Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
10 C
Уральск
17.6 C
Аксай
Еще

    Теректіде «Бизнес Бастау»: Өз ісің үшін жақсы мүмкіндік

    Теректі ауданында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 173 адам оқыды, оның ішінде 30-ы оқудың бесінші ағынының қатысушылары болды. 16 қазаннан 15 желтоқсанға дейінгі аралықта ауылдық тұрғындардың алтыншы тобы оқудан өтеді. Бұл оқытудың соңғы ағыны болып табылады. Оқудың бесінші ағынының түлектері БҚО Кәсіпкерлер палатасында комиссия алдында өздерінің жобаларын қорғады. Бұл шарада «Н» тілшісі де болып қайтты.

    Теректі ауданынан «Бизнес Бастау» қатысушылары бойынша қызықты мәліметтерді бизнес-тренер Зухра ИДГЕЕВА ұсынды. Оқудың бес ағынында Теректі ауданынан барлығы 173 тұрғындар оқыған. Айта кететіні, қатысушылардың жалпы санының басым бөлігін нәзік жанды аруларымыз құрап отыр, бұл әйелдер қауымы кәсіпкерлікке белсенді қызығушылық танытты деген сөз.
    Қатысушылардың жалпы жас ерекшелігіндегі айырмашылық 20 жастан 45 жасқа және 30-дан 49 жасқа дейін болып отыр. Ал, әлеуметтік жағдайына келер болсақ, «Бизнес Бастау» бойынша оқудың 173 қатысушыларының ішіндегі 138 қатысушысы — өзін –өзі жұмыспен қамтушылар.
    Теректі ауданы бойынша барлығы 16 бизнес-жоба қаржыланды. Оның ішінде 10 бизнес-жоба ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы, алтауы «Батыс Қаржы» микроқаржылау ұйымы арқылы қаржыландырылды.

    Құс шаруашылығы – серпінді сала
    Долинное ауылының тұрғыны Жеңісгүл НҰРҚАНОВА шағын құс фермасын ашуды жоспарлап отырғандығын айтып өтті. Болашақ кәсіпкер балапандарды, мекиен-тауықтар, үйрек, қаз, күркетауық өсірумен айналысуды жоспарлап отыр. Осы құс шаруашылығы жуық арада оның кәсіпкерлік қабілеттерін дамытуға жол ашады деп ойлайды. Өйткені, бұл агроөнеркәсіп кешенінде көбірек серпінді дамыған сала, мал басының тез көбеюімен, қарқынды өсуімен, жоғары өнімділігімен және тіршілікке икемділігімен, сондай-ақ жанды еңбекте және материалдық қаражат жағынан да аз шығынмен сипатталатын сала түрі.


    — Құс шаруашылығының арқасында біз ет, жұмыртқа, құс мамығын, қауырсын, органикалық тыңайтқыш аламыз, — дейді «Бастау Бизнес» жобасының қатысушысы. – Ауыл шаруашылығындағы құс-тардың ішінде кеңінен таралғаны тауық, түйеқұс, үйрек және қаз. Қазіргі уақытта мысыр тауығы және бөдене өсіру шаруашылығы кеңінен дамып отыр. Құс шаруашылығына көбірек мән беру керектігінің себебі, «жылдам» жүретін салалардың бірі.
    Жеңісгүл Құсайын-қызының бизнес-жобасында, құс шаруашылығы әлемдегі өндірістердің ішінде адам үшін тағамда арзан әрі биологиялық толыққанды азықтардың бірі болып танылды. Қатысушының пайымдауынша: «Халықты тамақтандыру үшін азық-түлік өндірісін кем дегенде үш есеге дейін арттыру керек. Негізінен жоғары протеинді азық-түлікке, құстың және ет өніміне көңіл аудару қажет».
    -Ертеден-ақ, біздің елімізде құс шаруашылығы отбасылық кәсіп ретінде маңызды болып есептелген,- дейді Ж.Нұрақанова. -Кәсіп иелері өздеріне жақсы пайда түсіретін үйрек, қаз және басқа да жануарларды өсірді. Мұндай үрдіс бағымызға орай қазір де сақталды. Әр ауылдық отбасында дерлік үй шаруашылығында құстары бар, бұл таңқаларлық та емес, өйткені құс шаруашылығы – өте пайдалы іс.
    Ж.Нұрақанованың жобасында үй жанындағы шаруашылықта қандай да болмасын үй құсының барлығын да өсіруге болатындығы аталады. Бұл кәсіп экономика жағынан да пайдалы, өйткені құс жоғары өнімділігімен, басқа үй жануарларына қарағанда тез өсетіндігімен, сондай-ақ азықты пайдаланғанмен «жемінің құнын ақтайтындығымен» ерек-шеленеді. Оған қоса, құс шаруашылығының өнімдері жоғары қоректілігімен, керемет дәмді қасиеттерімен ерекшеленеді, сондықтан да диеталық және балалар тағамының негізін құрайды.
    Қатысушы жоспарына сәйкес, оның қызмет көрсетуінде мақсат қойып отырған негізгі тобы БҚО және Орал қаласының ірі ет базарлары, супермаркеттер мен жеке ет сатушылары болады. Оның жоспарында аула шаруашылығында қазіргі уақытта негізінен жұмыртқа және етті жұмыртқалы бағыттағы тауықтарды өсіріп жатырғандығы айтылған. Болашақ кәсіпкер тауық етінің пайдасы туралы, яғни оның мәліметінше тауық етінде май аз, бұл дегеніміз холестириннің де аз екендігін білдіреді деп пайымдайды. Тауық еті құрамында ақуыз бен глютаминнің шоғырлануымен пайдалы, олар орталық жүйке жүйесінің ынталандырушысы болып табылады. Оған қоса дәрумендер мен минералдық элементтерге де бай. Бизнес-жоспарда жұмыртқа 12 дәруменге ие екендігі аталады. Ол белсенді А дәруменінің негізі көзі, ал Д дәрумені жағынан тек балық майынан ғана қалыс қалады. Одан басқа, жұмыртқада В1, В2, Е дәрумендері, сондай-ақ өте маңызды, тек жұмыртқаның сарыуызында ғана көп болып келетін холин дәруменімен қаныққан. Жұмыртқаларда 96% минералдар бар, әсіресе кальций, фосфор, йод, мыс, темір және кобальт жоғары дәрежеде сақталған.
    Ауыл тұрғынының мәлі-метінше үйрек еті аса диеталық емес, алайда құрамында көптеген пайдалы заттары бар және өте жақсы дәмдік қасиеттерге ие болып келеді. Ал қазға келер болсақ, ол жасырақ болған сайын оның еті де жеңіл, дәмдірек болады екен.
    Жеңісгүл Құсайынқызы кәсіпкерлік қызметтің алғашқы кезеңдерінде ерекше екендігін түсінеді, барлық қалпында және түрінде қауіпке жақын болуы мүмкін. Сондықтан да қандай да болмасын істі бастамас бұрын бизнес-бастаманы жүзеге асыру барысында болуы мүмкін барлық қауіп-қатеріне мұқият талдау жүргізу қажет. Мысалға, құс шаруашылығында қырылып қалу қаупі, сатудың біркелкі болмауы салдарынан өтімділіктің жойылуы, тәжірибесіздік салдарынан негізгі технологиялық әрекеттердің дұрыс жүрмеуі болуы мүмкін, сондықтан бұл кәсіп түрінде бекітілген өсіру технологиясын қатаң сақтау қажет, ал көмекке құс өсіру бойынша мамандарды тартқан жөн.
    Қатысушы өз жобасында қызықты мәліметтер келтіреді. Оның мәліметінше, шаруашылықта тауықтарды үш жылдан артық ұстамайды. Қыс уақытында өнімділікті арттыру үшін қосымша жарықтандыруды қолданады, оны қарашаның ортасынан бастап пайдалануды жүзеге асырады. Ол үшін 60Вт қуаттылығы бар шамды қолданады. Қосымша жарықтандыруды таңғы 6-дан таңертеңгі 8-ге дейін және кешкі 16-дан 19-ға дейін қосады. Ж.Нұрақанованың айтуынша, құстар қыс мезгілінде жайылымға аса шыға қоймайтындығы, алайда оларға аулаға шығу пайдалы екендігін мәліметінде келтіреді. Сондықтан, ауланы жайылыс үшін тазалайды, ал құстар аулаға шығу үшін алаңға аздап бидай шашады, әрі қалақайдан, жоңышқадан сыпырғыш іліп қояды. Аязды күндері аулаға шығар алдында үсіп қалмау үшін алдын-ала айдарларын маймен майлап қояды. Ауа температурасы минус 12 градустан төмен болса үсік шалуы мүмкін.
    — Тауықтар тұратын жайда ауа температурасы 10 градустан төмен болмау қажет, әйтпесе тауықтар жұмыртқаламай қалуы мүмкін,- дейді Жеңісгүл Құсайынқызы. – Құс төсемі қашан да таза әрі құрғақ болу керек. Әдетте жоңқалар пайдаланылады. Тауықтардың қорегінде дәрумендерге және жеңіл қорытылатын толыққанды ақуызы бар азық болу қажет.
    Құс фермасы жобаның қатысушысы өзі тұрып жатырған жеке үйінің ауласында орналасады деп жоспарлануда. Құстар үшін арнайы инкубатор және тор сатып алынатын болады. Осы жобаны жүзеге асыру үшін Ж.Нұрақанова нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде жылына 6 пайыз мөлшерлемесімен екі жылға 1 000 000 теңге қаржыландыруды сұрап отыр.

    ІҚМ бордақылау – ауылдағы кірістің көзі
    Теректі ауданының бесінші ағынының қаты-сушыларының көптеген бизнес-жобалары ірі қара малды бордақылау және ет өнімін жүзеге асыру мақсатында болды. Мысалға,
    Донецк ауылының тұрғыны Думан БОРАНБАЕВТЫҢ жобасы. Ауыл тұрғыны мал шаруашылығында тәжірибесі бар, соның арқасында жобасын жүзеге асырып, пайдасын да таба алады. Бастамшының ірі қара малды ұстауы үшін шаруашылығын жүзеге асыратын қора-жайы бар. Донецкте оның үйінің ауласында қора бар. Оған қоса оған тиесілі жер телімінде мал ұстау үшін қосымша қора-жай салатын мүмкіндігі бар. Сондай-ақ қатысушының ауыл шаруашылығына арналған мал жаюға және шөп шабу үшін жері бар. Қазір шаруа қожалығында ірі және кіші мал басы ұсталып отыр және екі жылқысы бар. Жоба қатысушысы ет алу үшін жоспарланып отырған тағы да ірі қара мал басын сатып алу үшін 4 000 000 теңге мөлшерінде несие сұрап отыр.
    Бизнес – жобасында өнімнің жүзеге асуы Атырау және Орал қаласына есептелінген деп көрсетіледі. Малды ұстап және бағып-қарап тұру үшін бір жұмысшы қажет болады, малды қарау, жемін беру, қорасын тазалықтау ұстау оның міндетіне кіреді.
    ІҚМ бордақылаумен Богданов ауылының тұрғыны Азат ЖҰМАШЕВ та айналысуды жоспарлап отыр. Жоба бастамашысы оның әкесі сияқты мал шауашлығында тәжірибесі бар. Оның Богдановта малды ұстау үшін иелігінде қызметтік қора – жайлары бар. Оған тиесілі жерде қосымша шаруа жайларын салуға болады.
    Ауыл тұрғыны алғашқы жылында малды бағып-қағумен әкесі айналысады деп жоспарлайды. Әкесінің көмегінің арқасында кәсібін кісі жалдамай ақ, және қосымша шығынсыз іске асыра алады. Азат Серікұлы аталмыш кәсіп үшін 4 000 000 теңге көлемінде несие қаражатын сұратып отыр. Несиені өтеудің жоспарлы мерзімі – 25 айды құрайды, жеңілдік кезеңі – алты ай. Төлем жарты жылда бір жүргізіледі.
    Осыған ұқсас кәсіп түрін Шалқар ауылының тұрғыны Асылбек ҚАПАШЕВ та жоспарлап отыр. Аталған кәсіп саласы малды бордақылап, мал шаруашылығының өнімдерін сату мақсатында болып отыр. Шаруашылықты ұйымдастыруда оған да мал бағуда тәжірибесі мол әкесі көмектеседі деп жоспарлануда. Соның арқасында жоба бастамашысы кісі жалдамай, өздігінен жобаны іске асырып, ет өнімінен қосымша пайда таба алады. Осы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті жағдай жасалған: мал үшін қорасы жасақталған, сондай-ақ қосымша құрылыстары үшін жер телімі де бар.
    Жоба бастамашысы ет өнімінің саудасы тұрақты, сондықтан мал шаруашылығының өніміне қашан да сұраныс бар деп есептейді. Ауыл тұрғыны нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде қарастырылған несиені жабуда алты айға есептелген жеңілдіктерімен 3 000 000 теңге сомасында несие қаражатын сұратып отыр.

    Отбасылық мердігерлік
    Федоровка ауылының тұрғыны Динара САҒЫНҒАЛИЕВАНЫҢ бордақылау және ет өнімі мақсатында ІҚМ алу бойынша бизнес-жоспарында көрсетілген несиенің жалпы құны 2 700 000 теңгені құрайды. Қатысушының жобасын жүзеге асыруда оның өзі секілді баяғыдан мал шаруашылығымен айналысатын жұбайы көмектесетін болады. ІҚМ өсіру үшін барлық жағдайлар жасалған. Сағынғалиевтердің ауласында мал ұстау үшін үлкен қорасы бар. Оған қоса, тиесілі жер аумағында мал ұстау үшін тағы да құрылыс жайларын салуға мүмкіндік береді.
    Алғашқы жылы малды бағып қараумен Сағынғалиева Динараның жұбайы және қайын атасы айналысатын болады. Кейін бастамашы қосымша екі жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр.
    Абай ауылының тұрғыны Сұлушаш ТОҚМҰРЗИНАНЫҢ да ІҚМ өсіру бойынша бизнес-бастамасының жүзеге асырылуы барысында оның да жұбайының қолдауы болады. Ол үшін аула шаруашылығында жақсы жағдай жасалған. Ірі қара мал басын ұстап тұру үшін қоралары бар. Отбасында кең жер аумағы бар, бұл әрине мал ұстау үшін қосымша қора-жай салуға мүмкіндік береді. Кәсіптің шаруашылығын жүргізуді алғашқы жылдарында С.Тоқмұрзинаның жұбайы басшылыққа алады. Оған көмекке бір жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Бақташының міндетіне қораны тазалау және малды бағу кіреді.
    Бұл кәсіптің жүзеге асуы үшін 4000000 теңге көлемінде несие қаражаты қажет. Несиені қайтару мерзімі 60 айға есептелініп жоспарланған, жеңілдік кезеңі – алты ай. Төлем жарты жылда бір жүргізілетін болады.
    Теректі ауданынан бесінші ағынының қатысушысы Мекен ШАУТОВА да мал өсіру бойынша бизнес-жобасын ұсынды. Алдыңғы қатысушылар секілді бұл қатысушының да шаруашылықтың басшылығын өз қолына алып, алдағы уақытта көмекке бір жұмыс орнын ашу жоспарында болып отыр. ІҚМ ұстау үшін қоралары бар. Қоралары Подстепное ауылында өз үйлерінің ауласында орналасқан.
    Жоба бастамашысы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде жобасы үшін негізгі несиені жабуға 60 айға дейінгі өтеу мерзіммен, алты ай жеңілдік кезеңімен, жылына 6% мөлшерлемемен 4 000 000 теңге көлемінде несие қаражатын сұратып отыр.

    «Шағын наубайхана – менің арманым»
    Бақытгүл ЕРКЕНОВА:


    — Ақжайық ауылында менің жұмыс жасап тұрған азық-түлік дүкенім бар. Баяғыдан шағын наубайхана ашу арманым болды. Барлығын басынан бастап салғым келеді, қажетті құралдарды алып, шағын өнімді шығарғым келеді. Біздің ауылымызда бұл кәсіп бағыты сұранысқа ие, өйткені бізде нан пісірмейді, Оралдан алып келеміз. Мен жалға жер алдым, «Бастау Бизнес» бойынша оқудан өттім, бизнес-жобамды жасадым, енді несие алғым келеді. Қазірдің өзінде білікті наубайшылар жиналып тұр. Егер барлығы іске асып кетсе, бес жұмыс орнын ашып, ауыл тұрғындарын жаңа піскен нанмен қамтамасыз ететін боламын.

    Гауһар УМАРОВА


     
    Предыдущая статьяСидеть не прогнозировал
    Следующая статьяПошел на поправку
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

    Оставьте ваш комментарий!
    Введите здесь свое имя

    Последние новости

    За весь паводковый период в ЗКО зарегистрирован только один факт мародерства

    Об этом на брифинге информационного штаба сообщил первый заместитель...

    На российско-казахстанской границе в ЗКО отремонтируют пункт пропуска

    В связи с ремонтом пропускная способность автомобильных пунктов пропуска...

    Рекомендуем

    В ЗКО на борьбу с комарами могут понадобиться дополнительные средства

    Ежегодные работы по травле гнуса планируются заранее, но большой...

    Затягиваем пояса

    На прошлой неделе Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на встрече...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл