналастырудың жаңа әдістерінің мақұлдануы болады, 2019 жылдан бастап халықты жұмыспен қамту орталықтарының барлығында қолданылатын болады,- деп атап өтті жобаны басқару бойынша топ жетекшісі Олжас Куспеков.
    Газетіміздің келесі санында оқырмандарымызға Бағдарламаны жүзеге асырушыларының батыс қазақстандықтардың жеке кәсіптерін ашуына жағдай жасаулары бойынша жұмыстары туралы айтатын боламыз. Орал қаласының жұмыспен қамту орталығында айтып өткендей, несие алу мүмкіндіктері бойынша кеңес алуға 273 адам жүгінген, олардың ішінен 163 азамат қалалық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлік негіздерін оқу курсына жолданған.
    Мекеменің мәліметтері бойынша 99 үміткерге несие қарызын алу үшін қаржы ұйымдарына жолдама беріліп, оның ішінде 28 үміткер жалпы сомасы 289560 теңгеге несие рәсімдеген.

    Саида ТУЛЕГЕНОВА


    close






    Подписка



     
    Аватар
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    Последние новости

    Есмагамбетова разрешила работать театрам, в ТД — кафе и ресторанам

    О внесении изменений и дополнений в Постановления главного государственного санитарного...

    Рекомендуем

    В Уральском сегменте соцсетей пытаются продавать человеческие органы

    Объявления стали появляться в соцсетях Instagram  «Жалобы Уральска» и...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл