Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
2 C
Уральск
3.1 C
Аксай
Еще

    «Егер де ауыл тұрғындарына мүмкіндік беріп, бизнесті жүргізу барысын көрсетсек, олар барлығын да жасай алады»

    Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына кіретін «Бастау Бизнес» пилоттық жобасы өз мәресіне де жетіп қалды. Жақында осы жыл бойынша оқудың алтыншы ағынының қатысушыларының соңғы қорғаулары болады.
    Қорытындылай келе, «Н» аталмыш жобаның артықшылықтарын БҚО аудандарындағы бизнес-тренерлерден білуді шешті. Зеленов ауданында «Бастау Бизнес» жобасын қалай қабылдағандары және ауыл тұрғындарының не үйренгендері туралы Қуанышбек ЕРНИЯЗОВ айтып берді.

    Келдім, көрдім, үйреттім

    — БҚО-ның бес ауданында, Зеленов, Теректі, Ақжайық, Казталов және Жаңақалада осы жылдың сәуірінен «Бастау Бизнес» жобасы жүзеге аса бастады, бұл жоба арқылы ауылдағы жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығындар жеңілдіктері бар мемлекеттік қолдау көмегімен өз кәсіптерін ашып, кәсіпкерлер тобына өтетін болады.
    Қазірдің өзінде нәтижесін қорытындылай беруге болады. Қаншалықты бұл қолдан келді?
    — Бұл туралы сандар айтады деп ойлаймын. Зеленов ауданында оқудың алты ағынында 188 адам оқыды. Осы санның ішінде 174-і жұмыссыздар болса, 11-і өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болды. Айта кету керек, қатысушылардың ішінде әйелдер қауымы екі есе көп болғандығы туралы. 55 ауыл тұрғыны өз кәсіптерін ашуға қаржыландыру алды. Аграрлық кредиттік копорациядан бізден 8,96 миллион теңге өтті, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы – 188,9 және «Даму» ӨКП арқылы 12 миллионға бір жоба қаржыланды. Зеленов бойынша жалпы сома 210 миллион құрап отыр. 55 адам «Бастау Бизнес» жобасы арқасында кәсіпкер болу мүмкіндігін алды. Оған қоса жобаға қатысқандардың әрбір екіншісі бір адамнан жұмысқа орналастырса, тағы да 20 жұмыс орны ашылады. Одан басқа, 12 қатысушы өз қаражаттарына кәсіптерін ашты. 19 адам жоба бойынша оқып, әр түрлі мекемелерге, бала бақшадан бастап, ірі компанияларға дейін жұмысқа орналаса алды… Менің ойымша, бұл жерде психологиялық тұрғыдан да әсер болды- оқығанның арқасында адамдар өздеріне деген сенімді арттырды. Осылайша, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыған 188-дің жартысы халықтың экономикалық белсенді қатарын толықтырды.

    — Бұл жобаға қалай келдіңіз?
    — Мен Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданының Атамекен атты ауылында туып-өскендігімнен бастап айтайын. Қарапайым ауыл мектебін бітірдім, сосын Алматыдағы ҚазМУ-ға түстім… Тағдырдың жазуымен «Атамекен» Ұлттық палатасынан «Бастау Бизнес» пилоттық жобасында еліміздің бизнес-тренерлері тобының қатарынан шықтым. Бірден айтайын, өз бизнес-жобаларымды шығаруда тәжірибені студенттік жылдар кезінен алғанмын. Ол кезде мен стартап-компаниясын ашқанмын. Оған қоса банк саласында және мемлекеттік қызметте де белгілі дәрежеде тәжірибем болды. Кәсіпкерлікпен айналыса жүріп, қызметтің бұл түрі ең біріншіден тәуелсіздікті береді, алайда өзіңнің сүйікті ісіңмен айналысу үшін жағдай туғызатын көптеген қолайлы мемлекеттік бағдарламалардың бар екендігі туралы көбісі біле бермейді. Әр уақытта, әсіресе жастарға мемлекеттік қолдаулар көмегі арқылы жеке бизнесіңді қалай құруға болатындығы туралы көрсеткім келетін. Бүгінгі таңда бұл әбден мүмкін, тек бастаған ісіңнің жүзеге асуына батыл күресу керек.

    — Бизнес-тренерлердің міндеті неде болды?
    — «Бастау Бизнес» жобасының бизнес-тренерлерінің негізгі айырмашылығы тәжірибелік бағытта құралғанында. Ең біріншіден, біздер мемлекеттік бағдарлама шеңберінде шығарылған нақты жобалардың менторы және серіктестері болып келеміз. Жоба аудиториясы – ауылдық елді мекендердің тұрғындары. Менің көзқарасым бойынша, ауылдықтар өте ашық және сенім білдіргіш болып келеді. Ал, кейбіреулері жыл артқан сайын тұйық болып, үміттерін үзген, мүмкін жолы болмағаннан немесе қолдау таппағаннан да шаршаған болу керек. Мұндай санаттағыларды алдауға мүлде болмайды, менің ойымша, бизнес-тренерлер сөзбен ғана емес іспен сендіріп көрсету керек, олардың кәсіпкерлер бола алатындығына, өздеріне және отбасыларына қаржылық тұрақтылық пен амандық-саулықтарын қамтамасыз ете алатындары туралы күтетін сенімдерін ақтау қажет. Қатысушыларға оқыту мен кеңес беріп отырудан басқа, оларды әр түрлі мемлекеттік органдармен, олардың ішінде әкімдік, жер қатынастары бөлімі және басқа да басқармалар, сондай-ақ қаржы институттарымен өзара байланысқа түсіріп отыру қажет. Өйткені оқуға қатысушы ақыр соңында жан-жақты қаруланған болу керек қой, яғни қажетті дағдылар мен білімді игеріп, өз жобасын шығарып, қажетті материалдық қаражатты, сондай-ақ мемлекеттен кәсібін жүргізу үшін жер және тағы да басқаларын алу қажет болады. Алдағы уақытта олардың жобаларын сүймелдеумен жергілікті өңірлік кәсіпкерлер палатасы айналысатын болады. Басқаша сөзбен айтқанда, «Атамекенмен» бірігіп жұмыстана отырып, бизнес-тренерлер ауылдық елді мекендерден кәсіпкерлер тобын шығарады. Айтып өтейін, «Бастау Бизнес» мемлекеттік ауқымдағы жоба және менің ойымша, тәуелсіздік тарихында ең тиімдісі.

    Міне менің ауылым, 
    Міне менің жобам

    — Зеленов ауданында «Бастау Бизнес» арқылы қандай қызықты бизнес-жобалар өмірге келді?
    — Әрине, ауыл шаруашылығы саласы жобалардың басым бөлігін алып отыр. Бұл сала барлық жобаның 80% құрап отыр. Зеленов ауданында «Бастау Бизнес» бойынша өткен ең төменгі сома 600 мың теңге болды. Бұл Асан ауылындағы шаштараздың ашылуына бөлінген қаржы, айтпақшы аталмыш жобаға арналып шаштараз үйінің атауы да «Бастау» деп аталды.10 миллионға есептелген жобалар да болды. Олар тазарту машиналарын, ІҚМ сатып алуға арналғандар. 12 миллионға есептелген ағаш өңдеу цехын ашу бойынша ірі жобаны да атап өтуге болады. «Бастау Бизнес» жобасы аясында ауылдықтар жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру бойынша автобустар, жүк тасымалдауға ГАЗельдер, фуралар алған болатын. Мичурино ауылында дәмхана ашу, жиһаз цехын ашу бойынша жобалар да болды… Мысалға, Достық ауылында күнбағыс майын өндіру бойынша жоба іске асырылды. Сабырғали Сисенов ұзақ жылдар бойына Ресейден тасымалданатын шикі пістелер сатумен айналысқан. Ал, қазір «Бастау Бизнес» бойынша оқып, өзінің күнбағыс майын өндіру бойынша шағын заводын ашты, онда жеңілдікпен алынған құралдарын орнатты. Бұл жағдайда, ауыл тұрғыны «алып сату» санатынан маңызды бизнес дамыту сатысына ауысты деп айтуға болады. Сондықтан, «Бастау Бизнес» жобасын жүзеге асыру бойынша база жақсы ойластырылған, қажетті ресурстардың барлығы бар. Келесі жылдан бастап нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы танымал жобалардың біріне айналады деп үміттенеміз.

    Сабырғали Сисенов ұзақ жылдар бойына пісте сатып келді, қазір күнбағыс майын өндіру бойынша шағын заводы бар.//

    — Қалай болғанда да жобаларды жүзеге асыру жолында көптеген шешілмеген мәселелерге, бюрократтық кідірістерге және басқа да бөгеттерге жолығуға тура келген шығар. Қандай қиындықтар кездесіп отырды?
    — Кейде бизнес-жоспарларды жасауға көмектесіп қана қоймай, кейбір саяси мәселелерді де шешіп отыруға тура келеді. Сонымен, ағаш өңдеу цехын ашу жобасын жүзеге асыру барысында бірнеше мәселелерге жолықтық. Октябрьское ауылының тұрғыны Ауғанстан соғысының ардагері Сергей Теплоухов әр түрлі жұмыс атқарушы болатын, кейін ескі ағаш тілгіш алып, орманда ағаш кесумен айналыса бастаған. Алайда уақыт өте бұл қызметінен айрылып, жеке күн көрісінен де қол үзеді. Мәселе С.Теплоуховтың үйінің өзенге жақын орналасуында еді, бұл СЭС талаптарына қайшы болып келді. Талапқа сәйкес қажетті 100 метр жетпеген болатын. Бұл мәселе Зеленов ауданының басшылығы деңгейінде шешілді, нәтижесінде ауыл тұрғыны бір жарым гектар жерді жалға алатын болды, ол жерде ағаш өңдеу бойынша цехын салуды жоспарлап отыр. Одан басқа, біз көптеген кодекстер мен заңнамалық акттерді мұқият оқып шықтық. Бұрын орман шаруашылығымен айналысу үшін лицензия алу қажет екендігі шықты. Базарда бізде тек делдалдар жұмыс жасайды. Әрине, үлкен орман шаруашылықтары да бар, бірақ ешкім орман кеспейді, ешкім қажетті мөлшердегі көлемге қол жеткізе алмайды екен. Орман ағашатарын негізінен Ресейден әкеледі. Нәтижесінде жергілікті мемлекеттік органдармен, олардың қатарында табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен де бірлесіп әрекет жасасуға тура келді. Кейіннен бірінші санатқа рұқсат алу қажеттілігі белгілі болды. Қазір С.Теплоуховқа Бөрлі ауданынан 4000 текше орман берілді. Сондай-ақ, біз кезіккен үшінші негізгі мәселе – қаражат. Ақшаны қайдан алуға болады? Бірнеше мүмкіндіктерді қарастыра келіп, «Даму өңірлер» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті дамыту Қоры бағытында қадам бастық. Жоба сомасы жоғары (12 миллион теңге), ал КДҚ тек 80% дейін кепілдік береді. Ресей Сбербанкі арқылы жылына 14 пайыздық мөлшерлемемен несие алдық, алынған несиенің 10 пайызын «Даму» КДҚ қаржыландыратын болды. Ақыр соңында ауыл тұрғыны тек төрт пайызын ғана төлейтін болады. Қазір жоба мақұлданды… Барлығынан бұрын «Бастау Бизнес» жобасын отбасылық жоба деп те атауға болады. Оқуға отбасы мүшелерімен бірге келуі де сирек емес, ал жобаны жүзеге асыруда туыстары да қатысып отырады. Бұл деген керемет емес пе! Мысалы, Сергей Николаевич Теплоухов жобаның ағаш өңдеу бойынша өндірістік бағытына жауап береді, ал оның күйеу баласы қаржы мәселесін шешумен айналысады. Жоба қаражатын өтеу бойынша өте нәтижелі және сәтті жүзеге асады деп сенеміз.

    Сергей Теплоухов ағаш өңдеу бойынша цех ашты.//

    — «Бастау Бизнес» қатысушыларының орта жасы нешеде? Бұл жоба қаншалықты дәрежеде ауыл тұрғындарының жастарына және үлкен кісілеріне қызықты?
    — Зеленов ауданы бойынша орта жас — 45 жасты құрайды. Қатысушылардың ішінде ауыл тұрғындарының жасы да кәрісі де болды. Мысалы, Дарьинское ауылының тұрғыны 19 жастағы Артур Озеров оқу кезінде жеке үйінің ауласында автожуу орнын ашты. Бұл ісін ашуға ата-анасы қолдау көрсетті. Ал, келесі жылы жеңілдікпен берілетін қарызға алатын қаражатқа монша салуды жоспарлап отыр. 62 жастағы Сапарғали Тұқашев 10 жыл бойына Орал қаласына сүт өнімдерін тасымалдаумен айналысқан. Жолдасы екеуі екі бас малдан 30 литр сүт алып және көршілерінен 270 литр қосымша жинаған. Күн сайын 300 литр сүтті сататын орындрына, сондай-ақ дүкендерге де сүт, қаймақ, ірімшік апарып отырған. Оқып алғаннан соң ауыл тұрғыны ІҚМ басын көбейтуге қаржыландыру алып, көршісін де өздеріне жұмысқа орналастырды, ол сиыр сауып көмектеседі. Бәрінен қызықтысы, С.Тұқашев қазіргі тауып жатырған кірісінен Жамбыл ауылында дәмхана салуға қаражат салып жатырғандығы. Яғни тағы бір бизнес көзі ашылғалы отыр. Өте пысық және алғыр ауыл тұрғыны…

    19 жасар Артур Озеров үйінің ауласында автожуу орнын ашты.//

    62 жастағы Саурғали Тұқашев оралдықтарды сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді.//

    — Яғни, «Бастау Бизнес» арқасында БҚО-да ауылдар көтеріліп келе ме?
    — Біз әрқашан жобаға қатысушыларымызды бақылап отырамыз. Оқу оларға көп нәрсені береді. Мен ауылдық елді мекендердегі сапалы өзгерістер мен шәкіртақы төлеуді ғана айтып отырғаным жоқ, оқуға тартып, жол ақыларын төлеп жағдайларын жасаумен қатар, ауыл тұрғындарының психологиялық жағынан айтарлықтай оң өзгерістерін де атап өткім келеді. Білім көп нәрсеге есік ашады ғой. Былайша айтқанда, сауатсыздықты жою, бизнес мектебі… Бұрын ауылдан қалаға ағылып келу байқалса, қазір керісінше қаладан ауылға көшу байқалады. Орал қаласынан, тіпті Астанадан да ауылға көшіп келген қатысушылар болды, олар үй салып алып, шаруашылықтарын ашып жатыр. Кері процесс жүріп жатыр деуге болады, соңғы кездері ауыл шаруашылығының экологиялық таза өнімдеріне сұраныс артып отыр… Осы жобаға Түркменстан, Өзбекстаннан көшіп келген оралмандар қатары да болды. Бірінші оқу ағынында ауыл тұрғындарынан бір оралман қатысты. Ол өзінің таныс оралмандарына жоба туралы айтса керек, артынша оралмандардан қатысушылар саны артты. Олардың өз кәсіптерін ашуда, оқуда да өте алғыр келетін қасиеттерін атап өту керек. Оралмандардың ішінде бір ақсақалымыз 2004 жылы отбасымен бірге Өзбекстаннан көшіп келген. Осы жылы көп балалы қатысушымыз жобамызда оқып, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде Рубежка ауылында ІҚМ өсіру үшін үш миллион теңге көлемінде қаржыландыру алды. Қазір ол ауылдағы дүкендерді сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Мұндай санаттағы азаматтардың кәсіпке деген ұмтылыстары жоғары, аз уақыт аралығында олар кәсіптерін тез айналдыра алды.

    Берілген дарын бізге өмір сүруге және ісімізді жүргізуге көмектеседі

    — Ауылда бизнес жүргізуде қазіргі заманға сай амал-тәсілдерді қалай қолданады?
    — Мені Достық ауылындағы жоба өте таң қалдырды. Жобаға қатысушы Нұрхан Бекенов бағдарлама бойынша оқыды және ІҚМ бордақылауға төрт миллион теңге қаражат алды. Ауылдық әкімдік шаруашылық қорасын салуға бес сотық жер бөліп берді, ауыл тұрғыны онда өзгелерге үлгі боларлықтай бордақылау алаңын салды. Шаруашылық қазіргі заманға сай салынған: барлық жұмысы механикаландырылған, жарықтандырылған, су құбырлары жұмыс жасап тұр. Яғни, Н.Бекенов тек мал ұстау үшін қора салып қоймай, кәсібін жүргізу үшін жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолданған, бұл жағдай өте қуантады. Оқу барысында қатысушыларға кәсіпкерлікте қолданатын «маркетинг», «бренд» және басқа да түсініктерді қарапайым тәсілмен түсіндіруге тырысамыз, алған білімдерін іспен дәлелдейді. Ал бұл тіптен өзге марка.

    — Мұндай нәтиже мүмкін, осы уақытқа дейін ауылдық елді мекендердің тұрғындарына мемлекет-тік қолдауға есептелген жобалардың болмауымен байланысты болар…
    — «Бастау Бизнес» жобасы – мемлекеттік бағдарламаның ішіндегі тиімді бағыттардың бірі деп ойлаймын, өйткені мұнда атаулы қолдау көрсету жүреді. Осы уақытқа дейін, әрине, әр түрлі екі-үш күндік курстар өткізілді, ол курстар негізгі білімді бергенмен, ауылдық елді мекендердегі бизнес-бастамаларды жекелеп сүйемелдеуде қарас-тырылмаған. «Бастау Бизнес» жобасының негізгі мақсаты тек оқытып, кеңес беру ғана емес, жобаны сүймелдеу болып та табылады. Мақсаттың қойылған бағыты да оны көрсетіп отыр: жұмыссыздардан және өзін-өзі жұмыспен қамтығандардан қаты-сушылар кейіннен өздері ауыл тұрғындарын жұмысқа орналастыра алатын кәсіпкерлерге өту қажет. Менің ойымша, бұл философия іске қосылды. Ең кем дегенде, Зеленов ауданы бойынша бұл міндетті жүзеге асыру қолдан келді деп айтуға болады – қатысушылардың жалпы санынан 25%-ы қазірдің өзінде кәсіптерін ашты немесе жуық арада әр салада жеке кәсіптерін ашатын болады.

    — Зеленов ауданы бойынша жобалардың ішінде ерекше деп танылғандары да кездесетін шығар?
    — Ауыл шаруашылығы саласында асыл тұқымды шаруашылығын құру бойынша жобаны ерекше атап өткім келеді. Қатысушылардың тізімін ең алғашында алып, топты жинау алдында звондап, шақыра бастаған уақытта бізге Данияр Қапушов және Мейірхан Иманғалиев келді. 2016 жылдан бастап бұл жігіттер Қостанай облысынан БҚО-на канадалық тұқымнан бұқаларды тасымалдаған. Оған дейін олардың біреуі Қостанай облысында оқыған екен. Соған қарағанда, оқып жүрген уақытында Австралиядан әкелінетін сирек кездесетін Ангус асыл тұқымды малды әкелетін ірі компаниялармен байланысы орныққан болу керек. Айта кетейін, ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселенің бірі тұқымды асылдандыруда, соған сәйкес сапалы ет өнімін шығару мәселесі. Қатысушылар 20-30 данадан мал басын әкеліп, оларды ірі шаруа қожалықтарына сатқан, делдалдық жұмыстар атқарған. «Бастау Бизнес» жобасына жігіттер келгенде біздің мақсатымыз Зеленов ауданында асыл тұқымды мал алаңын құру болатын. Оларға, шаруа қожалықтары жақсы қатынаса алу үшін, Орал қаласына жақын арадан кішкене шаруашылық ашу керек болды. Көпшілігі БҚО-да мұндай шаруашылық бар екендігін білген жоқ қой. Кейбіреулері «Ангус» асыл тұқымды мал алу үшін арнайы Қостанайға барып жүрген. Жол шығындарын қоса есептегенде бұл азға соқпайды, сондықтан бұлай сатып алу кез келгеннің қалтасын көтере бермейді. Сонымен, біріге отырып бұл жұмыс барысын тездеттік, ауыл шаруашылығын қолдау қоры арқылы әр қатысушы ортақ бордақылау алаңын құру үшін төрт миллион теңгеден қаржы алды. Оларға басынан екі жылға екі гектар жер берілгендігін айтып өтейін. Ауылдық әкімдік істері жүрсе ары қарай да көмектестінін айтты. Міне, жақын арада жер қатынастары бөлімі оларға тағы да 62 гектар жер бөлді. Қатысушылар жаңашыл технологиясын пайдалана отырып мал қорасын салды, мысалға электрондық бақташы технологиясын қолданды. Токпен жүргізілген аймақты қоршау, бұл малдың жоғалып кетпеуіне жүз пайыз кепілдік береді. Жұмыстары басталып та кетті. Қатысушылар өздерін іскерлік қырынан көрсете алды, мемлекет те оларды белсенді түрде қолдай бастады. Қостанай облысында да жігіттердің бизнес жүргізуде алға басқандарын байқап, іскерлік бағытта қарай бастады. Қазір ауыл тұрғындары лизингке мал басын алуда. Мен мынаны айта аламын, егер де олар қостанайлықтар деңгейіне жете алса, бұл шаруашылық түрі БҚО-да үлгі алатын кәсіптердің бірі болады, өйткені бұл бағытта бұрын ешкім айналыспаған. Бұл жақсы үлгі. Ет бойынша делдалдық жұмыстар атқарып жүрген Д.Қапушов пен М.Иманғалиев кәсіп-керлер дегейіне жетіп, алға үлкен қадам жасай алды.

    Сирек кездесетін «Ангус» асыл тұқымды бұқаларды Зеленов ауданында асыл тұқымды мал шаруашылығында өсіреді.//

    — Бұл келтірілген мәліметтеріңіз мем-лекеттік қолдау арқа-сында көрсетілген мүмкіндіктерден болу керек, оның қатарында төменгі пайыз мөлшерімен несие ресурстары, қарызды жабуға жеңілдік демалыс кезеңі, «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының және бизнес-тренерлердің оқыту, құжаттар жинақ-таудағы көмектері және жаппай ұйымдастыру жұмыстарына үлкен көмегі болған болар …
    — «Бастау Бизнес» жобасына дейін көпшілігі мемлекет адамдарға несие бергеннен соң оларды кіріптарлыққа апарады деп ойлады. Бұл қате пікір. Бизнестің қай түріне де жылдам өсу үшін ұзаққа және арзанға түсетін ақша салымы қажет. Бұл жерде маңыздысы сол, жоба «жанып» кетпеуі үшін материалдық қаражат дұрыс салынғаны, ал ауыл тұрғындары кәсіптерін дамытып, кіріс тапқандары… Ауылдық жерлерде шаруашылықтарын ашу үшін ресурстарын белсенді түрде сала бастады, біздің бірлескен көмегімізбен алға жүріп, мақсаттарына жетуге қорықпайтын болды. Құдайға шүкір, мемлекеттік органдар тарпынан болатын бөгеттерді де жеңе алдық, аудан әкімшіліктері бізге қолдау көрсетіп келеді. БҚО кәсіпкерлер палатасы бұл бағытта өте нәтижелі жұмыс атқарып келеді, сондықтан жақсы үрдістер де байқалып келеді. Бұрын біздер мұндай адамдарды «алыпсатарлар» дейтін болсақ, қазіргі уақытта олар кәсіпкерлер санатында, оларды мемлекет қолдап отыру керек. Өйткені, олар мемлекетке салық төлеп және адамдарды жұмысқа орналастырады. Негізінен экономиканың өсім драйверлері, әсіресе ауылдық елді мекендерде…

    — Демек, Орал өңірінің экономикасының болаша-ғы ауылдық жерлерде ме?
    — БҚО-ның ауылдарында үлкен болашақ бар екендігіне сенімдімін. Егер де ауыл тұрғындарына мүмкіндік беріп, бизнесті жүргізудің барысын көрсетсек, олардың қолынан бәрі де келеді. Ауыл адамдарының жұмысқа дарындылығы мен икемділігі қала тұрғындарына қарағанда жоғарырақ, отбасының игілігі үшін ауыл тұрғындары айтарлықтай ілгері басуға дайын. «Бастау Бизнес» белгісін жүзеге асыруда айтарлықтай серпіліс болды деп қорықпай тұрып айтуыма болады, жобаны іске асыру қолымыздан келді.

    Гауhар УМАРОВА


     
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

    Оставьте ваш комментарий!
    Введите здесь свое имя

    Последние новости

    В ТОО «Зап-Каз РЭК» новый генеральный директор

    На пост первого руководителя ТОО «Западно-Казахстанская РЭК» назначен Бауржан...

    Рекомендуем

    Добро должно быть под контролем

    В правительстве идёт обсуждение законопроекта, который предполагает контроль за...

    Взрыв в кафе «Rizyk»: суд вынес решение по апелляции осужденного предпринимателя

    20 ноября коллегия Западно-Казахстанского областного суда огласила решение по...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл