Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
-0 C
Уральск
2.1 C
Аксай
Еще

    Жұмыс қолы қай уақытта да құнды

    «Н» өз кезегінде Орал қаласында нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының «Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау»  бағыты қалай жүзеге асырылып жатқандығы туралы ақпараттандыруды жалғастырады. Газетіміздің алдыңғы сандарында Батыс Қазақстан индустриалды колледжінде, Орал қаласының «Сервис және жаңа технологиялар колледжі»,  Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінде бағдарламаның осы бағыты бойынша оқудың қалай жүріп жатырғандығы туралы айтып өткен болатынбыз.

    Бұл жолы «Н» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша кадрларды дайындауды жүзеге асырып жатырған тағы да екі колледжде болып қайтты.

    Орал политехникалық колледжінде Бағдарлама шеңберінде оқыту «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша  ғана жүргізіледі. 25 адамнан құралған үш топ аталған мамандық бойынша кадрларды дайындау оқуынан өтуде.

    — Бір топ мемлекеттік тілде, қалған екі тобы орыс тілінде, 11 сыныптар негізінде оқудан өтіп жатыр. Оқуды аяқтағаннан соң біздің түлектер «Техник-құрылысшы» мамандығын алып шығады. Біздің 6 әлеуметтік серіктестігіміз бар, онда түлектеріміз тәжірибеден өтіп, кейін өздерін жақсы қырынан көрсете алса, жұмысқа орналаса алады. Олардың қатарында «СКФ «Отделстрой» ЖШС, «Агроремашш», «Домостроитель» ӨК сияқты фирмалар да бар. Біздің студенттеріміз үш жыл ішінде бірден әр түрлі мамандықтар алып шығады. Диплом бойынша «Техник-құрылысшы» мамандығынан басқа қолдарына екі-үш мамандықтар, оның ішінде  тас қалаушы, ағаш ұстасы  бойынша сертификаттар алып шығады. Осы жылы облыстық білім басқармасы бізге үлкен қаражат бөлді, соның арқасында қазіргі заманға сай жаңа сапалы құралдарды алуға мүмкіндігіміз бар,- деп айтып берді Орал политехникалық колледжінің директоры Қанат Қырықбаев.

    Колледж басшысымен әңгімелесуден соң «Н» тілшілеріне студенттердің оқудағы практикалық бөлімін өтетін шеберханалары көрсетілді.

    — Бізде екі дәнекереу шеберханалары бар, онда негізінен 2-3 курс студенттері оқиды, бірінші курс студенттері шеберханаға жаттығу кластарынан өткеннен кейін келіп оқу оқиды.  Шеберханада әр түрлі құралдар  – аргондық, жартылай автоматты, қолмен дұғалық дәнекерлеу, плазмалық кескіш құралдар бар. Біздің студенттеріміздің аталған құралдарда жұмыс жасау дағдылары жұмыс берушілер тарапынан бағаланатындығын атап өткім келеді, осы уақытқа дейін жұмыс берушілерден оқу сапасы бойынша ешқандай ескертулер түскен емес. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде «Техник-құрылысшы» біліктілігі бойынша оқып жатырған біздің студенттеріміз түрлі салада, оның ішінде  дәнекерлеу, ағаш өңдеу жұмыстары, сылау жұмыстары бойынша тәжірибедан өтеді, яғни құрылыстың барлық бағыты бойынша жұмысқа орналаса алады,- деп атап өтті колледждің оқу-өндірістік бойынша директорының орынбасары Михаил ГОРЛОВ.

    Өндірістік оқу бөлімінің шеберлері  студенттердің оқуға үлкен қызығушылықпен және талпыныспен қарайтындығын айтып өтті.

    — Қазір оқудың тәжірибелік бөлімі өтуде, оқу барысында біздің студенттеріміз сылау,сырлау және қаптау жұмыстарын оқып жатыр.  Қазіргі уақытта олар қабырғаларды сылап тегістеумен айналысып жатыр. Оқып жатырған студенттердің қызығушылықтары көрініп тұр, олар жаңа нәрсені үйренуде ынта қояды, барлығын сапалы жасауға тырысады. Студенттер қазіргі оқып жатырған мамандықтарының бүгінгі таңда қажеттілігін және болашақта да сұраныста  болатынын түсінеді. Жұмыс қолы қашан да құнды, оның үстіне біздің қаламызда соңғы жылдары құрылыс саласы қарқынды дамуда, тұрғын үйлер, әлеуметтік объектілер тұрғызылуда. Біздің студенттеріміз құрылыс фирмаларына қиналмай жұмысқа тұрып, тұрақты жұмыспен өздерін қамтамасыз ете алады,- деп сенім білдіреді өндірістік оқу бөлімінің мастері Қуаныш НҰРМАХАНОВ.

    — Қарағандыдағы республикалық әскери мектеп-интернатын бітіргеннен соң құрылыс мамандығын оқуға деген қызығушылық пайда болды. Мен нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы бойынша осы колледжге оқуға түсуді шештім. Бұл өте қолайлы, өйткені оқу бюджет есебінен жүреді, оған қоса біз қосымша шәкіртақы аламыз. Мұндағы мастерлер тәжірибелі, өз істерінің кәсіпқой шеберлері, барлығын түсіндіреді, көмектеседі, мен осы оқу орнын және осы мамандыққа таңдау жасағаныма қуаныштымын. Әзірге колледждің шеберханасында тәжірибеден өтудеміз, кейін құрылыс объектілеріне тәжірибеден өтуге баратын боламыз, — деп ойымен бөлісті студент — Эльдар ТУКСУМБАЕВ.

     

    «Н» тілшілерінің болып қайтқан колледждерінің бірі – Орал ақпараттық технологиялар колледжі

    Бұл оқу орнында нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы бойынша 25 адамнан үш топ оқып жатыр – барлығы 9 сынып негізінде. Студенттер екі мамандықтар бойынша даярлықтан өтуде: «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» және «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету».

    — Оқу мерзімі екі жыл тоғыз айды құрайды, бірінші жылы жоғары сынып бағдарламасы оқытылады, кейін мамандандырылған пәндер жүреді. Бірінші жылдың оқу қорытындысы бойынша студенттеріміз автомобильдерді жөндеу бойынша слесарі, одан кейін  автомобильдерді жөндеу бойынша мастер, ал оқуды аяқтағаннан соң «Техник-механик» мамандығын алып шығады. Олар автокөліктерге қызмет көрсету қажет болатын барлық жерде жұмыс жасай алады, — деп айтып өтті колледждің оқу жұмыстары бойынша директордың орынбасары Жазира БИСАЛИЕВА.

    — 2-3 курстарда тәжірибе кезеңі басталады, онда студенттер автомобильдердің құрылысымен, техникалық қызмет көрсетумен, қайта қалпына келтіру әдістерімен, бөлшектерді, тораптарды, агрегаттарды жөндеу жұмыстарымен танысады. Бұл кезеңде біздің әлеуметтік серіктестеріміз («Bosh Авто Сервис Орал»,  «KAZTRANSCOM» АҚ,  «Топан» ЖШС,  «Оргтехника» ЖШС және т.б.) қазірдің өзінде алдағы уақытта өздеріне жұмысқа тарту үшін  болашағынан үміт күттіретін студенттерге алдын ала іріктеу жасауда, кәсіптік бағдар шараларына қатысып отырады, біздің түлектеріміз жұмыссыз қалмайды деп ойлаймын.  БҚО-да жыл сайын автопарктар саны артуда және әр түрлі болуда, сондықтан білікті техник-механиктерге қажеттілік те арта беретін болады,- деп атап өтті техникалық бөлім меңгерушісі Кенес МУЛБАЕВ.

    — Мен №7 ОЖББМ-тің 9 сыныбын аяқтағанда нәтижелі жұмыспен қамту Бағдарламасы туралы естіп, мүмкіндікті пайдаланып осы колледжге оқуға түсуді шештім. Мамандықты таңдауыма келер болсақ, орта сыныптарда оқып жүрген кезімнен машиналарға қызығушылығымның болуымен байланысты, әкеммен бірге автомобильдердің түрлі агрегаттарымен және бөлшектерімен танысатынмын, осылайша машинаға деген қызығушылығым артты. Тәжірибеден өтуді асыға күтіп жүрмін, себебі автомобильдің ішкі құрылысын тануды көлікті жүргізе отырып танып білгім келеді,- деп айтып берді студент- Павел БОРИСОВ.

    «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы облысымыздың жастарының сұранысына ие мамандықтардың бірі.

    — Нәтижелі жұмыспен қамту Бағдарламасы шеңберінде 50 студент аталған мамандық бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде оқып жатыр.  Студенттерді дайындау бағдарламасына қазіргі заманға сай операциялық жүйені, қолданбалы бағдарламалар, ПЭЕМ аппараттық құралдар кешенін және желілерін, бағдарламалаудың  базалық және жаңа тәсілдерін оқыту кіреді. Еңбек нарығында есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандықтары өте қажет екендігін атап өткен жөн. Кәсіпорындар мен фирмалар осы саладағы білікті мамандарды қажет етеді, өйткені ақпараттық жүйе тез қарқынмен дамып жатыр,- деп тоқталып өтті өндірістік оқу мастері Гүлзада ДҮЙСЕНОВА.

    — Мен Алматыда оқыдым, кейін Оралға көшіп келдім, осында 9 сыныпты бітірдім де колледжде оқуымды жалғастыруды шештім. Компьютерлерді жақсы меңгеріп, бағдарламауды үйренгім келеді, үйде өздігімнен оқып танудамын, алдағы уақытта қызметімді осы мамандықпен байланыстырғым келеді, — деп ойымен бөлісті студент -Дарья БОГДАНОВА.

    Бағдарламаның «Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау» бағыты шеңберінде БҚО-ның колледждерінде кәсіптік даярлаумен 4000 –дай адамды қамту жоспарлануда. Оқу БҚО-ның 13 мамандықтар бойынша кадрлар дайындайтын 22 колледжінде жүріп жатыр.

    Гауhар УМАРОВА


     
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

    Оставьте ваш комментарий!
    Введите здесь свое имя

    Последние новости

    Шесть медалей Кубка Восточной Европы – у казахстанцев

    21 ноября в Щучинске состоялся первый этап соревнований по...

    На Новый год казахстанцы будут отдыхать четыре дня подряд

    День отдыха перенесен с воскресенья, 5 января, на пятницу,...

    Рекомендуем

    Добро должно быть под контролем

    В правительстве идёт обсуждение законопроекта, который предполагает контроль за...

    Взрыв в кафе «Rizyk»: суд вынес решение по апелляции осужденного предпринимателя

    20 ноября коллегия Западно-Казахстанского областного суда огласила решение по...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл