Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
13 C
Уральск
18.9 C
Аксай
Еще

    Кепілдік мүлік жоқ па? «Даму» қолдайды

    Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыруға тек мемлекеттік орган мен банктік мекемелер емес,сонымен қатар микрокредиттер беруде кепілдік беретін «ҚазАгроГарант», «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамдары да қатысады. Бұл ретте, ауылдық елді мекендер тұрғындарына кепілгер «ҚазАгроГарант» акционерлік қоғамы, облыс орталығының және Ақсай қалашығының тұрғындарына «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы болып табылады. Бүгін бағдарлама қатысушыларына «Даму» қоры арқылы банктік қызметтер беру кезіндегі кепілдендіру талаптары туралы айтып өтеміз, соны ескере отырып, біз клиенттермен жұмыс жасау менеджері Минара Елдеске бірнеше сұрақ қойған болатынбыз.

    — Минара Сабырқызы, сұхбатымызды басынан айқындап алайық: Бағдарлама әрекетіне азамат-тардың қандай санаты кіреді; қандай кәсіпкерлік қызметтің түрлеріне берілген кредит сізбен кепілдендіріледі; «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры каңдай банктермен қарым-қатынас жасайды?
    — Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының қатысушылары бола алады: жұмыссыздар (жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан); кәсіпкерлік әлеуеті бар өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам; ісін жаңа бастаған және бизнесі бар кәсіпкер.
    Бағдарламаны жүзеге асыруда салалық шектеулер қарастырылмаған: оған ісін жаңа бастаған және бизнесі бар кәсіпкер қатыса алады. Айта кететін нәрсе, ісін жаңа бастайтын кәсіпкерлер жобасынан басқа, сауда саласының айналым құралдарын толықтыруға бағытталған жобаларды қаржыландыру жүзеге асырылмайды.
    Сұрақтың екінші бөлігіне тоқталсақ, бағдарлама жүзеге асыру барысында «Даму» қоры қазіргі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ және «Қазақстанның халық банкі» АҚ банктерінің кредитік қарыздарын кепілдендіруді жүзеге асырып отыр.

    — Әлеуетті қарызгер қандай сомаға дейін кредит алуға мүмкіндігі бар, канша пайызға және кредиттеу мерзімі қанша?
    — Бұл бағдарлама бойынша кредиттің ең жоғарғы сомасы 8 мың айлық есептік көрсеткіштен аспайды, биылғы жылы ол 19 млн. 240 мың теңгені құрайды. Сыйақы мөлшерлемесі, қызық-тырарлықтай – жылдық 6 пайыз.
    Кредиттеу мерзімі – 5 жылға дейін; егер де кәсіпкер қарызды айналым құралдарын толықтыруға алса, онда кредиттеу мерзімі 3 жылдан аспайды.
    Мүліктік қамтамасыз етуі жеткіліксіз болған жағдайда «Даму» қоры «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында кепілдік береді. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге – 85 % дейін кепілдік, бизнесі бар кәсіпкерлерге – 50 % дейін.

    — Енді кредитті рәсімдеу барысы туралы айтып өтіңізші.
    — Ісін жаңа бастағалы отырған кәсіпкер үшін міндетті талап болып «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқыту курсы немесе Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқыту аясында бизнес-жобаның қорғалуы немесе кредит алуға өтініш берген күнге дейін соңғы 24 ай ішінде басқа да бағдарламалар бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқытудан өткендігі туралы сертификаттың болуы; бизнесі барларға – жұмыс орнын ашу (біреу жеткілікті) саналады.
    Бағдарламаға қатысушы өзінің мәртебесін анықтау үшін өңірлік Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінеді. Назар аударарлық жаңа өзгеріс бар, бұл өзгеріске сәйкес жоғарыда айтылған талап (Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну) осы жылдан бастап бизнесі бар кәсіпкерлерге тарамайды.
    Халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарлама қатысушысына жолдама береді, кейін «Даму» қорының кәсіпкерлерге қызмет көрсету Орталығында қызығушылық танытып келушілер кредиттеу талаптары бойынша толықтай ақпарат алады.
    Одан кейін, Бағдарлама қатысушысы кеңес берушілермен бірлесіп банкке кредит алуға өтінім беруге қажетті тізім бойынша құжаттарды жинайды. Өтінімді банк 3-4 апта бойы қарастырады, кейін кредиттік комитет қаржыландыруды мақұлдау немесе оны беруден бас тарту жөнінде шешім шығарады.
    Егер кәсіпкер кепілдік мүлігінің болмауы немесе кепілдікке қоятын мүлігін бағалау кезінде құны сәйкес келмеуі сияқты қиындықтарға тап болса, «Даму» Қорына жолығып, кепілдік беруін сұрауға құқылы. Еске салайық, жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер үшін кепілдік берілетін кепілдік сомасынан 50 % көлемінен, ал жаңа бастаушы кәсіпкерлерге – 85% көлемінен аспай берілетін болады.
    Кредит беру бойынша комитет оң шешім шығарса, сондай-ақ несиені кепілдендіру қажет болған жағдайда кәсіпкердің құжаттары біздің қорға жолданатын болады. Кепілдік беру бойынша шешім бес жұмыс күні ішінде шешіледі.

    — «Ісін жаңа бастаған кәсіпкер» тұжырымдамасына кредиттеуге өтініш берген уақытта тіркелген мерзімі үш жылдан аспайтын жеке кәсіпкерлік субъектілері жатады. Бағдарламаға қатысу үшін жеке кәсіпкерлік субъектісі ретінде қандай тіркелу мерзімі жеткілікті? (мысалға бірнеше ай, жыл немесе одан да көп?)
    — Жеке кәсіпкерлік субъекті ретінде тіркелу қажет (ЖК, ЖШС). Бұл мәртебеде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына қатысу үшін анықталған тіркелу мерзімі қарастырылмаған.

    — Өндірістің бос тұруы кәсіпкердің айыбынан емес болған жағдайда кредит төлеуде жеңілдік кезеңі қарастырылған ба, мысалға заңнамада күтілетін немесе болған өзгерістер?
    — Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша жобамен құрылыс, қосу-реттеу жұмыстары, құрылғы орнату және тағы басқалар қарастырылған болса, сонымен қатар ісін жаңа бастағалы отырған кәсіпкерлерге кредит төлеуге 6 айға дейін жеңілдетілген кезең белгіленген, алайда жеңілдік кезеңінің ұзақтығы кредит мерзімінің үштен бір бөлігінен аспауы қажет. Қызметті бастағаннан кейін дәлелді себептермен қарыз алушыға кредит төлеу бойынша жеңілдік қажет болса, мысалға жоғарыда айтылған заң сұрақтары бойынша пайда болған жағдай банк бұл мәселені карастырады.

    — Қандай жағдайда Бағдарла-маның қатысушыларына кредит берілмеуі мүмкін?
    — Біріншіден, «Жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде берілген қарызы, сондай-ақ, міндетті зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру аударымдарына және салық бойынша қарыздары болған жағдайда.
    Ойын бизнесімен және осындай қызметпен байланысты республика аумағында тыйым салынған жобалар да қаржыландырылмайды.

    — Әңгімеңізге рахмет.

    Газетіміздің келесі санында ауылдағы қаржылай қолдау шаралары туралы айтатын боламыз. Еске сала кетейік, ауыл халқын, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді және шағын кәсіптің тағы да басқа салаларын микрокредиттеу «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Аграрлық кредиттеу корпорациясы» АҚ арқылы жүзеге асатындығын; ауыл шаруашылығы бойынша микрокредиттеу болған жағдайда кепілдендіруді «ҚазАгроКепіл» АҚ жүзеге асырады.

    «Н» бұл ұйымдардың өңірлік өкілдерімен кездесу барысында нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасының екінші бағытының іске асуы бойынша сұрақтар қоятын болады: өткен жылмен салыстырғанда мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын және ауылдағы тағы да басқа кәсіп түрлерін дамытуға қанша қаржы бөлініп, қаншасы игерілді? Облыс бойынша ағымдағы жылға қанша қаржы бөлінді?; Шаруа қожалықтарының жұмыстары қаншалықты деңгейде белсенді, облыстың жеке шаруашылықтары осы Бағдарлама шеңберіндегі мүмкіндіктерді қолданып жатыр ма? Осы және басқа да сұрақтарға жауапты келесі санымызда оқитын боласыздар.

    Саида ТУЛЕГЕНОВА

    Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының мәліметтері бойынша 2017 жылы Орал, Ақсай қалаларында нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде микрокредиттеуді жүзеге асыру үшін 852,8 млн теңге бөлінген. 315,5 млн теңге сомасына 29 микрокредиттер берілген, оның ішінде 21 старт-ап жобаларға 233,5 млн.теңге бөлінген.
    Кредиттік ресурстар микрокредиттеу бойынша ұйым, сондай-ақ, Бағдарламаны іске асыруға қатысатын банктермен ынтымақтастықты жүзеге асыратын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-на аударылған.
    Кредиттеу бойынша кепілдік беру үшін облыстық бюджеттен 2017 жылы 18 млн теңге бөлінген, жылдың қорытындысы бойынша кепілдендірудің жалпы сомасы 76,2 млн. теңгеге 14 кепілдік шығарылған.
    Беріліп жатқан микрокредиттердің негізгі бөлігі сауда саласына (15), 1 микрокредит – ағаш өнімдерін өндіру бойынша цехтың қайта құрылысына, ал қалғандары кәсіпкерліктің басқа да салалары — жүк тасымалдау, денсаулық, білім, безендіру қызметтері, сәндік индустриясына бөлінді.
    Осы жылға облыстық орталықта және Ақсайда микрокредит беруді жүзеге асыру үшін 300,3 млн теңге бөлінді, оның ішінде 213,3 млн теңгеге 14 микрокредиттер өткен тоқсанда берілді.
    Микрокредиттер бойынша кепілдіктер беру үшін облыстық бюджеттен осы жылға 36 млн. теңге бөлінді. 1 сәуірге берілген ақпарат бойынша кепілдендірудің жалпы сомасы бойынша 86,9 млн. теңгеге 9 кепілдік шығарылған.


     
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    Последние новости

    В Уральске движение по мосту со стороны Зачаганска будет ограничено

    В связи с проведением строительно-монтажных работ по замене железобетонного...

    В Уральске начинаются субботники

    Санитарно-экологический месячник продлится до 25 мая. Первый общегородской субботник...

    Рекомендуем

    В ЗКО на борьбу с комарами могут понадобиться дополнительные средства

    Ежегодные работы по травле гнуса планируются заранее, но большой...

    Затягиваем пояса

    На прошлой неделе Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на встрече...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл