Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
3 C
Уральск
5.1 C
Аксай
Еще

    Несие ал да, ісіңді баста

    «Н» хабарлап өткендей, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде ауыл және қалада ісін жаңа бастаған немесе жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілеріне микрокредит беру бағыты қарастырылған. Ол несие беруде жеңілдік жағдайларын, оның ішінде «Даму» қорынан кепілдік мүмкіндіктерін ұсынады. БҚО-да бұл бағыттың қалай жүзеге асып жатырғандығы туралы және қандай жобалардың қаржыландыру алғандығы туралы толығырақ біздің материалымыздан оқи аласыздар.  

    Қазіргі уақытта қарқын алған, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы жұмыссыздарға, өзін – өзі жұмыспен қамтығандарға, кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлерге микрокредит беруге бағытталған. Айтпақшы, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін алдымен кәсіпкерлік негіздері бойынша оқу курсын өтіп және оқу курсын аяқтағаны туралы сертификат алуы қажет. Бағдарлама шеңберінде қатысушылар жылдық сыйақы мөлшерлемесі 6% болатын жоғарғы сомасы 18 миллион теңгеге дейін 7 жылға дейінгі мерзіммен жеңілдік несие ала алады. Қаржыландыру «Даму» қоры арқылы екінші деңгейлік банктермен жүргізіледі. Негізгі қарызды өтеу бойынша несие беру мерзімі ұзақтығының үштен бір бөлігінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең ұсынылады. Одан басқа, соңғы қарыз алушыларға жаңа тұрақты жұмыс орнын ашқан жағдайда микрокредит беріледі (кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қоспағанда). Микрокредит беру келесі кезеңдерден тұрады: үміткерлер кәсіпкерлік шаралары бойынша консультациялар алу үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді, одан кейін айтып өткеніміздей  кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өтеді, ары қарай үміткерлер бизнес-жобаларының жоспарын жасап микрокредит алу үшін екінші деңгейлік банктерге немесе микро қаржы ұйымдарына жолығады. Жоба қараудан өткеннен соң қаржыландырудан қолдау табады.

    БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының мәліметі бойынша ағымдағы жылда республикалық бюджеттен және жалпы сипаттағы аударылымдардан қосымша қаражатты есептегенде микрокредит беруді жүзеге асыруға 852,8 млн теңге және кепілдендіруге – 36 млн теңге бөлінді. Соңғысы ЕДБ-тен  қаржыландыру алуға кепілдігі жетпеген жағдайда кәсіпкер «Даму» қоры кепілдендіруін пайдалана алады. Ісін жүргізіп тұрған кәсіпкер несие сомасынан 50%, ал кәсібін жаңа бастаушы 85 % көлемінде кепілдік ала алады. «Даму» қоры арқылы микрокредит тек қала кәсіпкерлеріне берілетіндігін ескерген жөн. Орал және Ақсай қалаларында қазіргі уақытта 4 жоба қолдау тауып қаржыланды. Соның үшеуі туралы айтатын боламыз.

    Сонымен, жобалардың бірі – дәріхана ашу, оны жоба қатысушысы Любовь Кудбаева жүзеге асырады.

    • Осы уақытқа дейін оның тігінші мамандығы бар болатын, алайда жолдасының кеңес беруімен фармацевт (дәрі-дәрмек маманы) оқуына түседі. Диплом алғаннан кейін дәріхана жүйесінде бірнеше жылдар жұмыс жасап, кейіннен жеке кәсіпкерлік ашуды шешті. «Сбербанк» АҚ арқылы Любовь Кудбаева несие алып, жалға алған ғимаратта дәріхана ашты. Ендігі жерде оның жоспарында екінші дәріхана ашу, оның үстіне үлкен қызы дәріші мамандығында оқыған, — деп мәлімдеді «Даму» КДҚ филиалында.

    «Даму» қоры арқылы қаржыланған тағы да бір жоба денсаулық сақтау саласында. Жеке кәсіпкер Надира Бекбулатова Ақсай қаласында жеке УДЗ кабинетін ашты.Несие қаражатына Астана қаласындағы ресми дистрибьютерден  соңғы үлгідегі стационарлық ультрадыбыстық диагностикалық жүйесін, УДЗ принтері және кеңсе техникасын сатып алды.

    • Бұл аппарат адам мүшелерінің барлығын дерлік зерттеуге арналған құрылғылардан тұрады. ««SonoScape S9» ультрадыбыстық сканер барлық құрал – жабдықтарымен жоғарғы класс жабдығы болып табылады, берілген сипаттамасына сәйкес келеді және түрлі медициналық тағайындауда, жалпы және салалық хирургиялық бағытта, терапивтік, гинекологиялық салада ЕПҰ-да кеңінен қолдануға ұсынылады, — деп атап өтті «Даму» КДҚ филиалы.
    • Үшінші қолдау тапқан жоба – дәмхана ашу. Ол Достық даңғылындағы бұрынғы баспахананың бірінші қабатында орналасатын болады.
    • Оның басқа дәмханалардан айырмашылығы персоналдардың тапсырыстарына жекелеген қызмет көрсетуінде, яғни клиент мәзірде көрсетілгендерге ғана тапсырыс беріп қана қоймай, өз талғамына орай қалағанына тапсырыс бере алады. Қазіргі уақытта өздеріміздің сайтымызды жасақтап жатырмыз, сайт көмегімен төленетін онлайн тәртіпте тапсырыстар жасауға болады. Ас үйіміздегі мәзір бір жақты бағытталған емес, яғни негізінен клиенттің тілегіне күш салынатын болады. Жалпы зал 40 орынға және оған қоса екі шағын залға есептелген, олардың біреуінде караоке орнатылатын болады. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, жиһазға тапсырыстар беріліп, безендірілуі жасақталып дәмхана мәзірі жасалды. Орналасу жеріне байланысты дәмханамыз халықтың барлық тобының көңілінен шығады деп үміттенеміз. Микро кредит беру шартарына келер болсақ, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының талаптары өте ыңғайлы және өз кәсібін бастаушыларға немесе кәсіптерін кеңейткісі келгендердің барлығына да тиімді. Біріншіден, сыйақы мөлшерлемесі төмен, банктерде бұл көрсеткіш үш есеге жоғары, екішіден, жарты жылға дейін салыққа қатысты жеңілдік кезеңі қарастырылған,-деп айтып өтті жеке кәсіпкер Бахыт Мухитденова.


    Бағдарламада қатысатын банктер
    :  

     «Қазақстанның халықтық банкі» АҚ БҚОФ

    «Сбербанк» АҚ ЕБ

     «Банк ЦентрКредит» АҚ

     

    БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының деректері бойынша екінші деңгейлік банктерімен жобаларды микрокредиттеу бойынша жұмыстар жүргізіледі, негізгі есеп бойынша 93,7 млн тенге сомасына 7 микрокредиттер берілді, 52,6 млн теңгеге 5 микрокредит беру қолдау тапты. Микрокредиттерді кепілдендіру бойынша 7 жоба 61,4 млн теңгеге мақұлданды, ұсынылған кепілдікке 13,3 млн тенге төленді.

    Гауhар УМАРОВА


     
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

    Оставьте ваш комментарий!
    Введите здесь свое имя

    Последние новости

    Пожар в многоэтажке Аксая: дети выпрыгивали из окна

    Сегодня утром в одном из многоэтажных жилых домов 10...

    В eGov mobile казахстанцам предлагают пройти опрос о времени

    С 1 марта на территории всей страны стал действовать...

    Рекомендуем

    Добро должно быть под контролем

    В правительстве идёт обсуждение законопроекта, который предполагает контроль за...

    Взрыв в кафе «Rizyk»: суд вынес решение по апелляции осужденного предпринимателя

    20 ноября коллегия Западно-Казахстанского областного суда огласила решение по...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл