Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
21 C
Уральск
20.2 C
Аксай
Еще

    «Бастау Бизнес»: ауылда қаражатты қалай табу керек

    «Н» өз оқырмандарын нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік Бағдарламасы шеңберінде «Бастау Бизнес» бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқуға шешім қабылдаған ауылдықтардың бизнес-бастамаларымен таныстыруды жалғастырады. Ақжайық және Казталов аудандарында оқудың бесінші ағынының тыңдаушылары қандай жобаларын қорғауға ұсынғандары туралы бизнес-тренерлер Әсемгүл Қадырхан және Динара СҮЙІНІШҚАЛИЕВА айтып берді.

    Оқу – қашан да қызықты
    Еске сала кетейік, осы жыл бойына «Бастау Бизнес» жобасымен оқудың алты ағыны жоспарланған болатын. Сәуірден қазанға дейін БҚО –ның бес ауданында Зеленов, Теректі, Ақжайық, Казталов және Жаңақалада ауыл тұрғындары үшін оқудың бес ағыны ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта осы жылдың соңғысы болып табылатын оқудың алтыншы ағыны өтіп жатыр. Әр оқу курсының аяқталуынан кейін қатысушылары өздерінің бизнес-бастамаларын БҚО Кәсіпкерлер палатасы, қаржы институттарының және мемлекеттік органдардың өкілдерінен құралған облыстық комиссия алдында қорғайды.
    «Н»-ға Ақжайық ауданы бойынша бизнес-тренер Әсемгүл Қадырханның айтып өткеніндей, әлеуетті кәсіпкерлердің шалғайда орналасуларына орай оларды қамту әлсіз түрде болғандықтан, оқудың бесінші ағынын Тайпақ ауылында өткізуге шешім қабылданды.


    — Оқудың төрт ағыны бойы біз бұрынғы Тайпақ ауданының халқын қамти алмай келіп едік, бұл жолы ойымыз іске асты. «Бастау Бизнес» жобасына біздің оқуымызға қызығушылықтарын танытып және оқуды аяқтағаннан соң қаржыландыру алып өз кәсіптерін ашқысы келгендерді тарттық. Бесінші ағынға қатысқан 70 қатысушының 67-сі оқуды аяқтап шықты. Оқуға ауылдықтар үлкен қызығушылықпен ынта қойып қатысқандарын, белсенділік танытқандарын және көпшілігі келесі жылы да оқуға қатысуға ниет білдіріп отырғандарын атап өткім келеді. Ауылдық жерлердің тұрғындарының, олардың көпшілігінің қаржы институттары арқылы материалдық қаражат алып өз кәсіптерін ашуға мүмкіндік беретін кепілдік мүліктері болмаса да, кәсіпкерлік бойынша базалық білімнің болуының маңыздылығын түсіне бастағандары көңілді қуантатындығын атап өткен жөн.
    Оқудың қорытындысы бойынша Ақжайық ауданынан алты тыңдаушы облыстық комиссия алдында өздерінің бизнес-бастамаларын қорғады. Кәсіптің бағытына келер болсақ, барлығы да ірі қара мал басын бордақылауға арналған.
    — Бесінші ағынның жобаларының ішінде мысалға тігін және кондитерлік цехтар ашу, сүт өнімін алу мақсатында жылқылар өсіру секілді қызықты жобалардың болғандығын атап өткім келеді,-деді Әсемгүл Қадырхан. — Өкінішке орай, несие алуға кепілдік болмауы себепті бұл жобалар қаржыландыруға жете алмады.

    Ақжайықта «Ет» кәсібі
    Тайпақ ауылының тұрғыны Динара ТІЛЕПБЕРГЕНОВА басқа да Ақжайық ауданының «Бастау Бизнес» бойынша оқудың бесінші ағынында оқыған қатысушылары секілді ІҚМ бордақылау бойынша бизнес-бастамасын қорғады. Оның жобасының тұжырымдамасы шаруашылығын құрып, нәтижесінде ет өнімін алып, оны БҚО-ның базарында сату болып табылады. Қатысушы өз бизнес-бастамасында көрсеткендей жоспарланып отырған кәсіпорынның нысаналы тобы ет өңдеуші кәсіпорындар, Ақжайық ауданының және көршілес аудандардың, сондай-ақ Орал қаласының көтерме сауда базарлары және дүкендер желілері болады.
    Д.Тілепбергенова 17 ірі қара мал басын алу үшін 4 000 000 теңге көлемінде жылына 6% мөлшерлемемен 36 айға дейінгі мерзіммен несие алуды жоспарлайды. Ақшалай қаражат нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Бағдарламасы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы сұратылып отыр. Қарыз алушы осы жылы да кейінгі жылдары да бір басты сатып алуға 190 мың теңге жұмсайды деп жоспарлануда. Бордақылауға ІҚМ басын жергілікті халықтан сатып алынатын болады.
    Қатысушының бизнес-бастамасында қазіргі уақытта мал шаруашылығының өніміне деген сұраныстың ұсыныстан артық екендігі, бұл өз алдына жоғары бағаны қалыптастыратындығы туралы айтылады. Оған қоса тауарды қабылдау көтерме бағасы мен оның сату бағасы өте жоғары. Қазақстандық еттің экспорттық әлеуетінің артуы ел ішінде ұсыныстың тапшылығына алып келеді, бұл нарықтық жағдай бағаның қалыптасуының артуына әкеп соғады.
    Қазіргі уақытта Д.Тілепбергенова ауылдық жерде үйі және шаруашылық қора – жайы бар, олай болса ол үй жағдайында бордақылау мақсатында мал ұстап, сондай-ақ мал басын көбейтіп және шаруашылығын кеңейте алады. «Бастау Бизнес» жобасының қатысушысы айтып өткендей, сатып алатын бұқалар тоғыз айдан 24 айға дейінгі жас аралығын құрайды, орташа тірі салмағы – 320 кг, бордақылау кезеңі – 90-240 күн аралығын құрайды. Бордақыланған бір мал басының тірі салмағы бордақылау жұмыстарын іске асыру кезінде 488 кг жетеді деп болжануда. Бұқаларды бордақылау және күтіп бағумен алғашқы уақытта отбасы мүшелерінің көмегімен бизнес бастамашы өзі айналысатын болады, кейін еңбекақысына 35 мың төлеп, бір көмекшіні жалдайтын болады.
    Д.Тілепбергенованың бизнес-жобасында ІҚМ ұстау үшін ауа райының қолайлы жағдайын ескере келіп, аса үлкен шығын қажеттілігі болмайтындығы көрсетіледі. Малға бастысы құрамында құнарлы заттары бар жасыл азықпен қамтамсыз ету қажет, сонда еттің сапасының артуына да әсер етеді.
    Айтпақшы, болашақ кәсіпкер кәсібіне қажеттілік болған жағдайда өз қаражатын қосу мүмкіндігі бар, өйткені аула шаруашлығында кіші және ірі қара мал басынан қосымша табыс алып отыр.
    Сарман ауылында тұратын Нұрлан СЫДЫҚ нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік Бағдарламасы шеңберінде жылына 6% мөлшерлемемен 36 айға дейіңгі мерзіммен 700 000 теңге көлемінде несие сұратып отыр. Бұл мемлекеттік қолдау ІҚМ бордақылау үшін алуға есептелген. Қазіргі уақытта ауыл тұрғынының шаруашылығы бар және ол кәсібін кеңейтуді жоспарлайды. Үйінің және ауласында ауыл шаруашылығы құрылыс алаңдарының болуы мал басын көбейтіп, ірілетуге мүмкіндік береді. ІҚМ сатып алуға 700 000 теңге жұмсауды жоспарлап отыр, әр мал басына 180 мың теңгеден жұмсамақшы.
    Ақжайық ауданының Тайпақ ауылының тұрғыны Құбайдолла БИҒАЗИЕВ осыған ұқсас жобаны таныстырды. Ауыл тұрғыны нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік Бағдарламасы ұсынып отырған жеңілдіктер жағдайын пайдалана отырып, 4 000 000 теңге көлемінде несие алмақшы. Қ.Биғазиев айына 35 мың жалақымен бір жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр.
    Тайпақ ауылында тұратын Саят АЛДАМЖАРОВ та ІҚМ бордақылаумен айналысуды жоспарлап отыр. Ауыл тұрғыны мемлекеттік қолдау бойынша жеңілдік жағдайларында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы сұратып отырған қаражат сомасы 1 680 000 теңгені құрап отыр. С.Алдамжаров негізінен тоғыз айдан 24 айға дейінгі жасты құрайтын жас малды сатып алуды жоспарлап отыр. ІҚМ сатып алуға қарызға алатын ақшаны жұмсап, әр мал басын 170 мың теңгеден сатып алмақшы.

    Казталов ауданының болашақ кәсіпкерлері
    Бизнес – тренер Динара Сүйінішқалиева айтып өткендей, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқытуды жүзеге асырудың бірінші жылында Казталов ауданында 162 адам қамтылды. Шалғай орналасқан оңтүстік ауданында бизнес субьектілерінің саны 1268-ге жеткендігін ескеріп өтейік. Бұл салада 3800-ден астам казталовтықтар тартылды. Іскер азаматтардың негізгі бөлігі ауыл шаруашылығы саласында өз істерімен айналысады. Ауданда 590 шаруа қожалықтары тіркелген, бұл шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері құрылымында 50% құрайды. БҚО Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен 42 субъект өз жобаларын іске асыруға жалпы сомасы 167 469 000 теңге қаржыландыру алды (қыркүйек соңына есептегенде), сондай-ақ 44 жаңа кәсіпкерлік субъектілері ашылып, 84 рұқсат етілген құжаттар алынды.


    Ардақ ЕРМЕКҚАЛИ Казталов ауылында шаштараз орнын ашпақшы. Жобаны қаржыландыру ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 1 000 000 теңге көлемінде несие алу арқылы жүзеге аспақшы. Жобаның тұжырымдамасында Казталовка ауылында шаштараздық қызмет көрсетуді дамытуды қарастырады. Жоспарланып отырған кәсіпорынның нысаналы тобы болып аудан орталығының тұрғындары және жақын маңдағы ауыл аймақтары болады деп болжанып отыр. «Бастау Бизнес» жобасының қатысушысының аумағы 20 шаршы метр тұратын, бірақ косметикалық жөндеуді қажет ететін жеке үй-жайы бар.
    «Бастау Бизнес» бойынша оқудың бесінші ағынының қатысушысы, Казталов ауылының тұрғыны Сағидолла ҒҰБАШЕВ ірі қара малды алуға есептелген және ары қарай Казталов аумағында өсіру үшін арналған бизнес-жобасын таныстырды. Кәсіпкер өндіріс бойынша қызметін кеңейтіп және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша жұмыстарын үнемі жүргізіп отыратынын ескеруге болады. Бүгінгі таңда бизнестің қосымша бағытын дамытуды – жылқы өсіруді жоспарлайды, оны сатып алу кәсібіне тартылатын несие ресурстары есебінен жүретін болады.
    Қарыз алушы 1 000 000 теңге көлемінде 36 айға дейінгі мерзіммен несие сұрап отыр. С.Ғұбашев сиыр өсіруді де жоспарлап отыр. Бір жақсысы, Казталов ауданының ауа-райы жағдайы оның ойын жүзеге асыруына мүмкіндік береді. Негізгі өнімі сүт пен ет болады.
    Қатысушының бизнес-жобасында еттің халықтың негізгі және көбірек таралған құнарлы тағам түріне жататындығы көрсетіледі. Оның тағамдық және биологиялық құндылығын бай химиялық құрамы қамтамасыз етеді, әсіресе ақуыз құрамы. Ет тез сіңімділігімен және құнарлы болуымен ерекшеленеді және аспаздық өңдеуге жеңіл келеді. Ауыл тұрғыны ет өнімінің жалықтырып жібермейтініне сенімді, себебі еттен тағамның көптеген түрін жасауға болады, сөйтіп тамақты айтарлықтай түрлендіріп отыруға мүмкіндік бар.
    Жоба бойынша мал шаруашылығы өнімдері Батыс Қазақстан облысында жүзеге асатын болғандықтан, қатысушы үшін ет базарын талдау қызықты болды. Оның мәліметі бойынша БҚО-да соңғы үш жыл ішінде шаруашылықтың барлық санатында мал басы санын арттыру үрдісі байқалады. Негізінен, бұл үрдіс мал шаруашылығын өсіру есебінен туған. Ауыл тұрғынының ойынша, ет өнімін жеткіліксіз деңгейде тұтыну — ең біріншіден халықтың сатып алу қабілетінің төмендігі мен етке бағаның айтарлықтай жоғары болуымен байланысты. Сондықтан, облыста мал басын көбейтудің оң үрдісі ет бағасының түсіп, сатып алу сұранысын арттыруға әкелуі мүмкін.
    Болашақта С.Ғұбашев екі жұмыс орнын ашуды жоспарлайды.
    Казталов ауылының тұрғыны Аида ҚАБДУЛОВАНЫҢ жобасында да ІҚМ өсіру бар. Оның сұрап отырған несие көлемі бір миллион теңге. Союға кететін малдың шығыны малдың жасына қарай есептеліп жоспарланатын болады. Жобаны іске асырған жағдайда, екі жұмыс орнын ашу көзделіп отыр, бұл жұмысшылар үшін тұрақты кіріс алуға мүмкіндік береді.
    Аталып өткен жобаға ұқсас кәсіпті бастау мақсатында оқудың бесінші ағынының тағы да бір қатысушысы Казталов ауданының Қараоба ауылында тұратын Аманжол ХАМИЕВ екі миллион теңге сұратып отыр. Қарыз алушы мал шаруашылығымен және аналық мал басын қайта өсірумен, сонымен қатар өз бетімен жылқыларды бордақылау және өсірумен айналыспақшы. Ауыл тұрғыны бір және одан да көп жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр.
    Осындай жобаны Бостандық ауылының тұрғыны Мензипа ӘМІРХАНОВА дайындады. Оның сұратып отырған несиесі 1700000 теңгені құрайды. Жоба қатысушысы сүт және ет өнімін алу мақсатында сиыр өсірумен айналысуды жоспарлайды. Екі жұмыс орны ашылады деп болжанады.

    Барлығы тойып жүрсе – көңілдері де толып жүреді
    Қызықты жобаны Ақмарал АЛИЕВА таныстырды. Казталов ауылында жалпы аумағы 180 шаршы метр құрайтын дәмхана ашуды жоспарлап отыр, онда 50 адамға есептелген банкет залы болады. Банкет қызметтерінен басқа, кешенді түскі ас дайындалады деп болжанып отыр. Жоба Казталов ауданының тұрғындарына есептелген (халық саны – 30 682 адам), оның ішінде аудан орталығы – Казталов ауылы да кіреді. Жоба қатысушысы Казталов ауданының Ресей Федерациясымен шектесіп жатқандығын да ескеріп отыр. Ауданның шекарасымен халықаралық жол өтеді. Бұл аудан көліктік-логистикалық инфрақұрылымның барлық жағдайларымен қамтамасыз етілген.
    «Бастау Бизнес» жобасының қатысушысының бизнес-жобасында көрсетілгендей қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру саласы инвестициялық қаржы салуда ең қызықтыратын түрлерінің бірі болып саналады. Одан басқа мейрамханалық бизнесте табыс алу жоғары, жұмысты сауатты жүргізген жағдайда салынған қаражат тез өтеледі.
    А.Алиева облысымызда мейрамханалар мен дәмханалардың жыл сайын сан жағынан 2-3% -ға өсу үрдісі бар екендігін мәліметінде көрсетеді. Оның ішінде жергілікті халықтың салтанатты шаралар, мысалға той, мерейтойлар және басқа да шараларды өткізуге сыйымдылығы үлкен және көрнекті ғимараттарға сұранысы туындап отыр. Одан басқа А.Алиеваның пікірінше, қазіргі уақытта өмір сүру ырғағы да өзгерді, сондықтан қызметкерлер, жұмысшылар түскі үзіліс кезінде уақыттарын мейлінше үнемдеу мақсатында жақын маңдағы дәмхаларға түскі ас ішуге барады. Осылайша, күндізгі уақытта тез тамақтандыру қызметін ұсынатын және сыйымдылығы мен көрнекті түрін жасау арқылы кещкі және демалыс күндері қызмет көрсететін банкет үлгісіндегі жаңа ғимараттың құрылысын салуға оңтайлы жағдай туындап отыр. Жоба қатысушысы дәмханада қолайлы интерьер жасау және тез қызмет көрсетуді негізгі үрдіске айналдыру — клиенттерді тартуда негізгі мақсат болып табылады деп болжайды.
    Ақмарал Алиева мейрамханалық бизнестің дәмхананың орналасқан жерінің маңыздылығымен байланысты екендігіне сенімді. Сондықтан, дәмхананы аудан орталығында ашуды жоспарлап отыр. Екі қабатты ғимарат жол бойында, басты әкімшілік-шаруашылық субъектілер ортасында орналасатын болады. Жобада көрсетілгендей, дәмхана сатымдық тауарлар және жеке дайындалған өнімдерді сатуды жүзеге асыратын болады. Тағам түрлеріне бірінші тағамдар, екінші тағамдар (салқын және ыстық тамақтар), сусындар, ұннан жасалған және кондитерік өнімдер болатын болады. Сонымен қатар, «Шығарылатын тауарлар» қызметін көрсету жоспарлануда. Жұмысшыларға келер болсақ, штатқа әкімші, яғни жеке кәсіпкер, аспаз және даяшы алынатын болады. Жұмысшыларға демалыс күндер апта ішінде кезекпен берілетін болады. Осылайша, өндірістік құрамда жұмыс кестесі жылжымалы болады.
    Ең қызықтысы, жоба қатысушысы Казталов тұрғындарының арасында сауалнама жүргізгендігі, оның қорытындысы бойынша клиенттердің тілектері мен қажеттіліктері жүйелендірілген. Сауалнамаға 30 адам тартылған: жастары 20-50 аралығында, жалақылары орташа айлық есеппен белгілегенде 50 000 теңге қрайтын ер және әйел адамдар. Алынған мәліметтер негізінде қорытындылар жасалған: сұратылғандардың 100% -ның 80% -ы аптасына орта есеппен екі рет дәмханаға барады екен.Ал дәмханадағы бағалар саны клиенттердің 50% -ның, тамақ түрі жағынан 43 %-ның көңілінен шықпайды екен, оған қоса дәмханада баяу, өте жай жүріп қызмет ететіндері аталды. Осы ұсыныстардың барлығын Ақмарал Алиева бастағалы отырған кәсібіне ескеріп алды.
    Ауыл тұрғыны дәмханадағы кешенді түскі ас бір күнге 80 адамға есептеледі деп жоспарлап отыр. Бұл болжау дәмхананың әкімшілік-шаруашылық субъектілердің көптеп шоғырланған жерінде орналасуымен түсіндіріледі. Сондай-ақ, А.Алиева аудан орталығына ауданның ауылдық елді мекендерінен тұрғындар түрлі мәселелерді шешу мақсатында жиі жиналып жататындығын да ескерген. Банкеттерді аптасына кемінде бір немесе екі рет өткізуді жоспарлап отыр.
    Ұсынылатын қызмет көрсетудің артықшылығы оның жаңа қолайлы ғимаратта болуы, дайын өнімнің, шикізаттың сапалылығында және қолайлы бағасында болмақ.

    Гауhар УМАРОВА

    Айтпақшы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жобасымен қамтудың кеңейе түсуіне байланысты келесі жылға бизнес-тренерлерді қабылдауын жариялады. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы шеңберінде 2017 жылы басталған оқыту жобасы еліміздің 80 аудандарын, 2018 жылы 160 аудандарын қамтуды жүзеге асырмақшы.
    Бизнес-тренерлерге қойылатын негізгі біліктілік талаптары:
    — жасы 26 жаста немесе одан жоғары болуы;
    — жобаны жүзеге асыру тәжірибесі, бастама бизнес-жобаларды сүйемелдеу, мүмкіндігінше ауылдық аймақтардан болуы;
    — бизнес-жоспарлау негіздерін білуі, қаржылық модельдеу, маркетинг негіздері, нарықтық зерттеу, бизнеспен айналысаиындарды мемлекеттік қолдау шараларын білуі;
    — ісін жаңа бастаған кәсіпкерлермен жұмыс жасау тәжірибесі, 15-70 адамнан құралған топта, жеке қатысушылармен де жұмыс жасай білуі,
    -шағын және орта бизнесте мемлекеттік қолдау шараларын білуі, оның ішінде жаңа бастаушы кәсіпкерлерге қаржылай қолдау шараларын білуі;
    — ауылдық жерлерде нарық ерекшеліктерін түсіну және бизнестің негізгі түрлерін білу;
    — жоғары қарым-қатынас дағдыларының болуы, тыңдаушылармен «кері байланыс» орната білуі;
    — өңірлік кәсіпкерлер палатасы және мемлекеттік органдармен, жобаның серіктестерімен бірігіп жұмыс жасай білуі;
    Ұлттық палата болашақ бизнес-тренерлерден кәсіби деңгейде келуін, жобаға толықтай берілуін, белсенді көзқарасын, шағын және орта бизнестің ауылда дамуына
    мүдделілігін, сондай-ақ өз білімі мен тәжірибесін бөлісуге дайын болуын, жұмыс уақытында да қызмет бабын көтеріп отыруын күтеді.
    Сондай-ақ, оқыту орнында үнемі болуы қажет, әрине оқу ағыны арасында қысқа мерзімді үзілістер ескеріледі.
    Ұлттық палата бизнес-тренерлерді жинау жүйесі келесі кезеңдерді қамтиды:
    1. түйіндеме, ынталандыру эссесін жіберу
    2. бизнес-жоспарлау бойынша білімін анықтау үшін практикалық тапсырманы орындау;
    3. 5 күндк тренерлерге арналған тренингке қатысуға шақыру, тестілеу арқылы кәсіби білім деңгейін растау;
    4. кадр резервіне кіру;
    5. жобаға шақырылуы.
    ҰКП қызығушылық танытқан жағдайда түйіндемені мына электрондық мекен-жайға жіберулерін сұрайды: cvbastau@gmail.com.


     
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

    Оставьте ваш комментарий!
    Введите здесь свое имя

    Последние новости

    В Уральске огонь от горящих мусорных баков повредил автомобиль

    По информации пресс-службы ДЧС ЗКО, пожар произошел 25 апреля,...

    Рекомендуем

    В ЗКО на борьбу с комарами могут понадобиться дополнительные средства

    Ежегодные работы по травле гнуса планируются заранее, но большой...

    Затягиваем пояса

    На прошлой неделе Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на встрече...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл