Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
8 C
Уральск
19 C
Аксай
Еще

    Жаңа өмірге мүмкіндік

    Кез-келген азаматтық қоғамда заңға бағынышты азаматтар және олармен бірге қылмыстық заң нормаларының шегінен шығатын тұлғалар да болады. Соңғыларының айырмашылығы олар қылмысты әдейі, дайындалып жасайды; ал басқалары – орын алған жағдайға байланысты жасайды. Алайда, әрбір адамның таңдау жасау мүмкіндігі бар – түзеліп, қоғамның заңға бағынышты мүшесі бола алады, немесе өзіне үйреншікті, әкімшілік және қылмыстық шарттарға қайшы келетін, ережелері мен қағидаларымен өмір сүруді жалғастыра алады. Сонымен бірге, мемлекетіміздің бүгінгі құқықтық саясаты қылмыстық жазаны белгілеу барысында адамгершікті ұстанады, сондықтан да бостандықтан баламалы айыру шаралары қарастырылған және сот алдында осы шараларды кеңінен қолдану тапсырмасы қойылған. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасымен бостандыққа шыққан азаматтарға қоғамымыздың заңға бағынышты мүшесі болу мүмкіндігі қарастырылған. Оның ішіне оларды жұмысқа орналастыруға, жұмыс және техникалық мамандықты алуға көмек көрсету жатады. Сотталғандарды түзету бойынша тапсырманың өзекті мәселелері Қылмыстық-атқарушы жүйесі комитетінің пробация қызметіне жүктелген (аймақтық департаменттер, оның аумақтық бөлімі ретінде).

    Пробация қызметінің инспекторлары жұмыс жасайтын сотталған адамдардың контингентін алдын-ала белгілеп алу қажет. Оларға жататыны: сот шартты сот үкімін шығарған тұлғалар (сотталушы өзінің түзелгенін көрсететін сынақ мерзімі); бостандығы шектелген азаматтар; жазасын өтеу кейінге шегерілгендер (аяғы ауыр және кішкентай балалары бар әйелдер; кішкентай балаларын жалғыз бағатын ер адамдар); нақты лауазымға ие болуға және нақты қызметті орындау құқығынан айырылғандар. Пробация қызметінің есепке алынушыларына қоғамдық жұмыстарға, түзету жұмыстарына сотталғандар; түзету колониясындағы өтелмеген жазасының бөлігі бостандығын шектеуге ауыстырылған тұлғалар жатады.

    Облыстық қылмыстық-атқарушы жүйесі департаментінің пробация қызметі бөлімінің деректеріне сәйкес, қазіргі таңда олардың есебінде облысымыздың 1602 тұрғыны есепке алынған, олардың ішінде 140 – әйелдер, 8 — кәмелеттік жасқа толмағандар. Өткен жартыжылдықта Жұмыспен қамту орталығы арқылы 186 адам жұмысқа орналастырылды; 787 сотталушы өз беттерімен жұмыс тапты.

    Нақты осы категориядағы адамдарға мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтқан кезде, Пробация қызметіне есепке алу кезінде оларға психологиялық көмек көрсетілетінін айта кету керек, ал бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан тұлғаларға бір реттік материалдық көмек көрсетіледі (биылғы жылы оның көлемі 25000 теңге).

    Онымен қоса, Пробация қызметінің инспекторлары қажет жағдайда құжаттарды қайта қалпына келтіруге көмек көрсетеді және жалпы соттанушылардың нәтижелі әлеуметтенуіндегі қиыншылықтарды шешу мәселелерінде көмек көрсетеді.

    Орал қаласының пробация қызметінің сотталушылармен жұмыс жасау өтілі 14 жыл болатын қызметкері Алмагүл Дүйсалиеваның ойынша олардың қамқорлығындағылардың түзелуі бойынша жұмыстарда оң нәтижелерге жету үшін, ең алдымен, олардың ықыласына ие болу қажет. Сондықтан да Пробация қызметінің инспекторына өз қамқорындағы адаммен қарым-қатынас орнату, мінезін, бейімділігін жақсы білу, өмір сүру шарттарын және есептегі адамның жақын қоғамын, отбасы ішіндегі ара-қатынасын тану үшін заң жүзінде бір ай мерзім беріледі.

    Егер сотталушы қоғамнан оқшаулаумен байланысы жоқ жаза алса, сот оған жұмысқа орналасуға бір ай мерзім береді. Өз бетімен жұмыс іздеу жұмыстары нәтижесіз болған жағдайда, Пробация қызметінің қызметкері Халыққа қызмет көрсету орталығына бірге барады және мұндағы бар бос орындар ұсынылады. Оңтайлы жұмысты таңдап, үміткер Жұмыспен қамту орталығынан жолдама алып, оны ары қарай жұмыс берушіге береді.

    Сонымен бірге, жұмыссыздарға «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру аясында кәсіптік білім алу мүмкіндігі туралы айтылады.

    А.Дүйсалиеваның айтуынша оның учаскесінде («Ремзавод» ауданы) 72 адам есепке алынған және бүгінгі таңда олардың барлығы жұмыспен қамтылған. Есепке алынғандардың жасы – 20-35 жас аралығы, олардың ішінде 2 жас әйел адам бар. Олардың бірі – 25 жасар Алена – өз инспекторының көмегімен жұмысқа орналастырылған.

    Жас әйел өткен жылдың қазан айында өзінің бірге тұратын ер адамына ауыр дене жарақатын келтірген үшін сотталған болатын. Ер адам екі жыл бойына өзінің азаматтық жолдасына қорлық жасаған және шыдам шегіне жеткен әйел пышақ ұстаған болатын…

    Сот Аленаға үш жыл бостандығын шектеу туралы шешім шығарды, ол содан бастап сегіз ай бойы пробация қызметінде белгіленіп жүр. Сотталушы өзінің инспекторы Алмагүл Иманбайқызының жұмысына өте риза, себебі ол қызметкер оның мәселелеріне әрдайым көңіл бөліп отырады.

    • Инспектор Дүйсалиева менің туу туралы куәлігімді қайта қалпына келтіруге, жеке куәлік алуға және «Алибеков» ЖК жұмысқа орналасуға көмектесті. Әрдайым әжемнің денсаулығын, менің жұмысымның өту барысын сұрасып тұрады және жалпы, өз қамқорындағы адамдарға деген қатынасы туған адамдарына деген қатынасы секілді, — деді Алена.

    Пробация қызметінің қызметкерінен Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы туралы біліп, енді Аленаның жақын арадағы жоспары – кәсіпке үйрену. Жас әйел тағам дайындауды ұнататындықтан, аспаз кәсібін таңдауды ойлауда.

    Алена сотталушыларға алғаш рет әдеттегі жағдайда түзелуге мүмкіндік берілгені, жұмысқа орналасуға, мамандық алуға көмектесіп жатқаны үшін мемлекетке деген алғысын білдірді.

    • Осылайша, біздерге үлкен сенім білдіруде, ал бұл өз алдына, өзіне деген сенімді нығайтуға көмектеседі және де қоғам алдындағы жауапкершілікті арттырады – деп пайымдады сұхбаттасым.

    Алмагүл Дүйсалиеваның қамқорлығындағы келесі адам – 30 жасар Сәбитте – өз инспекторы туралы жылы лебіз білдіруде, себебі ол да оның көмегімен жұмысқа орналасқан болатын.

    Жас әйелдің жағдайы секілді, Айгүл Иманбайқызы «Алибеков» ЖК-не өтініш берген, кәсіпкер Пробация қызметі қызметкерінің ұсынысына сүйеніп ер адаммен еңбек шартын жасасқан.

    Аленаға қарағанда Сәбит еріксіз өмірдің қиыншылықтарын татты, бірақ жақсы жүріс-тұрысына байланысты түзету колониясындағы жазасының өтелмеген бөлігін бостандығын шектеумен ауыстырған. Ер адам өткен жылдың қаңтар айында босатылды, өз бетімен жұмыс табуға тырысып, алайда, көбіне, жұмыс берушілер сотталуына байланысты жұмысқа қабылдамаған.

    Сәбиттің мамандығы автомеханик болуына қарамастан, жұмыс таңдау мүмкіндігі болмаған, себебі оның қарамағында жолдасы және үш қызы (6, 3 жас және 11 ай) бар. Кішкентай балалы әке кез-келген қара жұмыс табуға тырысқан, соның ішінде құрылыс аясында да. Бір жолы Сәбиттің жолы болып, ол құрылыс жұмыстарына орналасты. Алайда, жұмыс берушінің ойында өз жұмысшыларына еңбекақыларын төлеу ойы болмағандықтан, жұмыстан шығуға мәжбүр болды.

    Сол кезде ол өз инспекторы А.Дүйсалиеваның көмегіне сүйенген. Пробация қызметінің қызметкері оны «Алибеков» ЖК басшысы Насаналиев Асылбек Алибекұлына жолдады. Кәсіпкер Сәбитті көмекші жұмысшы ретінде жұмысқа алды. Қазіргі таңда ер адам сынақ мерзімін өтуіне қарамастан, өзін жауапты жұмысшы ретінде көрсете білді.

    Ең басты сұрақтарды қою үшін кәсіпкерге хабарластым: «Пробация қызметі қызметкерлерінің өтініштеріне қанша жиі жәрдемдесесіз және қылмыстық-атқарушы жүйенің қызметкерлері сұраған тұлғалар сенімін ақтамаған күндер болды ма?»

    • Пробация қызметінің инспекторы өз қарамағындағы адамдарды жұмысқа орналастыру туралы жиі сұрайды және олардың ұсынымдарына сәйкес оларды жұмысқа аламын. Алайда, әрине, үміткермен алдын-ала сұхбат өткіземін. Қуанышқа орай, Пробациялық бақылаудағы тұлғаларды жұмысқа алғаныма еш өкініп көрмедім, ондай жағдай болған емес, адамдар оларға деген сенімді ақтауда.

    Менің ойым мұндай: әрбір адам қателік жасай алады, бірақ егер адам түзелу жолына тұрса, қоғам одан бет бұрмау қажет, ол кісіге мүмкіндік беру қажет – деп санайды кәсіпкер.

    Жұмыс тәжірибесі тек бостандығынан айырылмай жазасын өтеп жүрген сотталушылармен ғана емес, сонымен қатар РК-170/2 түзету мекемесінің тұтқындарымен де байланысты Алмагул Дүйсалиеваның ойы да ұқсас. Өзінің 38 жасында темір тордың ар жағындағы адамға ертеңге деген сенімділігін орната біледі, себебі өз жұмысының басында дәл осы категориялы сотталушылармен жұмыс жасаған болатын.

    Сотталушылардың тарапынан, әсіресе жынысына орай әдепсіз қатынас болды ма деген сұраққа Алмагүл Дүйсалиева не қамаудағы, не оның қарамағындағы адамдар ешқашан әйел адамға секілді кекілжің, әдепсіз қатынас көрсеткен жоқ деп жауап берді.

    • Сотталушының ең алдымен тұлға, адам екенін түсіну, жасаған қателігін түзеуге және оған ешқашан оралмауға болатынына сендіру қажет. Қамқорымдағы адамдардың әрбіріне арнайы жеке тіл табысым бар, біздің жұмысымызда бастысы жақсы психолог бола алу керек – деп санайды А.Дүйсалиева.

    «2 жұмыс кенті» ауданында қызмет ететін Пробация қызметінің аға инспекторы Махамбет Джалмешев осы бөлімде тек 8 жылға жуық жұмыс жасайды, алайда, оның қамқорындағы адамдар оны адал жетекші ретінде таниды.

    Осылайша, түзету колониясында жазасының ½ бөлігін өтегеннен кейін, қазіргі таңда бостандығы шектелген 23 жасар Евгенийдің айтуынша Махамбет Сағатұлы тіркеу мәселесінде, ал ең бастысы, жұмысқа орналасуға көмектесті. Евгений «Раев» ЖК жұмысшы болып жасайды, еңбекақысы аз болғанына қарамастан, жұмысын бағалайды, себебі жұмысбастылық – бұл түзелу жолы.

    40 жасар Гүлмира алаяқтық үшін сотталған, қылмыстың ауырлығын ескере отырып, әйел адам бостандығынан айырылған. Түзету колониясында 10 айлық қамаудан кейін оған бостандығын шектеу орнатылған болатын. Денсаулық жағдайына байланысты (көз көруі бойынша ІІ топты мүгедектігі бар) уақытша жұмыс жасай алмайды, бірақ Пробация қызметінде уақытында белгілену міндетін Гүлмира бұзбайды.

    Махамбет Сағатұлы қандай мәселелерді шешуге көмектескені туралы сұраққа әйел адам баласымен бірге облыстың шығуы қажет және сол үшін Пробация қызметі инспекторының келісімі қажет деп жауап берді. Джалмешев облыстан шығуға келісімін берумен қатар, қажетті құжаттарды рәсімдеуге де көмектесіп жатыр.

    Евгений де, Гүлмира да өз инспекторларына адамгершілігі үшін шексіз риза, Алена мен Сәбит секілді Пробация қызметінің инспекторларының жақсы қатынасы олардың өздеріне деген сенімділігін арттыратынын айтты.

    Ал мен өз ішімнен: расында да, бейімделу уақытында сотталушыларға ең алдымен жақын адамдарының қолдауы қажет екен. Пробация қызметінің инспекторларына мемлекет зор жауапкершілік арттырған соң, яғни сеніп тапсырылған адамдардың түзелуіне жәрдемдесу, бұл қызметкерлер өз есебіндегі адамдар үшін, ең алдымен, бақылаушы емес дос болуы қажет. Яғни, жан дүниесін ашып бере алатын, қол ұшін сұрауға болатын адам болуы қажет.

    Өз есебіндегі адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілермен келіссөздер жүргіздіңіз бе? — деген сұраққа М.Джалмешев, расында да, сотталуы болғандықтан, көбіне, жұмысқа қабылданбайтыны айтты. Мұндай жағдайда Пробация қызметінің инспекторы жұмыс берушімен кездесіп, есепке алынған адамның қылмыс жасауының мән-жайын айтып, өз қамқорлығындағы адамға мінездеме беріп және түзелгісі келетінін айтып, жұмыс берушіні мүмкіндік беруге сендіреді. Көбіне, басшылар сотталушылардың жағдайына түсініспеншілікпен қарап, жұмысқа қабылдайды.

    Махамбет Сағатұлының учаскесінде Пробация қызметінің есебіндегі 143 адам бар, олардың 17 – әйел адамдар (көбіне әйел адамдар алаяқтық, ұрлық. Наркологиялық қылмыс үшін сотталған). Джалмешевтың қамқорындағы ең үлкен адамның жасы – 67, ал ең жасы – 17.

    Оның есебіндегі барлық адамдардың тек 70% ғана еңбек жұмысына тартылған. Алайда, қылмыстық-атқарушы жүйенің қызметкерінің айтуынша, жұмыс жасауға ынта танытпау бостандығын шектеуді оны айырумен ауыстыру үшін енгіз бола алмайды, есепте тұрған адамның қылмыс немесе қайта әкімшілік құқық бұзушылық жасауы Пробация қызметінің сот алдында бостандығын шектеуді бостандығын айыруына ауыстыруы туралы өтініші негіз бола алады.

    • Адамның қоғамнан оқшауланбай түзеле алмайтынын түсінген кезде соңғы шара қолданылады, яғни бостандығын шектеу бостандығынан айыруға ауыстырылады, — деп түсіндірді Пробация қызметінің инспекторы.

    Ақпараттты дайындау аясында мен Пробация қызметінің 5 қамқорлыққа алынған адаммен сөйлестім, «Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауды тиімді деп санайсызба, әлде қоғамнан оқшауланбай қылмыстық жазасын өтеп жүрген тұлғалар үшін әлеуметтік көмек шараларын кеңейту қажет деп санайсызба?» — деп әрбіріне нақты сұрақ қойдым.

    Олардың төртеуі, сотталушының қоғамда жақсы бейімделуі мен әлеуметтенуі үшін мемлекет барлық шараларды қарастырды деп, ал сұралған адамдардың біреуі ғана – 29 жасар Игорь – шағын түзетулер қажет деп жауап берді:

    • Бостандығынан айыру орыдарынан шыққан тұлғаларға арналған бір реттік материалдық көмектің еселігін, ең болмағанда үш айға дейін жалғастыру қажет деп ойлаймын. Менің ойымша, бұл бар жұмыс орындарының ішінен жақсысын таңдауға мүмкіндік береді, себебі бір айлық мерзім мүмкіндігімізді шектейді. Нәтижесінде, адам кез-келген жұмысқа орналасып, артынан қандай да бір себептерге байланысты жұмыстан шығып, жаңасын іздеуіне тура келеді. Әрине, кейбір сотталушылар бұл материалдық көмекті теріс пайдаланып, жұмысқа орналасуын әдейі созып жүру қаупі де бар, алайда сотталушылардың көбі жұмыс іздеуге жауапты қарап, еңбек және ақы шарттары үйлесетін тұрақты жұмыс табуға тырысады.

    Менің ойымша, жас жігіттің сөзі дұрыс және де, кім білген, мүмкін нақты осы сөздер «жоғарыдағылардың» талқылауына өзек бола алар. Алайда, ең маңыздысы, Пробация қызметінің жоғарыда айтылған есепте тұрған адаммен сұхбатымда, мемлекет қоғамнан оқшауланбай түзелуге мүмкіндік берген сотталушылар мемлекеттік саясатты дұрыс түсініп, түзелуге тырысады.

    Және соңында, бір мезетте Заң шегінен шығып кеткен өз отандастарымыздың түзелуі мәселесінде қоғам рөлінің маңызы туралы айтпай кетуге болмайды. Егер сот мемлекет атынан адамға өзіне үйреншікті жағдайда түзелуіне мүмкіндік берсе, біздер де қарапайым азаматтар мүмкіндігімізше адами ниеттестілік танытуымыз қажет. Бұған «Алибеков» ЖК басшысы адамды өткендегі қателіктері үшін емес, бүгінді амалдары мен өмірін «жаңа парақтан» бастағысы келетіні үшін бағалауы мысал бола алады…

    Саида ТӨЛЕГЕНОВА


     
    Аватар
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    Последние новости

    4-х летнему Батырхану срочно нужна помощь людей

    Семья будет благодарна любой посильной помощи от уральцев. 4-х летнего...

    Прощай КСК?

    В начале 2020 года в законодательство по вопросам ЖКХ...

    Рекомендуем

    Прощай КСК?

    В начале 2020 года в законодательство по вопросам ЖКХ...

    В какие страны можно уже летать казахстанцам

    Несмотря на политическое решение стран возобновить авиасообщение, де-факто авиакомпании...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл