Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
17 C
Уральск
17.8 C
Аксай
Еще

    Өзекті бизнес бастамалар

    «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыту Ақжайық және Жаңақала аудандарында екінші жыл қатарынан жүргізілуде, ал былтырғы жылы облыстың осы аумағында 377 тұрғын оқытумен қамтылған.Өткен жылғы бизнес-бастамалардың мазмұнының барлығы мал шаруашылығы саласымен байланысты болды, ал биылғы жылы Ақжайық ауданының тұрғындары былтырғы жылғы бастамаларға ұқсамайтын нұсқалар ұсынып отыр.

    Бүлдіршіндерге қамқорлықпен

    «Бастау Бизнес» жобасы аясында бизнес жүргізу негіздері бойынша оқудан өткен 33 жасар  Шынар Досқалиева Чапай ауылында пиццерия ашты. Айта өту қажет, жас әйел жеке кәсіпкерлік ашпастан бұрын банкеттерде қызмет көрсету арқылы қосымша табыс тауып, тапсырысқа нан пісірумен айналысу арқылы ауыл тұрғындары арасында шебер аспазшы ретінде танылған.

    Ш.Досқалиева дәмхананы жалға алып, тиімді шарттармен 4 млн. теңге көлемінде несие рәсімдеді және ол қаражатқа пеш, техника, ыдыс-аяқ сатып алуды жоспарлап отыр. Кәсіпкер өзінің пиццериясының тұрақты және қалаулы келушілері қатарына балаларды қойып, олар үшін сүт коктейлін де арнап жасайтын болды.

    Шынар пиццерия ашылған бойда жұмысқа үш жұмысшыны қабылдамақшы. Бизнесті дамыту бойынша жоспарына тоқтала кетсек, Досқалиева жалға алып отырған орын-жайды сатып алып, өндірілетін өнімнің түрін (мысалға, кондитерлік тағамдар түрлерін пісіру) арттыруды жоспарлап отыр.

    Өз ісін жаңа бастап отырған кәсіпкер мемлекеттің бизнесті қолдау шараларына риза, себебі төменгі пайыздық мөлшерлемелер, негізгі қарызды төлеуді кейінге қалдыру ретінде жеңілдетілген кезең – бизнес ашуға үлкен мүмкіндік деп есептейді.

    — «Бастау Бизнес» жобасы тек қана кәсіпкерлік негіздері туралы білім беріп қоймай, ол жаңа жетістіктерге жетелейді: адам бойындағы жаңа іс ашу алдындағы қорқыныш сезімі кетіп, өзінің күшіне және мүмкіндігіне сенімділік пайда болады, — дейді Шынар.

    Тасымалдау – ол да кәсіп!

    Аудан орталығының тағы да бір тұрғыны – 53 жасар Ольга Бабаева, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сертификатын алып, Чапай – Орал бағытында жолаушылар тасымалын ұйымдастыру туралы жобасын ұсынды. Бизнес-жоспарды жүзеге асыру үшін 2 млн. 200 мың теңге көлемінде қаражат қажет болады, азаматшаның өзінің қаражаты болмағандықтан, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ тарапынан берілетін кредитті пайдаланды.

    Кәсіпкер қарызға алынған  қаражатқа «Газель» автокөлігін сатып алды, шағын автобустың жүргізушісі ретінде өзінің ұлын жұмысқа орналастырды. Облыс орталығына жүру құны 750 теңге. Чапай ауылының тұрғыны Батыр Абдешовтың айтуынша, «Бабаева» ЖК-нің көлік қызметінің құны жолаушы тасымалдайтын басқа  кәсіпкерлермен салыстырғанда айырмашылығы 100 теңгеге болса да арзандау.

    «Несие кайтарудан қиындықтар туындап жатырған жоқ па?»,- деген сұраққа Ольга Анатольевна беріліп отырған жеңілдік кезеңінің арқасында алғашқы жарнаға қаржы жинап қойғанын, сонымен қатар ұлының және өзінің жалақысын төлеуге қаражат қалғанын айтты. Ольга Анатольевна өзінің ісін ашу туралы шешім қабылдарда, ең алдымен ұлының болашағын ойлағандығын, ал қазір оның тұрақты жұмысы барына қуанышты екенін айтып берді.

    Жеткен межеден тоқтамау

    «Бастау Бизнес» жобасының келесі қатысушысы – 44 жасар Мейірбек Нұғыманов – осы жазда оқудан өтіп, қазір өзінің ісін кеңейту бойынша жұмыстануда. Кәсіпкер 2016 жылы 10 га жерді жалға алып, ағаш тілгіш (ағаш өңдеу станогы) сатып алған. Ал биыл өндірісті жаңартуға (қалдықтарды өңдеу  құрылғысын сатып алу, ағаш ұнтағы қосылып жасалатын жеңіл бетон блогын өндіру) шешім қабылдаған. Құрал-жабдықтарды сатып алуға 4,5 млн. теңге, сонымен қатар 1,5 млн. теңге шикізат сатып алуға қажет. Қажетті қаражатты ескергенде, жобаны жүзеге асыру үшін М.Нұғымановқа 6 млн. теңге керек, кәсіпкер оны «Кәсіпкер» бағдарламасы бойынша кредиттеу арқылы алуды ойластырып отыр. Ағаш тілгіш өнімдерін сатуды жүзеге асыруды ұйымдастырылатыны туралы Ақжайық ауданы бойынша бизнес-тренер Зульфия Кубеевадан сұрағанымызда  Мейірбек Нұғыманов пен орман шаруашылығы басқармасы арасында қажетті келісім-шартқа қол қойылғандығы айтып өтті.

    Қазіргі таңда кәсіпкер үш адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр, бизнесті кеңейткеннен кейін тағы да бес жұмыс орнын ашу жоспарында бар.

    Жалпы ақжайықтықтардың «Бастау Бизнес» жобасына қатысу белсенділігін талдасақ, былтырғы жылы бизнес жүргізудің негіздерін оқытудан 207 аудан тұрғыны өткен. Барлығы 23 жоба, жалпы сомасы 67 900 000 теңгеге қаржыландырылған. Қызмет түрі – мал шаруашылығы, 21 жоба – ірі қара малды бордақылау болса, тек екеуі ірі қара малды өсіру. 7 жоба кәсіпкердің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылған. Биылғы жылы сәуір айынан бастап 1 шілдеге дейін 84 адам оқудан өткен. Оқытудың екі ағынында 5 жоба мақұлданды, қаржыландырудың жалпы сомасы – 17 млн. 900 мың теңге. «Бастау Бизнес» жобасының ең жас қатысушысы – 23 жаста, ең ересегі – 59-да.

    Гендерлік жағынан айтып өтсек, Ақжайық ауданының азаматшалары да ауылдас азаматтар секілді  кәсіпкерлік негіздерін оқу мүмкіндігін белсенді пайдалануда. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Ақжайық ауданы бойынша филиалының мәліметінше, «Бастау Бизнес» жобасының қатысушылары арасында 100 әйел адам тіркелген, оның ішіндегі 23 азаматша – 50 жастан асқан.

    9 шілдеден бастап кәсіпкерлік негіздеріне оқытудың 15 адамнан тұратын үшінші ағыны оқуды бастап кетті. Жыл аяғына дейін шамамен 120 адамды оқытудан өткізу көзделіп отыр.

    Бастамалардың бірыңғайлылығымен «ерекшеленді»

    Жаппай кәсіпкерлікті дамыту тақырыбын жариялауда автор өзінің өзгешелігімен ерекшеленетін бизнес-бастамаларға тоқталатынын ескерсек, Жаңақала ауданы тұрғындарының бизнес-бастамалары өкінішке орай, аса бір өзгешелікпен ерекшеленбеді. Әр мақұлданған (былтырғы да, биылғы да) жобалар ауыл шаруашылығы малын өсірумен байланысты. Осы аудан бойынша бизнес-тренер Нұртілек Закариннің айтуынша, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша былтырғы жылы 170 адам оқудан өтті, ал биылғы жылы үш ағында Жаңақала ауданының  113 тұрғыны қамтылып отыр. Жыл аяғына дейін кәсіпкерлік жүргізу негіздеріне 54 адам оқудан өту жоспарлануда. Өткен кезеңде 30 жоба мақұлданды, жалпы кредит берілетін жобалар сомасы 80 млн. 250 мың теңгені құрады. 27 жоба «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы, 3 жоба «Агрокредиттік корпорация» АҚ арқылы қаржыландырылды.

    Н.Закариннің сөзінше, «Бастау Бизнес» жобасының қатысушыларының ең жасы – 19, 20-да, ал ең үлкені – 62 жаста.

    Сондықтан, «Бастау Бизнес» жобасына жаңақалалықтардың қызығушылығы бар, бірақ та ерекше бизнес-жобалардың жоқтығын ескерсек, осы аудан тұрғындарының кәсіпкерлік әлеуетін ашу туралы сөз қозғау мүмкін емес.

    Бұл жағдайда, БҚО Кәсіпкерлер палатасына сұрақтар туындайды, олардың ішіндегі ең бастысы: облысымыздың қай аудандарында қандай қызмет түрін дамыту маңыздылығын анықтау бағытында талдау жүргізілді ме? Сөзсіз, егер адамдарға ауданның ерекшелігін, оның орналасқан жерін, шекаралас елді-мекендердің мүмкіндігі сияқты өз ісін дамытуға перспективалар туралы айтса, ол тұрғындар арасында қызығушылық тудырып, өзінің белсенділігін көрсетеді. Бастамашылдық – бұл адамның өз мүмкіндігін жүзеге асыру, ол өз алдына «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының мақсатына сәйкес. Егер де адам табысты кәсіпкер ретінде қалыптасса, сөз жоқ бұл қоғамға үлкен пайда әкеледі, себебі табысты дамыған бизнес – жұмыс орындары, мемлекеттік бюджеттің толықтырылуы, ол өз алдына елдің тұрақты экономикасы.

    Біз ортаға салған сұрағымызды БҚО Кәсіпкерлер палатасының уәкіліне қою арқылы бұл тақырыпқа кейін ораламыз, әзірге ауылдық елді-мекендер тұрғындарының бизнес-идеяларымен танысамыз. Келесі басылымдарда  қалған бес аудан – Бөрлі, Зеленов, Теректі, Тасқала, Шыңғырлауды қамтитын боламыз.

    Саида ТУЛЕГЕНОВА


     
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    Последние новости

    За весь паводковый период в ЗКО зарегистрирован только один факт мародерства

    Об этом на брифинге информационного штаба сообщил первый заместитель...

    На российско-казахстанской границе в ЗКО отремонтируют пункт пропуска

    В связи с ремонтом пропускная способность автомобильных пунктов пропуска...

    Рекомендуем

    В ЗКО на борьбу с комарами могут понадобиться дополнительные средства

    Ежегодные работы по травле гнуса планируются заранее, но большой...

    Затягиваем пояса

    На прошлой неделе Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на встрече...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл