Еңбек нарығында шаштараз, аспазшы, тігінші қызметтері қай уақытта да сұранысқа ие болады, адам еңбек жолында басқа мамандықты таңдаса да, шаштараздық, аспаздық, тігіншілік өнер саласында алған білімдері қызығушылықтарына айналып, қосымша табыс әкелуі де мүмкін. Біздің қаламызда мұндай кәсіби мамандықтарды Орал «Сервис» технологиялық колледжінде дайындайды және бұл оқу орны да нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Бағдарламасын жүзеге асыруға қатысады.
Колледж директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Дариға Жиналиева айтып өткендей, былтырғы жылы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы аясында 316 адам қайта даярлаудан өткен, оның ішінде «шаштараз» біліктілігін — 115, «тігінші» біліктілігін — 71, «аспаз» біліктілігін- 22, «пішуші» біліктілігін – 5 адам алып шықты. Сұлулық саласында визажист (бет әрлеуші) және маникюр (тырнақ күтуші) қызметтері үлкен сұранысқа ие екендігін ескеріп, Бағдарлама шеңберінде бұл мамандықтарға да қатысушыларды оқыту қарастырылған. 52 адам тырнақ күту, 51 адам бет әрлеу бойынша қызмет көрсетуге оқытылды.
Дариға Салимқызының мәліметі бойынша, қысқа мерзімді курста оқитын студенттер арасында зейнеткерлікке шығуларына аз қалған, алайда жас ерекшеліктеріне байланысты жұмыс табудан қиналып жүрген әйелдер де болған. Мысалы, Зеленов ауданының 55 жастағы азаматшасы жұмыссыз ретінде есепте тұрған, алайда бір айлық курстан оқудан өтіп, «аспаз» біліктілігін алғаннан соң бірден өзіне жұмыс тауып күні бүгінге дейін жасап жатыр.
50 жастың үстіне шыққан тағы да бір азаматша тігіншілік мамандығын оқып алуды шешкен, зейнеткерлікке шықаннан кейін немерелеріне қалаған киімдерін тігіп беруді қолға алмақшы.
Ал, кәсіпкерлік қабілеттері бар жастарға келер болсақ, бүгінде олар өздерінің кәсібін ашты. Ақжайық ауданының Алмалы ауылының тұрғыны, 25 жастағы Ұлболсын Искалиева үш айлық «шаштараз» мамандығын оқығаннан кейін серіктесі екеуі бірігіп жалға ғимрат алып, келушілерге қызметтерін көрсетіп жатыр. Ұлболсынның қасындағы әріптесі ер адам шаштарына, өзі әйел адамдар шаштарына түрлі қызмет көрсетеді.
Кәсібін жаңа бастаған іскер әйел салонға келушілер тек жақсы көңіл күйде шығуына ғана емес, сонымен қатар жаңа образда шығуына талпынады, сондықтан көрсетілетін қызмет саласын ұлғайту оның жоспарында. Әзірге жаңа бастаушы кәсіпкеріміз жоспарларын ашып, біздермен бөлісе қойған жоқ, бірақ жас кәсіпкерге кәсібінің табысты болуын тілеп, облыс көлеміндегі сән индустриясы саласында өз орнын табуына тілектеспіз.
Жалпы айтқанда, мына нәрсеге назар аударуымыз керек, «шаштараз», «маникюр бойынша мастер», «визажист» біліктіліктері бойынша қайта даярлаудан өтуге сұраныстың көп болуы, бұл мамандықтардың еңбек нарығында өзектілігінің маңыздылығына көз жеткізеді.
Орал «Сервис» технологиялық колледжіне барып, болашақ «Сұлулық шеберлерін» әңгімеге тарттық.
Сонымен, Сырым ауданының 21 жастағы тұрғыны Аида Шигинбаева бала күтіміне байланысты үйде, алайда бос отырмай мемлекеттік бағдарламаның мүмкіндіктерін пайдалану мақсатында аудандық халықты жұмыспен қамту бөліміне маникюр мамандығына оқуға өтінім берген. Бұл қызмет түріне замандастары қатарынан ғана сұраныспен шектелмей, ауылдағы барлық әйел адамдардың сұранысына да ие болатынына сенімді. Өйткені, күтім көрген қол – жинақты, таза әйел адамның болмысын көрсететін бірден бір белгі. Болашақта баласы өскеннен соң қаладан лайықты жұмысты табуды жоспарлап отыр.
Жаңақала ауданының тұрғындары – 21 жастағы Фариза Батыржан және 22 жастағы Ақерке Габдуллина бір айлық «визажист» курсын оқып жатыр. Қазірдің өзінде олар макияж жасау үшін кәсіби білім негіздерін меңгерген және декоративті косметика көмегімен кез келген қыздардың, әйел адамдардың бет әлпетін кәсіби деңгейде әрлеп, бояп бере алады. Құрбылардың ойынша, сұлулық саласында жұмыс қай уақытта да табысты болады, болашақта тұрақты табыс көзі ретінде басқа жұмыс тапса да, бет әрлеу саласындағы алған біліктіліктері өздеріне де, басқаға да пайдасы тиеді деп есептейді. Сондай-ақ, бұл біліктілік курстары мемлекеттің қолдауымен тегін оқытылып, оқығандары үшін стипентия беріліп, жол ақысы төленгендігін ескерсек, бұл мүмкіндікті пайдалы жағынан қолдану қерек.
Атап өту қажет, Орал технологиялық колледжінің мастері Үміт Кенжалиеваның айтуынша, бұрын шаштараздық мамандыққа негізінен қыз балалар келетін болса, қазір жігіттер көбірек келуде. Шаштараз кәсібіне оқыған көптеген жастар мен қабілеті бар адамдар өз ісінің шеберлеріне айналды.
— Қыздарға кірпік өсіру, қас түзету, тырнақ күту қызметтерін көрсету көбірек ұнайды, мен үшін олардың оқудан соң алған білімдерін іске асырып, табыс табу мүмкіндіктері пайда болатындығы қуантады. Оқудан соң біреулері тұрақты жұмысқа тұрады, ал басқалары үшін курстан алған білімдері әуесқойлықпен қатар қосымша табыс көзі болуы мүмкін,- деп айтып берді У. Кенжалиева.
«Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасының бір бағыты — техникалық білім беру туралы айтар болсақ, Орал «Сервис» технологиялық колледжіне 9 сыныптар базасында «тігінші», «шаштараз-модельер» мамандықтарына оқуға 50 студент қабылданды. Олардың оқу мерзімі – 3 жыл 10 ай: оқудың бірінші жылында 10,11 сыныптағы мектеп бағдарламасын оқиды; екінші оқу жылынан бастап арнайы пәндер оқытылады.
Оқу жүйесі сертификат беруді қарастырған модульдік бағдарлама бойынша жүреді. Ұзақ мерзімді оқудың толық курсын аяқтағаннан соң студенттер мамандық алғандығы туралы диплом алып шығады.
Орал «Сервис» технологиялық колледжіне халықты жұмыспен қамту орталығынан жолдама алып қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтіп жатырған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасының қатысушылары «аспазшы» мамандығына үш жыл, «маникюр бойынша мастер» және «визажист» мамандықтарына 1 ай бойы оқиды.
«Сервис және жаңа технологиялар колледжінде» де кәсіби деңгейде аспазшыларды, кондитерлерді дайындап шығарады. 9 сынып базасында оқу мерзімі бұл колледжде 3 жыл 6 айды құрайды. Ұзақ мерзімді оқу барысында алдымен негізгі білім беріледі және соңғы оқу жылдарында аспаздық, кондитерлік мамандықтарға оқытылады.Өндірістік тәжірибеден өткен соң ұзақ мерзімді оқу курсының соңында «қызмет көрсету бойынша менеджер» біліктілігі бойынша диплом беріледі.
9 сыныптар түлектерін оқыту өткен жылдың қыркүйегінде басталды. Оқу-әдістемелік бойынша директордың орынбасары Жазира Жумалиеваның мәліметтері бойынша жалпы саны 50 адамды құрайтын (34 қыз бала, 16 ұл балалар) орыс тілді жіне қазақ тілді екі топ жасақталған.
Еске сала кету қажет, модульдік бағдарламаға сәйкес «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасының қатысушылары болып табылатын ұзақ мерзімді курста оқитын студенттерге қандай да болмасын себептерге байланысты (жұмысқа орналасуы, әскери қызметке шақырылу, жүктілікке байланысты демалысқа шығу) курсты толық аяқтау мүмкіндігі болмаған жағдайда оларға сертификат беру қарастырылған.
Ауылдық жерден келген оқушыларға Сервис және жаңа технологиялар колледжі жанынан ашылған жатақханадан орындар беріледі.
«Евенеева», «Пивень», «Котов», «Суровский», «Чунга-Чанга» жеке кәсіпкерлері Сервис және жаңа технологиялар колледжінің өндірістік тәжірибе ұйымдастыру бойынша әлеуметтік әріптестері болып табылады.
Қысқа мерзімді курстар базасында аспазшы, кондитерлерді дайындайды, бірақ аталған мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқудың мерзімі айтарлықтай азайтылған – бар-жоғы үш ай.
Сонымен қатар, Сервис және жаңа технологиялар колледжінде бақылаушы-кассир мамандығына оқуға болады (оқу мерзімі – бір ай).
Қысқа мерзімді оқыту мамырдан бастап желтоқсан айлары аралығы кезеңін қамтиды және Жазира Махмудқызының сөзінше былтырғы жылы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы бойынша 146 қатысушы қысқа мерзімді оқытудан өткен. Осы азаматтардың негізгі бөлігі халықты жұмыспен қамту орталықтары мен жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен жұмысқа орналастырылған. Қысқа мерзімді оқудан өткен түлектердің қалған бөлігі жұмысты өздігінен тапқан.
Әнгімені аяқтай келе, Сервис және жаңа технологиялар колледжінің оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары осы жылдың 29 сәуірінен бастап аспазшы мамандығына оқығысы келген 14 адамнан топ жасақталғанын, олардың ішінде төртеуі есту қабілеті органдары ауыратындығын және олардың сапалы оқытылып шығуына мүмкіндік жасау мақсатында облыстық саңыраулар қоғамынан сурдоаудармашы шақыртылғандығын айтып берді.
Оқу мамырда басталды, оқу мерзімі – үш ай.
«Аспаз» және «Бақылаушы-кассир» мамандықтары бойынша қажетті мөлшерде сұраныстар түспеді, Жазира Махмудқызының айтуынша, топ адам саны 10-ға жеткенде ғана құрылады.
Еске сала кетейік, жазғы кезеңде оқу қысқа мерзімді бағдарламалар бойынша өткізіледі, ал осы кезеңде жергілікті атқарушы органдарының, аудандық білім беру бөлімінің, жастар ресурстық орталығының өкілдері және волонтерлардан құралған мобильді топтар ұзақ мерзімді оқулар аясында техникалық және кәсіби білім алуға ниет білдірушілерді жинауды жүзеге асырады. Модульді бағдарлама бойынша оқудан тек жастар оқи алады (29 жасқа дейінгілер).
Саида ТУЛЕГЕНОВА