Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
18 C
Уральск
22.9 C
Аксай
Еще

    Бизнес — бұл жүрек қалауы

    Кәсіпкерлікті табысты дамыту – ел экономикасының тұрақтылығының негізі, сондықтан да Қазақстанда бизнес-климаттың құрылуына бағытталған республикада ұзақ мерзімді бағдарламалар жасалып,

    табысты жүзеге асыру, сонымен қатар, аумақтарда кіші бизнестің дамуын қолдау құралдарын жетілдіру қолға алынып отыр. Былтырғы жылы басталған нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған Бағдарламасында өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты экономикалық қызметке тартудың механизмдері қарастырылған. Бағдарламаның екінші бағыты — жаппай кәсіпкерлікті дамытуды жүзеге асыруда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына үлкен жауапкершілік жүктелген, себебі дәл осы ұйым бағдарламаға қатысуға ниет білдірушілерге бизнес жүргізу бағытында білім береді, сонымен қатар кәсіпкерлік бастамаларға қолдау көрсетеді.

    Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағытының қатысушылары болып жұмыссыздар (қай халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркеліп тұрғанына қарамастан) және кәсіпкерлік әлеуеті бар өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық бола алады. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша олар үшін кәсіпкерлік дағдыға, соның ішінде ауылшаруашылық кооперативтер құру қағидаларын оқыту қарастырумен қатар, бизнес жобаларды сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
    Айта кету керек, егер де Бағдарламаны жүзеге асырудың бірінші жылында жоғарыда аталған жоба бойынша оқыту тек ауылдық елді мекендер мен аудан орталықтары тұрғындарына бағытталған болса, биылғы жылдан бастап оның қатысушылары болып жоғарыда аталған азаматтар санатынан қала тұрғындары да бола алады.
    Бизнес жүргізу негіздеріне оқыту процесі семинар-тренинг және жеке кеңес беру түрінде жүргізіледі. Оқыту процесінің жалпы ұзақтығы – 25-30 күнтізбелік күн. Оның қорытындысы бойынша «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуға қатысқаны туралы, ал бизнес жобаларды қорғауға жіберілген тұлғаларға оқуды аяқтағаны туралы сертификат беріледі.
    Осы жоба аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқушылар мемле-кеттік білім тапсырысы бойынша техникалық және кәсіптік арнайы білім беретін ұйымдарда оқудан өтетін студенттерге ҚР заңнамасымен бекітілген көлемде стипендиямен қамтамасыз етіледі.
    Бизнес жобаның жүзеге асуын сүйемелдеу «Атамекен» Ұлттық палатасының аумақтық филиалымен микрокредиттік ұйымдар, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ алдында жоба қатысушысының микрокредит алуға өтінімін қарауға қолдаухат беру түрінде көрінеді. Одан басқа, кәсібін жаңа бастаушы кәсіпкерге жыл бойына кеңес беру арқылы қолдау көрсетіледі. «Бастау Бизнес» жобасын жүзеге асыру мәселелерінің қаржылық қолдау операторы ҚР Ұлттық экономика министрлігі және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ал жаңа бизнес бастамаларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік қаржыны бөлу мәселелері бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (оның жергілікті аумақтық бөлімшелері) болып табылады. Субсидиялар бойынша оператор – «Агрокредиттік корпорация». Ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда берілетін кредиттер мен микрокредиттерге кепілдік беруді «ҚазАгроГарант» АҚ-мен, ал қалаларда – «КҚҚ «Даму» АҚ-мен жүргізіледі.
    Батыс Қазақстан облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында айтып өткендей былтырғы жылы «Бастау Бизнес» жобасы аясында оқумен Зеленов, Ақжайық, Теректі, Казталов және Жаңақала аудандары қамтамасыз етілді. Кәсіпкерлік негіздерін оқығандардың жалпы саны 938 адамды құрады, оның ішінде 395-і өз бизнес-жоспарларын қорғап, оқуды аяқтағандары туралы сертификат алды.
    Кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Мақсат Құланбаевтың айтуынша, жобаның 188 қатысушысы өз кәсіптерін ашып және кеңейткен. Оған қоса 135 жобалар қаржылан-дырылып (жалпы сомасы 433,46 млн. теңге), 53 жоба кәсіптерін жаңа бастаушы кәсіпкерлердің өз қаражаттары есебінен жүзеге асырылған.
    Жоғарыда аталып өткен бес ауданның тұрғындарының ішінде өз кәсіптерін ашуға қызығушылықтарын белсене танытқан Зеленов ауданы тұрғындары болып шықты (88 адам оқудан өткен, оның ішінде 65-і өз кәсіптерін ашқан).


    Теректі ауданы тұрғын-дарының белсенділіктері сәл ғана қалыс қалады: кәсіпкерлік негіздерін оқыған 189 адамның 48-і ғана кәсіптерін ашқан.
    Ақжайық ауданында 207 адам оқудан өтіп, оның 30-ы қазіргі таңда алған білімдерін тәжірибеде қолдануда. Казталов ауданында бизнесті жүргізудің қыр-сырын 191 тұрғынға үйретіп, 24 тұрғын кәсіптерін ашты. Жаңақала ауданында 163 тұрғын оқу оқып, 21-і өз кәсіптерін ашты.
    Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының іске асырылуының не-гізгі мақсаттарының бірі — жұмыссыздық дең-гейін төмендету болып табылатындықтан «Былтырғы жылы Бағдарламаның қатысушыларымен аталып өткен бес аудандарда қанша жұмыс орындары құрылды?» деген сұрақтың туындауы орынды.
    Сонымен, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудан өткен Зеленов ауданының бастаушы кәсіпкерлерімен 71 жұмыс орны ашылды, Теректілік кәсіпкерлер 48 жерлестерін жұмыспен қамтыды, Ақжайық ауданы бойынша 30 жұмыс орындары, ал Казталов және Жаңақала аудандарында – 24 және 21 жұмыс орындары ашылды. Ауыл тұрғындарының бастағысы келген ең көп тараған қызмет түрі, әрине, мал шаруашылығы болып табылады.
    «Бастау Бизнес» жобасымен биылғы жылы облыстың барлық аудандары, сонымен қатар, Орал және Ақсай қалалары қамтылатын болады. Оқыту бірнеше кезеңде өтеді, жыл соңына дейін 2070-ке жуық адамды оқыту жоспарланып отыр.
    Оқуға қатысушыларды жинау және оқыту кестесі туралы халықты ақпараттандыру БАҚ-да немесе «Атамекен» Ұлттық және аумақтық кәсіпкерлер Палатасының интернет-ресурстары арқылы жүзеге асырылуда. Өтінімдер аудандық Палата филиалдарына, сонымен қатар, аудандық әкімдік пен халықты жұмыспен қамту орталықтарына ұсынылады.
    Мақсат Құланбаевтің сөзінше, қазіргі таңда облыстың әр аумағында кәсіпкерлік негіздерін оқуға 50 және одан да көп ниет білдірушілер жиналды. Оқуға қатысатындардың саны 15 адамнан 75 адамға дейін жасақталатын болады, бизнес-тренерлер құрамы қазіргі уақытта жасақталды.
    Сол арада, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына қатысуға үміткерлер алдын-ала кәсіпкерлік қызметке қабілеттілігін анықтауға бағытталған тестілеуден өту қажет екенін білу керек, тек сол тестілеуден өткен тұлға ғана оқытуға жіберіледі.
    Еске сала кететіні, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша жас ерекшелігіне қарай шектеулер қарастырылған. Соның ішінде, қатысуға жасы 29-ға толмаған жастар, жасы 50-ден асқан тұлғалар, бірақ зейнеткерлік жасқа толмағандар. Ауылдық елді мекеннің әйел адамдарына мұндай шектеу таратылмайды.
    Біз, «Бизнес Бастау» жобасы аясында оқудан өткен осы Бағдарламаның кейбір қатысушыларымен хабарласып, олардың тренингтерде алған білімдері іс жүзінде пайдасы болды ма; бизнес жобаларды сүйемелдеу сапалы жүргізілді ме; мемлекет көрсетіп отырған қолдаудың арқасында бизнесі табысты дамып жатыр ма?, — осы сипаттағы сауалдарды қоя отырып, бағдарламаның нәтижелігі туралы ойларын білдік:

    Сонымен, біздің сұхбаткер:

    Айгүл Жакиева, 50 жаста, Зеленов ауданы, Мичурино (Плодоовощной) ауылының тұрғыны


    — Ия, мен «Бастау Бизнес» жоба-сының жасаушыларына және іске асырушыларына олардың жасап жатқан жұмыстары үшін өте ризамын, өйткені олар кәсіп жүргізуде қажет болатын сұрақтар бойынша білім алуға көмектеседі ғой. Кәсіпкерлік негіздерін оқығанға дейін менде кәсіппен айналысуда аздап тәжірибе болатын, өйткені, мен 7 жыл бойына Алматы, Бішкек қалаларынан сатуға заттар алып келіп жүрдім. Алайда, оқуды аяқтағанымды растайтын сертификатымды алғаннан кейін кәсібімді басқа салаға ауыстырып, балалар дәмханасын аштым және кәсібімнің бұл жаңа түрі маған өте ұнайды.
    «Бастау Бизнес» жобасы бойынша менімен бірге екі балам да оқыды, олар – Назар (28 жаста) және Абзал (23жаста). Төмен пайыздық мөлшермен (6%) берілетін қарыз алу мүмкіндігін пайдаланып, біз «мал шаруашылығы» бағытында кәсіппен айналысу үшін 3 миллион теңге несие алдық. Бұл қаражатқа ұрғашы бұзаулар, бұқалар сатып алдық, ал несиені қайтарудың алғашқы жарнасын осы жылдың мамыр айында төлеуіміз қажет. Несие мерзімі – 5 жыл, біз балаларымызбен бірге алынған несиелік міндеттемелердің өтелуі толықтай қолдан келерлік екендігіне сеніміміз мол.
    Айтпақшы, балаларым алынған қаражаттың жартысын менің кәсібіме бөлді, алдағы уақытта менің жоспарым — көрсетілетін қызмет саласын кеңейту болып отыр.
    Мамандығым бойынша мұғаліммін, айтып өткенімдей, балалармен жұмыс жасау — маған үлкен қуаныш сыйлайды, сондықтан алдағы уақытта мүмкіндігі шектеулі балалар үшін шағын орталық ашуды жоспарлап отырмын. Міндетті түрде егер де жоспарым жүзеге асып жатса, шағын орталық жанынан психолог маман, массаж кабинеттерін де ашатын боламын.
    Қазіргі уақытта бизнес жоспар дайындаудамын, оны дайындауда біздің бизнес-тренеріміз Қуанышбек Ерниязов көмектесіп жатыр. Жалпы, біздің бизнес-тренерімізбен жолымыз болғандығын атап өткім келеді, өйткені, ол менеджмент бойынша барлық сөздердің мағынасын орыс тілінде де, қазақ тілінде де түсінікті етіп жеткізе отырып, әрқайсымызбен тіл табыса алды.
    Оқыған тобымыз әр түрлі санаттан тұрды десек те болады, барлығына бизнес-тренеріміз Қуанышбекті тыңдау қызықты болды.
    Ол тұтынушыларды қалай тарту керек екендігін, бәсекелестермен жақсы қарым-қатынаста қалай қалу керектігін және бизнесті сәтті жүргізу үшін қажетті басқа да қажетті ақпараттар бойынша білімімен бөлісті.
    «Бастау Бизнес» жобасы бойынша бірге оқуға қатысқандардың барлығының атынан біздің бизнес -тренеріміздің өз кәсібінің жоғары маманы екендігін батыл түрде айта аламын: біз сапалы білім алдық және бизнес жүргізу бойынша кеңес қажет болғанда, әлі де Қ.Ерниязовқа жолығып отырамыз.

    Сергей Теплоухов, 58 жаста, Зеленов ауданының, Октябрьское ауылының тұрғыны:


    — Менің жасымда жұмыс таба қою қиын, ал кәсіп ашу үшін тек қаражат қана емес, тәжірибе де болу қажет. Елімізде кәсіпкерлік негіздерін оқу мүмкіндігі болуы және бастысы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқу аясында бойыңдағы кәсіп жүргізу қабілеттерің анықталса, мемлекеттен кәсібіңді жүргізу үшін қолайлы жағдайлары қарастырылған несие түрінде көмек алуға болатындығы қуантады.
    Мен бұл жоба туралы кездейсоқ білген болатынмын және мені жоба бірден қызықтырды. Жобаның ауыл тұрғындарына, оның ішінде жастарымен қоса, жұмыс табуы қиынға соғып жататын зейнет алды жасындағы үлкен азаматтарына да арнайы қарастырылғаны қуантады. Алғашқы кездері қорқыныш болды, себебі «50» жаста оқуды меңгеру оңайға соқпайды, бірақ бизнес-тренеріміз Қуанышбек Ерниязовтың арқасында маған бағдарламаны меңгеру жеңіл, әрі қызықты болды. Ол маған бизнес-жоспарымды жазуға көмектесті, банк мекемелеріне бірге барып, сенімділігімді арттырып, моральдық жағынан үлкен демеу көрсетті. Өте білікті және қызметіне адал маман.
    Нәтижесінде, өткен жылдың күзінде «орман пайдалану» жобасы бойынша қарыз алдым, несиенің басым бөлігін (10%) «Даму» «Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ алды. Ал мен алынған қарыздың 7 % -н ғана қайтаратын боламын, несие мерзімі – 5 жыл.
    Кәсібімді айналдыруға бір жарым гектар жер алдым, ағаш сүректерін қайта өңдеу үшін қажетті техника сатып алдым, бірақ өкінішке орай менің кәсібім тоқтап қалды. Орман пайдалану бойынша тендерді алып тастауы себепті, заңнамада өзгерістер болған екен. Уәкілетті органдарға жолыққанымда мәселенің заңнама шеңберінде шешіліп жатқандығы, әзірге өзгеріссіз қалып отырғандығы туралы айтып берді.
    Бұл жерде кәсіптің тоқтау себебі кәсіпкердің тарапынан болып отырмағандығы қаперге алынады деп үміттенемін.
    Жалпы айтқанда, нәтиелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 бағдарламасына көңілім толады (ол бағдарлама туралы бизнес-тренер айтып берген болатын). Менің ойымша, халыққа мұндай бағдарламалар өте қажет, себебі бағдарламада өңірлерде шағын бизнесті дамытудың оңтайлы жағдайлары қарастырылған.

    Асем Ильжанова, 30 жаста, Теректі ауданының, Пойма ауылының тұрғыны


    — Мамандығым — «зоотехник», грантта оқыдым, өкінішке орай маман-дығым бойынша жұмыс таба алмадым. Қосымша бет әрлеуші курсын оқып алдым, декреттік демалысқа шыққанға дейін сән үйінде жұмыс жасадым, кейін ауылда өзімнің сұлулық кабинетімді ашу туралы ойландым.
    Жұбайым екеуміз менің бастамам туралы ақылдасқан болатынбыз, бірақ ол ауылдық жерде бет әрлеушілік айтарлықтай табыс әкелмейтіндігін айтып, одан да отбасылық ортақ кәсіп ашуды, ІҚМ өсіруді ұсынды. Бұл ұсыныс маған ұнады, оның үстіне менің мамандығым да сәйкес келеді ғой.
    Әкімдікке өз кәсібіңді ашудың шарттары бойынша кеңес алу үшін жолыққанымда нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына сәйкес, төмен пайызбен несие беру қарасытырылған «Бастау Бизнес» пилоттық жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқуға ниет білдірушілерге топ жасақталып жатырғандығын айтты. Мен, әрине, мұндай ұсыныстан бас тартпай, оқуға қатысып, аяқталғаннан кейін «мал шаруашылығы» бойынша өзімнің «ЖК» ашып алдым. 6 пайыздық мөлшерлемемен 1 миллион теңгеге несие рәсімдедім, өтеу мерзімі – 18 ай.
    Кәсібім жүріп кетті, жарты жылдан соң банкке қарызымызды өтеп тастадық, енді кәсібімізді кеңейткіміз келеді. Біз әрине мемлекет алдындағы әлеуметтік жауапкершілігімізді түсінеміз, сол себепті де шағын бизнестің дамуына мемлекет тарапынан жағдайлар жасалып жатса, өз кезегінде біздер де жерлестерміздің жұмыспен қамтылуына мүмкіндк жасауымыз қажет.
    Қазіргі уақытта нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының қатысушысы ретінде несие алуды жоспарлап отырмын, бірақ бүгін ғана осы жылдан бастап «мал шаруашылығы» бойынша несие тек шаруа қожалықтарына берілетіндігін білдім.
    Бұрынғыдай жеке кәсіпкерлерге де ІҚМ өсірумен айналысуға несие алу мүмкіндігі жағдайын қайтарса екен, өйткені барлығының қолынан шаруа қожалығын аша беру мүмкіндігі бола бермейді ғой.
    Бизнес жоспарды сүйемелдеу қаншалықты сапалы дәрежеде деген сұраққа келер болсақ, ешқандай шағымым жоқ. Қажет болған жағдайда өзіме керек заң шеңберінде кеңестерді өте сауатты деңгейде бизнес –тренер Зухра Идгеевадан алып отырамын, салық бойынша есептерді сауатты жүргізу және тағы да басқа мәселелерді білуге үлкен көмегін тигізді.
    Казталов ауданының 22 жастағы тұрғыны Асылхан Рашиден БҚО «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының аудандық бөлімінде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудан өтуге ұсыныс жасағанға дейін жеке кәсіпкер болатын. Жас жігіт әкесімен бірге мал өсірумен айналысады, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-де «Экономист» мамандығына оқып жатырса да, кәсіпкерлік негіздерін оқып алып, бизнес жүргізудің негіздерімен танысу артық болмас деп шешкен.


    Несие беру шарттары да ауылдық кәсіпкерді қызықтырған, себебі қаржы берілу шарттары тиімді жағдайда жасалған.
    Ол — жастарға өз мүмкіндіктерін танып, іске асыруға көмектесетін бағдарлама мен жобаларды жүзеге асырып жатырғандары үшін мемлекетке, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына алғыс айтады.
    Біз оқырмандарымызды нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған Бағдарламасы аясында тұрғындарды бизнеске тарту және жұмысқа орналастыру бойынша облысымызда атқарылып жатырған жұмыстар туралы ақпараттандыруды жалғастырамыз. Сондай-ақ, кәсіпкерлік бастамаларды қолдауда микроқаржы ұйымдарының алатын орындары, олардың мемлекеттік органдармен өзара байланыстары туралы, бизнес-тренерлерді дайындау қалай жүзеге асып жатырғандығы жөнінде және олардың ішіндегі ең жетістікке ие болғандарымен таныстырып, олардың табысқа жетудегі құпиясын ашуға тырысып айтатын боламыз. Бұл туралы және Бағдарламаның жүзеге асуымен байланысты басқа да қызықты ақпараттарды «Н» газетінің келесі сандарында оқыңыздар.

    Саида ТУЛЕГЕНОВА


     
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    Последние новости

    В Уральске движение по мосту со стороны Зачаганска будет ограничено

    В связи с проведением строительно-монтажных работ по замене железобетонного...

    В Уральске начинаются субботники

    Санитарно-экологический месячник продлится до 25 мая. Первый общегородской субботник...

    Рекомендуем

    В ЗКО на борьбу с комарами могут понадобиться дополнительные средства

    Ежегодные работы по травле гнуса планируются заранее, но большой...

    Затягиваем пояса

    На прошлой неделе Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на встрече...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл