Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
-11 C
Уральск
4.1 C
Аксай
Еще

    «Бастау Бизнес»: 2017 жылдың сәтті бастауы

    Жуық арада БҚО-да жемістер мен көкіністерді қайта өңдеу бойынша зауыт ашылуы және онда консервіленген өнімдерді шығарып ЕАЭК нарығында сатылымға шығаруы мүмкін. Атап өтсек, консервіленген өнімдер дайындайтын зауыттар Оңтүстік Қазақстан облысында бар, ал Батыс Қазақстан облысында мұндай зауыттар ашылмаған.
    Бұл жоба жақында БҚО Кәсіпкерлер палатасында таныстырылды. Облыстық комиссияның алдында Зеленов ауданының «Бастау Бизнес» бойынша осы жылғы соңғы оқу ағынының қатысушылары жобаларын қорғады.

    «Н» хабарлап өткендей, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының бағытының бірі «Бастау Бизнес» жобасының жүзеге асырылуы қорытындылана келді. Зеленов және Теректі аудандарының қатысушылары өздерінің бизнес-жоспарларын «Атамекен» КП–ның облыстық филиалында таныстырса, Ақжайық, Жаңақала, Казталов аудандарының қатысушылары облыстық комиссия алдында жобаларын онлайн-тәртіпте айтып берді.

    Палатаның беделі өсуде
    БҚО КП-ның қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Мақсат ҚҰЛАНБАЕВ айтып өткендей, «Бастау Бизнес» бойынша оқудың алты ағынында 938 ауыл тұрғындары оқудан өтті. 131 бизнес-жоба «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және Аграрлық кредиттік корпорация арқылы қаржыландырылды. 61 жоба қазіргі уақытта өздерін қаржыландыру арқылы жүзеге асып жатыр. Жалпы айтқанда, 190-ға жуық бизнес-бастамалар «Бастау Бизнес» бойынша іске асырылып жатыр. Көрсеткіштер қорытындысы бойынша Зеленов ауданы көшбасшылықта тұр. Ал, республика бойынша көрсеткіштерге келер болсақ, БҚО ортаңғы қалыпта. «Бастау Бизнес» бойынша қаржыланған жобалардың 80 пайызы ауыл шаруашылығы саласымен байланысты. Ауыл тұрғындары негізінен малды бордақылау үшін сатып алады.


    Кәсіпкерлер палатасының өкілдеріауылдық елді мекендерде өз кәсіптерімен айналысуға құлшыныспен ынталанып отырған жас және еңбекқор адамдардың көп екендігіне және оларда кәсіпкерлік қабілет, дарындылық және мақсат пен армандары да бар екендігіне, алайда оларға тек кәсіпкерлік білім мен дағдының ғана жетіспей тұрғандығына сенімді. Сондықтан, БҚО КП мұндай санаттағы азаматтарға тек теориялық жағынан ғана емес, практикалық жағынан қамтитын толықтай ақпарат беруді алдарына міндет ретінде қойып отыр.
    БҚО КП-сы жұмыстың көп бөлігі консультациялық қызмет көрсетуге кететіндігі туралы айтып берді.Азаматтар қалада ғана емес, аудандарда да кәсіпкерлерге қызмет көрсету және қолдау Орталықтарына барып жүгіне алады. 2017 жыл бойынша жалпы алғанда сегіз бағытта бизнесті кешенді қолдау шеңберінде Кәсіпкерлер палатасымен бір жарым мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілеріне 1829 қызмет көрсетілген. Статистика растап өткендей, 2016 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда Палатаға кәсіпкерлердің жүгінуі екі есеге артқан. 2017 жылдың басынан бастап жинақтап айтқанда, БҚО КПО аудандық консультанттары 6647 бизнес ашуға ынталы адамдарға 8026 рет кеңес берген. БҚО Кәсіпкерлер палатасы көмегі арқылы бүгінгі таңда 500-ден аса субъектілер өздерінің жобаларын жүзеге асыру үшін жалпы сомасы 1 651 692 055 теңге құрайтын қаржыландыру алған, сонымен қатар 348 кәсіпкерліктің жаңа субъектілері ашылып, 146 рұқсат етілген құжат алынып, 1333 құжат жасақталған (шарттар, келісімдер, декарациялар, бизнес жоспарлар және т.б.).

    Тұздамалар – тосаптар
    БҚО КП-да қорғауға ұсынылған ірі және қызықты жобалардың бірі Зеленов ауданының Трекин ауылында жемістер мен көкіністерді қайта өңдеу бойынша цех ашу туралы жобасы болды. Идеяның авторы — «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудың түлегі, жаңа бастаушы кәсіпкер Мади АБУҒАЛИЕВ.


    — Біз заводта шырындар, томат пасталарын, жеміс-көкініс консервілерін шығарамыз деп жоспарлаудамыз. Негізінен өнімдерді экспортқа шығаратын боламыз. Кәсібіміздің бастапқы уақытында 25 адамды, болашақта жобалық қуатқа шыққан уақытымызда 100 адамды жұмыспен қамтитын боламыз.
    Зеленов ауданы бойынша бизнес-тренер Қуанышбек ЕРНИЯЗОВТЫҢ айтуы бойынша, аталмыш жобаның жүзеге асуы әлеуметтік маңызы бар бірнеше мәселелерді, оның ішінде жаңа жұмыс орындарының ашу, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жеміс-көкініс өнімін өндірушілерге өнім өткізу нарығын ұйымдастыруды шешуге мүмкіндік бере алады.


    — Әзірге бұл жобаауыл шаруашылығы министрлігімен келісілуде, айтып кетейін дегенім, бұл жоба «Бастау Бизнес» оқуының барлық ағынының ішіндегі ең ірісі болып табылады, жобаның өнірлік деңгейдегі келісілу жағдайына келер болақ, Аграрлық кредиттік корпорация филиалынан қаржыландыру бойынша мақұлдау алған болатын. Жобаның жалпы сомасы 120 млн теңге құрайды.
    Құрылтайшы ретінде үш серіктестіктен құралады, оның ішінде идея авторы бар, қазіргі уақытта ол үстіміздегі жылдың тамызында ашылған Оңтүстік Қазақстан облысының осы сала бойынша компаниясының дистрибьютері болып табылады.
    — Әзірге консервіленген қияр, қызанақтар, шырындар, жеміс-жидек консервілерін сатуда делдалдық қызмет көрсетіледі,- деп атап өтті Қ.Ерниязов. – Бірақ, несие алған бойда жоба жүзеге асатын болады. Қажетті құрал-жабдықтарын ОҚО-нан, кейбір бөлігін Ресейден әкелетін болады.
    Қатысушының айтуынша, Ресей Федерациясының шекарасына жақын орналасуымызға байланысты аталған жобаның экспорттық тұрғыда үлкен әлеуеттілігі бар. Қазірдің өзінде БҚО және Өзбекстан заңды тұлғаларымен және шаруа қожалықтарымен объектілерге шикізат тасу бойынша алдын-ала келісімдер бар. Алдағы уақытта жеке жылыжай салу жоспарлануда.

    — Жеміс-көкіністерді қайта өңдеу бойынша зауыт ашу туралы идеямды 2017 жыл бойы жетілдіріп келемін,- деп өз ойымен бөлісті М.Абуғалиев. – Атап өткім келетіні, Оңтүстік Қазақстан облысында бұл кәсіп түрі айтарлықтай дамығандығы, бір ғана ауданда 27 –ден астам зауыттың есепте тұрғандығы маған белгілі. Қазір біз сондай зауыттардың бірінің дистрибьютері болып табыламыз, онда менің досым жасайды. Олардан тауар әкелеміз, кейін Ресейге экспортқа тапсырамыз.

    Қатысушы айтып бергендей, бір күнге қуаттылығы 200 тоннаға есептелген зауыттың құрылысы Трекин ауылында жүргізіледі. Бұл жобаның артықшылықтарының бірі зауыттың жолға жақын жерде орналасуында. «Бастау Бизнес» қатысушысы құрылтайшылардың әрқайсысы осы бизнестегі өз бағыттары бойынша жауап беретіндігі туралы да айтып өтті. Мысалға, ОҚО-ның өкілі өндірістік сызбаны өз жауапкершілігіне алады. Өйткені, жоба қатысушысының досының тәжірибесі мол, ол бұл саладағы зауытта 10 жылдай жұмыс жасаған.
    — Ал шикізатты жергілікті бақша шаруашылығымен айналысатындардан сатып алуды жоспарлап отырмыз, кейіннен Оңтүстік Қазақстан облысынан да қосымша алып келуіміз мүмкін, — дейді Мади Абуғалиев. — Егер барлығы біз жоспарлағандай болса, келесі жылы аман-есен деп зауытымызды іске қосатын боламыз. Бағасына келер болсақ, біздің тауарларымыз бәскелестерімізден арзанырақ болады.Алдымен 20-30 жұмыс орнын ашуды, кейін жүзден аса жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отырмыз.
    Алдыңғы кезекте тұрған міндеттер ретінде жоба авторы қазіргі заманға сай кәсіпорынды құруды, персоналдарды іріктеу және оқыту, өндірістік желілерді ұйымдастыру, компанияның жағымды брендін қалыптастыру, жеміс-көкіністерден дайын өнім шығару және нарық жағдайында көрсетілетін қызметтің көлемін кеңейту позициясын бекітуді көрсетеді.

    Кәсіпкер жылына бұл зауытта 150 мың банкі шырын және жеміс – көкініс өнімдерін шығаруды жоспарлап отыр. Әрине, мұндай ірі жоба қомақты қаражатты салуды қажет етеді – 120 млн теңге шамасында. Консервіленген қиярлар, қызанақтардан басқа зауытта «Лечо», «Көкіністен жасалған жеңіл басытқы», «Рагу», «Кобру», «Сацебели», «Баклажан икрасы» және тағы басқа салаттар, алма, өрік, шабдалы, шие, томат және сәбіз шырындарын, тосаптарын, жеміс джемі, конфитер, желе, повидло, цукаттар, кепкен жемістер, томат сусындарын, сондай-ақ қуырылған жемістерге дейін өндіретін болады.

    Жолаушылар тасымалдау – ол да кәсіп!
    БҚО КП -да жобаларды қорғауда Зеленов ауданы бойынша бизнес-тренер Қуанышбек Ерниязов айтып өткендей, алтыншы ағында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы барлығы төрт жоба 15,65 млн теңге сомасына қаржыландырылды. 1,150 млн теңге жолаушылар тасымалдау жобасын ұйымдастыруға бөлінсе, қалған қаражат ірі қара мал өсіруге және сүт өнімдерін дамыту бағытына бөлінді. Аграрлық кредиттік корпорацияда сомасы 120 млн теңге құрайтын бір жоба қаралу үсітінде. Бұл жоғарыда айтып өткен Трекин ауылындағы зауытта жеміс-көкіністерді қайта өңдеу және консервіленген өнімдерді шығару туралы жоба болып табылады.Қазір қатысушылар жобаның ауыл шаруашылығы министрлігінен келісілуін күтіп отыр.

    Қорытындылайтын болсақ, Зеленов ауданында алты ағында барлығы 188 адам оқыды. Оның 174-і жұмыссыздар, ал 11-і өзін-өзі жұмыспен қамтушылар. Сонымен қатар, әйелдер екі есе көп болды. 55 ауылдық тұрғын өзінің ісін ашуға қаржыландыруға қол жеткізді. Аграрлық кредиттік корпорация арқылы 8,96 млн теңге, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан – 188,9 млн теңге және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан 12 млн теңгеге бір жоба қаржыландырылды. Зеленов ауданы бойынша жалпы сомасы 210 миллион теңге шамасында құрады. 55 адам «Бастау Бизнес» жобасы арқасында кәсіпкер атанды. Бұған қоса, әрбір екінші қатысушысы бір адамды жұмыспен қамтыса, онда кем дегенде 20 жұмыс орны пайда болады. Сонымен қатар, 12 қатысушысы өз қаражатына бизнес ашты. Жоба бойынша оқыған 19 қатысушы бала бақшадан бастап ірі компанияға дейін әртүрлі ұйымдарға жұмысқа орналасты. Осылайша «Бизнес Бастау» бойынша оқыған 188 адамның 50 пайызы халықтың экономикалық белсенді бөлігін толықтырды.

    БҚО КП-да өткен жобалар қорғауда оқудың алтыншы ағынының басқа да қатысушылары жобаларын таныстырды. 25 жастағы Талғат ИМАШЕВ жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру бойынша жобасын таныстырды.

    — Менде педагогикалық білім бар, «Бастау Бизнес» жобасына қатысқанға дейін мен Атырау қаласында мұғалім болып жұмыс жасадым,7-11 сыныптарға информатика пәнінен сабақ бердім,- деп айтып берді Талғат Имашев. — Кейін Переметное ауылына анамның қасына қайтып келуді шештім, туысқандарымнан нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде оқып, өз ісіңді ашуға болатындығы туралы білдім.


    Жоба қатысушысы Переметное ауылынан Орал қаласына және кері бағытта, сонымен қатар Атырау, Ақсай, Самара және Саратов қалаларына жолаушыларды тасымалдау мақсатында пайдаланылған автомобиль алу үшін 1 млн 150 мың теңге сұратып отыр. Айтпақшы, бұл жоба қаржыландыруға мақұлдау алды.
    — Төрт жолаушыға дейін тасымалдауға болатын ВАЗ автокөлігін алам деп ойлаймын, — дейді Т.Имашев. Менің көлік жүргізуші ретінде төрт жылғы еңбек өтілім бар. Менің ойымша, бұл жұмыста ең бастысы жолаушылар үшін қауіпсіздік пен қолайлы жағдайдың болуы. Кәсібімді жолға қоюға тырысатын боламын. Мүмкін, тұрақты жолаушыларым, тапсырыс берушілерім де шығып қалар…
    Қатысушының жобасында нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша үш жылға «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы1150 мың теңге сомасын алу белгіленген. Ауылдық елді мекендердің арасында байланыс үшін қозғалыс құралдарының негізгілерінің бірі – такси, сондықтан жоба мақсаты жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру үшін 1 150 000 теңге тұратын көлік құралын сатып алу болып табылады.

    Ауылда ет пен сүтсіз болмайды
    Зеленов ауданының «Бастау Бизнес» бойынша оқуының барлық ағынының қатысушыларының жобаларының көпшілігі ірі қара мал бордақылауға қатысты болды.
    Осындай жобаны Чиров ауылынан Ольга ГОЛОХВОСТОВА ұсынды. Оның бизнес-жоспарының тұжырымдамасы бойынша ІҚМ бордақылау бойынша шаруашылық құру, алынған ет өнімін Батыс Қазақстан облысының базарында сатуды жүзеге асыру қарастырылған. Жоспарланып отырған кәсіпорынның тұтынушылары ет өңдеу кәсіпорындары, Зеленов ауданының және Орал қаласы мен басқа да жақын орналасқан аудандарының көтерме сауда орындары және дүкен желілері болады деп жоспарлануда.
    Жоба қатысушысы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 3000000 теңге көлемінде жылдық мөлшерлемесі 6% болатын, жабу мерзімі 78 айға есептеп несие сұратып отыр. Бұл қаражатқа жоба қатысушысы бордақылау үшін 15 бас мал және мал азығын алуды жоспарлап отыр.
    Қазіргі уақытта О. Голохвастованың кішігірім қосалқы шаруашылығы бар, осы шаруашылығын кеңейтуді жоспарлап отыр. Ауылдық жерде өз үйінің және шаруашылық құрылыс жайларының болуы арқасында бордақылау үшін мал басын ұстап, шаруашылығын кеңейтуге мүмкіндігі бар. Уақыт өте 35000 теңге жалақымен бір жаңа жұмыс орнын ашатын болады.
    «Бастау Бизнес» жобасының қатысушысы ІҚМ сатып алу үшін 2 550 мың теңге қаражат жұмсағалы отыр,2017 жылы бір бас малға 170 мың теңге және алдағы жылдары да сол бағада сатып алуды жоспарлап отыр. ІҚМ жергілікті халықтан сатып алмақшы.
    Осыған ұқсас жобаны Трекин ауылының тұрғыны Болат ҚУАТОВ таныстырып өтті, ол да жылына 6% мөлшерлемемен, қарызды жабуға 78 айға дейін мерзіммен 3 000 000 теңге көлемінде несие сұратып отыр. Ауыл тұрғыны қарызға алынған қаражатқа бордақылау мақсатында 15 бас бұқа сатып алуды жоспарлайды. Б.Қуатовтың бизнес-жоспарында алынатын бұқалар 9 айдан 24 айға дейінгі жаста болатындығы, орта тірі салмағы – 320 кг болады деп көрсетілген. Оған қоса, бордақылау кезеңі 90 күннен 240 күнге дейінгі аралықты құрайды. Болжам бойынша, малдың тәуліктік салмақ өсімінің көрсеткіші – 0,7 килограмм болады. Ал бордақылаудың барлық кезеңі үшін 168 кг. Осылайша, бордақылауды жүзеге асыру барысында бір бас малдың тірі салмағы – 488 кг болады.
    «Бастау Бизнес» қатысушысы ІҚМ сатып алуға 2550 мың теңге жаратуды, 2017 жылы бір бас малға – 170 мың және кейінгі жылдары да 170 мың теңгеден қаражат жұмсауды жоспарлап отыр. Ірі қара мал басын жергілікті халықтан сатып алмақшы. Болат Қуатов айына 35 мың теңге жалақысымен бір жұмыс орнын ашуды жоспарлайды.
    Сүт шаруашылығын құру мақсатында ірі қара мал өсіруді Белес ауылының тұрғыны Қасиет АРЫСТАНҒАЛИЕВ жоспарлап отыр. Ауыл тұрғыны жобасын жүзеге асыру үшін жылына 6 %мөлшерлемемен, қарызды жабу уақыты 84 айға дейінгі мерзіммен 4600000 теңге көлемінде қаражатты «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан сұратып отыр. Қасиет Мақсотұлының да кішігірім жеке қосалқы шаруашылығы бар және осы кәсібін кеңейткісі келеді. Өз үйінің ауласында шаруашылық қораларының болуы оған ІҚМ ұстап және мал басын көбейтуге мүмкіндік береді. Ауыл тұрғынының шаруашылықты алып жүруіне отбасы мүшелері көмектесетін болады, кейін көмекші ретінде бір жұмысшы алуды жоспарлап отыр.
    Қарыз алушы малды жергілікті халықтан сатып алуды көздеп отыр, негізінен қазақтың далалық тұқымынан, өйткені олар жергілікті ауа райы жағдайына жақсы бейімделген. Бұл малды өсіруге барлық мүмкіндіктерді ашады. Оған қоса бордақылау үшін барлық қажеттіліктер: мал қорасы, қоспа жем, шөп, астық қалдықтары мен сабан да бар. «Бастау Бизнес» жобасының қатысушысының бизнес-жоспарында көрсетіліп өткендей симменталь тұқымына баса назар аударылған. Белгілі болғандай, бұл сүт өнімін алуда жоғарыөнім беруші малдардың бірі. Симменталь тұқымды мал айтарлықтай кең дамыған. Туылғандағы бұзауларының тірі салмағы – 34-42 кг, баспағы 18 айлығында – 343 кг жетеді, сиырлары – 550-590 кг және бұқалары –850-1100 кг дейін жетеді. Қорада жемдеу жағдайында жас малдың орта тәуліктік салмақ өсімі – 900-100 грамға дейін жетеді. Әдетте мал етінің сойғандағы салмағы 56% болса, бордақыланған өгіздер – 65% салмақты береді. Оған қоса, бұл мал тұқымының жоғары калориялы және майлы болып келеді.
    Ауыл тұрғыны дайын өнімнің нарықтық өтім ортасы Батыс Қазақстан облысы, Орал, Зеленов ауданы және оған жақын орналасқан аудандар ғана емес, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облысы және Ресейдің шекаралас жатқан облыстары да болады деп жоспарлап отыр.
    Дарьинск ауылының тұрғыны Гүлжазира КУЛЬЧИКОВА да сүт шаруашылығын дамыту мақсатында ірі қара мал өсіру бойынша жобасын таныстырып өтті. Жылдық мөлшерлемесі 6% -дан аспайтын, жабуы – 84 айға дейінгі мерзіммен 3900000 теңге сомасын «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы сұратып отыр. Бұл қаражатқа жоба қатысушысы 15 айдан 48 айға дейінгі жастағы 13 ірі қара мал басын сатып алуды жоспарлап отыр. «Бастау Бизнес» жобасының қатысушысының ойынша, ІҚМ басын ұстау аса көп шығынды қажет етпейді. Біздің жергілікті мекеніміздің табиғаты, ауа-райы жағдайы малды жасыл азықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, азықтың құнарлығы малдан алынатын соңғы өнім еттін сапалы болуына ықпал етеді.

    Гауһар УМАРОВА


     
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

    Оставьте ваш комментарий!
    Введите здесь свое имя

    Последние новости

    Пропавшего пастуха нашли в ЗКО с помощью дрона

    Мужчина выехал на лошади на поиски пропавшего скота, но...

    Более 56 км дорог было отремонтировано в этом году в Уральске 

    В акимате города начали подводить итоги уходящего года. На...

    Рекомендуем

    Более 56 км дорог было отремонтировано в этом году в Уральске 

    В акимате города начали подводить итоги уходящего года. На...

    Сотрудник таможенной службы ЗКО получил 10 лет колонии за взяточничество

    Приговор в отношении бывшего служащего департамента государственных доходов огласили...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл