Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
2 C
Уральск
7.1 C
Аксай
Еще

    Сұраныс — бастамалардың бастауы

    Жәнібек және Бөкейорда аудандары облысымыздың алыс аудандарының қатарына жатады және кәсіпкерлікке бейім адамдар бұл жағдайды өзінің бизнес-бастамаларын жүзеге асыруға қолайлы мүмкіндік деп бағалау керек. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы «Бастау Бизнес» жобасы өз ісін жаңа бастағалы жүрген кәсіпкерлерді бизнес жүргізуге қажетті білім беру, тиімді жағдайда бизнес ашуға немесе өз ісін кеңейтуге көмектеседі. Біз өз-өзімізге сұрақ қойдық: осы екі ауданның тұрғындары өз идеяларын жүзеге асыру мүмкіндігін қаншалықты белсенді қолдануда? Бизнес-жобалардың мазмұны қандай?

    Жәнібектіктер не ұсынуда…
    Бұл екі ауданның да «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуға алғашқы рет қатысып отырғандығын атап өтпекпіз. Жәнібек ауданының тұрғындарының ішінде оқудан 69 адам өтті, қазіргі уақытта 15 адам оқып жатыр. Бағдарламаның қатысушыларының ішінде ең үлкені – 55 жаста, ал ең жасы – 18 жаста.
    Жалпы самасы 40 миллионға жуық теңгені құрайтын 11 жоба мақұлданды. Барлық бизнес-жобалар мал шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған, бірақ «Н» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының ауылдық елді мекендерде іске асырылып жатырғандығын айтумен қатар, біздің облысымыздың аудан тұрғындарының кәсіпкерлік әлеуеттілігін де таныстыруды жолға қойып отыр.
    Сол себепті де бизнес – тренерлерге «Бастау бизнес» жобасының қатысушылары қандай қызықты бизнес-бастамалар ұсынады?»,- деген негізгі сауалымызды қойып отырамыз.
    Оған қоса жобаның барлығына — ол жаңа бастамасында немесе автордың бизнес-бастамалары кепілге қоятын мүлкі болмауы, не болмаса кредиттік тарихы бұзылуы себепті несие берілмеген жоба болсын назар аударып отырамыз.
    Біздің мақсатымыз бұрын да айтып өткеніміздей, адам тұрып жатырған жеріне қарамастан, туа біткен кәсіпкер бола алатынын көрсету, ал бизнес жүргізуде қажетті қасиеттердің бірі болашақты көре білу.
    Сонымен, ең басты сұраққа жауап бере отырып, Жәнібек ауданының бизнес-тренері Рахим Джалмуханов қазіргі уақыттағы олардың ауданындағы ерекше жобалар туралы айтып өтті. Біріншісі – шеберхана цехын ашу, бастаманың авторы 56 жасар Төлебек Есімғалиев. Аудан орталығының тұрғыны мамандығы бойынша суретші-безендіруші, ал ағаш шеберлігі өнерін қатар игеріп алған. Төлебек Шоғайұлы ауданда тұрғын үй мен кеңсе орын-жайларының ішкі көріністерін безендіруші ретінде танымал, сонымен қатар ол күнделікті тұрмыста пайдаланатын құралдарды (сандық, бесік, отырғыштар және т.б.), гипстан әртүрлі кәдесыйлар дайындауға тапсырыс алады.

    Ауыл тұрғыны кәсіпкерлік жүргізу негіздері оқуына өтіп, қазіргі уақытта оның жобасы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалында қарастырылып жатыр. Несие алуға кепілдік ретінде Есімғалиев өзінің үйін ұсынып отыр, бизнес-жоспары мақұлданған жағдайда, берілетін несие қарызға жаңа бастаушы кәсіпкер кәсібіне қажетті құрал-жабдық сатып алуды жоспарлауда.
    Шеберхана орналасатын өзінің жеке ғимараты болмауына байланысты, Төлебек Шоғайұлы алғашқы уақытта кәсіпкерлік қызметін жалдамалы орын-жайда бастайды. Жұмыс орнын ашу жоспарда бар ма деген сұраққа, кәсіпкер бұл оның жоспарына кіретінін, бірақ бизнесі аяғына тұрып кеткеннен кейін екенін айтты. Бастапқы кезде ұлы екеуі жұмыс жасайтын болады.

    «Т.Есімғалиев Жәнібек ауылындағы аудандық мұражайында «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Жәнібек».//

    Интерьер Т. Есімғалиевтен, сондай-ақ жұмыстары да кәсіпкер-суретшінікі. //

    40 жасар Қуаныш Лұқпанов та Жәнібек ауылында тұрады, оның бизнес-бастамасы – сыртқы жарнама баннерлерін жасау. Бұл азамат делдалдық қызметтер көрсетіп жүрді: жергілікті кәсіпкерлерден жарнамалық өнімдерді жасау бойынша тапсырыстарды алып, Орал қаласындағы фирмаларға тапсырып жүрді. Енді, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудан өтіп, өз ісін ашуға мүмкіндік туып, оны пайдалануға шешім қабылдады. Ол кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтіп, қазіргі уақытта бизнес-жобамен жұмыстанып жатыр.

    Спорт шараларына жазбасын жасау барысы.//

    Сыртқы жарнама К.Лұқпановтан.//

    Т.Есімғалиев секілді, Лұқпанов та несиеге берілген қаражатқа техника, шикізат сатып алуды, орын-жайды жалға алуды жоспарлап отыр. Кәсіпкердің бастаған ісі айналып кеткенше жұбайы көмектесетін болады, кейін өндіріс өз жұмысын жолға қойғаннан кейін жұмыс орнын ашуды ойластыратынын айтып өтті.
    Қуаныштың жобасы мақұлданып және қарыз берілген жағдайда, Жәнібек ауданының кәсіпкерлері жарнамалық өнімдерді жасату үшін делдал іздеп жүрмейтін болады, себебі өз аудандарында сол саладағы маман пайда болады. Оған қоса, Қуаныштың сөзі бойынша, баннер жасау қызметтеріне тапсырысты өз ауданының кәсіпкерлерімен қоса, Бөкейорда және Жаңақала ауданының кәсіпкерлерімен серіктестік қарым-қатынас орнатуға бел байлап отыр.
    Айта кетсек, Жәнібек ауданы аумағында 784 бизнес субъектілері тіркелген, оның жартысынан көбі – шаруа қожалықтары.

    Бөкейордалықтардың бизнес-бастамалары
    Бөкейорда ауданының бизнес-тренері Марат Будировтың айтуынша «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудың екі ағынында ауданның 72 тұрғындары қамтылған, оның ішінде 24 әйел адам бар. 19 жоба 52 млн 145 мың теңге сомасына қаржыландырылған, жобалардың негізгі бөлігі ірі қара мал, ұсақ мал, жылқы өсіруге бағытталған.


    Қазіргі уақытта «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалында жалпы сомасы 49 млн 550 мың теңгені құрайтын 18 жоба қарастырылуда жатыр.
    Қазіргі уақытта кәсіпкерлік негіздеріне оқытудың үшінші ағыны басталып кетті, оқушылардың саны – 15 адам. Жыл соңына дейін Бөкейорда ауданы бойынша әлі де 60-қа жуық тұрғындарды оқыту жоспарланып отыр.
    Ал ұқсастығы жоқ және өзгешелігімен ерекшеленетін бастамаларға келер болсақ, М.Будиров көрпе және жамылғы жасау бойынша 58 жастағы Талшын Какенованың жобасын атап өтті. Бизнес-тренер аудан орталығының тұрғынының 10 жыл бойына осы кәсіппен айналысып келе жатырғандығын және барлық жұмыстары өз қолымен жасалатындығын атап өтті. Жылына қой жүнінен жасалған 60 жастық көрпе, түйе жүнінен 20 жамылғы жасап шығарады және оның жасап шыққан бұйымдары жақсы өтеді.
    Көрпелердің бағасы 4 мың теңге, жамылғы көрпелер – 20 мың теңгеден.

    «М.Будиров Т.Какеновадан оның жүн өңдеу жұмысы барысында хал жайын білді» атты өзі жазып қалдырған көріністер аясында».//

    Базарда синтепоннан жасалған көрпелер келе бастаған уақытта Т.Какенованың бұйымдарына сұраныс аздап түсіп кеткен, бірақ сол кезде Т.Какенова жасанды материалдардың кемшіліктері мен табиғи жүннің артықшылықтары туралы айтып түсіндіре бастаған. Қазіргі уақытта Марат Мұратқалиұлының айтуынша,Талшын Каке-нованың бұйым-дарына тапсырыстар бөкейордалықтардан ғана емес, көрші аудандардан және облыс орталығынан да түсіп жатыр.
    Осы уақытқа дейін азаматша жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей қызметін көрсетіп келген, бірақ «Бастау Бизнес» жобасының жеңілдікпен берілетін несие туралы естігенде бұл мүмкіндікті пайдаланып қалуды шешкен. Оған қоса, Марат Будиров атап өткендей бизнес- тренингтерде адамдар кәсіп жүргізудің қыр-сырын танып қоймай, шағын кәсіп жүргізуге мемлекеттік қолдау туралы ақпараттарды да біле алады.
    Қазіргі таңда Талшын Какенова оқудан өтіп жатыр, сертификат алғаннан соң жобасын таныстыруды жоспарлап отыр. Егер де бизнес-бастамасы мақұлданса, оған жаңа бастаушы кәсіпкер ретінде жеңілдікпен несие берілетін болады.
    Алынған қарыз ақшаға жүнді жуатын және түтетін, сондай-ақ жастық тысын тігетін құрал-жабдықтар алмақшы.
    Марат Будиров алты жыл бойына Талшын Какенованың 40 жасар ауылдас тұрғынын да жұмыспен қамтып келе жатырғанына назар аудартады.
    Кәсібін кеңейткеннен соң кәсіпкер тағы да жұмыс орындарын аша алатын болады, бұл – (кәсіпкер әйелдің бизнес-тренерге айтқанынан) оның басты мақсаттарының бірі болып табылады.
    — Талшын ауылдастарын үйрете отырып, олардың тұрақты табыс тауып, отбасыларын қамтамасыз етуіне көмектесуге тырысады, оған да бұл кәсіппен басқалардың айналысып, жалғастырып кеткені көңіліне қуаныш ұялатады.
    Басқаларға көмектесіп, айналасындағыларға пайдасын тигізуге деген құлшынысы үлкен құрметке лайықты,- деп сүйсінеді коучмэн.
    Бөкейорда ауданының бизнес-бастамалар арқасында дамуының болашағы туралы айта келе, М.Будиров тағы да бір бизнес-жоба авторы Тілекқабыл Минжаев туралы атап өтті. Бұл аталған азаматтың кәсіпкер ретінде 16 жылдық тәжірибесі бар: мемлекеттік сатып алуға қатыса отырып мемлекеттік мекемелерге құрылыс материалдарын жеткізіп отырады (жаяужол плиталарын, жиектас, тас төсеуіш, қабырғалық тастар).
    Тауарларды Орал қаласынан және БҚО-мен шекаралас жатқан ресейлік қала – Волгоградтан сатып алған.
    Құрылыс , жобалау, өндіріс және сату саласындағы білімі мен жұмыс тәжірибесін пайдалана отырып, кәсіпкер мынадай шешімге келді: жоғарыда аталған тауарларды өндіруді Бөкейорда ауданы аумағында да ұйымдастыруға болады және шығарылатын өнімнің бағасы импорттық өнімнің бағасынан төмен болады, ал сапасы одан кем болмайды.
    Жұмысын жасап тұрған кәсіпкер Тілекқабыл Салауатұлы жеңілдікпен несие алу бағдарламасына өтпеуіне қарамастан, кәсіпкерлік жүргізу негіздеріне оқу мүмкіндігін елеусіз қалдырған жоқ. «Бастау Бизнес» жобасы арқасында мемлекеттік қолдау шаралары туралы біліп, ендігі кезекте грант алу үшін конкурска қатысуды («Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарлама аясында қайтарусыз негізде жаңашыл жобаларды қаржыландыру) жоспарлап отыр.
    Бұл конкурс келесі жылдың сәуіріне дейін өткізілмейтін болады, әзірге кәсіпкер қиыршық және керамзит өндіру технологиясын жасау бойынша бизнес-жоспарымен жұмыстануда.
    Минжаев жобасын сәтті қорғап шыққан жағдайда, ол алынған грант қаражатына жиектас, едендік тастарын шығаратын құрылғы алуды жоспарлап отыр.
    Өндірілетін өнімін өзінің және көршілес аудандарында іске асыра бастауды, оған қоса облыстың басқа да өңірлерінің құрылыс ұйымдарымен серіктестікті жолға қоюды жоспарлап отыр.
    Бұл адам жөнінде айта отырып, оның өздігінен талпынып, табысты кәсіпкер ретінде қалыптасуы соншалық қалыпты жағдай екендігі менің ойыма келді. Делдалдық қызмет көрсетуден бастаған Т.Минжаев бүгінде өндіріске бет бұруға құлшынып отыр, ал құрылыс материалына сұраныстың қай уақытта да болатыны еш күмәнсіз.
    Біздің бүгінгі сөз еткен жаңа бастаушы кәсіпкерлердің жобаларына келер болсақ, олардың болашағы бар, өйткені ұсынылған идеялар халықтың сұранысына жауап береді.
    Бизнес-бастамалардың сәтті жүзеге асырылуы ауылдарда өмір сүру жағдайының сапасын арттырыуға септігін тигізіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беріп қана қоймай, бюджетке салықтың түсуін де қамтамасыз ететіндігін тағы да атап өткіміз келеді.
    Осылайша, шағын бизнес субъектілерінің болуы еліміздің бюджетінің толығуына, халықтың жұмыспен қамтылуына маңызды роль атқаратындықтан кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдайлар тудыратын мемлекеттік бағдарламалар жасалуда.
    Солардың бірі — «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 бағдарламасы.

    Саида ТУЛЕГЕНОВА


     
    Предыдущая статьяСкорбная хроника
    Следующая статья
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    Последние новости

    Шесть медалей Кубка Восточной Европы – у казахстанцев

    21 ноября в Щучинске состоялся первый этап соревнований по...

    На Новый год казахстанцы будут отдыхать четыре дня подряд

    День отдыха перенесен с воскресенья, 5 января, на пятницу,...

    Рекомендуем

    Добро должно быть под контролем

    В правительстве идёт обсуждение законопроекта, который предполагает контроль за...

    Взрыв в кафе «Rizyk»: суд вынес решение по апелляции осужденного предпринимателя

    20 ноября коллегия Западно-Казахстанского областного суда огласила решение по...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл