Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
-1 C
Уральск
-4.9 C
Аксай
Еще

    Республика күні қарсаңында БҚО-да жаңа аудандық сот ғимараты ашылды

    Бөкей Орда ауданына жұмыс сапары аясында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Сайқын ауылындағы аудандық сотының жаңа ғимаратының ашылу салтанатына қатысты. Іс-шара республика күніне орай өтті.

    Айта кету керек,  бұрынғы аудандық сот тозығы жеткен ауыл шетіндегі ғимаратта орналасқан болатын. Ескі сот ғимаратына кіреберіс жол мен көлік тұрағы да болмаған. Бұрынғы соттың жұмыс кабинеттері тар болғандықтан да  қызметкерлер мен сотқа келушілерге қолайсыздық туғызды.

    Ал, жаңа сот ғимараттың жалпы ауданы 720 шаршы метрді құрайды. Ішінде кеңесу бөлмесі, азаматтық және қылмыстық істерді қарауға арналған сот залы, мәжіліс залы, күзет бөлмесі, мұрағат, адвокат пен прокурордың кабинеттері бар.

    Сот өрт сөндіру және қауіпсіздік жүйесімен, бейнебақылау камераларымен, қауіпсіздік жүйелермен,  құрылымдық кабельдік желімен және т.б заманауи қондырғылармен жабдықталған.

    Жаңа сот ғимараты  жергілікті бюджет есебінен салынды.

    Облыс әкімі Нариман Төреғалиев аудан  тұрғындары мен сот қызметкерлерін осы маңызды оқиғамен құттықтады.

    «Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесін жетілдіруді, материалдық-техникалық базаны нығайтуды, сот қызметіне жаңа технологияларды, цифрландыруды енгізуді тапсырған болатын. Судьялардың 9-шы съезінде Президентіміз Әділетті Қазақстанды құруда соттардың маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Өңіріміздегі барша сот мамандары әрдайым әділдікті ту етіп, Мемлекет басшысының реформаларын тиімді іске асыратынына сенемін», — деп атап өтті облыс әкімі.

    Ашылу салтанатына ҚР Сот Әкімшілігі басшысының орынбасары Жантемір Шакиев, БҚО облыстық соты төрағасының м.а., сот саласының ардагерлері мен қызметкерлері, сондай-ақ аудан тұрғындары қатысты.

    БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі


     

    ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

    Оставьте ваш комментарий!
    Введите здесь свое имя

    Последние новости

    В обменниках Уральска доллар продают за 502 тенге

    Сегодня, 18 ноября, доллар достиг психологической отметки в 500...

    К концу года в Уральске планируют сдать реабилитационный центр для инвалидов за 7,3 млрд тенге

    Строительство социального объекта ведется в новостроящемся микрорайоне Акжайык. На...

    Рекомендуем

    Канализационные стоки заливают дворы частных домов в Уральске (ВИДЕО)

    В редакцию «Н» обратились жители домов, расположенных в районе...

    Серьёзные нарушения выявила проверка продуктов на полках магазинов Уральска

    Помимо отсутствия необходимой информации на упаковках и маркировки товаров,...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл