Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
4 C
Уральск
4.1 C
Аксай
Еще

    Модульдік бағдарламада «бірде үш» қарастырылған

    Жазғы маусым аяқталды: мектеп оқушылары мектептеріне оралды, ал студенттер таңдаған мамандықтары бойынша оқытуды жалғастырды. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған бағдарламасының қатысушылары да оқуларын бастап кетті. Бағдарлама бойынша оқыту облысымызда 22 кәсіби-техникалық колледжде жүргізіледі, олардың көпшілігінде еңбек нарығында қажетті білім мен дағдыларға жұмысшы кадрларды оқыту бойынша қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылған. Арнайы орта оқу орындарының қызметі туралы «Н» газетінің мамыр-маусым айларындағы басылымдарында айтып өткен болатынбыз, алайда жаңа оқу жылы басталауымен оқырмандарды Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында қандай жұмысшы, техникалық мамандықтарға оқыту жүретіні туралы тағы да айтып өтуді жөн көрдік.
    Сонымен, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі ұзақ мерзімді бағдарламаға (оқыту мерзімі – 2 жыл 10 ай) сәйкес келесі мамандар дайындайды: «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану», «Ішкі санитарлық- техникалық құрылғыларды, желдеткіштерді және инженерлі жүйелерді монтаждау және пайдалану», «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану». Осы оқу жылынан бастап қосымша жаңа «Құрал-жабдықты монтаждау және пайдалану» мамандығы енгізілді. Ұзақ мерзімді оқыту бойынша оқитын студенттер модульді бағдарлама (ол бойынша бірінші және екінші курс аяқтағаннан кейін сертификат беріледі, ал үшінші курс аяқтағаннан кейін студент орта буынды маман дипломын алып шығады) оқитын болғандықтан, бұл мамандық бойынша «Жер асты газ құбырларын пайдалану және жөндеу слесарі», «Газ жабдықтарын жабдықтау бойынша технигі» біліктілігі беріледі.
    Былтырғы жылдан бастап («Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының бастау алуы) Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінде 71 студент оқып жатыр, биылғы жылы тағы 50 студент ұзақ мерзімді оқуға түсті. Оқыту екі тілде жүргізіледі: 75 адам – мемлекеттік тілде, 46 адам – орыс тілінде оқуды таңдаған.
    Оқу бағдарламасы 9 сынып және 11 сынып базасында қарастырылған және бұл оқу орнында оқушылардың басым бөлігі (100 адам) – толық емес орта білім алушылар. Бірінші оқу жылында бұл балалар мектептің 10-11 сыныптары бағдарламасын өтеді, ал екінші курстан бастап оларға арнайы пәндер оқытылады.
    Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжіне былтырғы жылы 11 сынып базасында оқуға түсіп, модульді бағдарлама бойынша бірінші курс аяқтаған, кейін студенттердің барлығы дерлік осы жылы да оқуды жалғастырды. Тек қана екі адам оқуларын тоқтатты: біреуі – денсаулығына, екіншісі – отбасы жағдайына байланысты.
    Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының кәсіби-техникалық білім алатын студенттер колледждің бастамасымен оқудан шығарылуы мүмкіндігі бар екенін білу қажет. Мұндай сұрақты көтеруге оқуды тұрақты себепсіз қалдыру негіз бола алады. Қазіргі таңда Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжімен Орал қаласының әкім аппаратына бір студентті оқудан шығару туралы қатынас қағаз жіберілді.
    Қысқа мерзімді бағдарлама (оқу барысы 1 айдан 6 айға дейін) аясында еңбек нарығында қажетті білім мен дағдыларды алуға ересек жастағы адамдардың да құқығы бар екендігі белгілі, қазір бұл оқу орнында 15 мамандық бойынша маман дайындайды. Атап өтсек: газбен электр дәнекерлеуші; аргон дәнекері бойынша маман; электр құрал-жабдығын жөндеу және қамтамасыз ету электр монтері мен бақылау-өлшеу құрылғылары және автоматика слесарі; автомобильді кран машинисті; «ВС1», «В» санатты автокөлік жүргізушісі; газ құрал-жабдығын пайдалану және жөндеу слесарі; жабдықты жөндеу бойынша электромонтер; релелік қорғау және автоматтандыру слесарі; дербес компьютер операторы; бағалау бизнес; автоматтандырылған жобалау; 1С-Бухгалтерия; трансформатор құрастырушысы. Сонымен қатар, бұнда жеделдетілген бағдарламамен құрылыс саласының жұмысшыларын оқытады: сылақшы, сырлаушы, қаптаушы, қалаушы, ағаш ұстасы, кірпішші, арматурашы, бетоншы.
    Санитарлық техникке оқыту бойынша сұраныстардың түсуіне орай, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі жаңа оқу жылында оқу бағдарламасына осы мамандық бойынша қысқа мерзімді курстар қосты. Қазіргі уақытта ниет білдірушілерден топ құрылуда.
    Колледжде кәсіби ағылшын тілі курсында тегін оқу мүмкіндігі бар екендігін де атап өткен жөн.
    Орал политехникалық колледжінің ұзақ мерзімді оқу бойынша студенттерінің оқу бағдарламасына жаңа оқу жылының (2018-2019) модульді бағдарламасына сәйкес «Техник-құрылысшы» (11 сынып базасында), «Электр механигі» (9 сынып базасында) мамандықтары қосылды. Оқудың белгілі-бір сатысында «Құрылыстың құрғақ тәсілі бойынша маман», «Құрастыру-қаптау монтаждаушысы» біліктіліктері беріледі. Оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай.
    Жаңа оқу жылында Орал политехникалық колледжіне 50 студент қабылданды. Қысқа мерзімді оқыту бағдарламасымен 29 жұмыс мамандықтарын дайындау қарастырылған. Мысалға, «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша тас қалаушы, сылақшы, сырлаушы, бетоншы, арматуршы және басқа да 10 басқа да жұмыс мамандықтарын оқып шығады.
    «Автокөлікке техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» бағыты бойынша жүргізушілерді, автокөлік құрылғыларының жөндеу электршісін, автокөлікті жөндеу слесарін, аккумуляторшыны дайындайды.
    «Ішкі санитарлық- техникалық құрылғыларды, желдеткіштерді және инженерлі жүйелерді монтаждау және пайдалану» мамандығы бойынша 7 маман дайындау қарастырылған: слесарь-санитарлық техник, желдеткіштер жүйесінің монтаждаушысы, пластмасса дәнекершісі, электр газбен дәнекерлеушісі, лазерлі құрылғымен дәнекерлеуші, аргон дәнекерлеушісі.
    Сонымен қатар, Орал политехникалық колледжінде қысқа мерзімді бағдарлама бойынша автомобильді кран машинисі, электр монтаждаушы мамандықтарына оқытады.
    Еске сала кетейік, техникалық, кәсіби білім алу, сонымен қатар қысқа мерзімді оқыту арқылы еңбек нарығында сұраныс бар мамандықтарға тегін ие болу мүмкіндігін пайдалану үшін Орал қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы мен аудандық халықты жұмыспен қамту бөліміне хабарласу керек. Халықты жұмыспен қамту ұйымдары арнайы орта оқу орындарына қажетті жолдаманы береді, ол өз алдына Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының қатысушының тегін кәсіби білім алуға немесе қысқа мерзімді курс арқылы мамандыққа ие болу мүмкіндігін жүзеге асыруға негіз болады.
    «Еңбек» бағдарламасының бірінші бағытында қарастырылған тапсырмаларды орындау мақсатында, Орал қаласында тағы да 6 кәсіби-техникалық колледж жобаға тартылған және барлық ауданда жұмысшы және техникалық мамандықтарды дайындайтын білім мекемелері қызмет етеді.
    Газетіміздің келесі санында арнайы орта білім беретін оқу орындарының жұмыс барысына тағы да шолып өту арқылы бүгінгі таңда өңіріміздің еңбек нарығында қандай жұмысшы және техникалық мамандықтарға сұраныс көбірек екендігі туралы білетін боламыз.

    Саида ТУЛЕГЕНОВА


     
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    Последние новости

    Шесть медалей Кубка Восточной Европы – у казахстанцев

    21 ноября в Щучинске состоялся первый этап соревнований по...

    На Новый год казахстанцы будут отдыхать четыре дня подряд

    День отдыха перенесен с воскресенья, 5 января, на пятницу,...

    Рекомендуем

    Добро должно быть под контролем

    В правительстве идёт обсуждение законопроекта, который предполагает контроль за...

    Взрыв в кафе «Rizyk»: суд вынес решение по апелляции осужденного предпринимателя

    20 ноября коллегия Западно-Казахстанского областного суда огласила решение по...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл