Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
-8 C
Уральск
5.1 C
Аксай
Еще

    Ақжайық тұрғындарына «Бастау Бизнес»: мал шаруашылығына аса көңіл аудару

    Белгілі болғандай, «Бастау Бизнес» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасына кіреді. «Н» бұл бағдарлама аясында ауылда қандай кәсіпкерлік бастамалардың жүзеге асып жатырғандығы туралы хабарлауын жалғастырады. Бизнес-тренер Әсемгүл Қадырхан Ақжайық ауданында таныстырылуға ұсынылған жобалар жайында айтып берді.


    Еске сала кетейік, Ақжайық ауданында оқудың төртінші ағынында 25 адам қатысты, оның ішінде тоғыз қатысушысы өздерінің бизнес-жобаларын қорғауға ұсынды. Әсемгүл Қадырхан хабарлап өткендей, барлық бизнес-жобалар негізінен мал шаруашылығын дамытуға бағытталған, нақтырақ айтсақ, ірі қара малды бордақылау және өсіру болып табылады. Қазіргі уақытта, «Бастау Бизнес» бойынша оқудың бесінші ағыны аяқталып жатыр, қатысушылары өздерінің бизнес-жобаларын қорғауға дайындалуда. Еске салып өтейік, Зеленов және Теректі аудандары Орал қаласында БҚО Кәсіпкерлер Палатасы базасында бизнес-бастамаларын таныстыратын болса, Ақжайық, Казталов, Жаңақала аудандары бизнес-жобаларын қорғауды онлайн –тәртіпте жүргізеді. Айтпақшы, әлеуетті кәсіпкерлерді қамту деңгейінің төмендігі олардың алыс аудандарда тұруына байланысты болғандықтан, «Бастау Бизнес» оқуының бесінші ағыны Ақжайық ауданының Тайпақ ауылында өтуде.

    Сүт шаруашылығы
    Ақбұлақ ауданының тұр-ғыны Мұратқали ЕСЕЛБАЕВ сүт өндіру шаруашылығын ұйымдастыру үшін ең алдымен тұрған міндеттерге қарызға алынатын қаражатты тарту, сондай-ақ 20 бас ірі қара мал алу, күтілетін бизнестің қаржылай нәтижесін бағалау және инвестициялау кезеңінде стратегия құруды атап көрсетеді. Жоба бойынша инвестициялаудың жалпы көлемі 4 000 000 теңге құрайды.
    Технологияға келер болсақ, болашақ кәсіпкер бизнес-жоспарында айтып өткендей, ол малды жыл бойына бірыңғай азық мөлшерімен бордақылап қорада ұстауды қарастырады, бұл сүт өндіруде маусымдық өзгерулерден құтылуға және қыс мезгілінде де өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді (10-12%-ға). Жоба қатысушысының мәліметі бойынша, малдарды байламай жарық, құрғақ , жақсы желдетілетін жерде ұстайтын болады, оның нәтижесінде өнімділік 20%-ға артуға мүмкіндік алады.
    Ақжайық ауданының Ақбұлақ ауылындағы ауа-райы жағдайы мал шаруашылығын дамытуға өте қолайлы екендігін айтып өту керек. Шаруашылығында жеке мүлік құқығында жер телімімен фермасы бар. Ауыл тұрғынының бизнес-жоспарында Батыс Қазақстан облысы табиғи ықпалы, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық-географияық жағдайы бойынша ет-сүт өнімдері кластері және бордақылау алаңдарын ұйымдастыру бойынша бизнес-бастамаларды жүзеге асыру үшін өте қолайлы аймақ болып табылатындығы аталады.
    Мұратқали Еселбаев сүт өнімдерін сата отырып, шығынын жауып қана қоймай, түскен кірісті малды қайта өсіруіне және жемдік қорын бекітуге де мүмкіндік ала алатындығын топшылайды. Ұсынылған жобаның іске асуы ірі қара мал басының санын көбейту жолымен саланың қарқынды дамуына бастапқы жағдай туғызып және сүт-тауар фермасын ашып қана қоймай, жарамсыз деп танылған табынды өсіріп сою арқылы ет өндірісінің көлемін арттыруға, сонымен қатар сүтті және етті мал шаруашылығы саласында бәсекелестікті арттырады. Бұған қоса, жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.
    Жобада бастамашының бизнес-идеяны жүзеге асыруға қажетті материалы-техникалық базасы бар екені айтылған. Қазіргі уақытта ол сиыр етін өндіру мен ірі қара мал басын ұдайы қалпына келтірумен айналасады. Қарыз алушының кредиттік тарихын талдау барысында оның екінші деңгейлі банктер алдында міндеттемелерін орындауда мерзімін өткізу және басқа да бұзуларға жол бермегендігі анықталды, бұл қарызгер беделінің оң екенін көрсетті.
    М.Еселбаев ірі қара малдың тұқымы арасынан мысал ретінде қара шұбар тұқымын ұсынады. Оның мәліметінше, бұл тұқым жергілікті малмен швед елінен шыққан қара шұбар малын бодандастыру арқылы алынған. Сиырдың қара шұбар тұқымы ірі көлемді, кішкене ұзартылған үйлесімді денелі, терең және ені орташа төсті, арқасы мен белі жалпақ, мықты сүйекті болып келеді. Бұл тұқымды бұзаудың туылған уақыттағы салмағы 32-ден 40 кг дейін жетеді. Сібір тұқымды сиырдың салмағы – 450-500 кг, орта орыс – 550-650 кг. Бұқаның салмағы 860-тан 1100 кг жетеді. Қара шұбар тұқымды мал негізінен құрамында аз көлемді майлылығы бар жоғары сүтті өнімді болып келеді. Бұл тұқымды сиырдың сүтінің майлылығының шегі – 2,5-тен 5,4-ке дейін пайыз аралығында болады.
    Жобаның бастамашысы ет-сүтті нарықтың жұмысын да зертеген. Оның бизнес-жобасында атап көрсетілгендей, соңғы кездері шетел валютасының қымбаттауы әсерінен сүт өнімдерін импорттау азайып, отандық өнімнің үлесі айтарлықтай өскен. Сұраныстың өсуіне байланысты, барлық уақытта азық-түлік қорында бірінші қажеттілікке жататын сүт өндіру саласында да жаңа табысты бизнес ашуға мүмкіндік туды. Жаңа жағдайда ұқыпты жасалған сүт фермасының бизнес-жоспары болғанда, болащақта тұрақты табыс алып келіп отыратын фермерлік шаруашылық құруға болады.
    «Бастау Бизнес» жобасының қатысушысы малдан пайда болатын өнімдер ішінде сүт ерекше орын алатынына сенімді. Адамның рационындағы көптеген пайдалы заттардың көзі бола отырып, ол ағзада тарауы мен сіңуі жақсы болып келеді. Сүт өнімдерін тұтынуды алып тастауға немесе азайтуға болмайды. Жобада сүт өнімдерін өндіру көлемінің азаюы ең алдымен тауар өндірушілердің бағаның тұрақсыздығы, төлем болмауының артуы, азықпен және басқа да материалды-техникалық ресурстармен қамтамасыз етудің бұзылуы, сонымен қатар асыл тұқымды селекциялау жұмыстары дейгейінің төмендеуі жағдайында саланы дамытуға қызығушылық танытпай отырғаны айтып өтілген.
    Бизнес-жоспарда сүтті мал шаруашылығының өнімі өндірісінің тиімділігінің арттыру мәселесі қазіргі таңда ауыл шаруашылығында ең маңыздылардың бірі болып табылады. Мал шаруашылығының дамуына теріс әсер — баға қалыптасуының жетілдірілмеуі, өнеркәсіп және ауылшаруашылық өнімдерге бағаның тұрақсыздығы, мемлекеттік қолдаудың болмауы және тағы да басқа факторлар. Малдың төменгі өнімділігінің негізгі себептеріне тек қана мал шаруашылығының шикізатының сапасының төмендігі ғана емес, сонымен қатар жоғары еңбек сыйымдылығы мен сала өнімін өндірудің шығындылығы әсер етеді.
    Жоба бастамашысының серіктестерімен жұмысы қандай тәсілмен жүргізілетін болады? Бизнес-жоспарда көрсетілгендей, жұмсақ баға саясаты мен жеңілдіктер жүйесін қарастыратын келісім-шарттарға отырылатын болады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта өзара тиімді шарттарда өнімдерін бала бақшалар мен лагерьлер, мектеп-интернаттармен әріптестік қарым-қатынастар орнатылған. Жоба бастамашысының хабарлауынша, ол басқа жеткізушілерге қарағанда шығарылатын азық-түліктің бағасы төмен болуына тырмысатынын айтты. Оның мәліметінше, мұндай мүмкіндікке өзінің жеке шикізат базасы мен жаңа технологияларды пайдалану арқылы қол жеткізуге болады.
    Жобаны жүзеге асыру барысында аймақтың барлық экологиялық және табиғатты қорғау бойынша талаптары орындалып, өнім сапа сертификатына ие болады.

    Соңғы өнім – ет
    Жайық ауылының тұр-ғыны «Бизнес Бастау» оқуының қатысушысы Әлібек ТІЛЕПБЕРГЕНОВ жобасыда ірі қара малды бордақылауға есептелген. Ауыл тұрғыны қызметінің мақсаты материалдық әл-ауқатын жақсарту үшін табыс табу болып табылады. Бордақылау арқылы кейін мал шаруашылығының өнім алу жобасы ет өңдеу кәсіпорнына, дүкен және көтерме сауда орындарына есептелген. Негізгі тұтынушылары Ақжайық ауданының, Орал қаласының, сонымен қатар көрші облыс тұрғындары болып табылады.
    Болжам бойынша, бұқаларды бағып-күтумен «Бастау-Бизнес» жобасының бастамашысы өзінің жанұясымен айналысса, уақыт өте келе бір жұмысшы жалдайды деп күтілуде. Бизнес-жобада көрсетілгендей, жобаны жүзеге асыру өзі жұмыс жасайтын Ақжайық ауданының бюджетіне қосымша кіріс түсіреді, сонымен бірге ірі қара малдың санының артуына ықпал етеді. Ірі қара мал және азық сатып алуға қатысушы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан жылдық 6 пайыз мөлшерлемемен 78 айға 2 000 000 теңге несие сұратып отыр.
    Қазіргі уақытта, Әлібек Қуанышұлы жеке қосалқы шаруашылығына ие және осы қызметін кеңейтуді жоспарлап отыр. Ауылдық жерде үй мен шаруашылық құрылыстардың болуы оған ірі қара малды бордақылауға ұстап, сонымен қатар мал басын арттырумен шаруашылығын күшейтуге мүмкіндік береді. Жоба бастамашысы қарыз ақшаға бордақылауға 10 бас бұқа сатып алуды жоспарлауда. Сатып алынатын бұқалардың жасы 9-дан 24 ай аралығында, орташа тірі салмағы – 320 кг. Бордақылау кезеңі 90-240 күнге есептелген.
    Ірі қара малды сатып алуға 2 000, 0 мың теңге, 2017 жылы – бір басқа 170 мың теңгеден, кейінгі жылдары да 170 мың теңгеден жұмсау жоспарлануда. Ірі қара малды сатып алу тұрғындардан жүргізіледі.
    Жобаның қатысушының ойынша, ауа-райының қолайлығын ескере отыра, ірі қара малды ұстап үлкен шығындарды талап етпейді. Табиғи-ауа райы жағдайының қолайлығы малды құрамында көптеген нәрлі заттары бар жасыл азықпен барынша жабдықтауға мүмкіндік береді, бұл өз алдына соңғы өнім – еттің сапасына әсер ететіні анық.
    Қажет болған жағдайда, болашақ кәсіпкер өзінің қаражатын қосу мүмкіндігі бар, себебі, жеке ірі және кіші мал шаруашылығынан қосымша табыс табатыны көрсетілген. Сонымен қатар, бизнес-жоспарда жоба идеясы кәсіпкер тарапынан қоршаған ортаға қандайда бір түбегейлі өзгерістер қарастырылмаған.
    Тағы да бір ірі қара малды бордақылау бойынша жобаны Ақжайық ауданы Ақсуат ауылының тұрғыны Отызбай ЖАЙСАНБАЙ ұсынды. Ауыл тұрғынына жылдық 6 пайыз мөлшерлемемен 78 айға 2 000 000 теңге несие қажет. Қаржыны ірі қара мал мен жем сатып алуға жұмсайды, ал несие нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан сұрайды. Жоба Ақжайық ауданы мен Орал қаласының тұрғындарына есептелген. Жалақысы 35 мың теңге болатын бір жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
    Бизнес-жоспарда баста-машының жеке қосалқы шаруашылығына ие және осы қызметін кеңейту жоспары аталып көрсетілген. Ауылдық жерде үй мен шаруашылық құрылыстардың болуы оған ірі қара малды бордақылауға ұстап, сонымен қатар мал басын арттырумен шаруашылығын күшейтуге мүмкіндік береді. Ауылдық тұрғын осы жылы 10 бас ірі қара мал сатып алып, келесі жылы – оның санын көбейтуді жоспарлауда. Бизнес-жоспарда көрсетілгендей, етті бөлшек саудада нарықтық бағасы килограммы 1300-1600 теңгемен сатылса, онда табыстың сатудан пайдасы 7-ден 23-ке пайызға өсуі мүмкін.
    Чапай ауылының тұрғыны, «Бастау Бизнес» қатысушысы Кербез КОШАЙ нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан жылдық 6 пайыз мөлшерлемемен 78 айға 2 000 000 теңге несие сұратып отыр. Бизнес-жоба, бұған дейін айтылғандардай, ірі қара малды бордақылауға бағытталған. Бастапқы уақытта бұқаларды бағып-күтумен кәсіпкер өзінің жанұясымен айналысса, уақыт өте келе бір жұмысшы жалдайды деп күтілуде. Кербез Кошайда өзінің шаруа қожалығы бар және өзінің қызметін кеңейткісі келеді, қарыз алынған ақшаға ол тоғыз бұқа сатып алуды жоспарлап отыр. Оның мәліметінше, сатып алынатын бұқалардың жасы 9-дан 24 ай аралығында, орташа тірі салмағы – 320 кг. Бордақылау кезеңі 90-240 күнге есептелген. Тәуліктік салмақ қосу ауылдық тұрғынның пайымдауынша 0,7 кг шамасында. Бордақылау кезеңінде салмақ қосу шамамен 168 кг құрайды, ал бордақыланған бұқаның сату уақытындағы тірі салмағы – 488 кг.
    Ірі қара малды сатып алуға 2 000, 0 мың теңге, 2017 жылы – бір басқа 190 мың теңгеден, кейінгі жылдары 190 мың теңгеден жұмсау жоспарлануда. Ірі қара малды сатып алу тұрғындардан жүргізіледі. Сонымен қатар, жобаны жүзеге асыру мақсатында, қажет болған жағдайда болашақ кәсіпкердің өзінің қаражатын қосу мүмкіндігі бар.
    Ұқсас жобаны Чапай ауылының тұрғыны Олжас ШАРИПОВ ұсынды. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 2 000 000 теңге несие сұратып отыр. Негізгі тұтынушылары Ақжайық ауданының, Орал қаласының, сонымен қатар көрші облыс тұрғындары болып табылады. Бұл жобаны жүзеге асыру арқылы ауылдық жерде бір жұмыс орнын ашуға мүмкіндік туады. Олжас Шариповтың ауылдық жерде үйі мен шаруашылық құрылыстарының болуы оған ірі қара малды бордақылауға мүмкіндік тудырады. Ауа-райының қолайлығын ескере отырып, ірі қара малды ұстау үлкен шығындарды талап етпейді. Табиғи-ауа райы жағдайының қолайлығы малды құрамында көптеген нәрлі заттары бар жасыл азықпен барынша жабдықтауға мүмкіндік береді. Қолайлы жағдай өз алдына соңғы өнім – еттің сапасына әсер ететіні анық..

    Автомобильшілерге қызмет көрсету
    Ақжайық ауданының жеке кәсіпкері Э. НҰРМАҚОВА қажетті жабдықтарды алу арқылы кішігірім техникалық қызмет көрсету станциясын ашуды көздейді. Жоба бастаушысы алдына келесі мақсаттарды қояды:
    1. станция үшін жабдықтар мен құралдарды алу;
    2. түрлі тұтынушылардың, сондай-ақ, мекеме мен ұйымдардың автокөліктеріне жөндеу және техникалық қызмет көрсетудегі қажеттілікте жоғары деңгейде қанағат болуларын қамтамасыз етуге;
    3. қауіпіздік және қызмет көрсетуде мәдениеттің жоғары деңгейін қамтамасыз ету;
    4. мекеменің қаржылай орнықтылығын және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете алатын тиімді сату стратегиясын құру.
    Жобаның қаржыландыру көзі банк несиесі болып табылады. Жобаның жүзеге асуының толықтай құны 3,5 млн теңгені құрайды, өтелу мерзімі 18-24 ай. Жобаны іске асуы аясында автокөліктер құралдарына ағымдық және күрделі жөндеу жүргізу, сондай-ақ жеңіл және жүк көліктеріне дөңгелек жөндеу бойынша қызметтер көрсету жоспарлануда. Көрсетілетін қызметтер пакеті доңғалақ ауыстыру, доңғалақ дискілерін, доңғалақ тысын ауыстыру (жарылу, кесілудің алдын алу), сондай-ақ жаңа және ұсталған доңғалақ тыстарын, жазғы және қысқы шина, автобөлшектерді сату, доңғалақтарды тарту, құралдарды беру (домкраттар, сығымдағыштар (компрессор), баллон кілті) және міндетті түрде станцияда жүргізушіге шәй, кофе және ыстық тағам ұсынылады.
    Ғимаратқа келер болсақ, жоба бастамашысы сонынан сатып алу мүмкіндігімен жалға алуды жоспарлап отыр. Ол жол қозғалысы белсенді жерде Орал-Атырау автожолына жақын орналасқан. Онымен қоса, жақын маңда үлкен авто паркі және басқа да техникасы бар Ілбішін ауылы орналасқан. Кәсіпкер штатта небары екі адам болады деп жоспарлайды, оның ішіне бастамашының өзі де кіреді, ол басшылық жұмыстардан бөлек, өзге де жұмысшылар секілді жөндеу жұмыстарымен айналысатын болады. Екі қызметкердің еңбекақы төлеу қоры автомобильдерді жөндеу жұмыстары бойынша көрсетілген қызметтерінен түскен қаржының 30% -нан тұратын болады.
    «Бастау Бизнес» қатысушысы қазіргі уақытта шиномонтаждық қызметке, әсіресе үлкен жүк автокөліктеріне талап жоғары деп есептейді. Жүргізуші автомобильді пайдалану барысында бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткішіне, бақылау лампаларының белгілеріне, барлық механизмнің жұмысына, торабы мен жүйесіне, олардың жұмыстарының қалыпты жағдайдан ешқандай ауытқушылықтарының болдырмауын мұқият бақылауы қажет. Э.нұрмақова бизнес-жоспарында автомобильдерге сервистік қызметтің дамуы ТҚС –ның тез жабдықталуымен, арнайы орын мен жер телімін сипатталады. Ал, бұл өз кезегінде мамандар алдына автокөліктерді жөндеуде және қызмет көрсетуде сауатты пайдалану, құралдарды дұрыс пайдаланумен байланысты бірнеше тәжірибелік маңызы бр міндеттерді қояды.Сервистік қызмет көрсетудің негізгі критерийлерінің қатарына оның орындалу мерзімі және әрекет ету жылдамдығы, ары қарай басымдығына қарай алдыңғы тәжірибе мен ұсыныстар, таңдаудың елеулі критерияларынан кем емес дәрежеде оның құны, сондай-ақ, шығатын бригаданың бар болуы, жөндеу бойынша кепілдік және қызмет көрсету орнының орналасу жері болып табылады.
    Жоба бастамашысының мәліметі бойынша, маркетингтің маңызды бағыты — сатудың көлемін өсіруге жағдай тудыратын баға белгілеудің икемді жүйесін жасап шығару. Сауданың үстеме бағасын сұрыптау маңызды роль атқарады. Нарықты кеңінен қамту және өткізудің қарқындылығы, сапалы қызмет көрсету, ұдайы әлеуетті серіктестерді іздеу, сондай-ақ, кәсіпорынның қызмет етуіне қауіп төндіретін факторларды қадағалау, мысалы бәсекелестердің сату саясаты, заңнамадағы өзгерістер кәсіпорынның негізгі стратегиялық саясаты болып табылады. Маркетингтік саясатты жүргізу келесі жұмыстарды сыртқы жарнаманы орналастыру, визит карточкаларын тарату және сапалы қызмет көрсетудің негізгі әдіс-тәсілдерін қамтиды.
    Кәсіпкердің есептеуінше шиномонтаж шеберханасының негізгі жабдықтары жеңіл және жүк автомобильдерге арналған автоматтандырылған дөңгелек жөндеу орындары, түрлі домкраттар (жылжымалы, гидравликалық, пневматикалық), үйлестірілген білдектер, компрессор, гидравликалық көтергіштің, вулканизатор, шиналар және камераларды тексеру үшін аппарат болуы қажет. Кәсіпкердің айтуынша, автотехникаларды жөндеуге арналған жабдықтардың бірқатар артықшылықтар бар. Бұл мысалға, шағын өлшемі және шағын салмағы, ақау тораптары кешендерінде бекітудің оңтайлы жүйесі, олар кез келген биіктікте және кез келген бұрышта жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Қатысушы осы жабдықтарды қолдана отырып, кәсіпорын өзінің механик –шеберінің уақытын үнемдейді. Оның мәліметтері бойынша, жоғары сенімділік, оған қоса пайдалануда қарапайымдылық –кез келген ұсынылған жабдықтардың ерекше белгілері болмақ.
    Кәсіпорын салықтық есеп беруде оңайлатылған нысан бойынша қызметін іске асырады деп есептілігін. Жобаны іске асыру алғышарты кәсіпорын, жеке кәсіпкердің табыстарын ұлғайту мақсатында және нарықта жағдайын орнықтыру үшін техникалық қызмет көрсету станциясын ұйымдастыруға құрал-жабдықтар сатып алу қажеттілігі болды.

    Гауhар УМАРОВА


     
    Предыдущая статьяЗа вклад в развитие Аксая
    Следующая статьяС ракеткой юниоры
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

    Оставьте ваш комментарий!
    Введите здесь свое имя

    Последние новости

    С нового года вода в Уральске станет дороже

    Вместе с введением социальных норм потребления воды для населения...

    Антикор: в ЗКО нет системы планирования ремонта дорог

    На брифинге в РСК с критикой в адрес заказчиков...

    Рекомендуем

    Предновогодняя ярмарка пройдет в Уральске

    Местные товаропроизводители представят свою продукцию для горожан к новогоднему...

    Более 56 км дорог было отремонтировано в этом году в Уральске 

    В акимате города начали подводить итоги уходящего года. На...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл