Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
-10 C
Уральск
5.1 C
Аксай
Еще

    Шыңғырлаулықтар мен бөрліліктер қандай іспен айналысуды қалайды

    «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағытын жүзеге асыру аясында, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша өткізілетін оқыту туралы оқырмандарды ақпараттандыруды жалғастыра отырып, біз ауылдық елді-мекен тұрғындарының бизнес-бастамаларына көңіл бөлеміз.

    Осылайша, ауылдықтардың кәсіпкерлік әлеуетін, олардың болашақты болжау қабілетін көрсетеміз. Бұл шығарылымда Шыңғырлау және Бөрлі аудандары тұрғындарының бизнес-бастамалары туралы айтамыз. Айта кетсек, бұл аудандар биылғы жылы алғашқы рет кәсіпкерлік негіздерін оқытумен қамтылып отыр.

    Үш «Н» ережесі
    Шыңғырлау ауданы Ақшат (бұрынғы Лубенка) ауылының 26 жасар тұрғыны Райымбек Исекенов алты жыл бұрын үйінде тұрмыстық және компьютерлік техниканы, мобильді телефондарды жөндеумен айналыса бастады, ал осы жылдың ақпан айында жеке кәсіпкер ретінде тіркелді. Көктемде «Бастау Бизнес» жобасы туралы естіп, бизнес жүргізу негіздерін оқыту курсы ұсынып отырған мүмкіндікті пайдалануды шешті. Сонымен қатар, бизнес-тренер Нұртай Батырғалиев жоба қатысушыларына маркетингті ұйымдастыру, басымдылықты анықтау, табысты бөлу туралы, оған қоса кәсіпкерлікті қолдау және дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар туралы жеткізді. Жұртқа мәлім, ол бағдарламалармен өз ісін бастағалы жүрген кәсіпкеpлерге тиімді шарттармен несиелеу арқылы қаржылай қолдау қарастырылған, ал Р.Исекенов өзінің кәсіпорнын кеңейту мүмкіндіктері барлығына қуанды.
    Оның қызметіне ауылдастар арасында сұраныс жоғары (күніне 5-6 тапсырыс түседі), ал аудан орталығында техника мен телефондарды жөндеумен ешкім айналыспайтынын ескере отырып, Райымбек Шыңғырлау ауылында офис ашу туралы ойланды. Аудан орталығында офис ашқанда тапсырыс қабылдайтын және басқа да жұмыстарды жасайтын қызметкер қабылдау туралы да ойластырды. Несиелеу шарты бойынша кепілдік мүлік ұсыну қажет, ол жас жігітте болды, бірақ оған бұрынғы несиелері бойынша мерзімінен кешіктірілген төлемдер болуына байланысты жобаны мақұлдамады.
    «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның облыстық филиалында Исекеновтың жобасына қызығушылық білдіріп, оның қызметіне әрдайым сұраныс болатынын айтты, алайда, осы жағдайда несиеге өтінімді қолдай алмайтынын жеткізді.
    Бірақ жас жігітке көңілін түсірудің қажеті жоқ, себебі «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасымен құны 3 миллион теңгеге дейінгі инновациялық жобаларды қайтарымсыз негізде қаржыландыру қарастырылған. Мүмкін, Райымбек конкурсқа қатысуға тырысып, жобасын табысты ұсынса, мүмкіндік әрқашан бар. Қалай болғанда да, «Н» шын көңілмен соны тілейді.

    Екеуге бір шешім
    44 жасар Сандуғаш Сарсенова бұрын саудамен айналысқан, ал маусым айында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудан өтті. Қызмет түрін таңдауға келгенде, зайыбы Ерланмен бірге техникалық қызмет көрсету станциясын ашуды шешті. Қазіргі уақытта ер адам техникалық қызмет көрсету станцияларының бірінде жасайды (Шыңғырлау ауданында үшеуі бар), өз ісін ашуға мүмкіндік пайда болғанда, оны пайдалануға шешім қабылдады. Оған қоса, бизнесті бастауға үй ауласының көлемі мүмкіндік береді.
    Үйді кепілдікке салып, Сандуғаш Далабайқызы несиелік қарыз алуға өтінім берді, қазір оның жобасы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-да қарастырылуда.
    Несиелеу шарттары (6 жыл мерзімге – 6 жылдық пайыздық мөлшерлемемен, жеңілдік кезеңі – 6 ай) Сарсеновтерді қанағаттандырады: отағасы осы салада жұмыс жасай отырып, тапсырыссыз қалмайтынына сенімді, яғни ер азамат қарызды қайтару бойынша ешқандай қиындық туындамайтынына сенімді.
    Жоғарыда айтқандай, С.Сарсенованың бизнес-жоспары қарастырылу үстінде.
    Аналар мен сәбилерге арналған дәмхана

    Жобаның келесі қатысушысы – 43 жасар Алмагүл Кужиева – үш баланың анасы, олардың ең кішісіне 3,5 жас. Азаматша көп балалы аналарға кейде үй шаруасынан демалып, үйден тыс жерде жақсы уақыт өткізіп, дәмді пісірілген нан мен шәй ішуге мүмкіндік беретін жайлы дәмхана қажет екенін түсінеді. Алмагүлдің айтуынша, аудан орталығында «Тойхана» дәмханасы бар, бірақ онда жиі той-думандар ұйымдастырылатынын ескерсек, бұл жерде кішкене бос уақытты өткізу мүмкін болмай жатады. Сондықтан кәсіпкерлік негіздеріне оқыту кезінде шағын дәмхана ашу идеясы келді, онда сәби отырғышы, жүріс арбасы, ойыншықтармен жабдықталған балаларға арналған бұрыш ұйымдастыру ойы болды.
    Келушілерге дәм ретінде ұсынылатын кондитер тағамдарын – кәсіпкер өзі пісіруді және осы дәмханада балаларға арналған мейрамдар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Әрине, бұл қызмет түрі жұмысшылар штатын қажет етеді, сондықтан қызмет түрінің кеңеюіне қарай жұмыс орындары ашылатын болады.
    Алмагүл қазірдің өзінде жалға алатын орын-жай туралы келіссөздер жүргізуде. Кредит алуға өтінім бересіз бе деген сұраққа, бизнесін өз қаражатына ашуды жоспарлап отырғанын айтты.

    Шыңғырлаулықтар жоба туралы
    Сауалнамаға жауап берушінің үшеуі де «Бастау Бизнес» жобасы туралы оң көзқараста, олардың ойынша бұл жоба адамға өзінің сенімсіздігін, қорқынышын жеңуге және өзінің әлеуетін арттыруға көмектеседі.
    Шыңғырлау ауданының бизнес-тренері Нұртай Батырғалиевтің айтуынша, ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқытумен ауданның 74 тұрғыны қамтылды, олардың ішінде тек қана аудан орталығының тұрғындары емес, сонымен қатар, Ақшат (бұрынғы Лубенка), Алмазное, Полтавка, Ащысай ауылдарының тұрғындары бар. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сертификатын алған жоба қатысушылар санының жартысынан көбі (38) – әйел адамдар.
    Оқытудың үш ағынында жалпы сомасы 58 млн. теңгені құрайтын 21 жоба қаржыландырылған, тағы 7 жоба «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-да қаралуда.
    Н.Батырғалиев хабарла-ғандай, жыл аяғына дейін Шыңғырлау ауданының 75 тұрғынын оқыту көзделіп отыр. Халықты ақпараттандыру аудандық және ауылдық әкімдіктер, аудандық «Серпін» газеті мен әлеуметтік желілер арқылы жүргізілуде.

    Бөрліліктер қандай іспен айналасуды қалайды
    Бөрлі ауданының тұрғын-дары арасында кәсіпкерлікті жүргізу негіздерін оқытудан 71 адам өткен. «Бастау Бизнес» жобасының 14 қатысушысы «Ауыл шаруашылығын қар-жылай қолдау қоры» АҚ арқылы қаржыландырылды, несиелеудің жалпы сомасы – 50,8 млн. теңге.
    7 адам жалпы сомасы 21 млн. теңгені құрайтын «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на құжаттарын тапсырған. 3 бөрлілік бизнесін өз қаражатына ашқан.
    Бөрлі ауданы бойынша бизнес-тренер Зульфия Бадееваның айтуынша, өз ауданында ең көп тараған қызмет түрі – қызмет көрсету саласы болып отыр, оның ішінде жолаушы және жүк тасымалы саласы қарқынды дамуда (облыс орталығына жақындығы әсер етуде).
    Мысалға, 49 жасар Алтынбек Блалұлы Мыңжасаров «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқытуды көктемде өткен, қажетті сертификатты алғаннан кейін, «Ақсай – Орал – Ақсай» бағыты бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыру үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы алған несиеге жеті орындық ресейлік «Lada Largus» (Лада Ларгус) автокөлігін сатып алды. Міне үш ай бойы кәсіпкер өз ісін табысты жүргізуде.
    Айта кететін жәйт, азаматтың мүгедектігі бар (2 топ), сондықтан маршрутты таксидің жүргізушісі болып өзінің ұлы қызмет атқаруда. Қалай болғанда да, «Бастау Бизнес» жобасы арқасында А.Мыңжасаров өзінің отбасын тұрақты табыспен қамтамасыз етіп отыр.
    Ақсай қаласының басқа тұрғыны – 46 жасар Берікқали Тишканов – бизнес жүргізудің негіздері бойынша оқытудан өткен уақыттың өзінде екі жыл бойы ресми түрде автокөліктің шанағын жөндеумен айналысып жүрді және оған құрылғы сатып алуға қаражат қажет болды. Өз ісін кеңейту үшін қажетті 3 млн. 800 мың теңгені «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның облыстық филиалының қаржыландыруы арқылы алды. несиелеу шарты – бес жылға жылдық 6 пайыздық мөлшерлемемен, жеңілдік кезеңі – 6 ай, бұл шарттар кәсіпкерді қанағаттандырды: Берікқали Масалимұлының қызметі автокөлік иелерін арасында көп сұранысқа ие екенін ескере отырып, қарызды қайтаруда қиындық туындамайтынына сенімді.
    Айта кетсек, Тишканов өзімен қатар, кәсіпорнында жұмыс жасайтын екі адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етті.

    Бизнестің әдемі келбеті
    Бөрлі ауданының азаматшалары да табысты кәсіпкер ретінде танылуға беріліп отырған мүмкіндікті белсенді пайдалануда. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқытудан өткен қатысушылар жалпы санының 43%-ы – әйел адамдар. Зульфия Мәдиқызы көп балалы аналардың да өзінің ойын жүзеге асыруға деген талпынысына көп қуанатынын айтты.
    Мысалға, 37 жасар Назира Киреева – бес балалның анасы, ең кішісіне 1 жас, бірақ бұл жағдай оған жобаға қатысып, өз ісін ашуға кедергі болмады. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдай қоры» АҚ-ның қолдауын пайдаланып, шағын автобус сатып алды, және Алтынбек Мыңжасаров секілді Орал қаласы арасында жолаушылар тасымалын ұйымдастырды.
    Бизнес ашқаннан кейін Назира Төлегенқызы бір жұмыс орнын ашты.
    Ақсай қаласының тағы бір көп балалы анасы – 36 жасар Гүлжан Төлепбергенова – «Бастау Бизнес» жобасына келместен бұрын көп жыл бойы терезе және төсек-орын жабдықтарын тігумен айналысты (соның ішінде тапсырысқа), сондықтан азаматша қызмет бағытын таңдарда қиындық болмады. Үйінде тігін-шеберханасы болған, бірақ Төлепбергенова жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, жаңа мәртебеге ие болуына байланысты, ол өндірісті кеңейтуді ойластырды, ол үшін лазерлі кесу мен матаны өңдеуге арналған тігін құрал-жабдығын сатып алу қажет болды.
    Бизнес-тренер атап өткендей, 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасымен ірі қаржыландыруды талап етпейтін бизнес-жобаларды қайтарымсыз қаржыландыру қарастырылған. Осы бағдарламаның операторы аумақтық халықты жұмыспен қамту мекемелері болып саналатынын ескерсек, Ақсай қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы Гүлжан Төлепбергеноваға тігін құрал-жабдығын сатып алуға конкурстық негізде грант бөлуге ниет білдіріп отыр.
    Өз ісін жаңадан бастағалы отырған 29 жасар кәсіпкер Индира Есенғалиева да мемлекет тарапынан осындай көмектің түрін алуға үмітті. Жас қыз тырнақ күту саласында, қажет болған жағдайда, медициналық ем беру арқылы қызмет көрсетеді, ал «Бастау Бизнес» жобасы арқылы оқытудан өткендігі туралы сертификат алғанға дейін және жеке кәсіпкер ретінде тіркелместен бұрын келушілерді үйінде қабылдап жүрсе, қазір орын-жай жалға алу ойы бар. Алған қаражатқа маникюр мен педикюр шебері жұмысына қажетті құрал-жабдықтар мен басқа да жабдықтар сатып ауды жоспарлауда.
    Қазіргі уақытта Индираның тұрақты клиенттерінің ішінде жасөспірімдерден (14 жастан) бастап жасы ұлғайған әйел адамдар да бар, бірақ әрбір кәсіпкер секілді, ол өз қызметін кеңейтуге талпынады.
    Жас буынның тағы бір өкілі – 28 жасар Әйгерім Жұмашева – ірі қара малды өсірумен айналыспақ. Ол жақында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы несие алды, ол қаражатқа төлдейтін 10 мал басын сатып алуды жоспарлап отыр.
    З.Бадееваның сөзінше, жыл аяғына дейін кәсіпкерлік негіздері оқытуымен Бөрлі ауданының 78 тұрғыны қамтылады деп күтілуде.
    Осы материалды дайындау барысында сауалнама алғандардың барлығыда «Бастау Бизнес» жобасы туралы оң көзқарастарын білдірді, сонымен қатар «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының рөлі мен мағынасын түсінгенін жеткізді. Шыңғырлау мен Бөрлі ауданының тұрғындары тек қана мал шаруашылығы саласымен шектеліп қалмай, ауылда өмір сүру сапасын арттыруға, ауданның көркеюіне септігін тигізетін басқа да кәсіпкерлік қызмет бағыттарының дамуына үлес қосулары қуантады. Әзірге «Бастау Бизнес» жобасы облысымызда табысты жүзеге асырылып жатырған уақытта, батысқазақстандықтардан жаңа, мүмкін ерекше жобаларды күтеміз.
    Келесі шығарылымда оқырман-
    дарымызға Тасқала ауданы тұрғындарынан шыққан бизнес-идеялармен таныстырамыз.

    Саида ТУЛЕГЕНОВА


     
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    Последние новости

    Пропавшего пастуха нашли в ЗКО с помощью дрона

    Мужчина выехал на лошади на поиски пропавшего скота, но...

    Более 56 км дорог было отремонтировано в этом году в Уральске 

    В акимате города начали подводить итоги уходящего года. На...

    Рекомендуем

    Более 56 км дорог было отремонтировано в этом году в Уральске 

    В акимате города начали подводить итоги уходящего года. На...

    Сотрудник таможенной службы ЗКО получил 10 лет колонии за взяточничество

    Приговор в отношении бывшего служащего департамента государственных доходов огласили...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл