Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
4 C
Уральск
4.1 C
Аксай
Еще

    Қысқа мерзімде оқу

    Қысқа мерзімде оқып және жаңа жұмыс мамандығын алумен қатар, ізінше жұмысқа да орналасуға болады екен. Қысқа мерзімде оқыту нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

    Шын мәнінде, қысқа мерзімді оқыту «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметінің маңызды бағыты екенін атап өткен жөн. Бұл БҚО Кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, кадрларды дайындаумен айналысатын оқу Орталықтарымен тығыз қарым-қатынаста құрылады. Бұл үшін БҚО Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен кәсіпорындарда екі осындай орталық құрылып, сонымен қатар тоғыз орталықпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Жастар алғашқы жұмыс мамандығын алып және жұмысқа орналасуға мүмкіндік туғызу мақсатында, БҚО Кәсіпкерлер палатасында тұрақты түрде аталған оқу орталықтарының басшыларымен кездесулер өтіп отырады.

    БҚО Кәсіпкерлер палатасы жағында өткен кездесуде әрбір жас адамға алғашқы еңбек мамандығын алуға мүмүкіндік беретін мемлекет басшысының жолдауында атап өтілген маңызды тапсырма атап өтілді. Бұл мүмкіндік «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасының қисынды жалғасы болып табылатын нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасында қарастырылған. Үш бағыт, атап өтсек, қатысушыларды техникалық және кәсіби білім беру, қысқа мерзімді кәсіби оқыту, сонымен қатар жаппай кәсіпкерлікте дамыту, халықты жұмыспен қамтуға қолдау көрсету арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының мобилділігі қарастырылған жаңа бағдарлама ауқымдылығымен ерекшеленеді.

    Кездесуде Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мамандарының хабарлауынша, олар БҚО Кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып жұмыссыздар мен жастарды белгіленген мамандық түрлеріне оқытумен айналысады. Бұл бағыттағы жұмыстарды облыс әкімінің орынбасары М.Тоқжанов басшылық ететін аумақтық комиссиясы жетекшілік етеді. Комиссияға мүдделі мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар және БҚО Кәсіпкерлер палатасы кіреді.

    БҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасының «Қатысушыларды техникалық, кәсіби білім беру және қысқа мерзімді кәсіби оқыту» бірінші бағыты бойынша 800 батысқазақстандықтарды қамту көзделіп отыр. Бұл мақсатта 183 мобилді топ құрылды және ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастау жоспарланып отырған оқытуларға жүйелі түрде жолданатын адамдардың тізімі жасалып отырады. Одан басқа, еңбек нарығында қажетті мамандықтар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіби оқытуға 1077 адам жолдау жоспарлануда және қазіргі таңда 320 адам оқытуға жолданған. «Халықты жұмыспен қамтуға қолдау көрсету арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының мобилділігі» үшінші бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 420 адам жолдау жоспарланып отыр және оның 387-сі оқытудан өтіп жатыр. Жастар практикасымен 515 жас маман қамтылады және оның 200-і міндеттерді орындауға кірісіп кетті. Жоспарланған 6073 адамның 3410 адамы ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.

    БҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы аталған бағдарламаны жүзеге асыру арқылы жылдың соңында жалпы жұмыссыздық деңгейі 5% (2017 жылдың 1 тоқсанында 5%), жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4%, (2017 жылдың 1 тоқсанында 4,1%), әйелдер арасында 5,4% (2017 жылдың 1 тоқсанында 5,2%) болады деп болжап отыр.

    БҚО КП –да өткен ашық дилогта оқу орталықтарының басшылары мемлекеттік органдар өкілдерінен көптеген сауалдарына жауап ала алды, ал БҚО КП –ның адам капиталы бөлімі басшысы Айгүл АБУЛКАИРОВА кәсіби дайындық, қайта даярлау, біліктілікті көтеру және оның техникалық және қызмет көрсететін еңбек мамандықтарын беру реестрін қалыптастыру және жүргізу тәртібі Ережесінің бекітілгенін айтып өтті. Айтпақшы, бұл реестрдің оқу орталықтарына басты мақсаты бірыңғай ақпараттандыру базасын қалыптастыру болып табылады. А.Абулкаирова сөз барысында Реестрге мағлұматтарды енгізу шарттары туралы, қатысушылардың уәкілдіктері және қойылатын талаптары мен мүмкіндіктері жайында айтып берді.

    Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бірінші бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіби біліммен,қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету».

    Осы бағдарламаның аясында келесі міндеттер шешілмек:

    1. еңбек нарығының қажеттілігін есепке ала отырып техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды дайындау;
    2. еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқу. 

    Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқуы қалай ұйымдастырылады?

    Бағдарламаға қатысушыларды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту кадрларды даярлаудың дуальды моделінің элементтерімен білім беру ұйымдарында, оның ішінде мобильді оқу орталықтары арқылы жүргізіледі. Қысқа мерзімді кәсіптік оқу цифрлық сауаттылық дағдыарына, ағылшын тіліне және кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша да өткізіледі. Қысқа мерзімді кәсіптік оқудың ұзақтығы кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды қоспағанда, кәсіптің ерекшелігіне қарай 1 айдан 6 айға дейіңгі мерзімді құрайды. Қысқа мерзімді кәсіптік оқу білім беру ұйымы жұмыс берушілердің қатысуымен әзірлеген және Өңіраралық кәсіпкерлер Палатасымен келісілген кәсіпкерлік негіздеріне оқыту модулін қамтитын оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. 

    Қатысушы кім?

    Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтетін бағдарламаға қатысушылар 29 жасқа дейіңгі жастағы жастар мен халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Оларға мемлекеттік қолдау ретінде мемлекет тарапынан белгіленген тәртіпте жол жүру ақысымен, стипендиямен, оқуларын төлеумен қамтамасыз етіледі.Тұрғылықты жерінен тыс елді мекендерде оқитын бағдарламаға қатысушылар үшін тұруға (тұрғын үйді жалдауға(жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге) материалдық көмек көзделеді. Шалғайдағы ауылдық мекендерде тұратын адамдар қысқа мерзімді кәсіптік оқудан мобильді оқу орталықтары арқылы өте алады. 

    Қысқа мерзімді оқудан өту үшін не істеу қажет?

    Үміткерлер қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өту үшін жергілікті жұмыспен қамту орталықтарына, білім беру ұйымдарына, өңірлік кәсіпкерлер палаталарына, ауылдық округ әкімдеріне бағдарламаға қатысу жөнінде өтінішпен жолыға алады және құжаттар тапсырады. Бұл құжаттар тізбесі қысқа мерзімді оқу және техникалық және кәсіби білімімен кадрларды даярлау ережелерін қарастырған тізбесімен білім беру ұйымдарымен бекітілген.

    Қысқа мерзімді кәсіби оқудан өткен және біліктілік емтихандарын тапсырған бағдарлама қатысушыларына білім беру ұйымымен бекітілген үлгідегі куәлік немесе біліктілік беру туралы сертификат беріледі. Техникалық және кәсіби білім беру, қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыруда қарастырылған ережеге сәйкес, білім беру ұйымы комиссиямен келісе отырып қатысушыарды оқудан шығарып та жібере алады.

    Қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтағаннан соң жергілікті жұмыспен қамту орталығы қатысушыларға жұмыс орындарын тауып берумен көмектеседі.

    ТжКБ бар кадрларды даярлауды қаржыландыруды білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар, қысқа мерзімді кәсіптік оқуды – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

    БҚО кәсіпкерлер палатасы бұл бағытты жүзеге асыруда қандай жұмыстар атқарады?

    1. үміткерлерді тартуға және олардан қысқа мерзімді кәсіптік оқуға өтініш қабылдауға қатысады;
    2. ТжКБ бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқу үшін білім беру ұйымдарының тізбесін анықтауға қатысады;
    3. қысқа мерзімді кәсіптік оқу үшін, оның ішінде мобилді оқу орталықтары арқылы оқу үшін оқу бағдарламаларын келіседі;
    4. кәсіптер бөлінісінде жұмыскерлерге сұранысты болжауға қатысады;
    5. ТжКБ бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған бағдарламаға қатыушыларды жұмысқа орналастыруда жәрдемдеседі.

    Гауhар УМАРОВА


     
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

    Оставьте ваш комментарий!
    Введите здесь свое имя

    Последние новости

    Шесть медалей Кубка Восточной Европы – у казахстанцев

    21 ноября в Щучинске состоялся первый этап соревнований по...

    На Новый год казахстанцы будут отдыхать четыре дня подряд

    День отдыха перенесен с воскресенья, 5 января, на пятницу,...

    Рекомендуем

    Добро должно быть под контролем

    В правительстве идёт обсуждение законопроекта, который предполагает контроль за...

    Взрыв в кафе «Rizyk»: суд вынес решение по апелляции осужденного предпринимателя

    20 ноября коллегия Западно-Казахстанского областного суда огласила решение по...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл