Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
-10 C
Уральск
6.1 C
Аксай
Еще

    Ауыл тұрғындарына «Бастау Бизнес»: бесіншісі бастап кетті!

    БҚО-да сәуірден қазанға дейін «Бастау Бизнес» жобасы бойынша бесінші ағыны оқыды. Қатысушылардың барлығы мемлекеттік қолдау арқасында жеке шаруашылығын кеңейткен, наубайхана, дәмхана, шағын цех, дәріхана немесе тағы да басқа кәсіп ашқан ауыл тұрғындары болып табылады. «Н» бірнеше рет хабарлағандай, жобаның шарттары ауыл тұрғындары үшін өте тиімді. Бірінші кезекте – бұл төменгі пайыз және несиелік қарыздарды өтеуде «демалыс» ретіндегі жеңілдіктер. Жақын арада қатысушылардың алтыншы ағынын жинақтау басталады және ол осы жылда соңғысы болады. Жуырда БҚО Кәсіпкерлер палатасында комиссия алдында өзінің бизнес-бастамаларын Зеленов ауданының тұрғындары ұсынады.

    Зеленов ауданы бойынша бизнес-тренер Қуанышбек ЕРНИЯЗОВ хабарлап өткендей, 10 сәуірден 11 қазан аралығында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша Зеленов ауданында 144 адам оқыды. Бірінші ағында 35 адам оқыды, оның 24-і өздерінің бизнес-жоспарларын қорғауға ұсынды. Ауылдың 18 тұрғыны жалпы сомасы 57,6 млн теңгені құрайтын қаржыландыруға қол жеткізді. Ал бизнес-жоспарлармен қамтылған бағыттарды атап өте кетсек, олар ірі қара малды бордақылау мен өсіру, қой өсіру, киім дүкенін ашу, тазартқыш жұмыстары және күнбағыс майын өндіретін цехын ашу.
    Екінші ағында кәсіпкерлік негіздері бойынша 32 адам оқыды. Оның 24-і қорғауға өзінің бизнес-жоспарларын ұсынды, оның 16-сы жалпы сомасы 45,8 млн теңгені құрайтын қаржыландыруға қол жеткізді. Бизнес-жобада көрсетілген негізгі кәсіп түрлері ірі қара малды бордақылау мен өсіру, қой өсіру, тазартқыш жұмыстары, балаларға арналған дәмхана, сән салоны және ағаш өңдеу цехын ашу болып табылады.
    Зеленовтықтардан 26-сы үшінші ағын бойынша оқыса, оның 24-і өз жобаларын қорғап, 10 қатысушысы 26,9 млн теңге сомасында қаржыландыруға ие болды. Бизнес-жобалар ірі қара малды, шошқаны бордақылау және өсіруге, тігін ательесін, сән үйін, автожуу ашуға, монша салу, жолаушылар және жүк тасымалдауға арналған.
    Оқытудың төртінші ағынында 25 адам оқыды, оның ішінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан сегіз бизнес-жобалар қаржыландырылуы жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта оқытудың бір қатысушысы «АШҚҚҚ»АҚ-нан 4 млн теңге сомасында қаржыландыруды алды, алынған қаржыны ол ІҚМ бордақылауға жұмсамақшы, тағы бір қатысушысы «Батыс Шаруа» кредиттік серіктестіктен аталған сомада қаржыландыру алып, ІҚМ бордақылау бағытында жұмыстанбақшы.
    Қуанышбек Ерниязов айтып өткендей, оқудың бірінші және екінші ағынның төрт қатысушыларының бизнес-жобалары қазіргі уақытта ары қарай қаржыландыру алу үшін құжаттар жинақтау сатысында болып отыр. Сонымен қоса, «Бастау Бизнес» бойынша оқудан өткен 11 қатысушы өз қаражаттарына ауылда микробизнес ұйымдастырды. Оқудан кейін 19 адам бала бақшаға, мектепке, прокуратураға, құрылыс, жол және мұнай компанияларына жұмысқа орналасты.
    11 қыркүйектен 10 қазанға дейін жалғасқан оқудың бесінші ағынында Қуанышбек Ерниязовтың мәліметі бойынша 26 адам оқыған, оның ішінде қаржыландыруы «АШҚҚҚ» АҚ-нан жоспарланған сегіз бизнес-жобалар бар.
    «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудың барлық кезеңі бойынша 47 зеленовтықтар 143,26 млн теңге қаржы алған, оның ішінде 44 қатысушы 134,3 млн сомасында ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан, үш қатысушы 8,96 млн теңге сомасында «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ арқылы қаржы алған.

    Өзіңдікі – ең сапалысы
    БҚО КП – на өз жобасын қорғау үшін Переметное ауылының тұрғыны Гүлнара Сұлтанғалиева келді. «Бастау Бизнес» жобасында оның қызы оқыған, алайда қорғауға белгілі бір себептер бойынша өзі келе алмай, құрамында мемлекеттік органдардың, «Даму» ӨКП және қаржы ұйымдары, БҚО КП өкілдері кіретін облыстық комиссия алдында Гүлнара Хамитқызы жобаны қорғады.


    — Негізінен алғанда, бұл біз кеңейтпек болған отбасылық бизнес, — деп атап өтті Зеленов ауданының тұрғыны. Жолдасымыз екеумізде дәмхана бар, онда тағам дайындауда негізінен өз қора шаруашылығымыздағы малдан алатын ет өнімін қолданамыз. Біз ірі қара мал өсіреміз және оның басын көбейткіміз келеді. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу жүйесі бойынша да жұмыс жасаймыз, тамақ дайындаймыз және түрлі мекемелерді тамақпен қамтамасыз етеміз. Сол себепті де біз үшін дайындалған тағамның сапасы үшін сенімді болуымыз өте маңызды. СЭС талаптарының барлығын сақтауға өте жауапты қараймыз. Тағамға қосылған ет тексеруден өткендігін, ол малдың немен жемделгендігін білгендіктен, өзіңді жайлы сезінесін және қатеге барып, дұрыс болмай қалады-ау дегеннен қорықпайсын. Етпен қоса, әрине , дәмханада өз шаруашылығыңдағы малдан өндірілген табиғи сүттің, ірімшіктің, барлық сүт өнімдерінің болғандығы жақсы ғой.
    «Н»-ға Гүлнара Сұлтанғалиева айтып бергені, бұл нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Бастау Бизнес» жобасы туралы отбасылары газетіміздің тұрақты оқырманы болуы арқасында «Надежда» газетінен білген екен.
    — «Бастау Бизнес» жобасының шарттары бізге бірден қызығушылық тудырды және тартымды көрінді, мысалға ауыл тұрғындары үшін қол жетімді. Жалпы айтқанда, отбасымызбен егжей-тегжейлі қарастырып жобаға қатысуды шештік. Оған қоса, қызымыз жұмыссыз болғандықтан оқуға қатысуға жібердік. Сонымен, бизнес-жоба дайындап, қажетті құжаттарды жинақтадық, енді қаржыландыру болар деп үміттенеміз. Жылына алты пайыз мөлшерлемесімен несие алмақшымыз. Біздің отбасымыз заң алдында өте жауапты екендігін атап өткіміз келеді.

    Клиент әрқашан риза болып қалу үшін
    «Н» — ға Белес ауылының тұрғыны Айнагүл ҚОЖАХМЕТОВА айтып өткеніндей, алдыңғы қатысушылардай сүт шаруашылығын қолға алмақшы. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудан өтіп, Зеленов ауданының тұрғыны БҚО КП -на ірі қара малды сүт өнімдерін, қаймақ-ірімшік сату үшін өсіруге арналған бизнес-жобасын ұсынды.


    -Ауылымызда бізде де шағын шаруашылығымыз бар, бірақ ол қажетті қаражатты алу үшін жеткіліксіз,-деп айтып өтті Айнагүл Әлімқызы. – Әрине тұтынушыларымыз жинақталды, тұрақты тапсырыс берушілеріміз де бар. Мемлекет тарапынан жақсы мүмкіндік туып тұрғанда, шаруашылығымызды кеңейту мақсатында, мал алу үшін неге несие алмасқа? Сүт, қаймақ, ірімшік сатамыз. Оралға сүт сатуға жиі келеміз (Белес ауылы қалаға 25 шақырым жерде орналасқан), бізге де басқа аудандардан келіп тауарды сатып алып жатады. Сүт өнімдерін өз көлігімізбен тасимыз. Оралға барар жолдағы Саратов трассасы өте жақсы жөнделген, сондықтан тауарды уақытылы жеткізуде ешқандай қиындық жоқ. Біз барлығын сапалы жасауға тырысамыз, өнім тазартылыған жағдайда өңделеді, мұның барлығы клиенттеріміз ризашылықта болып, оң бағасын алу үшін. Телефон арқылы да тапсырыстар алып, үйлеріне жеткізіп салып отырамыз. Бақытымызға орай клиенттеріміздің саны көбейіп келеді, бұл дегеніміз өніміміз көңілдерінен шықты деген сөз.
    Айнагүл Қожахметованың айтуынша, бордақылауға бұл отбасы көптеген мал ұстайды, ал, сауын малы тек үшеу, бұл әрине жеткіліксіз. Кәсібін кеңейту мақсатында «Бастау Бизнес» жобасының қатысушысы сегіз бас мал сатып алу үшін 2,2 млн теңге сұрап отыр.
    -Біз жаңа бір жұмыс орнын ашуды жоспарлап отырмыз, сиыр сауатын сауыншыны көмекке алмақпыз,- деп айтып өтті Айнагүл Әлімқызы. – Сиырларды алатын жерді таптық. Шаруашылық бойынша жолдасым көмектеседі, туысқан інілерім де жәрдемдеседі.Сепаратор бар, бірақ сауатын құралды еңбек жұмысын жеңілдету үшін алуды жоспарлап отырмыз.
    А.Қожахметова хабарлағандай, мұндай кәсіпке жол бастамас бұрын алдымен жолдама бойынша екі күндік «Бизнес Кеңесші» семинарынан өтіп, кейін «Бастау Бизнес» бойынша оқыған.
    — Осы жоба бойынша көптеген ақпараттар теледидардан және бұқаралық ақпарат құралдарынан таратылып жатыр,- деді А.Қожахметова. – Маған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерікті дамыту бойынша бағдарламаны ауылдық әкімдіктің, «Даму» Қоры, Зеленов ауданының жұмыспен қамту орталығы мамандарының түсіндірулері ұнады. Ақпаратты алысымен бірден қызығушылық таныттым. Айтпақшы, алдағы уақытта осы кәсіппен ғана шектелмей, келесі жылы шаштараз орнын ашуды жоспарлап отырмын. Бұл қызмет түрін біздің ауылда ешкім көрсетіп жатырған жоқ, ал бұл салада арнайы оқыған маман да бар, ауылдық шағын салонға келмекші клиенттер де бар. Шаштараздық қызмет көрсету бойынша арнайы оқыған мамандар баршылық және жұмысқа сұранып отыр. Сондықтан, құдай қаласа, тырысып алдағы уақытта жұмыс жасауымызды жалғастырамыз.

    Отбасылық команда
    Ірі қара малды сүт шаруашылығы үшін өсіру үшін Щапово ауылының тұрғындары отбасылық жұп Насибуллиндер де аса құлшыныспен кәсіптерін бастамақшы болып отыр. Отбасылық жұп айтып өткендей, ауыл шаруашылығымен олар баяғыдан айналысады екен, 25 бас ірі қара малдары бар. Жеке үйлерінің ауласында мал ұстау үшін қосымша қоралары бар және мал ұстауда шаруашылықтарына туыстары көмек көрсетеді екен.


    Бізде екі үлкен сарай, жақсы пішен қоралар бар, осы жылы жер телімін сатып алдық, онда тағы да 60 бас малға арналған қора салмақшымыз,- деді отбасылық жұп. -Сондай –ақ, шаруашлығымызды кеңейткіміз келеді, ол үшін нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы аясында үш миллион көлемінде несие алғымыз келеді. Біз бұқалар аламыз да, оны ет алу үшін жемдейміз, кейін ет өнімін Орал қаласының базарының ет сатушыларына өткіземіз. Біздің ауылымыз Орал қаласына 25 шақырым жерде орналасқан, сондықтан қалаға жеке жеңіл көлігімізбен жылдам жетеміз. Сүт өнімдерін де сатамыз, осы шаруашылық арқасында жеткілікті кіріс алып, өмір сүреміз. Сүт тапсырмаймыз, көк сүті бұзауларға беріледі.
    Насибуллиндердің айтуынша, жергілікті әкімдік жыл сайын жалға 10 гектар жер береді екен. Соның арқасында ауыл тұрғындары жер теліміне шөптерін шауып қысқа азық дайындайды екен. Бірақ оның өзі де көбейген малды азықтандыруға жеткіліксіз.
    — Шөп мәселесінде ауылда үлкен қиындықтар кездеседі, -деп айтып өтті отбасылық жұп. – мал азығы тіптен қымбатқа шығып отырады. Шөптің бір арбасы, ол дегеніміз тонна жарым, 20 мың теңге тұрады. Бұл әрине, біз үшін аз, сондықтан қыста Орал қаласынан кебектер мен бидай сатып аламыз.
    Отбасы отағасы Атырау қаласында вахталық жүйемен жұмыс жасайды. Алайда шаруашылық кеңейсе, ол өзін толықтай бизнеске арнауы мүмкін.
    — «Бастау Бизнес» бойынша оқуға болатындығы туралы, біз жергілікті ауыл әкімдігінен білдік,-дейді Насибуллиндер. Бізге бұл бағдарламаның бағыты қалай жұмыс жасайтындығы туралы толықтай түсіндірді. Кеңесе келе, кәсіпкерлік бойынша білімнің өте пайдалы екендігін шештік. «Бастау Бизнес» бойынша курска екеуміз де бардық, өйткені өмірдегі баарлық ойларымызды бірге отбасы болып жүзеге асырамыз ғой.
    Жоба бойынша Насибуллиндер болашақта бір жұмыс орнын ашады деп жоспарлануда. Бизнес-жобада қатысушылар сиыр сүтінің пайдасы туралы да пайымдайды. Олардың мәліметінше сиыр сүті басқа мал сүтіне қарағанда кең таралған. Дегенмен, сиыр сүтін кішкентай балалардың тұтынуы олардың қатаймаған жас денелеріне аллергия тудыртып және құрғатады деп келтіріп жатады. Одан басқа, сиыр сүтін тұтыну диабет ауруымен ауырып қалу мүмкіндігі қаупін кеңейтеді. Сол себепті де қазіргі дәрігерлердің бірқатары жасқа толмаған балалар тамағында сиыр сүтін пайдалануды ұсынбайды.
    Қарыз алушы малды жергілікті тұрғындардан сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл қазақ даласында жайылған және қолайлы ауа райы жағдайына бейімделуі себепті өсіруге де көбірек мүмкіндік беретін мал тұқымына мән беріледі деген сөз. Бизнес – жобада мысалға симментал тұқымы көрсетілген, бұл тұқым сүт бағытында жоғары өнім беретіндігімен және бейімделу қабілетінің жоғарылығымен сипатталады. Қатысушының мәліметі бойынша, симментал тұқымы айтарлықтай жоғары дамыған. Баспақтың тірі салмағы туған кезде – 34-42 кг, қашар – 343 кг, сиыр – 550-590 және бұқалары – 850-1100 кг құрайды. Оған қоса симментал тұқым тез жемделетіндігімен қасиетімен ерекшеленеді, жас малы қорада бағылып бордақылануы нәтижесінде орта тәуліктік салмағы – 900-1000 грамм жетеді. Сиырдың сойғандағы шығатыны 56% болса, бордақыланған өгізде – 65%. Еті маймен жақсы өткен, қатты талшықты емес, жоғары калориялы. Симментал тұқымды мал екі түрлі қолданыста: ет және сүт бағытында дамыған. Осылайша кәсіпкер қосымша табысты асыл тұқымды мал сатумен және ет сату арқылы алуды көздеп отыр.
    Жобамен қарастырылған мал шаруашылығы өнімі Батыс Қазақстан облысында жүзеге асырылады, сондықтан қатысушы үшін нарықты білу аса маңызды еді. Олардың мәліметінше соңғы үш жылда БҚО шаруашылығыныңбарлық санатында мал басы санын көбейту көзделген.

    Зеленов ауданының «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудың бесінші ағынының қатысушыларының қорғауға ұсынылған бизнес-жобалары:
    Маншүк Батуллина – ірі қара мал өсіру және сүт шаруашылығын құру бойынша жоба (қажетті қаржыландыру сомасы – 5 млн теңге)
    Айнагүл Қожахметова – ірі қара мал өсіру және сүт шаруашылығы бойынша жоба (2,2 млн)
    Айдана Қосанова – ІҚМ өсіру және сүт шаруашылығы (6 млн тенге)
    Тарғын Сәрсенғалиев – ІҚМ өсіру және сүт шаруашылығы (2 млн теңге)
    Назира Сұлтанғалиева – ІҚМ өсіру және сүт шаруашылығы (6 млн теңге)
    Фарзана Насибуллина – ІҚМ өсіру және сүт шаруашылығы (3 млн теңге)
    Мейірбек Жасқайрат – ІҚМ өсіру және сүт шаруашылығы (3,6 млн теңге)
    Любовь Мулюн – ІҚМ өсіру және сүт шаруашылығы (5 млн теңге)

    Гауhар УМАРОВА


     
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

    Оставьте ваш комментарий!
    Введите здесь свое имя

    Последние новости

    Как повысить доверие к функционированию системы ОСМС

    18 декабря 2024 года филиалом Фонда была проведена разъяснительная...

    Рекомендуем

    Более 56 км дорог было отремонтировано в этом году в Уральске 

    В акимате города начали подводить итоги уходящего года. На...

    Сотрудник таможенной службы ЗКО получил 10 лет колонии за взяточничество

    Приговор в отношении бывшего служащего департамента государственных доходов огласили...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл