Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
-5 C
Уральск
1.1 C
Аксай
Еще

    Тасқын қосқан көршілер ұйымшылдықпен дауыс берді

    Көктемгі су тасқыны елді алаңдатты. Біздің облысты да алапат айналып өтпеді. Біраз жерлесіміз жалғыз баспанасынан айырылып, көп ағайын эвакуациялық пунктерді паналаған кез әлі де елдің есінде.

    Осындай қиын шақта халықпен бірге болған мемлекет басшысы тасқыннан зардап шеккен әр тұрғын көмексіз қалмауы керек деген тапсырма берді. «Үйсіз қалған ағайынның ешбірі далада қалмасын» деген президент тасқын соққан әр облыста баспана салынып, үйінен айырылған отандастарымыздың әрқайсына қамқорлық көрсетуді мықтап тапсырды.

    Осыдан бірнеше ай бұрын үйінен айырылып, қиын жағдайға тап болған жерлестеріміз осы күні жаңа үйлеріне қоныстанды. Оралдағы Зачаганск кентінде орналасқан көпқабатты үйде негізінен тасқыннан зардап шеккен тұрғындар тұрады. Олар кенттегі Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінде орналасқан учаскеде дауыс берді. Топан су көрші қылған ағайын осы күні баспананы емес, ел тағдырына қатысты мәселелерге алаңдайды. Сондықтан бір атаның балаларындай бірігіп, дауыс беру учаскесіне келді.

    -Көктемде үй қайдан аламыз деп алаңдап жүрген едік. Үкіметтің, президенттің тікелей қадағалауының, облыс басшылығын уақытылы атқарған тиісті жұмысының арқасында үйлі болдық. Енді елдің мәселесіне араласар уақыт келді. Отбасымызбен, тасқын татуластырған көрші-қолаңымызбен бірге дауыс беруге келдік. Пікіріміз әрқилы болса да даусымыз маңызды екені қуантады,-дейді Серік Есенгелдиев.

    Көктемгі тасқын қала тұрғыны Анна Сидоровичті де айналып өтпеді. Саяжайда орналасқан жалғыз баспанасынан айырылғанда Аннаның алғашында қатты алаңдағаны рас. Алайда облыс басшылығының іскерлігінің арқасында жақында оған қала аумағынан су жаңа баспана берілді. Жеке бастың гөрі елдің мәселесін жоғары қоятын Е.Орақбаев №23 жалпы орта білім беретін мектепте орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берді.

    -Бүгінгі АЭС салу туралы референдумның маңызы жоғары. Бұл мәселе кез келген тұрғынды алаңдатуы тиіс деп есептеймін. Себебі, жарықсыз мына өмірді елестету мүмкін емес,-дейді қала тұрғыны.


     

    ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

    Оставьте ваш комментарий!
    Введите здесь свое имя

    Последние новости

    Интеллектуальная дуэль

    В минувшую субботу, 23 ноября, в кемпинге «Мечта» прошел...

    60 незаконно установленных торговых киосков выявлено в Уральске

    Ведется работа по их ликвидации. На сегодня 16 киосков...

    Рекомендуем

    Добро должно быть под контролем

    В правительстве идёт обсуждение законопроекта, который предполагает контроль за...

    Взрыв в кафе «Rizyk»: суд вынес решение по апелляции осужденного предпринимателя

    20 ноября коллегия Западно-Казахстанского областного суда огласила решение по...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл