Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
-5 C
Уральск
-0.9 C
Аксай
Еще

    Жаңа өмірге мүмкіндік

    Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясына кіретін азаматтар санатына бас бостандығын айыруға байланысты емес жазасын өтеуші сотталғандар да қосылды, оларға да аталған бағдарламаны жүзеге асыру барысындағы мемлекеттік қолдау қарастырылған. Естеріңізге сала кетейік, қоғамнан оқшаулаудан тыс түзету, оларға әлеуметтендіруге, қоғамға тез бейімделуге көмек көрсету мүмкіндігі берілген сотталғандарға бақылауды жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктерге ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің пробация қызметінің инспекторларына (аумақтарды – ҚАЖ-нің департаменттері) берілген және газетіміздің алдыңғы шыққан басылымдарының бірінде біз олардың жұмысы туралы әңгімеледік. Бүгін осы тақырыпқа қайта ораламыз және сотталғандығы бар адамдар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша олардың мемлекеттік қолдау шараларын қаншалықты тиімді немесе нәтижесіз деп бағалайтынын анықтаймыз.

    «Айта кетейік, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы техникалық, кәсіби білім алуға, қысқа мерзімді кәсіптік білім алуға, халықты жұмыспен қамту мекемелері арқылы жұмысқа орналастыруға, кәсіпкерлік дағдыларына үйретуге, әрі қарай жеңілдетілген шарттармен несие беруге мүмкіндік береді.
    Оның мазмұнымен қамтылатын пенитенциарлық жүйенің пробация қызметтерімен бақылана-тын сотталғандар қамтыла-тындықтан, олардың қандай санаттарымен жұмыс істейтінін айтып өтеміз.
    Атап айтқанда: сот шартты түрде соттауды тағайындаған адамдар (сотталған өзінің түзелуін дәлелдеуі тиіс сынақ мерзімі); бас бостандығын шектейтін адамдар; жазаны қолдану кейінге қалдырылғандар (жүкті және жас балалары бар әйелдер; жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін ерлер); белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылған адамдар (сотталған адам өзінің түзелуін дәлелдеуі тиіс сынақ мерзімі).
    Қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына сотталған адамдар, түзеу колониясындағы жазаның өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеуге ауыстырылған адамдар да пробация қызметінің бақылауында болып табылады.
    Есепте тұрған сотталғандарға әлеуметтік – құқықтық көмек тек қана кәсіп меңгеруде көмек көрсетумен шектелмей, қажет болған жағдайда оларды жұмысқа орналастыру да ұйымдастырылады. Сондай-ақ, пробация қызметінің инспекторлары заңды маңызы бар құжаттарды рәсімдеуге, өзінің қамқорлығындағы адамдарға белгілі бір жеңілдіктер мен әлеуметтік жәрдемақылар алуына ықпал етеді, құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді. Сонымен қатар, егер сотталушы қиын өмірлік жағдайда болса, пробация қызметінің инспекторы оны уақытша орналастыруды ұйымдастыруға белгілеуде өкілеттігі бар.
    Бас бостандығынан айыру орындарынан оралған тұлғаларға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (24 050 теңге) бір жолғы материалдық көмек төленеді.
    Пробация қызметі инспекторларының функционалдық міндеттері мен өкілеттіктері туралы айта келе, пробациялық бақылауды жүзеге асыру кезінде ҚАЖ-нің қызметкерлері есепке алынған адамдарын қамқорлыққа алады деп батыл айтуға болады.
    Қылмыстық жазасын қоғамнан оқшаулаудан тыс өтеп жатқан адамдарды жұмысқа орналастыру мақсатында, Орал қаласының халықты жұмыспен қамту орталығында, аудандық жұмыспен қамту бөлімдерінде «пробация кабинеті» жұмыс істейді, онда сотталғандар жұмысқа орналасу немесе қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жіберу туралы өтініш жасауға құқылы.
    Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметі бастығының м.а. Лейла Ахметкалиеваның айтуынша, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан 1 қазанға дейінгі кезеңде «пробация кабинеті» арқылы 235 адам жұмысқа орналастырылды, 39 адам жұмысшы мамандығына оқуға ниет білдірді. 346 адам өз бетінше іздеу арқылы жұмыс тапты.
    Сотталғандарға жедел бейімделу, әлеуметтендіру үшін жағдай жасаумен бір мезгілде оларға белгілі бір талаптар қойылады, оның ішінде инспекторға белгіленуге уақтылы келуі тиіс. Егер пробациялық бақылаудағы адам осы талапты орындамаса, әсіресе жасырынса немесе құқық бұзушылық немесе қылмыстық теріс қылық жасаса, инспектор бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы өтініш жасауға міндетті.
    Ағымдағы жылдың 9 айында облыс соттарына жазаны қатаңдату туралы 221 іс жолданды, олардың 98-і қанағаттандырылды. Қалыптасқан тәжірибе бойынша соттар, әдетте, пробациялық бақылаудағы адамға, қылмыстық жазаланатын әрекет жасаған не пробация қызметі инспекторының заңды талаптарын орындаудан жүйелі түрде жалтарған жағдайларды қоспағанда, қоғамнан оқшаулаудан тыс түзеуге кезекті мүмкіндік береді.
    Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметтеріне сәйкес, өткен кезеңде есепке алынған пробация қызметінің бақылауындағы адамдар 57 қайта қылмыс жасалған.
    Орал қаласы бойынша пробация қызметінің есебінде 832 сотталған бар, оның ішінде әйелдер – 83, кәмелетке толмағандар – 9. Егер әйел қылмысына тоқталсақ, қазіргі пробациялық бақылаудағы әйелдер (пробация қызметінің қызметкерлерінің айтуынша) көбінесе сотталушылар арасында бірге тұратын адамды, бұрын ұрған зайыбын өлтіргені үшін орын алады.
    Мысалы, осындай бір қайғылы оқиға туралы Солтүстік-шығыс шағын ауданына қызмет көрсететін №16 ППБ пробация қызметінің инспекторы Жанар Ғабдуллина айтып берді. Кішкентай қызы және 86 жастағы әжесі бар әйел күйеуінің ұрып-соғуынан қорғанып, оған пышақ жарақатын салған. «Эпилепсия» ауруымен ауыратын жас науқас баланың болуын ескере отырып, сот сотталғанға үкімді орындауды кейінге қалдыруды қолданды. Егер үкімді кейінге қалдыру кезеңінде ол заңға қарсы әрекет жасамаса, бұл шара сотталушыны бас бостандығынан айырудан босату мүмкіндігін көздейді.
    Ж.Габдуллинаның есебінде 16 адам тіркелді, соның ішінде 4 әйел бар. Барлық есепте тұрған еңбекпен қамтылғандар; оның учаскесінде кәмелетке толмаған сотталғандар жоқ.
    Біз Орал қаласының пробация қызметінің жұмысын екі қызметкер – Махамбет Жалмешев пен Айгүл Дүйсалиева үлгісінде олардың жұмысын жариялаған болатынбыз, бүгін олардың аудандық деңгейдегі – Зеленов және Шыңғырлау аудандарының әріптестерінің қызметіне қызығушылық таныттық.

     

     

    Сонымен, Зеленов аудандық пробация қызметінің № 2 бөлімшесінің бастығы (Дарьинское ауылында орналасқан) Иван Искалиев осы учаскеде 2011 жылдан бастап жұмыс істейді: инспектор болып бастады, содан кейін аға инспектор болып тағайындалды және қазіргі уақытта бөлімшені басқарады.


    Оның учаскесінде 114 есепке алынған адам бар, оның ішінде 7-і әйел, 2-і кәмелетке толмаған. 28 сотталған адам ресми түрде жұмыс істемейді, ал 8 адам жұмысқа орналасудан жазбаша түрде бас тартқан, жеке меншік жалдауда мемлекеттік органдар ұсынған жұмысқа қарағанда көбірек табыс табатынымен түсіндірді.
    Жыл басынан бері сотталғандардың жұмысқа орналасудан негізсіз бас тартуының алдын-алу мақсатында, Зеленов ауданында осы аймақтың бизнес субъектілерімен үш кездесу өтті. Іс-шара «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалымен бірлесіп ұйымдастырылды.
    Ескерту шараларының жүргізілгеніне қарамастан, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды жұмыс берушілердің жұмысқа орналасудан бас тарту фактілері қайталанып отыр. Мұндай жағдай Ақсай қаласында орын алған, азаматтың сотталғандығы белгілі болғаннан кейін, шетелдік компанияның әкімшілігі ер адамды жұмысқа қабылдаудан бас тартқан.
    — Жұмысқа қабылдаудан бас тарту сотталғандығына байланысты екені тура айтылмады, өйткені бұл еңбек құқықтарын бұзу болып табылады, сондықтан мен осы кандидатты жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсету туралы сұраныс хат жібердім. Компания қандай жауап беретінін көрейік, — деді Иван Аликович.
    Өткен жылы Зеленов аудандық №2 пробация қызметі бөлімінің 8 бақылаудағы азамат жұмысшы мамандығын оқыту мүмкіндігін пайдаланды, биылғы жылы – 7. Барлық оқытылғандар жұмысқа орналастырылды.

    Переметный ауылына қызмет көрсететін Виктор Сохин учаскесінде 44 сотталған, оның ішінде 2 әйел адам тіркелген. Кәмелетке толмағандар жоқ.
    Барлық дерлік есепте тұрғандар жұмыс жасайды немесе өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.
    Ағымдағы жылдың 9 айында сотқа жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы 18 материал жолданды, сот 10 өтінішті қанағаттандырды. В.Сохин атап өткендей, жазаны ауыстыру туралы мәселе, әдетте, бірнеше негіздер – пробация қызметінің талаптарын орындамау, белгіленген кестеге сәйкес тіркеуге келмеу, келуден жалтару болған кезде бастамашылық етіледі.
    Әрине, тіркеуде тұрғандар әкімшілік құқық бұзушылық немесе қылмыстық теріс қылық жасауы сот алдында жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы өтініш жасау үшін міндетті негіз болып табылады. Биыл осындай 2 іс сотқа жіберілді.
    Мен Зеленов ауданының пробация қызметінде есепте тұрған үш азаматтан қазіргі уақытта астында бас бостандығын шектеу не себепті өтелмеген бөлігі жазаны түзеу колониясына ауыстырылғанын туралы сұрадым. Дәл осы сотталғандар санаты «торлардағы» өмір туралы біледі, яғни бейімделу, әлеуметтендіру мәселесі осы адамдар үшін көп жағдайда өзекті болып табылады.
    — Сіз мемлекет тарапынан қолдауды тиімді деп есептейсіз бе немесе қылмыстық жазасын қоғамнан оқшаулаудан тыс өтеп жатқан тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсету шараларын кеңейту қажет пе? Пробация қызметі инспекторларының жұмысы туралы не айтасыз?
    Олардың тарапынан өз жұмысына жосықсыз, жауапкершіліксіз қатынасымен қарау жағдайларымен кездестіңіз бе? – деп мен бұл сұрақты Иван Искалиев пен Виктор Сохин қарауындағы азаматтарға қойдым.

    Асылан, 31 жаста:
    — Бұл менің алғашқы сотталуым, мен оны тонау үшін алдым. Қылмыс мас күйінде жасалған, бір жағынан жұмыстың болмауы да әсер етті. Жазаның 1/3 бөлігін өтегеннен соң, мерзімінен бұрын шартты түрде босатылдым.
    Менің инспекторым Иван Аликович жақсы моральдық қолдау көрсетті, бұл үшін мен оған өте ризамын. Сондай-ақ, мамандық алу мүмкіндігі туралы және өз қалауы бойынша оны таңдай алатындығымды айтып өтті. Мен электршіге оқуды шештім.
    Оның үстіне, үш ай оқу кезінде жүз мың теңге шамасында стипендия төледі, Орал қаласының жұмыспен қамту орталығында қолда бар бос жұмыс орындарын ұсынды. Түйіндемемді бір кәсіпорынға жібердім және жақын арады жұмысқа орналасу мәселелесі шешіледі деп үміттенемін.
    Иван Аликовичте қолдау көрсетті. Мен біздің мемлекетте сотталғандарға түзету жолына түсуге көмектесетін бағдарламалар әзірленіп, іске асырылып жатқанына өте қуаныштымын.

    Александр, 25 жаста:
    — Мен кәмелетке толмаған жасымда аса ауыр қылмыс жасап, шартты түрде мерзімінен бұрын екі жыл бұрын босатылдым. Қамау орындарында болған кезде көп нәрсені түсініп, тиісті қорытынды жасадым. Егер жаңа өмір бастасам, бұрынғы қателіктерден аулақ болу керек екенін түсіндім.
    Пробация қызметінде басқалардың проблемаларына бей-жай қарамайтын адамдар жұмыс істейді және билік өкілдері тарапынан бас бостандығынан айыру орындарынан оралған адамдарға деген осындай құрметпен қарау біздің қолымыздан барлығы келетініне сенімді нығайтады. Менің жағдайдайымды бұл пробация қызметінің инспекторы Иван Искалиев.
    Колонияда болған кезде газэлектрдәнекерлеушіге оқыдым, ал үйге қайтып оралғаннан кейін «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында тағы бір кәсіби білім алуды ұсынған кезде, оқуға және жүргізуші куәлігін алуға шешім қабылдадым.
    Менің ойымша, жас кезіңде бірнеше мамандық алу керек, өмірде пайдасы болады.
    Жұмыспен қамту орталығы арқылы құрылыс ұйымынан жұмыс таптым. Жұмыс маған ұнады, сондықтан оқуды жалғастыруды шешіп, колледжге түстім.
    Менің таяудағы жоспарым – өз ісімді ашу, қазір айналысатын жұмыс қызық болғандықтан, құрылыс саласында өзімді жетітікке жетуге ұмтылатын боламын.
    Әрине, мен мемлекеттік органдар көрсететін қолдауға өте ризамын: мамандықтарға тегін оқытады, жұмысқа орналастыруға көмектеседі. Адамдар жаңа – заңға бағынышты өмір бастауға мүмкіндік беретін осы мүмкіндікті бағалап, оған риза болуға тиіс.

    Марат, 34 жаста:
    Менің сотталуымның соңғысы – үшіншісі, мен оны бопсалаушылық үшін алдым. 4 жыл бас бостандығынан айыру берілді, жазаның 1/3 бөлігін өтегеннен кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылдым.
    24050 теңге көлемінде бір жолғы материалдық көмек берілді, қазіргі уақытта досыммен бірге автосервисте жұмыс істейміз. Бірлескен бизнесті одан әрі дамытуды жоспарлап отырмыз.
    Мемлекеттік қолдау шаралары туралы мәселеге келер болсақ, менің ойымша, материалдық көмекті беруді 3 есеге дейін, яғни 3 айға дейін арттыру дұрыс деп ойлаймын. Жалпы, менің ойымша, қамаудан босатылған адамдар жұмысқа орналаса алуы үшін, қалауымен – кәсіпті меңгеруі үшін қажетті барлық жағдай жасалған.
    Өз инспекторым – Виктор Сосиннің жұмысына ризамын. Ол өзінің қызметтік міндеттерін адал орындайды, сотталғандарға әрдайым көңіл бөліп жүреді.
    Шыңғырлау ауданының пробация қызметінің есебінде қазіргі уақытта 28 адам тұр. Есепке алынған адамдардың арасында жалған хабар бергені үшін бас бостандығын шектеуге сотталған бір әйел бар. Айтпақшы, осы қылмыс үшін 63 жастағы ер адам бас бостандығын шектеу ретінде қылмыстық жаза қолданылған. Осылайша, қылмыстық істер бойынша куәгерлер ретінде өтетін адамдар үшін мәлімет, жалған айғақтар бергені үшін заңда жауапкершілік көзделген, олар үшін қолайсыз салдарды туындауы мүмкін екенін түсінуі тиіс.
    Шыңғырлау ауданының пробация қызметі бөлімшесінің бастығы Талғат Ақмуқановтың айтуынша, кәмелетке толмаған балалар оның қамқорлығында жоқ.
    Барлық сотталғандар еңбекпен қамтылған: негізгі бөлігі – ресми түрде жұмысқа орналастырылды,10 адам – жалдамалы жұмысымен айналысуды қалайды.
    Осы жылы Шыңғырлау аудандық пробация қызметінің бөлімшесі үш есепте тұрған адамға қатысты жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы мәселе көтерді, бірақ сот оларға түзелуге тағы бір мүмкіндік беруді шешті. Қазіргі уақытта пробациялық бақылауда тұрған барлық адамдар белгіленуге уақтылы келіп, пробация қызметі инспекторларының талаптарын орындайды.
    Биыл қысқа мерзімді оқудан өту мүмкіндігін екі сотталған пайдаланды: біреуі – тас қалаушы, екіншісі – электрші. Ауданда жаңадан алған мамандықтар бойынша жұмыс табылмаса да, жаңа алған білімдері тұрмыста пайдалы болады.
    «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасында көзделген қолдау шаралары бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін тез арада бейімделуге қалай көмектесетіні туралы Шыңғырлау аудандық пробация қызметінің есепте тұрған азаматтардың өздері айтады.

    Бауыржан, 35 жаста:
    — Мен бұзақылық үшін жаза өтедім, 2 жыл 2 айға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылса да, қамау орындарында бір жылдан астам ғана уақыт болдым.
    Келгеннен кейін маған мемлекеттен материалдық көмек көрсетілді, мамандық алу ұсынылды. Механизатор мамандығына оқып, көп ұзамай пробация қызметінің инспекторы орман шаруашылығы саласындағы мекемеге жұмысқа тұруға көмектесті. Жұмыс мамандығым бойынша, уақтылы еңбекақы аламын. Барлығына ризамын. Рахмет.

    Ержан, 38 жаста:
    — Мені тонау жасағаным үшін соттады, жазаның 1/3 бөлігін өтегеннен кейін үйге оралдым. 15 жыл бойы менің табысымды қамтамасыз еткен сүйікті ісіммен айналыстым. Атап айтқанда – тігу. Әр түрлі тапсырыстарды қабылдаймын – бұл киім, бас киім, қаптар, перделер тігу, қысқаша айтқанда, тапсырыс беруші қалаған барлық нәрсе.
    Осы жылы біздің ауданда алғаш рет «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыту жүргізілуде және мен бұл туралы білгенде, мүмкіндіктерді пайдалануға шешім қабылдадым. Оқыту біткен соң сертификат беріледі.
    Әзірге жұмыс берушіге қызмет атқарамын, бірақ кейін оқыту аяқтағаннан кейін несие алып, өз ісімді ашуды жоспарлап отырмын. Әрине, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің бой көтеруі үшін өте ыңғайлы жағдайлар жасалған.
    Біздің елімізде бизнесті ашу үшін жағдай жасалғаны жақсы, оның үстіне, қамаудан босатылған тұлғаларды әлеуметтендіру үшін шаралар әзірленген.
    Инспекторлардың жұмысына наразылықтар жоқ, олар өз міндеттерін адал атқарады.
    Материалды дайындау шеңберінде он шақты сотталушымен сөйлестім, маған бірнеше рет сотталғандардың әңгімелері ерекше әсер етті. Оны өз ауызынан естімегенмен, ол әңгімені Орал қаласындағы пробация қызметінің инспекторы Алмагүл Дуйсалиева айтып берді.
    Оның есепте тұрғандардың арасында мүліктік қылмыс жасағаны үшін бірнеше сотталған 26 жастағы Ануар бар. Әрине, заңға қарсы әрекеттің бұл түрі оған еңбекқорлық, ар-ождан сияқты қасиеттерге тән емес екенін көрсетеді, мүмкін, оның өмір сүру салтын таңдауы жігіт тәрбиеленген отбасындағы қолайсыз ахуалға байланысты болған шығар. Әкесі ішімдік ішеді, жанжалқой, отбасы материалдық жетіспеушілікті бастан кешірді.
    Бірақ адамдарға өзгеруге тән, қуанышымызға орай, құндылықтарды қайта бағалау Ануардың санасында да орын алды. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғаннан кейін жігіт пробация қызметіне есепке тұрды. Орал қаласының жұмыспен қамту орталығы арқылы тұрақты жұмыс тапты. Өзі іздестіргенмен ол нәтиже берген жоқ, мемлекекттік мекеме жолдама бергеннен кейін ғана, жұмысқа орналаса алды.
    Сондай-ақ, Ануарға «Еңбек» бағдарламасы аясында қандай да бір жұмыс мамандығын оқуды ұсынды, бірақ ол оқудан бас тартты, өйткені ол жұмыс болмаған кезде жалақыдан айырылады, сондықтан әрбір жұмыс күні құнды.
    Өзінің қамқорындағы азамат туралы А.Дүйсалиева айта отырып, жігіттің өзіне жұмысы ұнайтынын, ол өзін қоғамға пайдалы сезіне бастағанын, тіпті отбасын құру туралы ойлай бастағанын жеткізді.
    — Ануар адал тапқан ақшаға сатып алынған нанды қолға алған кезде, терең әсер алатынын айтты. Бұған дейін ол ұрлық, тонаумен айналысты. Қылмыстық өткен өміріне ол қайтып оралмайды деп сенгім келеді және Ануардың жолында жақсы қыз кездесіп, мықты отбасы құрады деп ойлаймын, — деді пробация қызметінің аға инспекторы.
    Ал соңында, ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасағаны үшін жаза тағайындау мәселелерінде республика соттары бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды көбірек қолдануға тырысатынына назар аударған жөн. Оның ішінде бас бостандығын шектеу бар. Әрине, бұл шара сотталған үшін қолайсыз салдарға әкеп соқпайды, ол әдеттегі жағдайларда өмір сүруді жалғастырады.
    Ең бастысы, жазаның жұмсақ түрін тағайындаған адамның өзі қоғамнан оқшаулаусыз түзету мүмкіндігін бағалап, өзінің іс-әрекеттері үшін, жалпы алғанда, өмір салты үшін жауапкершілік деңгейін түсінуі қажет.

    Саида ТУЛЕГЕНОВА


     
    Предыдущая статьяЗа работой на ярмарку
    Следующая статьяУдарный старт Спартакиады
    Аватар
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    Последние новости

    «Uralsk Green Forum-2021»: честно о проблемах экологии (ФОТО)

    Экологически чистый Казахстан – это миф или реальность? На...

    В Уральске джип насмерть сбил 10-летнюю девочку

    Девочка по имени Томирис Нурлан скончалась в больнице, не...

    Рекомендуем

    В Уральске джип насмерть сбил 10-летнюю девочку

    Девочка по имени Томирис Нурлан скончалась в больнице, не...

    В ЗКО продлили онлайн-перепись населения

    По данным департамента статистики ЗКО, на сегодняшний день области...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем