Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
6 C
Уральск
13.1 C
Аксай
Еще

    Стартапшы жағдайың қалай?

    «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлік дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын облыста іске асыру барысы туралы жарияланымдардың топтамасын аяқтай отырып, бүгін «Н» жазғы шығарылымдарының кейіпкерлеріне, нақтырақ айтқанда олардың бизнес – идеяларының мазмұнына толығырақ тоқталып өтеді. Қандай идеялар жүзеге асырылды? Бұл кәсіпкерлер қандай нәтижелерге қол жеткізді? Облысымыздың аудан тұрғындары қандай жаңа идеяларды ұсынып отыр? – осы мәселелер аясында біздің қазіргі материалымыз дайындалды.

    Табыстың негізі – өзара түсіністік
    Бизнес-идеяны сәтті жүзеге асыру жеке кәсіпкердің жеке жетістігі ғана емес, бұл оның өз өңірін дамытуға, ауылдағы өмір сүру сапасын жақсартуға қосқан үлесі. Сондықтан да, Теректі ауданының Ақсуат ауылы тұрғындары ерлі – зайыптылар – Шайжан Нұрғалиев пен Мәншүк Науанованың бизнес-жобасының маңыздылығын тағы да еске салғым келеді, олар өз ауылында КСРО тараған уақыттан бері ашылмаған мектепке дейінгі мекемені ашты.
    Шайжан мен Мәншүк – жұмысын сүйетін педагогтар, сондықтан да балаларға қамқорлық көрсетуден ақша табу олардың бастапқы мақсаты емес. «Тұлпар» бөбекжай-бақшасының ашылуы 30 тамызда өтті, қазіргі таңда оған бір жарым жастан бес жасқа дейінгі аралықтағы 54 бала барады.
    Ұйым өзін-өзі ақтауда, ата-ана жарналары есебінен жұмыс істейді (әрбір тәрбиеленуші үшін 10 мың теңге). Ерлі-зайыптылар іріктеліп алынған қызметкерлерге риза, себебі оларға еңбекақы өткен екі айда бірінші рет төленгеніне қарамастан, адамдар материалдық қиындықтарды түсініп, наразы болмады. Өз кезегінде балабақша басшылығы өз тәрбиеленушілерінің ата-анасының қаржылық қиындықтарын түсінуге тырысады, сондықтан төлем енгізу мәселелерінде түсіністік танытуда.
    — Кешігіп болса да төлеп жатыр, — деді Шайжан Орынбасарұлы.
    Ең алдымен, мұнда балалардың қажеттілігін бірінші орынға қояды, яғни уақытылы және сапалы үш мезгілдік тамақтану, мектепке дейінгі білім беруді ұйымдастыру. Айта кету қажет, 15 қарашадан бастап жоғары топ тәрбиеленушілері орыс және ағылшын тілдерін үйренетін болады, қазірдің өзінде оқытушылармен еңбек келісім-шарты жасалған.
    Бұл мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеленушілері арасында Ақсуат ауылының жас тұрғындары ғана емес, сонымен қатар көрші Пойма ауылының тұрғындары да бар.
    Ш.Нұрғалиевтің айтуынша, Подстепное ауылындағы балалардың ата-аналары да өз балаларын «Тұлпар» бөбекжай-бақшасының қызметкерлеріне тәрбиелеуге сеніп тапсыруға ниет білдірген, егер балабақшаның 60 балаға есептелгендігін ескерсе, онда бәріне де орын жеткілікті.
    Сондай-ақ, бұл бүгінгі күні «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының қатысушысы ашқан жалғыз әлеуметтік маңызы бар мекеме екенін атап өткен жөн және атқарушы билік органдары жақын арада субсидиялау мәселесін шешкенін қалайды, себебі қазіргі жағдайда бұл жеке меншік мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерімен өзара түсіністіктің арқасында ғана жұмыс істеуде.

    Мерекелер мен
    салтанатты шаралар өткізуден бизнес жасау
    Қаратөбе ауданы Шөптікөл ауылының тұрғындары Махсутовтар отбасы «Мирас» тойханасын ашты, оның ашылу салтанатын басты отбасылық мейрам – ұлының үйлену тойымен байланыстырды. Осы уақыттан бастап тойханада 6 салтанатты іс-шара өткізілді.
    Тойхана 200 орынға есептелген, келушілерге барлық жағдай жасалған. Сондықтан үйлену тойларын, мерейтойларды, түрлі корпоративтік іс-шараларды өткізуге арналған өтінімдер Шөптікөл ауылының тұрғындарынан ғана емес, сонымен қатар басқа да көршілес ауылдардан келіп түседі.
    Отбасы басшысы – Әлібек, тойханның иесінің айтуынша, салтанатты іс-шаралар өткізу үшін қарастырылған тойхана болғандықтан, мейрамхана немесе қоғамдық тамақтану орны ретінде пайдаланылмайды.

    Ана мен қыздың бірлескен ісі
    Тасқала ауданының кәсіпкері 53 жастағы Светлана Өтемісова (ол туралы бұрын айтқанбыз) 24 жастағы қызымен бірге аудан орталығында сұлулық салонын ашты. Тасқала ауылында 8 шаштараз бар екеніне қарамастан, анасы мен қызы бәсекелестіктен қорықпады, өйткені олардың салонында визажист, стилист қызметтері көрсетіледі. Әрине, шаштараз, тырнақ сервисінің шеберлері қызмет көрсету тізбесінде қарастырылған және бүгінгі күні шаш күтімі бойынша әмбебап мастер қабылданды.
    Маникюр бойынша шеберлерді әлі қабылдау керек, соңында кәсіпкер Өтемісова сұлулық индустриясының үш маманын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді.

    Шарттарды сақтамау жауапкершілікке әкеледі
    Тасқала ауданы Мерей ауылының тұрғыны 37 жастағы Жоламан Сиражев 15 жылдан бері дәнекерлеу жұмыстарымен айналысып келеді және металл есіктерді, қақпаларды, қоршауларды жасаушы ретінде белгілі. Шілде айында өз гаражын дәнекерлеу цехына ыңғайлап жабдықтауға және дөңгелек жөндеу шеберханасын ашуға 2,5 млн.теңге сомасында несие алды. Бұл азаматтың дәнекерлеу жұмыстарына тапсырыстарының жоқтығына байланысты қарыз бойынша мүмкін болатын қиындықтар туындауына байланысты қауіптер жоқ, себебі аптасына 4-5 тапсырыс түседі. Автомобиль сервисіне келетін болсақ, Жоламанның пікірінше, суық түскеннен бастап дөңгелек ауыстыру жұмыстарына сұраныс артады, яғни бұл бизнесте де тұрақты табыс күтуге болады.
    Жас кәсіпкермен әңгімелесу барысында несие беру шарттарына байланысты басқа да мәселелер анықталды.
    Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры (АШҚҚҚ) ұсынған қаражатқа өзінің бизнес-идеяларын іске асыру үшін ер адам бизнес-жоспарында көрсетілмеген құрал-жабдықтарды сатып алды. Енді оған қарыздың барлық сомасын қайтару түрінде ғана емес, сондай-ақ ақша қаражатын мақсатсыз пайдаланғаны үшін айыппұл түрінде де жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
    — Мен сатып алуды ойлаған жабдық болған жоқ, сондықтан бар болған аргонды дәнекерлеу, плазмарез, түрлі станоктар сатып алдым, — деп түсіндіреді стартапшы.
    Сонымен қатар, АШҚҚҚ облыстық филиалында түсіндіргендей, «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша кредит беру шарттарына сәйкес, егер қарыз алушы берілген ақшалай қаражатқа бизнес-жоспарда көзделмеген жабдықтарды сатып алса, қарыз берілген күннен бастап үш ай ішінде бұл туралы АШҚҚҚ-ны хабардар ету керек, соның негізінде құжатқа түзетулер енгізіледі. Кәсіпкер көрсетілген мерзімде Бағдарлама операторына (бұл жағдайда Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының облыстық филиалын) хабарламаған кезде барлық ұсынылған соманы қайтару түрінде жауапкершілік көзделген. Бұдан басқа, қарыз сомасының 25%-ы көлемінде айыппұл төлеу міндеті тұр.
    Хабарлама үшін көзделген үш айлық мерзім Жоламан Сиражев өткізіп алды және қандай себеппен (кредит беру шарттарын білмеу немесе осы шарттарды елемеу) екені бізге белгісіз, бірақ қарыз алушының салғырттығы бизнесін «Еңбек» бағдарламасының кредиттік қаражаты арқылы ашқан қатысушылар үшін сабақ болуы тиіс.

    ***

    Сонымен, бұрынғы жарияланымдарға қайта орала отырып, біз бизнес-идеялары жүзеге асырылған кәсіпкерлер туралы еске түсірдік және олардың істерінің қазіргі жағдайына қызығушылық таныттық. «Атамекен» Ұлттық палатасының сертификатын алған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына қатысушылар арасында өңірде туризм саласын дамытуға несие алған 21 жасар Алмас Сұлтанмахмұтты атап өткім келеді.
    Бұл жігіт өзінің қайтыс болған атасының ісін жалғастыруда, әжесінің сыйға берген Жалпақтал ауылындағы қонақ үйді абаттандыруға күш жұмсаған. Әжесі Алмасқа өз бизнесін ұйымдастыруға кеңес бергенге дейін, ұзақ уақыт бойы қонақ үй бос тұрды. «Бастау» жобасы жігітке бизнесті жүргізудің қажетті білімін игеруге көмектесті.
    Жылжымайтын мүлік кепілдігімен 6 миллион көлемінде несие алып, А.Сұлтанмахмұт қажетті кәріздік жұмыстарды ұйымдастырып, бөлмелерге санторапты, жуыну кабиналарын орнатты. Қазіргі уақытта Алмас жабдықтар, тұрмыстық техника, жиһаз сатып алумен айналысуда. А.Сұлтанмахмұттың ашқан қонақ үйі қазан айынан бастап жұмыс істеп жатқанына қарамастан, қызмет көрсетіліп жатырған қонақтары да бар.
    Қонақ үйде 10 бөлме бар, әрбір бөлмесі төсек-орын және басқа да қажеттілерімен жабдықталған. Жаңадан бастаған кәсіпкер екі адамды жұмысқа қабылдады – тазалаушы және әр түрлі жұмысшы, одан әрі асхана ашылуымен қызметкерлердің штаты көбейетін болады. Бүгінгі күні, қонақтар үшін тамақтануды ұйымдастырумен Алмастың әжесі мен анасы айналысуда.
    Казталов ауданының бизнес-тренері Айбатыр Төрешевтің пікірінше, қонақ үйдің жұмысын жаңарту идеясы олардың өңірлері үшін өзекті болып табылады және кәсіпкерлік қызметтің бұл түрі жас кәсіпкердің тұрақты табысын қамтамасыз етуі тиіс:
    — Жалпақтал ауылы облыс, Казталовка және Жәнібек ауданы орталықтары жол торабы арасында орналасқан, Ресей Федерациясымен шектеседі, және ең маңыздысы, осы аумақта басқа да қонақ үйлер жоқ. Демек, ешкімге бәсекелес болмайды.

    ***

    Бизнес-тренер А.Төрешев Бағдарламаның басқа жас қатысушысы – 27 жасар азамат Ғаббасов туралы да өз сөзінде атап өтті. Бұл азамат үйленген, отбасында бала тәрбиелеуде және осы уақытқа дейін Орал қаласында тұрған. Тұрақты жұмыс істеді, бірақ атасына өзінің шаруа қожалығын ұстауға көмек қажет болған кезде Азамат үлкен немересі ретінде ауылға барып, атасына қолдау көрсетуді шешкен.
    Жұмыстан босады, тіркеуді ауыстырды, «Бастау»жобасы бойынша оқудан өтті. Тиісті сертификат алып, жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, А.Ғаббасов өзінің қалалық пәтерін кепілдікке салып, несие рәсімдеді. Қарыз қаражатына 10 бас жылқы және 10 жылқы өз қаражатына сатып алды. Өз кәсіпорнын атасының шаруа қожалығымен қатар дамытатын болады. Стартапшы екі жұмыс орнын ашты.

    ***

    Бөкей Ордасы ауданы Мұратсай ауылының 56 жасар тұрғыны Гүлбаршын Насимуллина 9 жыл бойы ауыл тұрғындары үшін нан пісіріп, шағын кәсібімен айналысып келген, ал «Бастау Бизнес» жобасы туралы естігенде, оқудан өтуге бел буды.
    Бизнес-тренер Марат Будиров өз тыңдаушыларымен жоспарлау, маркетинг, қызмет түрін таңдау кезіндегі қауіп-қатерді және мүмкіндіктерді есептеу бойынша өз білімдерімен бөлісті, мемлекеттік бағдарламалардың мазмұнын түсіндірді, оқу соңында Гүлбаршын Паткуллиновна нан пісірумен қатар сүт өнімдерін өндірумен айналысуға шешім қабылдады.
    2 млн. 300 мың теңге сомасына несие рәсімдеп, 8 бас ірі қара мал сатып алып, енді халықты дәмді нанмен ғана емес, сүт өнімдерімен қамтамасыз ететін болады.

    ***

    БҚО «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы хабарлағандай, сәуір мен қазан айлары аралығында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша облыстың 366 ауыл тұрғыны оқытылды. Жалпы сомасы 1,9 млрд. теңгеге 538 жоба қаржыландырылды. Өз қаражатына Бөрлі ауданында бір жоба және Зеленов ауданында үш жоба іске асырылды.
    Оқытылғандар арасында: жастар өкілдері (17-29 жас) – 433; 50 жастан асқан әйелдер – 187; мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар – 40. Пробация қызметінде есепке алынғандар арасында «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына Шыңғырлау ауданының тұрғыны қызығушылық танытты (17 қазандағы № 42 шығарылымында біз айтқан болатынбыз).
    — Қазіргі уақытта «Бастау Бизнес» жобасына қатысушылардың алтыншы легі оқытылуда, ол ағымдағы айдың соңына дейін жалғасады. Соңғы лек аясында тағы 308 адам оқытылады, — деді БҚО «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының қаржылық емес қолдау сарапшысы Мұстафа Құрманғалиев.
    «Бастау» жобасының қазіргі қатысушылары мен олардан бұрынғы қатысушыларының бизнес-жоспарларының мазмұны туралы біз енді келесі жылы айтып, қалыптасқан тәжірибе бойынша нақты әр аудан бойынша шолу жүргіземіз. 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына қатысудың артықшылықтары туралы айта отырып, сондай-ақ несие алу үшін кепіл ретінде ұсынуға болатын мүлкі жоқ немесе жағымсыз кредиттік тарихы бар тұлғалар»Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасымен көзделген грант алуға (инновациялық жобаларды өтеусіз негізде қаржыландыруға) құқылы екенін атап өткен жөн.
    Мысалы, Қаратөбе ауданының тұрғыны 28 жасар Қарлығаш Бисенова өз бетімен қолөнерді игеріп, кішкентай Аrt-студиясын ашқысы келді. Қол өнері, әрине, баланың ойлау қабілетін дамыту, есте сақтау үшін көптеген артықшылықтарға ие, зейінді күшейтеді, бірақ кепілдік мүліктің жоқтығынан Карлығаш бизнес-идеясы іске асырылмаған.
    «Н» шілде нөмірлерінің бірінде осы ауылдықтар туралы әңгімеледік және шынымды айтсам, бұл қыз менің қызығушылығымды туғызды. Келісерсіздер, жас әйел — екі баланың анасы, ол аналық және келіндік міндеттерімен қатар, өзін-өзі дамыту үшін уақыт тауып жүреді.
    Қарлығаш You-tube бойынша тоқу, тігу өнерінің қыр сырын өздігінен үйреніп жүріп, сағы сынбай грант алу конкурсына қатысуға шешім қабылдады. Қ.Бисенованың жаңа бизнес-идеясы бойынша – жаңа туған нәрестелерге арналған конверттерге атаулы кесте тігу, ванна, төсек-орын жабдықтары, халаттар жасау және оны іске асыру үшін кесте тігу машинасын сатып алу қажет.
    Жас әйелдің бастамасын мақұлдады, 240 мың теңге көлеміндегі грантты күту ғана қалды. Қажетті жабдықтарын алғанда Қарлығаш атаулы тапсырыстарды қабылдай алады. Айтпақшы, туыстары мен құрбылары қазірдің өзінде тапсырыс жасайды және «Бастау» жобасының қатысушысы оның есімдерді кестелеу бойынша жасағандары сұранысқа ие боларына сенімді.
    Қаратөбе ауданы тұрғындары арасында грант ұтып алған Қоскөл ауылының тұрғыны 35 жасар Мерлан Халелов.
    Бұл азамат немере ағасынан етік ісін үйреніп, енді өз ауылында аяқ киім жөндеу қызметін көрсетеді. Айта кету керек, Мерлан өз жерінде жалғыз етікші. Қолмен жұмыс істейді, бірақ ақысыз қаржыландыру конкурсына қатысу арқылы оның тігін машинасын және қажетті материалдарды сатып алу мүмкіндігі пайда болды.
    Енді етік шеберханасына арналған орын-жай мәселесін шешу қалды және жергілікті билік көмектесуге уәде еткен тәрізді. Әзірге М.Халелов тапсырыстарды үйде қабылдайды.
    Ауыл тұрғындарының белсенді түрде кәсіпкерлік негіздерін оқытуға қатысуы өте қуантады: біреу алған білімі арқасында өз әлеуетін толық ашуға сенімділікке ие болса, ал басқалары «Бастау» ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді жаңа жетістіктерге ынталандырады. Ауыл тұрғындарынан жаңа бизнес-идеяларды күтеміз, ал осы жылы өз ісін жаңадан ашқан кәсіпкерлерге «Н» табыс пен жетістіктер тілейді!
    Жаңа жылда кездескенше!

    Саида ТУЛЕГЕНОВА


     
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    Последние новости

    Шесть медалей Кубка Восточной Европы – у казахстанцев

    21 ноября в Щучинске состоялся первый этап соревнований по...

    На Новый год казахстанцы будут отдыхать четыре дня подряд

    День отдыха перенесен с воскресенья, 5 января, на пятницу,...

    Рекомендуем

    Добро должно быть под контролем

    В правительстве идёт обсуждение законопроекта, который предполагает контроль за...

    Взрыв в кафе «Rizyk»: суд вынес решение по апелляции осужденного предпринимателя

    20 ноября коллегия Западно-Казахстанского областного суда огласила решение по...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл