Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
-9 C
Уральск
7.1 C
Аксай
Еще

    «Құрылысшы-ақ болар едім, тек оқытса болғаны…»

    «Н» алдыңғы шыққан санда нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының бірінші бағыты — Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамту аясында облысымыздың білім саласындағы мекемелері мен жұмыспен қамту орталықтарында атқарылып жатырған жұмыстары туралы айтқан болатын. Өткен жылдағыдай, біздің тілшіміз Бағдарламаны жүзеге асыруға тартылған бірнеше колледждерге барып қайтты.

    Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі (бұрынғы құрылыс техникумы) «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында қарастырылған ұзақ мерзімді оқу бойынша (ұзақтығы 2 жыл 10 ай) «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану», «Ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдеткіштерді және инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалану», «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтарын оқытады. 9 және 11 сыныптарды бітіріп келгендер негізінде оқу жүргізіледі, оқу жұмыстары бойынша директордың орынбасары Гүлмира Назарова айтып өткендей, оқу жылынан бастап (өткен жылдың қыркүйегінен) күні бүгінге дейін Бағдарламаға 75 адамның қатысуы қамтамасыз етілген. Оның ішінде 50 адам 9 –шы сыныпты бітіріп келгендер болса, 25-і негізгі орта мектепті бітірушілер болып табылады. Ұзақ мерзімді курстарда оқып жатырғандардың негізгі санын аудан тұрғындары құрайды: екі тобы қазақ тілінде, бір тобы орыс тілінде оқып жатыр.


    Ұзақ мерзімді курста оқитын студенттер модульдік бағдарламамен оқытылуда, бұл бағдарлама бойынша бірінші және екінші курстарды аяқтағаннан соң сертификаттарды беру қарастырылған. Оқытудың толық курсын аяқтағаннан кейін Бағдарлама қатысушыларына диплом беріледі. Мысалы, «құрылысшы-техник» мамандығы бойынша оқып жатырғандарға бірінші курсты аяқтағаннан соң «сылақшы», оқудың екінші жылын аяқтағаннан соң «бояушы» мамандықтары бойынша сертификат беріледі. Осылайша, қандай да бір жағдайға байланысты студент оқуды уақытынан бұрын аяқтауы қажет болса, «сылақшы» немесе «бояушы» жұмысшы мамандығы бар деген құжат алады. Ал, ұзақ мерзімді толық курсты аяқтағаннан соң ( 2 жыл 10 ай) орта буынды маман болып шығады.
    «Техник-механик» маман-дығы бойынша да жоғарыда айтып өткендей: оқудың бірінші жылын аяқтағаннан соң «автомобильдерді жөндеу бойынша слесарь» мамандығы бойынша сертификат, ал екінші жылды аяқтағаннан соң «автомобиль көліктерін жөндеу бойынша мастер» мамандығын оқыды деген сертификат беріледі.
    Еске сала кетейік, жұмысшы немесе техникалық мамандықтар бойынша тегін оқуға ниет білдірушілер тобы негізгі білімді алғаннан кейін кәсіби оқу орындарына түспей қалған немесе бітіруге мүмкіндіктері болмаған жастар қатарынан құралады. Мұндай жастарды анықтауды қалалық немесе аудандық деңгейдегі жергілікті атқару органдарымен жасақталған арнайы мобильдік топтар жүргізеді.
    Г.Назарованың айтуынша, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінде ұзақ мерзімді бағдарлама бойынша оқудағы 75 студенттің 69-ы өткен жылдың түлектері, ал алтауы мектеп бітіргендеріне бірнеше жыл болып кеткендер.
    Атап өткеніміздей, кәсіби оқуды қысқа мерзімді курс аясында (оқу мерзімі 1-6 айға дейін) жұмыспен қамту орталықтарынан жолдама алып өтуге болады. Қысқартылған бағдарлама бойынша оқыту ресурстық және оқу орталықтарымен жүзеге асырылады. Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінде қысқа мерзімдік курстар негізінде мына мамандықтар бойынша білім алуға болады: 1С – бухгалтерия, электр және газбен дәнекерлеуші, аргон доғалы электр дәнекерлеушісі, құбыр жөндеуші, өндіріс жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу электрмонтері.
    Орал мұнай, газ және салалық технологиялар колледжінің өндірістік оқыту бойынша мастері Роман Жиров алдағы уақытта сантехник мамандықтарына оқыту жоспарланып отырғандығын, себебі бұл жұмысшы мамандықтың еңбек нарығында аса қажетті мамандықтардың қатарында саналатындығын хабарлап өтті. Оның айтуынша, қысқа мерзімдік курстарды ай сайын 20 шақты адам аяқтап шығады екен, ал олардың жұмысқа орналасуының қиынға соғып жатуының бір себебі – жұмыс тәжірибелерінің жоқ болуы. Қысқа мерзімдік оқу курстарына еңбек дағдылары бар адамдар жиі келеді, олар еңбек дағдыларын кәсіби деңгейде растайтын құжат – куәлік алу үшін ғана кәсіби оқудан өтеді.
    Еске сала кетейік, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Бағдарламасына қатысушы азаматтар санаты тізіміне пробация қызметінде есепте тұрғандар да кіреді. Қоғам олардың дұрысталуын назардан тыс қалдырмайды, сол себепті де мемлекет өз тарапынан олардың қоғамда өз орындарын табуы үшін барлық қажетті шарасын, оның ішінде ұзақ мерзімді бағдарламаларды жасақтап және жүзеге асыруды қолға алуда.
    Бұрын сотталғандардың тағдырына мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен алынған шаралардың бір мысалына 30 жастағы Вячеслав Рузановтың жағдайын келтірер болсақ: жас жігіт бұрын қылмыстың орташа түрінде бұзушылық жасап, сол үшін сот бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарады. Бұл оның бірінші сотталуы болса да, жұмыс берушісі еңбек шартын тоқтатқан. Жұмыссыз қалған Вячеслав пробация қызметі бойынша инспекторға жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге жүгінген. Инспектор жас жігітті қалалық жұмыспен қамту орталығына алып келген. Жұмыспен қамту орталығында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасын түсіндіріп, жұмысшы және техникалық мамадықтар бойынша қысқа мерзімдік курстан оқудан өтуге ұсыныс жасайды. Вячеслав бұрын автосервисте жұмыс жасап, осы салада тәжірибесі болуы себепті, қосымша «дәнекерлеуші» мамандығын оқып алуды артық санамай, осы мамандықты игеріп, оқып алуға шешім қабылдайды. Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінде бір ай оқып, қысқа мерзімдік кәсіби курстан өткендігі туралы куәлік алып, бірден өзіне ыңғайлы жұмыс тауып алды. Жас жігіт мемлекетке мамандық алуына колдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді және жастарға көрсетілген бұл қолдаудың нәтижелі екендігін айтады.
    — Менің «дәнекерлеуші» мамандығын оқуыма қолдау көрсеткендердің барлығына алғыс айтамын, қажетті кәсіби мамандықты тез арада оқып алуым арқылы, жұмысқа да бірден орналасып кеттім. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасымен жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруда көмек көрсетудің барлық шаралары қарастырылаған, сондай-ақ, бағдарламаны жүзеге асыруға көптеген мемлекеттік органдардың тартылуы, оның ішінде құқық қорғау жүйесінің де қатысуы оң нәтижесін көрсетіп отыр, — деп есептейді В.Рузанов.
    Ресурстық орталықтың меңгерушісі Мерей Даулетовтың айтуынша, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінде қысқа мерзімдік оқытудан өткендердің жалпы санынан 79 % — ы жұмысқа орналасқан. Бірқатар мекемелермен (мысалға «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ, «Газқұрылыс» ЖШС) колледждің түлектерін жұмысқа алу туралы келісімшарттар жасалған.
    Орал политехникалық колледжінде де «Құрылысшы-техник» мамандығына оқуға болады. Оқытудың модульдік бағдарламасы аясында әр оқу жылының аяғында арнайы құрылыс мамандықтары бойынша куәлік беру қарастырылған: оқудың бірінші жылын аяқтағаннан соң «тас қалаушы- ұста», ал екінші оқу жылын аяқтағаннан соң «Қаңқа – қаптауыш құрастыры-лымдар құрасты-рушысы» мамандықтарын алып шығады.
    Орал политехникалық колледжінің директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Михаил Горловпен әңгімелесу арқылы бұл колледжде де Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі сияқты ұзақ мерзімді оқу аясында «Құрылысшы-техник» мамандығына 75 адам жинал-ғандығын білдік. Газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінде ұзақ мерзім оқыту курсында оқып жатырған студенттердің жалпы санының төрттен бірін ғана (25 оқушысы) облыс орталығының тұрғындары құраса, политехникалық колледжге негізінен Орал қаласының тұрғындары жолданады екен.


    Мен, Михаил Павлович Горловтан «Бағдарлама талаптары бойынша сабаққа себепсіз келмегендерге қандай да бір шаралар қарастырылған ба, оқудан шығару барысы қалай болады ?», — деп сауал қойған болатынмын.
    — Әрбір оқып жатырған топқа куратор бекітілген, егер студент сабақты қалдырған жағдайда, бекітілген куратор оның тұрғылықты мекен-жайына барып, келмеуінің себебін анықтайды. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы қатысушысы себепсіз сабақты қалдырғаны анықталған жағдайда, Орал қаласының әкімдігіне студентті шығару мәселесін қарауға комиссияны құру қажеттілігі туралы қатынас қағаз жолданады. Оқу орны өздігінен студентті оқудан шығаруға құқығы жоқ,- деп айтып берді М.Горлов.
    2017-2018 оқу жылдары бойынша ұзақ мерзімді оқу курсынан оқушыларды шығару фактісі болған жоқ, жұмысқа орналасу себебімен оқудан шығарылғандар болды (5 адам). Екі студент әскер қатарына шақырылуы себепті академиялық демалыс рәсімдеді, бір студент декреттік демалысқа орай академиялық демалыс алды.
    Орал политехникалық колледжінде «Құрылысшы-техник» мамандығына 11 қыз оқып жатыр (Орал мұнай, газ және салалық технологиялар колледжде 10 қыз құрылыс саласында білім алуда).
    Қысқа мерзімді кәсіптік оқу туралы айтып кетер болсақ, өткен жылы Орал политехникалық колледжі 27 электр мамандарын, 2 автокөлік слесарларын оқытып шығарды.
    Орал поитехникалық колледжінің әлеуметтік серіктестері қатарында «Марасант», «Домостроитель», «Отделстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестері кіретіндігін Михаил Горлов атап өтті. Бұл мекемелер колледж түлектеріне тәжірибеден өтуді ұйымдастырады, бос орын болған жағдайда, жас мамандарды жұмысқа орналастырады.
    Қорытындылай келе, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасының қатысушылары 16759 теңге көлемде стипендиямен (сабақ үлгеріміне тәуелсіз) қамтылатындығын еске сала кетейік. Сондай-ақ, 565 теңге (бір реттік ыстық тамақпен) жазғы және қысқы уақыттағы демалыс кезеңдерінде екі айлық есептік көрсеткішпен жол жүру ақысы (4810 теңге) төленеді.
    Біз оқырмандарымызды орта буын жұмысшыларын техникалық мамандықтар бойынша оқытатын білім мекемелерімен таныстырып, жүзеге асырылуын алда да хабарлаймыз.
    Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінде нәтижелі жұмыс-пен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Бағдарламасының қатысушы-ларын әңгімеге тартқан едік:

    Дмитрий Авдеев, Зеленов ауданының Белес ауылының тұрғыны, 19 жаста:

    — Мен 11 сыныпты бітірдім, аудандық халықты жұ-мыспен қамту орталығында нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы туралы айтып, тегін оқу курсынан өтуге ұсыныс жасаған болатын. Мен «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығын таңдадым, себебі құрылысшылар үшін жұмыс қашан да болады деп ойлаймын, күнделікті тұрмыста да құрылыс саласын жақсы меңгерген артық етпейді, әсіресе ауылдық елді мекеннің тұрғындары үшін. Мамандық таңдауда жолымды таптым деп ойлаймын: арнайы орта білімді алғаннан соң, құрылыс саласында жоғары білімді де алуға тырысатын боламын.

    Антон Митрясов, газ электрмен дәнекерлеуші мамандығы бойынша қысқа мерзімді курсты оқып жатыр, 32 жаста:
    кәсіби білімі жоқ, әр түрлі жұмысшы болып жасаған. Қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы қысқа мерзімді оқудан өтуге ұсыныс жасаған. Бағдарлама қатысушысы оқу курсын аяқтағаннан соң, мамандығы бойынша жұмыс табатынына сенеді.

    Саида ТУЛЕГЕНОВА


     
    Предыдущая статьяВек Володарской
    Следующая статьяТвои люди, ГКК!
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    Последние новости

    Более тысячи закладчиков в Казахстане смогут выйти на свободу по УДО

    Они получат право ходатайствовать об условно-досрочном освобождении после вступления...

    Рекомендуем

    Более 56 км дорог было отремонтировано в этом году в Уральске 

    В акимате города начали подводить итоги уходящего года. На...

    Сотрудник таможенной службы ЗКО получил 10 лет колонии за взяточничество

    Приговор в отношении бывшего служащего департамента государственных доходов огласили...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл