Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
-4 C
Уральск
3.1 C
Аксай
Еще

    Белсенді ауыл тұрғындарының назарына

    Өткен санда облыс орталығының және Ақсай қаласының кәсіпкерлеріне қызмет көрсетіп отырған «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы микрокредит беруді кепілдендіру шарттары туралы айтқан болатынбыз.

    Біздің бүгінгі ақпаратымыз нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдала отырып, өз кәсіптерін ашқысы келген немесе кеңейтуді жоспарлап жүрген белсенді ауыл тұрғындарына пайдалы болады. Ауыл шаруашылық өндірістік кешендері саласында кепілдендіру қарыз сомасы қандай жағдайларда жүзеге асатындығы, кредит беру кезеңдері бойынша қандай өзгерістер бар екендігі туралы сұрақтар бойынша «ҚазАгроКепіл» АҚ өкілдігінің директоры Досқан Салықовпен болған сұхбаттан білуді ұсынамыз.

    — Досқан Ерболұлы, ең алдымен біздің оқырман-дарымыздың есіне сала кетейік, азаматтардың қай санаттары жоғарыда аталған Бағдарлама аясында берілетін микроредит берудің қатысушылары бола алады және ауыл тұрғындары алған қарыздарын кепілдендіруге өтінім беру үшін қайда жолығулары қажет?
    — Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының қатысушылары — жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам (ісін жаңа бастаған және кәсіпкерлік әлеуеті бизнесі бар кәсіпкерлер), АӨК (Ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтері) және оның зейнеткерлік жасқа толмаған мүшелері; шаруа қожалықтары мен фермерлер.
    Ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған микро-кредиттерді кепілдендіру барлық аудан орталықтарында қызмет ететін кредиттік серіктестіктермен, сонымен қатар «Батысфинанс» микрокредиттік ұйымымен жүзеге асырылады.
    Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша «ҚазАгроКепіл» АҚ-нан ауыл тұрғындарының кепілдік алу процедурасы туралы басынан тоқталып өтейін.
    Ендеше, кәсіпкер кредит алу үшін кредиттік серіктестікке (КС) немесе микрокредиттік ұйымға (МКҰ) жүгінеді, ал КС/МКҰ жоба мақұлданғаннан және субъект микрокредитті кепілдендіру туралы өтінімін ұсынғаннан кейін «ҚазАгроКепіл» АҚ-ның өкілділігіне құжаттарды жібереді.
    Егер де, былтырғы жылы кепілдік беру туралы шешім бізбен 14 жұмыс күні ішінде қаралса, биылғы жылы өтінімді карастыру 3 жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Кейін КС/МКҰ-ға кепілдік хаты немесе кредит беруден негізделген бас тарту хаты жолданады. Кепілдік беру мақұлданған жағдайда, кәсіпкер кредиттік серіктестікпен (микрокредиттік ұйыммен) микрокредиттеу келісім-шарты жасасады, кейін бір күн ішінде бизнес субъектісі, КС/МКҰ және «ҚазАгроГарант» АҚ арасында үш жақты кепілдеме келісім-шартына қол қойылады.

    — Агроөнеркәсіп кешені саласындағы кепілдендіруге жататын кредиттің ең жоғарғы сомасы қандай?
    — Биылғы жылы ЖК, ШҚ ретінде тіркелген ауылдық жердегі бизнес субъектілері үшін қаржыландыру шарттары өзгерді, және жуырда ғана – 13 сәуір күні – оларды кредиттеу көлемі туралы анықталды. Сонымен, бұрын ауыл тұрғындары үшін мал шаруашылығы мен басқа да кәсіпкерлік қызметін дамытуға арналған кредит көлемі 8 мың айлық есептік көрсеткішті (19,2 млн теңге) құраса, ал биылғы жылы алуға болатын микрокредит көлемі 4,1 мың айлық есептік көрсеткішке дейін азайтылды (10 млн теңгені құрайды). Ауыл шаруашылығын дамытуға берілетін қарыз көлемінің азаюы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына мүмкіндігінше көбірек қатысушылар тартумен байланыстырылады.
    Сонымен қатар, айта кету қажет ЖК, ШҚ, АӨК секілді бизнес субъектілеріне микрокредиттер тек қана мал өсіруге ғана беріледі, ал былтырғы жылы қарыздар оларды бордақылауғада берілетін болды. Жалпы, микрокредиттер ауылдық жердегі барлық – мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, ара шаруашылығы, құс өсіру және тағы да басқа қызмет түрлеріне және ауыл шаруашылық техникаларын сатып алуға беріледі.

    — «ҚазАгроКепіл» АҚ микрокредиттерді кепіл-дендіруде қандай шарттар қояды?
    — Сізге белгілі болғандай, кредиттің номиналды мөлшерлемесі – 6 пайызға дейін; кредиттеу мерзімі – 5 жылға дейін; мал шаруашылығы және АӨК құру саласында – 7 жылға дейін. Қарыз сомасы 8 мың айлық есептік көрсеткіштен аспауы қажет. Қазіргі тада біз «Іскер» бағдарламасы бойынша қарыздарға кепілдік береміз.
    Кепілдік көлемі өзгеріп тұрады. Жұмыс жасап тұрған бизнеске (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелу мерзімі үш жылдан асқан) кредит сомасының 50 пайызына дейін жабылады. Стартаптар, яғни, ісін жаңа бастағандар үшін, кредит сомасының 85 пайызына дейін. Яғни, өз ісін жаңадан бастағандарға кредит сомасының 15 пайызын жабатын кепіл тапса жеткілікті. Калған 85 пайызды «ҚазАгроГарант» АҚ-нан алады. Мысалға, ісін жаңа бастағалы отырған кәсіпкер 450 мың теңгені құрайтын кепілге ие бола отырып, 3 млн теңге көлемінде кредит алуға мүмкіндігі бар.
    Ісін жаңа бастағалы отырған кәсіпкер үшін міндетті талаптың бірі «Бастау Бизнес» бағдарламасының кәсіпкерлік негіздерін оқыту аясында бизнес-жобаның қорғалуы немесе кредит алуға өтініш берген күнге дейін соңғы 24 ай ішінде басқа да бағдарламалар бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқытудан өткендігі туралы сертификаттың болуы.

    — «ҚазАгроКепіл» АҚ-ның қаржыландыру көзі болып кім табылады? Былтырғы жылы неше және жалпы қанша сомаға кепілдік берілді, ал биылғы жылға қандай сома қарастырылған?
    — Республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке комиссия бөлінеді, содан кейін ЖАО мен «ҚазАгроКепіл» АҚ арасында микрокредиттер бойынша кепілдік бергені үшін комиссия төлеу туралы келісім-шартқа қол қойылады. Осы комиссиялар есебінен аумақтарда кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыруға сәйкес кепілдіктер беріледі. Осы жылда агроөнеркәсіптік кешен саласына жалпы сомасы 360 млн теңге көлемінде кепілдік беру жоспарлануда.
    Кредиттеу шарттарына өзгерістер енгізілуіне байланысты, ЖК-мен қол қойылған кейбір келісім-шарттарға сомасы бойынша өзгерістер енгізіледі. Қазіргі уақытта, жалпы сомасы 22 млн теңгені құрайтын 5 кепілдік дайындалып қойды.
    Өткен жылы облыс бойынша барлығы 2 кепілдік берілді, оның жалпы сомасы 3,7 млн теңгені құрады.

    — Қандай жағдайларда кепіл-дік беруден бас тартуыңыз мүмкін?
    — Жобаның экономикалық қолайсыздығы мен тиімсіздігі: жобаның Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының талаптарына сәйкес келмеуі; әлеуетті қарыз алушы немесе онымен үлестес заңды немесе жеке тұлғалардың кредиттік тарихының теріс болуы.
    Сонымен қатар, кепілдік беруден бас тартуға ЖАО микрокредиттер бойынша кепілдік бергені үшін комиссия төлеу туралы келісім-шартының күшін жоюы немесе микрокредиттік ұйыммен КС/МКҰ-ды қорландыруды тоқтату болып табылады.
    Кредит/микрокредитті мақсатсыз пайдалану фактілері анықталған, Бағдарлама шарттарын бұзу, кепілдендіру ережесі мен кепілдендіру келісім-шартымен белгіленген шарттар орындалмаған жағдайда, «ҚазАгроКепіл» АҚ кепілдендіру келісім-шартының күшін жоюға құқылы.

    — Әңгімеңізге рахмет.

    «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Марат Абдулов хабарлағандай, былтырғы жылы кредиттік серіктестіктер мен микроқаржылық ұйымдарды қаржыландыруға 605,0 млн теңге бөлінді (барлық сома түгелдей игерілді). Ауыл шаруашылығындағы ірі қара мал өсіру, ірі қара малды бордақылау, мал сою пунктерін жабдықтау бағыттарын қаржыландыруға басымдық берілді. Ең жоғарғы белсенділікті Жаңақала, Зеленов және Казталов ауданының тұрғындары көрсетті, облыстың осы аудандарымен 225 млн теңге игерілді).


    Биылғы жылы басымды бағыттар қатарында сол мал шаруашылығы, техника сатып алу, басқада ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығынан басқада бизнес түрлері қала береді (сондықтан, басым бағытарға нақты шектеулер жоқ).
    — Агроөнеркәсіп секторын дамытуды қаржыландыруға ағымдағы жылда 1 млрд 3 млн теңге бөлінді. Ауыл шаруашылық өндірушілерге кредиттік қарыз-дың орташа сомасы 4-тен 10 млн-ға дейін құрайды, — деп хабарлады М.Абдулов.
    «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ облыстық филиалынан алған ақпаратқа сәйкес, ағымдағы жылда Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға 3 млрд 10 млн теңге бөлінді. Қазіргі таңда түгел облыс бойынша 60 сұраныс түсті, оның 80 пайызы – мал шаруашылығын дамытуға бағытталған.
    Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бөлінген қаржының игерілуі туралы айту ертерек, бұдан әңгімеге жартыжылдық қорытынды бойынша қайта ораламыз. Әзірге, бизнесмендердің қаперіне Батыс Қазақстан облысы бойынша «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының «Алтын Сапа» конкурсында анықтаудағы жаңашылдықтар туралы ақпарат айта өтейік.
    Соның ішінде, конкурс ұйымдастырушыларымен жаңадан төртінші номинация – «Азық-түлік тауарларын немесе ауыл шаруашылық техникасын ең үздік өндіруші» енгізіліп, екі арнайы сыйлығы бекітілді: «Үздік индустриалдандыру жобасы», «Үздік инновациялық жоба».
    Одан басқа, кәсіпорындарды конкурсқа қатысуға ынталандыру мақсатында шаралар енгізілді, айта кетсек, «Алтын Сапаның» әр лауреатына 1 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақы беру. Осы ақшалай сыйақы беру арқылы жеңімпаздарды халықаралық сапа конкурстарына қатысуға ынталандыру болып табылады,- деп аумақтық «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасында есептеп отыр.

    Саида ТУЛЕГЕНОВА


     
    Предыдущая статьяВоды бы глоток!
    Следующая статьяПомочь стать успешными
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    Последние новости

    Новое в жилищной политике Казахстана

    Глава государства Касым-Жомарт Токаев 22 ноября подписал закон «О...

    На пограничном пункте «Сырым» в ЗКО внедряется электронная очередь

    Как сообщили в пресс-службе департамента государственных доходов ЗКО, с...

    Рекомендуем

    Добро должно быть под контролем

    В правительстве идёт обсуждение законопроекта, который предполагает контроль за...

    Взрыв в кафе «Rizyk»: суд вынес решение по апелляции осужденного предпринимателя

    20 ноября коллегия Западно-Казахстанского областного суда огласила решение по...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл