Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
-9 C
Уральск
6.1 C
Аксай
Еще

    Қабілетіне қарай мамандықтар

    Газетіміздің алдыңғы шығарылымдарында айтылып өткендей Орал қаласы бойынша нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға аудандық 8 арнайы мамандық беретін оқу орындары тартылды. Еске сала кетейік, бұл арнайы оқу орындарының мақсаты – еңбек нарығындағы қажетті мамандықтарды ескере отырып, техникалық және кәсіби білім беру болып табылады. «Н» осыған дейінгі екі шығарылымында Орал қаласының бес колледжінің мамандықтарын талдаған болатын, бүгінгі санымызда облыстық деңгейдегі тағы да арнайы орта білім беретін үш оқу орындарының және аудандағы колледждердің жұмыс барысын қамтитын боламыз.

    Облысымыздағы жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану саласындағы орта буын басшыларын және жұмысшыларын дайындайтын облысымыздағы жалғыз оқу орнын айтудан өрбітсек, өткен оқу жылы басында «Автогрейдер машинисі» және «Бір ожаулы экскаватор машинисі» мамандықтарына оқу тобын жасақтаған А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі туралы толығырақ тоқталуға болады.
    Өткен жылдағыдай жаңа оқу жылында да 50 адам оқуға жасақталған. Оқу 11 сынып базасында ұйымдастырылған, дайындау мерзімі – 10 ай. Оқу аяқталысымен әр түлек тракторшы-машинист мамандығы бойынша бірден 4 санатты алып шығады: «А» — жеңіл типті дөңгелек, «Б» — ауыр дөңгелек, «В» — жыланбауыр автокөлік дөңгелегі, «Д» — арнайы техника. Бұл көрсетілген санаттар бойынша соңғысының ең ауыр екендігін атап өту керек, өйткені 13 арнайы техника түрлерін қамтиды.
    «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының қатысушысы орта буын басшысына оқуды жалғастырғысы келсе, қосымша бір жыл оқу қажет және құрылыс машиналарының барлық түрлерін айдау бойынша емтиханды жақсы тапсырған жағдайда «Жол құрылыс машиналарын техникалық пайдалану» мамандығы бойынша диплом алады.
    Колледжде оқитындардың негізгі бөлігі аудан тұрғындары (38 адам), оларға колледж жанынан 120 орынға арналған жатақхана бар.
    Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру барысында колледжден 46 адам оқу бітірді, оның ішінде 40-ы «Экскаватор машинисі» және «Автогрейдер машинисі» жұмысшы мамандықтары бойынша сертификатқа ие болды, қалған алтауы арнайы анықтамамен бітірді (бұл құжат оқушының сабаққа қатысқандғын алайда мамандықтар бойынша емтихан тапсырмағандығын растайды). 4 оқушы сабаққа қатыспауы себепті оқудан шығарылған.
    А.Иманов атындағы жол-көлік колледжінің дайындайтын мамандық түрлерін ескерер болсақ мұнда тек жігіттер қызығушылық танытатын оқу орны деп айтуға болады, алайда аталған білім ордасындағы түлектерінің арасында «Автогрейдер машинисі» мамандығына оқып, осы мамандық бойынша диплом алған қыздар да бар.
    Белгілі болғандай, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының ұзақ мерзімді оқуына 29 жасқа дейінгі жастар тартылады, ал А.Иманов атындағы жол-көлік колледжінің қазіргі оқып жатырған студенттерінің ішінде ең үлкені — 23 жаста.
    Қысқа мерзімді оқу аясында келесі жұмысшы мамандықтарға оқыту ұйымдастырылады: бульдозер машинисі, автогрейдер машинисі, бір ожаулы экскаватор машинсі, тиейтін автомобиль машинисі, автокран және жүк ілдіруші машинисі, «В», «С1» санатты жүргізушілер.
    Осы жылы қысқа мерзімді оқудан 41 адам өтті, қазіргі уақытта 6 студент оқып жатыр. Жыл соңына дейін тағы да 15 адам оқыту жоспарда.
    Қысқа мерзімді оқу курсы аясында оқыту 14 күннен 4 айға дейінгі аралықты қамтиды және оның ішінде «В», «С1» санатты жүргізушілерге оқыту ең ұзақ мерзімді алады. Жоғарыда атап өткендей, А. Иманов атындағы жол –көлік колледжінде ғана жұмысшы және техникалық мамандықтарға дайындау жүзеге асырылатын болғандықтан, бұл оқу орны облыстың жол-құрылыс жұмыстарын жүргізетін 44 мекемелерімен серіктестік қызмет орнатқан, яғни оқу бітірген түлектерін жұмысқа жолдап отырады.
    «Батыс Қазақстан индустриалды колледжі» МКҚК нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға қатыса отырып, келесі мамандықтарды дайындайды: Өндірістегі электрлік механикалық жабдықтар (түрлері бойынша), электр байланысы және желімен хабарлаудың желілік құрылыстарын пайдалану.
    Модульдік бағдарламаға сәйкес бұл мамандықтарға оқытуда «Трансформатор құрастырушы», «Электр құрылғыларын жөндеу және қызмет көрсету бойынша электр жөндеушісі», «Электр механигі» бойынша сертификаттар беру қарастырылғаан. Оқу 9 сынып базасында жүреді, оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай.
    Өткен жылдан бері 47 студент оқып жатыр (24 студент орыс тобында, 23 студент қазақ тілді топта). Алдыңғы жылдан оқуға алынған үш студент сабаққа келмеуіне байланысты оқудан шығарылған, біреуі басқа арнайы мамандық беретін оқу орнына ауысқан және тағы бір студент ҚР әскер қатарына шақырылған. Екінші курс студенттерінің ішінде 4 қыз білім алып жатыр.
    Жаңа оқу жылында «Өндірістегі электрлік механикалық жабдықтар» (түрлері бойынша) мамандығына оқуға 50 студент қабылданған: 25 студент мемлекеттік тілде оқуға, қалғандары орыс тілінде оқуға ниет білдірген.
    Өткен жылы қысқа мерзімді оқу аясында Индустриалды колледж «Электр газымен дәнекерлеуші», «Электр жөндеуші» біліктілігі бойынша мамандарын дайындап шықты (барлығы 23 адам).
    Бұл оқу орнының арнайы серіктестері – «Қазахтелеком» АҚ, «Орал трансформаторлық зауыты» ЖШС. Бұл мекемелермен оқу орны дуалдық оқыту бойынша келісім шарт орнатқан.
    Орал ақпараттық технологиялар колледжі – техникалық қызмет көрсету, автомобиль транспорттарын пайдалану және жөндеу, сонымен қатар жас мамандарды «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» саласындағы мамандықтарға дайындайтын оқу орны. Оқу барысы 9 сынып базасында ұйымдастырылған.
    Өтен оқу жылында оқуға 75 адам қабылданды, жаңа 2018-2019 оқу жылында мемлекеттік тапсырысқа сәйкес оқуға қабылданғандардың саны 50 адамға қысқарды. Қазіргі уақытта бұл оқу орнында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша оқып жатырғандар саны 122 адамды құрайды. Еске сала кетейік, 9 сынып бітіріп келгендер алғашқы оқу жылында міндетті түрде жалпы білім бағдарламасын оқиды, екінші және үшінші оқу жылында арнайы мамандықтарға оқыту басталады, олар өндірістік оқуларын оқиды. Үшінші курстан соң студентке «Автокөліктерді жөндеу бойынша слесарь» немесе «ЭЕМ операторы» жұмысшы мамандығын алғандығы туралы сертификат беріледі.
    Арнайы техникалық білім алуға ниет білдіргендер төртінші курсты жалғастыруларына болады, бірақ талап бойынша олар міндетті түрде алдымен өндірістік оқу бойынша емтихандарын жақсы тапсыру қажет. Оқу бітіргеннен соң «Техник-механик» немесе «Бағдарламашы-техник» (таңдаған бағыттарына байланысты) мамандықтары бойынша диплом беріледі.
    Орал ақпараттық технологиялар колледжінде оқып жатырғандар арасында 18 қыз бала бар, олар «Есептеу техникасы және ақпараттық қамтамасыз ету» бағытын таңдаған. Бұл колледжде себепсіз сабақтан қалу бойынша оқудан шығарылғандар болған жоқ.
    Аудандар арасында IT – технологиялары бойынша мамандарды дайындайтын арнайы оқу орындары ішінде Ақжайық аграрлық-технологилық колледжі, Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі, Сырым және Тайпақ колледждері бар. Сонымен, Ақжайық аграрлы – техникалық колледжінде «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтмасыз ету» бағытында осы жылы 20 адам қабылданған, былтырғы жылдан 15 студент оқып жатыр. Оқу 9 сынып және 11 сынып базасында да жүреді.
    Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша 13 студент «ЭЕМ операторы» жұмысшы мамандығын алғандығы туралы сертификатын алып шыққан, олардың барлығы да жұмысқа орналасқан, 7 оқушы сабаққа себепсіз келмеуіне байланысты оқудан шығарылған.
    Ақжайық аграрлық-технологиялар колледжінде қысқа мерзімді оқыту аясында «Аспаз», «Жануарларды ветеринарлық өңдеу операторы, «Электр газымен дәнекерлеуші» жұмысшы мамандықтарымен қамтылды. Жаңа 2018-2019 оқу жылында қысқа мерзімді оқу (оқу орнының мәліметі бойынша) жоспарда жоқ.
    Тайпақ колледжі «ЭЕМ операторы» мамандығына оқуға ниет білдірушілерден 20 адам құраған. Оқу 11 сынып базасында жүреді, мерзімі – 10 ай.
    Сырым колледжі ағымдағы жылдың маусым айында 10 айлық мерзіммен оқитын «ЭЕМ операторы» мамандығы бойынша 19 оператор дайындап шығарды. Биыл да «Бағдарламашы-техник» мамандығына топ жасақталды, олар 9 сынып бітірушілерден құралған, оқу мерзімі 3 жыл 10 ай. Ұзақ мерзімді оқудың модульдік бағдарламасы бойынша «ЭЕМ операторы» сертификатымен де бітіріп шығуға мүмкіндік бар.
    Қысқа мерзімді оқу аясында Сырым ауданының 12 тұрғыны «Электронды есептеу машиналары операторы» біліктілігін алып шықты.
    Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі жаңа оқу жылында IT технологиясы саласында орта буын деңгейіндегі мамандарды, яғни техник-бағдарламашыларды дайындайтын болады. Оқу 9 сынып базасында ұйымдастырылған.
    3 жыл 10 ай оқытылатын толық курсты аяқтағысы келмегендер үшін «ЭЕМ операторы» мамандығы бойынша оқып, сертификат алуға болады.
    «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына былтырғы жылдан қатысушылардың ішінде сабаққа себепсіз қатыспай оқудан шығарылғандар жоқ.
    Шыңғырлау колледжінде жұмысшы және техникалық мамандықтар түрлері кең түрде ұсынылған оның ішінде электронды есептеу машинасы операторына оқыту да бар. Оқу қазақ, орыс тілдерінде және 9-11 сынып базасында ұйымдастырылған.
    Одан басқа, «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Тамақтандыруды ұйымдас-тыру» мамандықтарына оқытудан басқа «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану», «Дәнекерлеу ісі», «Фермерлік іс» («тракторшы», «электр» және «жүргізуші») мамандықтарына оқытып дайындайды. Өткен оқу жылынан бастап Шыңғырлау колледжінде 99 студент оқып жатыр, биыл 125 оқушы қабылданды (барлығы 224, оның ішінде қыздар – 81). 60 студент 11 сынып базасында білім алуда, қалған бөлігі 9 сынып базасында білім алушылар. 57 студентке оқу орыс тілінде жүреді.
    126 қатысушы жағдайы төмен отбасылардан, сондай-ақ бұл оқу орнында балалар үйінің тәрбиеленушілері және мүмкіндігі шектеулі бір жігіт бар.
    Себепсіз сабақ қалдыру салдарынан оқудан шығарулар болған жоқ.
    «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына қатысқан аудандық колледждер туралы айта отырып, оларды білім беру бағыттарына қарай бөліп өтсек.
    Сонымен, фермерлік шаруашылық жүргізу негіздеріне Бөкейорда, Жәнібек, Жаңақала, Ақжайық, Казталов, Тасқала, Сырым аудандарының техникалық және кәсіптік оқу орындарында оқытады.
    Теректі және Жаңақала колледждері «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» бойынша кәсіби білім береді. 9 сынып базасында, оқу – мемлекеттік тілде. Теректі колледжі болашақ ветеринарларды дайындайды (оқу мерзімі – 10 ай).
    Биылдан бастап «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға қатысушы 22 арнайы оқу орындары қатарына Бөрлі колледжі қосылғандығын атап өту керек.
    Теректі және Жаңақала колледждері сияқты бұл оқу орнында да «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығына оқыту жүреді. Айырмашылығы Бөрлі колледжіне 11 сынып бітіргендер оқуға қабылданады. Осы жылы оқуға 16 адам қабылданған.
    Қаратөбе колледжі де ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану саласындағы жұмысшы және техникалық мамандықтарға оқытады. Модульдік бағдарламаға сәйкес құрылыс шебері, сылақшы жұмысшы мамандықтарына оқытылады, диплом алғаннан кейін «Құылысшы-техник» мамандығымен бітіріп шығады.
    Зеленов колледжі де мамандық беру саласында ерекшеленеді, себебі осы колледжде ғана дәнекерлеу ісі бойынша арнайы пәндер оқытылады. Оқу орыс тілінде, 9 сынып базасында жүреді.
    Зеленов ауданындағы екінші арнайы орта білім беретін оқу орны «Рубеж колледжі» МКҚК. Бұл оқу орны «Кондитер» мамандығына оқушыларды жасақтаған. Оқу тобында 15 қыз бар, оқу мерзімі – 10 ай.
    Модульдік бағдарламаға сәйкес студент «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» жұмысшы мамандығын алады, ал диплом алғаннан кейін орта буын маманы – электр механигі болып шығады.
    «Н» алдыңғы санында тұрмыстық қызмет көрсету саласында кәсіптік және техникалық біліммен кадрлады дайындайтын оқу орындарының мамандық түрлерін айтқан болатын.
    Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 бағдарламасына қатысушы облыстың кәсіптік техникалық колледждерінің ішінде «Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі» және «Орал политехникалық колледжі» туралы күз мезгілінің алғашқы басылымдарында толығырақ тоқталып айтып өткен болатынбыз.
    Ұзақ мерзімді оқу аясында кәсіптік білімді тек 29 жасқа дейінгілер алатындығын еске саламыз. Ересек жастағыларға еңбек нарығында қажетті мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстарға қатысу мүмкіндігі қарастырылған, мекемелерге жолдаманы халықты жұмыспен қамту орталығы береді.
    Өңірдегі нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған стратегиялық бағдарламаның жүзеге асырылу барысына қызығушылық танытуды жалғастыра отырып, келесі басылымда оқырмандарымызды Орал қаласының жұмыспен қамту орталығымен жасалған жұмыс нәтижелерімен таныстыратын боламыз.

    Саида ТУЛЕГЕНОВА


     
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    Последние новости

    Как повысить доверие к функционированию системы ОСМС

    18 декабря 2024 года филиалом Фонда была проведена разъяснительная...

    Рекомендуем

    Более 56 км дорог было отремонтировано в этом году в Уральске 

    В акимате города начали подводить итоги уходящего года. На...

    Сотрудник таможенной службы ЗКО получил 10 лет колонии за взяточничество

    Приговор в отношении бывшего служащего департамента государственных доходов огласили...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл