Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
-8.6 C
Уральск
5.1 C
Аксай
Еще

    Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп нормалары

    Табиғи монополия саласы бәсекеден тыс болғандықтан нарықта монополиялық баға белгілеуге, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапалы түрде көрсетілуіне мемлекеттік реттеу қажеттігі туындайды.  

    Табиғи монополияларға қатысты құқықтық негіздер «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңында, «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінде», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында», «Табиғи монополия субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында», «Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларында» және басқада заңнамалық-құқықтық  актілерде анық айқындалған.

    Жалпы айтатын болсақ, «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес,  Табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеу:

    1) Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін қалыптастыру;

    2) тарифті қалыптастыру, белгілеу және бекіту;

    3) табиғи монополиялар салаларының тарифтік реттеу әдістерін айқындау;

    4) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес табиғи монополия субъектісінің жекелеген әрекеттерді жасауына келісім беру, сондай-ақ табиғи монополия субъектісінен реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыруы туралы хабарламаны қабылдау;

    5) реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады.

    Жоғарыда аталған,  заңынамалық актілерде  көрсетілген функцияларды жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның аумақтық органы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті болып табылады.

    Департаментпен 50 реттелетін қызмет бойынша 40 табиғи монополия субъектісінің (бұдан әрі – ТМС) қызметін реттейді, оның ішінде су, кәріз жүйесі саласында — 29 қызмет, электр энергетикасы саласында – 5, жылумен жабдықтау саласында – 10 қызмет, кірме жолдар саласында – 6 қызмет, сондай-ақ, 2 реттелетін қызмет бойынша республикалық тіркелімнің 2 ТМС қызметі реттеледі.

    Барлық мемлекеттік қызметшілер сияқты, Департамент қызметкерлері де заңнамада қарастырылған уәкілеттіліктерді жүзеге асыру барысында, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы», «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қағидаларын және мемлекеттік қызмет саласындағы  басқада заңнама талаптарын орындауға міндетті.

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады. Ол қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді және қоғамдық мүдделерді ең үздік және тиімді тәсілмен қанағаттандыруды білдіреді.

    Мемлекеттік қызмет қоғам мүдделеріне адалдық танытуға және Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тіл мен басқа тілдерге, Қазақстан халқының дәстүрлері мен ғұрыптарына құрметпен қарауға міндеттейді.

    Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде мемлекеттік саясатты ұстануға және оны дәйекті түрде іс жүзіне асыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылуы тиіс.

    Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талаптар қояды.

    Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші, төмендегідей  қызметтік әдебінің стандарттарын ұстануға міндетті:

    • қарапайым болу, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептік нормаларды сақтау, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпау;
    • мемлекет мүдделеріне және азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге қарсы тұру;
    • заңда белгіленген шектеулерді сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау;
    • азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеу, өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен олардың тарапынан сынға себепкер болмау;
    • іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, азаматтардың көз алдында өздері өкілі болып табылатын мемлекеттік органдардың абыройы мен беделіне айқын нұқсан келтіретін әрекеттер жасауға жол бермеу;
    • лауазымдық міндеттерді атқаруға байланысты кез келген сипатта құқыққа сыйымсыз уәделерді бермеу және құқыққа сыйымсыз міндеттемелерді алмау;
    • жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайын, сондай-ақ онымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделерінде, оның ішінде оларға өзінің көзқарасын насихаттау үшін пайдаланбау;
    • мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік мүлікті тек нысаналы мақсаты бойынша, лауазымдық міндеттерін және рұқсат етілген қызмет түрлерін орындау үшін пайдалану;
    • қызметтік міндеттерді адал орындауға кедергі келтіретін құқыққа сыйымсыз қаржылық және мүліктік мүдделерді қудаламау.

    Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшінің қызметтік міндеттерді орындау кезіндегі сырт келбеті мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, ресмилікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпыға бірдей қабылданған іскерлік стиліне сай болуға тиіс.

    Департаментте — қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші – Әдеп жөніндегі уәкіл тағайындалған.

    Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Әдеп кодексін, осы Ережені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерін басшылыққа алады.

    Департаментте мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша ағымдағы жұмыстар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Төрағасымен бекітілген 2024 жылға арналған Әдеп жөніндегі уәкіл жұмысының үлгілік жоспарына сәйкес жүзеге асырылып келеді.

    Ағымдағы жылы, Әдеп жөніндегі уәкілмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің этикасын сақтау мәселелері бойынша 5- семинар-кеңес, 2-мемлекеттік қызметшілердің  әдеп кодексінің талаптарын сақтау бойынша консультативтік кеңес өткізілді. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері болған жоқ. Алдағы уақытта, үлгілік жоспарда қарастырылған іс-шараларды толығымен өткізу жоспарлануда.

     Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    Табиғи монополияларды реттеу

    комитетінің Батыс Қазақстан облысы

    бойынша департамент

    басшысының орынбасары — Әдеп жөніндегі

    уәкіл Жаманкулов С.А.

     

     


     

    ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

    Оставьте ваш комментарий!
    Введите здесь свое имя

    Последние новости

    В Уральске не будет церемонии зажжения ёлки

    В этом году в Уральске, как и в других...

    1900 км электрических сетей было отремонтировано в ЗКО в этом году

    Однако это позволило сократить количество изношенных линий лишь на...

    Рекомендуем

    Сотрудник таможенной службы ЗКО получил 10 лет колонии за взяточничество

    Приговор в отношении бывшего служащего департамента государственных доходов огласили...

    7,2 млрд тенге на три года просит ТОО «Зап-Каз РЭК» для уменьшения износа сетей в Уральске

    Такая цифра была озвучена руководством Городских электрических сетей на...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл