Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
-9 C
Уральск
6.1 C
Аксай
Еще

    «Бастау Бизнес» жобасының қатысушыларын өз өмірлерін жақсартуға деген бірдей тілектері біріктіреді»

    16 қарашада осы жыл бойынша соңғысы болып табылатын оқудың алтыншы ағынының қатысушылары БҚО Кәсіпкерлер палатасында облыстық комиссия алдында өз бизнес-жобаларын қорғап шықты. Әдеттегідей, Теректі,Зеленов аудандарының түлектері БҚО КП алдында, Казталов, Ақжайық және Жаңақала аудандарының қатысушылары өз кәсіпкерлік бастамаларын онлайн-тәртіпте айтып берді.
    «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуға келген ақжайықтылықтар қандай қызықты жобаларды жүзеге асыра алғандықтары туралы Ақжайық ауданы бойынша бизнес-тренер Әсемгүл Қадырхан айтып берді.

    «Бастау Бизнес» жобасы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асатындығы туралы еске сала кетейік. Батыс Қазақстан облысында ауылдардағы жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды оқыту бес ауданында жүзеге асырылды. Келесі жылы барлық 12 аудан қатысады деп жоспарлануда. БҚО КП-ның мәліметтері бойынша 787 оқытылған азаматтардың 107-сі осы жылы ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан қаржыландырылып және бастамаларын жүзеге асыра алды. Аграрлық кредиттеу корпорациясы арқылы 20 жоба қаржыланды. «Бастау Бизнес» жобасының тағы да 63 түлегі оқу барысында жасалған жобаларын өз қаражаттары есебінен іске асырды.

    — Сіздің көзқарасыңыз-ша, «Бастау Бизнес» жобасының артық-шылығы неде?
    — «Бастау Бизнес» — бұл ауылдық елді мекендердің тұрғындарына бизнесті жүргізудің басынан бастап барлығын оқытуға есептелген толықтай жаңа жоба екендігін атап өту қажет. Бұл ретте, тек оқыту ғана жүрмейді, жобалары сүйемелденіп отырады. Яғни, бизнес-тренерлер тыңдаушыларының қасында барлық сатыларда, құжатын жинақтаудан бастап қаржы институтына дейін жыл бойына сүймелдеп отырады. Бұған дейінгі өткізілген қысқа мерзімдік курстар мұндай нәтиже бермеген еді. Одан басқа, тыңдаушыларға сегіз АЕК көлемінде шәкіртақы төленеді. Біз ауыл тұрғындарына кәсіп ашуға көмектесіп қана қоймаймыз, олар оқу бітірісімен бітіргендігі туралы үш жылға жарамдылығы бар сертификат алады, яғни келесі жылдары да сертификаттары қаржы алуға мүмкіндік береді. «Бастау Бизнес» сертификаты – өз тарпынан алғанда бизнес әлеміне бағыт болып табылады… Елбасының «Бастау Бизнес» жобасының ерекше маңыздылығын атай отырып, аталмыш жобаның арқасында ауылдықтар бизнеске нақты жол таба алатындығына тоқталып өткен ойымен келісемін.

    — Оқу барысында, қаты-сушылар өз бизнес-бастамаларын жүзеге асыруда қандай жетістіктер көрсетуде, олардың кәсіпкерлік дағдыларды игеруге және білім алуға қызығушылығы қаншалықты дәрежеде?
    — Белгілі болғандай, жобаның ерекшеліктерінің бірі сол, оған жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және жас ерекшеліктеріне қарамастан кәсібін жаңа бастаушылар да қатыса алады. Оқу ай бойына жүреді, осы уақыт аралығында, әрине, біз тыңдаушыларымызды бақылап отырамыз. Ауыл тұрғындары білім алуда құштарлықтары жоғары екендігіне толықтай сенімдімін, әсіресе, «Бизнес жүргізу» тақырыбында қызығушылықтары жоғары. Оларға тренингте өтетін барлық материал тақырыптары қызықты… Тайпақ ауылынан бір қатысушы, «Бастау Бизнес» жобасы бұрынырақ жүзеге асырылған болса, ол өз кәсібін сақтап қалар ма едім деп атап өткен болатын, өйткені, кәсіпкерлікке қажетті базалық білімнің болмауы себепті кәсібінен айырылып қалған екен. Одан басқа, бұл жоба ауылдықтарды өзара біріктіреді. «Бастау Бизнес» жобасының 90 пайызы – негізінен жұмыссыздар немесе өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, олар үшін әлеуметтің бір бөлшегі ретінде өздерін сезіну аса маңызды. Шын мәнінде, оқу барысында олар жаңа ұжым, жаңа достар табады. Ал бұл өте маңызды ғой. Барлық қатысушылар жобаға жайдан-жай келген жоқ – оларды өз өмірлерін жақсартуға деген ортақ тілектері біріктіреді. Олар «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы атынан тренерлері қаржылай емес қолдаушылары болып табылатын тілеулестері бар екендігін көргенде бойларына жаңа күш пен жақсы ынталандыруды ұялайды. Бұл жерде тыңдаушылар өміріндегі тренерлердің ролін де атап өткім келеді. Оқытушы және ментор ролімен ғана шектеліп қалу мүмкін емес. Оқыту барысында оларға дос та болып кетесің. Ауыл тұрғындарының менталитеті – феномен десе де болады. Олар мына жағдайда ғана ашылып, өз бастамалары мен жоспарларын еркін бөлісе алады, егер тренер олармен бірге екендігін сезінсе…Ауыл тұрғындарынан қатысушылар — бұл жобаның негізгі тұлғасы деп ойлаймын, ал біздің мақсатымыз – оларды бар болғаны бизнеске ынталандыру, қажетті білімді бере отырып, өздерінің кәсіпкерлік қабілеттерін ашуға көмек көрсету. Сондықтан олар қатысып және белсенділік танытпағанында, бұл жоба да жүзеге аспаған болар еді.

    — «Бастау Бизнеске» қатысу барысында ауыл тұрғындарына ең қиынырағы не болды?
    — Жұмыссыздан немесе өзін-өзі жұмыспен қамтушыдан кәсіпкерге айналудың барлық процесі ауыл тұрғындарынан белсенділік пен білімді ғана емес, үлкен шыдамдылықты да талап етеді. Сөз жоқ, қажетті құжаттарды жинақтауға да уақыт қажет. Оған қатарлас келіссөздер жүргізу және мемлекеттік органдармен өзара әрекет жасасып, алға қойған мақсатқа жету қажет. Жасырмай-ақ қояйын, қағазбастылық тұрғыда әуре-сарсаң әлі күнге дейін бар. Алайда, бизнес-тренерлер келесі жылдан бастап тыңдаушылардың жинайтын құжаттар тізімін қысқартып, бір көзден құжаттар жинауға қол жеткізу туралы ұсыныстарын жасаған болатын.

    — Ақжайық ауданында қандай қызығушылық тудыратын бизнес-жобалар болды?
    — Көптеген жобалар мал шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған, оның ішінде ірі қара мал бордақылау, жылқы, құс өсіру шаруашылықтары. Менің ойымша, қызығушылық тудырғаны және ерекшесі соғылып дайындау бұйымдарымен ұзақ уақыт бойына айналысып келген жас жігіттердің ұсынған бизнес-жобасы. «Бастау Бизнес» жобасында оқығаннан соң жігіттер өз кәсіптерін заңдастырып, кеңейтуді шешті. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы үш миллион теңге сомасына несие рәсімдеді. Жігіттердің өнім шығаруда аздаған тәжірибелері бар екендігін атап өткім келеді, оларға бизнес жүргізуде бар болғаны кішкене ғана білімдері жетіспей тұрды. Сол үшін де жігіттер осы жобаға келген болатын. Тағы бір мысалға құс шаруашылығын алуға болады. Чапаев ауылының жас тұрғыны Сырымбет Исаев жеке кәсібін ашып, құс өсірумен айналысуды қолға алуды шешкен. Ол кәсібін өз қаражаты есебінен ашты. Қазіргі уақытта ауыл тұрғыны құс етімен тек Ақжайық тұрғындарын ғана емес, Орал қаласының халқын да қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

    — Осы уақытқа дейін ауыл тұрғындарын қозғалту өте қиынға соғатындығы туралы көп айтылып келді ғой…
    — Ауылда белсенділік-терімен назар аударту қолдарынан келеді деп ойлаймын, оған қоса кейбір ауыл тұрғындарының құлшыныстары тіптен таң қалдырады. «Бастау-Бизнес» жобасы жас ерекшеліктеріне қарамастан барлығына қызықты екендігін айтып өткім келеді. Ақжайық ауданында 19 жастан бастап 68 жасқа дейінгі тыңдаушылар қатысты.
    Қатысушылар арасында өздерінің кәсіпкер боламын деп алға қойған мақсаттарына берік, осылайша жеке тәуелсіздіктерін қамтамасыз етуге дайын екендерін көрсете алатын зейнетақы алды жасындағы ауыл тұрғындары да болды. Осындай қатысушылардың бірі Аққыстақ қыстауының тұрғыны Марфуға Абулхаирова болды. Жоба қатысушысы ірі қара мал бордақылау бойынша шағын алаң ашты, болашақта жылыжай шаруашылығымен айналысуды жоспарлап отыр.

    — Мал шаруашылығы – «Бастау Бизнес» жобаларының негізгі бағыты. Ауылда тағы да қандай қажеттірек сала түрлері бар?
    — Ауыл тұрғыны ірі қара мал өсірмегенде, басқа немен айналыспақ, өйткені, көптеген адамдардың айналысқысы келетін істің ең тиімдісі болып табылады. Мұндай жобалардың тұжырымында шаруашылықты ашу, соңынан ет және сүт өнімдерін алу, оны Батыс Қазақстан облысының базарларында сатуды қарастырады. Бизнестің бұл бағытының артықшылығы етке, сүтке, ірімшікке, қаймаққа және тағы да басқа экологиялық таза және табиғи өнімдерге жақсы сұраныстың болуы арқа-сында ауыл кәсіпкерлеріне дамуға мүмкіндік беретін-дігінде. Ауылда мал шаруашылығынан басқа шаштараз, кондитерлік, тігін цехтары, техникалық қызмет көрсету станцияларының қызметтеріне қажеттіліктер де кездеседі.

    — Ақжайық ауданынан барлығы қанша ауыл тұрғындары «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыды және неше адам өз кәсіптерін ашты?
    — Алты ағын бойынша 188 адам оқу оқыды. Оның ішінде 64-і өз жобаларын облыстық комиссия алдында қорғады. 25 бизнес-жобалар ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау Қоры және Аграрлық кредиттік корпорация арқылы қаржыланды. Екі ауыл тұрғыны өз қаражаттары есебінен кәсіптерін ашты.

    — «Бастау Бизнес» жобасы осы жылы өз мәресіне жетті, сіздің ойыңызша қаншалықты дәрежеде жүзеге асты?
    — Ауыл тұрғындары нәтижелерінің көрсеткіші бойынша қаншалықты жетістіктерге жеткендігін алып қарағанда, бұл жоба елімізде, оның ішінде Батыс Қазақстан облысында да толықтай сәтті қабылданды деп айтуға болады. Қазір Қазақстанда жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен бюджетке түсетін салықты айтпағанда, 3000 – ға жуық шағын және орта бизнес кәсіпорындары есептелуде. Мүмкін, көпшілігі байқай бермейтін басқа да тұстарын атап өткім келеді. Бастысы – халықтың сеніміне жету қолымыздан келді. Мен бұл жобаға алғаш келгенімде, ауыл тұрғындарының мемлекеттік бағдарламаларға кейбір қорқыныш, сақтықпен қарайтындығын көріп жаныма бататын. Ауыл тұрғындарының қарым-қатынасы сенімге байланысты құралады, сондықтан олардың сеніміне жету үшін уақыт қажет етеді. Сол себепті бизнес-тренерлер бір ай бойына оқытумен шектелмей, кейіннен жыл бойына олардың жобаларын сүйемелдейді. Бұл ретте, бизнес-тренерлер арасында да қатаң түрде іріктеу жүреді. Тілек білдірген 200 адамның ішінде 80 адам ғана осы жоба шеңберінде аудандарға бара алды. Іріктеу барысында аудиторияның назарын ұстау, ауылдық елді мекендердің тұрғындарының ойлау ерекшеліктерін білуі, екі тілде сөйлеу алуы, әлемді жақсартуға шын көңілімен берілулері ескерілді. Ауылдық кәсіпкерліктің дамуында «Атамекен» Кәсіпкерлер Палатасының маңызы мен ролін атап өтпеуге де болмайды, бүгінде Елбасының ғана емес, ауыл тұрғындарының сенімін ақтай алды. Қазір ауылдық елді мекендерде кәсіптерін дамытуға ниет білдіргендердің барлығы дерлік «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасынан тірек пен қолдау ала алатындарына және кәсіптерін жүргізуде кезігетін мәселелерімен жалғыз күреспейтіндеріне сенімді.

    — Сізді бұл жобаға не алып келді?
    — Көктемде бұл жоба туралы кездейсоқ білдім, содан «Атамекен» КП бизнес жүргізу бойынша оқытатын үздік оқытушыларды тарту мақсатында жүргізіп жатырған тренерлер тренингінде өз бағымды сынамаққа шештім. Бұл менің үлкен қызығушылық танытқан қалауым еді. Әрине, мемлекеттік қызметтен кетіп, мұндай шешім қабылдау оңай болған жоқ. Алайда, білім қорымды кеңейтіп, көбірек білуге деген құштарлық және еліме пайдалы іс жасауға деген ниетім шешімімді нығайта түсті. Мен бұл міндетімді өзімнің туып-өскен және мектептегі орта білімімді алған Ақжайық ауданынан орындай бастадым.

    Гауһар УМАРОВА


     
    Предыдущая статьяАэропорты, вокзалы, поезда…
    Следующая статьяАуылға қаржы келуде
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

    Оставьте ваш комментарий!
    Введите здесь свое имя

    Последние новости

    Как повысить доверие к функционированию системы ОСМС

    18 декабря 2024 года филиалом Фонда была проведена разъяснительная...

    Рекомендуем

    Более 56 км дорог было отремонтировано в этом году в Уральске 

    В акимате города начали подводить итоги уходящего года. На...

    Сотрудник таможенной службы ЗКО получил 10 лет колонии за взяточничество

    Приговор в отношении бывшего служащего департамента государственных доходов огласили...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл