Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
-9 C
Уральск
6.1 C
Аксай
Еще

    Жаңа бағдарлама – жаңа мүмкіндіктер

    «Н» өз оқырмандарын нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған жаңа бағдарламасының БҚО- да қалай жүзеге асырылып жатқандығын ақпараттандыруды жалғастырып келеді. Бұл тақырып жуырда БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Бақдаулет ИБРАИМОВ және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалының директоры Ербол Иденовтың спикерлер ретінде қатысуымен өткен өңірлік коммуникациялар қызметінің мәжілісінде қызу талқыланды.

    Көпшілікке есептелген
    Еске түсіріп өтсек, елімізде 2017 жылдан бастап, оның ішінде біздің облысымызда да нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы жүзеге асып жатыр, бұл бағдарлама бойынша жаппай оқыту, сұранысқа ие мамандықтарға және кәсіпкерлік негіздерін оқу, несие беру арқылы жаппай кәсіпкерлікке жағдай жасау, жұмысқа орналастыруда көмектесу арқылы және еңбекке жұмылдыруды қолдау арқылы еңбек нарығын дамытуды қарастырады. Осы жылы техникалық және кәсіптік біліммен елімізде 21 мыңнан астам жас қазақстандықтар қамтылады. Сонымен қоса, мемлекет олардың оқуларын, шәкіртақыларын төлеп, тұруларын және жол шығындарын өтеп, бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етуге дайын. Оқу мына мамандықтар бойынша жүреді: электр-газбен дәнекерлеуші, аспазшы, жөндеу бойынша темір ұстасы, электрмонтер, ветеринар, бухгалтер, электрші, монтаждаушы, тігінші және тағы басқалары. Одан басқа, колледждер базасында, «Атамекен» ҰКП-ның оқу орталықтарында, кәсіпорындар оқу орталықтарында қысқа мерзімді оқуларда қазірдің өзінде жастар оқып жатыр. Өңірлерде пилотты тәртіппен мобильдік оқу орталықтары арқылы қысқа мерзімдік оқулар қабылданып жатыр. Жалпы, бұлай оқыту арқылы 26 мың қазақстандықтарды қамту жоспарланып отыр.
    Бағдарламаның бірінші бағытын жүзеге асыру үшін «техникалық және кәсіптік оқумен, қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету) 11,6 млрд теңге бөлінді. Бағдарламаға қатысушыларға кредит қалада «Даму» қорымен берілсе, ауылдық жерлерде және шағын қалаларда Аграрлық кредит корпорациясы және ауыл шаруашылығын қолдау Қорымен жүзеге асырылады. Берілетін несие сомасы 5 жылға дейін есептелген мерзіммен (мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативіне – 7 жылға дейін) 6%-дық жылдық мөлшерлемесімен 8 мың АЕК-ке дейін көтеріледі (18 млн теңге). Сонымен бірге, несиеге қолжетімділікті кеңейту мақсатында құжаттар саны да азайтылды, несие алу үшін жеке тұлғаларға 30- дан 14-ке, ал заңды тұлғаларға 9 құжаттарға дейін саны қысқартылды.
    Бағдарламаның екінші бағытын жүзеге асыру үшін (жаппай кәсіпкерлікті дамыту) ағымдағы жылда 38,5 млрд теңге қарастырылған. Осы жылы 5,8 мың микрокредит беру және кәсіпкерлік негіздеріне 15 мың адамды оқыту жоспарланып отыр.Үшінші бағыт аясында (мобильдік еңбек ресурстары және халықты жұмыспен қамту көмегі арқылы еңбек нарығын дамыту) әлеуметтік жұмыс орындарына 11,3 мың адамды, жастар практикасына – 12,7 мың түлектерді, қоғамдық жұмыстарға 76,2 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. 2,8 мың адамның көшуіне субсидий төлеу қарастырылып отыр. Бағдарламаның үшінші бағытының жүзеге асуына 9 млрд теңге бөлінді.
    Жыл басынан бағдарлама шеңберінде қазақстандықтарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырып жатыр, қоғамдық жұмыстарға жолдап, жас мамандарды жастар практикасына тартып жатыр. Тұтастай алғана, 2017 жылға бағдарламаның жүзеге асуына 85,3 млрд теңге қарастырылған. ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері осы көрсеткіштерді беріп отыр.

    Түбегейлі жақсарту
    — Елбасы өз жолдауында еліміздің алдағы дамуының бес артықшылығының ішінде дүниежүзілік бизнесті қолдауды, кәсіпкерлік ортаны түбегейлі кеңейту және жақсартуды анықтады, — деп белгіледі облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі отырысында БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Бақдаулет ИБРАИМОВ. – Бизнесті дамытудың басымдығы халықтың тиімді жұмысбастылығы мен азаматтарды жаппай кәсіпкерлік әрекетке тартуға жәрдемдесуге бағытталған.


    БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық -инновациялық даму басқармасының деректері бойынша қазіргі таңда Орал өңірінде шамамен 48 мың субъект бизнеске қосылған, олардың 37800-і әрекет етуде. Облыстың экономикалық белсенді тұрғындарының үштен бір бөлігі шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылды. 2017 жылдың бірінші тоқсанында олар 312 млрд теңге көлемінде өнім өндірген.
    — Белгілі болғандай, бизнесті қолдаудың маңызды құралдарының бірі мемлекеттік бағдарламар болып табылады, деп жалғастырды Б.Ибраимов. – Бұл БЖК-2020 бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы. Тұтас алғанда, 2010 жылдан бері жалпы сомасы 85,6 млрд теңгеден астам несиелер мен жеткізілген инфрақұрылымды 713 жобаларға мемлекет қолдау көрсеткен. Жетіспейтін инфрақұрылым 57 объектіге (шамамен 3 млрд теңгеге) жеткізілді. Бұл 28300 жұмыс орнын сақтап қалуға және 5000-ға жуық жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді.
    Б. Ибраимов атап өткендей, соңғы екі жыл ішінде мемлекеттік бағдарламаларда ауылдық кәсіпкерлердің арту үрдісі байқалуда. Осылайша, 2016 жылғы барлық мақұлданған жобалардың 43% ауылдық жерлерге тиесілі. Осы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша – жобалардың 38% ауылдық жерлерде іске асуда. 2017 жылы субсидиялауға несие сомасы 9 млрд теңгеден астам 79 жоба мақұлданды. 906,4 млн теңге субсидия төленіп болды, сомасы 440 млн теңге 21 жоба кепілдік алды.
    — Жас кәсіпкерлер арасында бірыңғай бағдарламаның – қайтарымсыз кепілді қаржыландыру компоненті айрықша танымал, — деп атады Бақдаулет Талғатұлы. – 2012-2017 жылдар аралығында 79 кәсіпкер жалпы сомасы 177 млн теңгеге кепілді қаржыландыруға ие болды. 2017 жылы 19 кәсіпкер сомасы 47 млн теңгеге кепілдік алды. Олардың ішіндегі 14-і ауылдық жерде іске асатын жобалар. Бұл компонент үлкен сұранысқа ие болғандықтан, қазіргі таңда ҚР ұлттық экономика министрлігімен 18 млн теңге көлемінде қосымша қаражат бөлу бойынша келіссөздер жүргізілуде. Егер министрлік мұны қолдаса, біз инновациялық жобаларды қайта қарастырып, оларды қосымша қаржыландырамыз.
    Отырыста атап көрсетілгендей, Бірыңғай жобаға 2015 жылдың басында енгізілген өзгерістер бұл жобаға ауылдық және жаңа бастаушы кәсіпкерлердің несие бойынша кепілдік беру компонентін қолданып қатысуына мүмкіндік берді. Кепілдеме мүмкіндігі жеткіліксіз жағдайда кәсіпкерлер несиенің жалпы сомасынан 85% дейін кепілдік ала алады. Сонымен қатар, ауылдық кәсіпкерлер үшін қызмет түрі бойынша шектеулер алып тасталынды. Яғни, кез-келген жоба қаржылық демеушілікке ие бола алады. Бұл азық-түлік дүкенінің ашылуы, тіпті мал сатып алынуы да болуы мүмкін.
    Ағымдағы жылы кәсіпкерлердің инвестжобаларын жүзеге асыруға мемлекетткі қолдау шараларын көрсету бойынша жұмыстар жалғасуда. Бұл бағытта жалпы сипаттағы трансферттер аясында сомасы 1,6 млрд теңге қаржы қарастырылған. Соның ішінде биылғы жылы пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 1,4 млрд теңге, ішінара кепілдендіруге – 94 млн теңге және кепілді қаржыландыруға 47 млн теңге бөлініп, толықтай игерілген.
    — Сонымен қатар, 2016 жылы алғаш рет «Даму» бағдарласымен бірлесе отырып екінші деңгейлі банктер арқылы жылдық 8,5%-бен несиелер берілетін аймақтық бағдарлама іске асырылды, — деп түсіндірді Б.Ибраимов. – Бұл қазіргі таңда ең төмен пайыз. 1 млрд теңгеге 31 несие берілді. 2017 жылы агроөнеркәсіптік кешен бағдарламаларын несиелеу үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау фонды» АҚ қатысумыен бірлесіп қаржыландыру дағдысын жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Бұл үшін облыстық бюджет және қаржылық қолдау Фондының қаражатынан 300 млн теңгеден бөлінетін болады. Жалпы сомасы 600 млн теңгенң құрайды. Ал, ЕДБ арқылы «Даму» қорымен бірігіп қаржыландыру үшін 700 млн. теңге бөлу жоспарланып отыр.
    БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы кәсіпкерлерге өз істерін бастауға немесе жүргізуге мемлекет тарапынан жоғарғы деңгейде оңтайлы жағдайлар жасалып отырғандығын тағы да естеріне салады. Сондай-ақ, кәсіпкерлер де қауіпті тәуекелдерін азайтып, бизнес-жоспар бойынша жүргені дұрыс.
    -Ескертіп қойған да жөн, алғашқы алған несиелері бойынша міндеттемелерін уақытылы пайдаланбау болашақта мемлекеттік бағдарламаларға қатысуда теріс зардаптарын тигізуі мүмкін,-деді Бақдаулет Ибраимов. — Мемлекеттік қолдауды алған кәсіпкерлер кей жағдайда елемей жүре беретіндері де бар, бұл жағдайда қаржыландырудың талабы өзгереді. Кейін соңғы нәтиже мәресіне жетпейді, яғни несиені мақсатсыз қолдану фактілері кездеседі. Сондықтан, бизнес қызмет барысын жаңа жұмыс орындарын ашумен, өндіріс көлемінің кеңею, жаңа еңбек нарығын игеру және өз саласында позицияларының бекуі сияқты нәтижелермен көрініс тапқанын қалар едік.
    Ербол ИДЕНОВТЫҢ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалының директорының айтуы бойынша БҚО-да өткен 2016 жылда субсидиялау бойынша жалпы құны 20,4 млрд теңге құраған барлығы 11 келісімшартқа қол қойылды. Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында филиал 8,1 млрд теңге сомасында субсидиялау бойынша 69 жобаға қолдау көрсетті. Бағдарламаның субсидиялау бойынша басынан бастап жүзеге асуында 600 жоба қолдау тапты.


    — Екінші деңгейлі банктерден несие алу барысында кепілдеме жетіспеген болса, кәсіпкер субсидиялау бағдарламасы аясында «Даму» қорының кепілдемесін ала алады, — деп атап өтті Е.Иденов.- Яғни, жұмыс істеп отырған кәсіпкердің банкке қойған кепілдемесінің құнынан екі есе артық мөлшерде несие алуына мүмкіндігі бар, шаруасын енді бастаған кәсіпкерге қордан алатын несиесінің 85 пайызы көлемінде кепілдеме ала алады. 2011 жылдан бастап 183 кәсіпкерлер кепілдемені пайдаланған болатын (2 млрд теңге). Тек, 2016 жылдың өзінде кепілдеме бойынша 88 жоба мақұлданды. Ағымдағы жылдың алғашқы алты айында жалпы құны 490,8 млн. теңге құрайтын 24 кепілдеме берілді.

    Микрокредит беру – басталып та кетті
    Мәжілісте аталып өткендей, қазіргі таңда нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған бағдарламасы жүзеге асуда. Бұл жаңа бағдарлама « Жұмыспен қамту – 2020 жол картасын» ауыстырды. Аудандарда осы бағдарлама шеңберінде микрокредит беру қаржылай қолдау қоры арқылы, ал Оралда «Даму» КДҚ филиалдары арқылы жүреді.
    -Бағдарлама екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асады, — деп атап өтті Ербол Иденов. — Біздің аймаққа 294,7 млн теңге және 36 млн.теңге кепілдеме беруге бөлінді. Кәсіпкерлер үшін жылдық пайыз мөлшерлемесі тек 6% құрайды. Сондай-ақ, бұл мөлшерлеме жаңа бастағандарға да, жұмыс жасап жатқан кәсіпкерлерге де бірдей. Жоғарғы көрсеткіші – 8000 АЕК –ке дейін (18 млн теңге шамасында).
    Б.Ибраимов осы жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының жабылғандығын және нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту жаңа бағдарламасының жүзеге асуының басталғандығын атап өтті. Аудандарда ауыл шаруашылығы басқармалары жүзеге асыратын болады, ал қаржылай қолдау қоры агрокредит корпорациясымен бірлесе отырып несиелендіреді.Орал қаласында екінші деңгейлік банктер «Даму» қоры филиалы арқылы несиелендіреді.
    -Осы бағдарлама бойынша кредитті шаруасын жаңа бастаушылар да, жұмыс жасап жатқандар да ала алады, — деп айтып өтті Б.Ибраимов. – Сала әртүрлі, оған сауданы да енгізуді жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда қаржыландыру әлі басталған жоқ.
    Е.Иденовтің айтуы бойынша, «Даму» КДҚ қазіргі уақытта екінші деңгейлік банктермен және микроқаржыландыру ұйымдарымен микрокредит беру бойынша келісімшарттар жасау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қор осы бағдарламаның талаптары бойынша несие беруге келісімін беретін екінші деңгейлік банкті анықтайды. Келісімшарттарға қол қойғаннан кейін қаржыландыру басталады.
    — Жуық арада бұл мәселе шешімін табу керек, деп уәде етті Е.Иденов.- Қазірдің өзінде кәсіпкерлер «Даму» қоры филиалдарына барып, құжаттар жинақтау бойынша жолыға алады.
    -Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша кредит берудің жылдық мөлшерлемесі өте төмен барлығы -6% болғандықтан, көпшілігі бұл бағдарламаны күтуде, келеді, жолығып жатады,-деп айтып өтті Б.Ибраимов.- Қазірдің өзінде бизнес-жобалар пулы жасалынды, олардың саны-79. Барлығы қаржыландыруды күтіп отыр.
    Б.Ибраимов түсіндіріп өткендей, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша микрокредит беруге үмітті бизнес –жобаларды қалалық жұмыспен қамту бөлімі құрайды. Сондықтан, осы бағдарлама шеңберінде кредит алғысы келген кәсіпкерлер алдымен жұмыспен қамту орталықтарына жолығып, жолдама алып, содан кейін БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасына келіп, мамандардан қай банкте кредит беру барысы жүретіндігі туралы кеңес ала алады.
    Сондай-ақ, бизнес ашу және жүргізу бойынша барлық сұрақтар бойынша «Даму» КДҚ филиалында Т.Масин көшесі, 67/2 мекен-жайында орналасқан кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан кеңес алуға болады. Егер, бизнес-ойыңыз жүзеге асуға дайын болса, кеңесшілер қажетті құжаттар пакетін екінші деңгейлік банкке жинауға көмектесіп, қарыз бергенге дейін жобаңызды алып жүреді.

    Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы туралы
    (БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының деректері).

    Бағдарламаның екінші бағыты (жаппай кәсіпкерлікті дамыту) келесі міндеттердің жүзеге асырылуын қарастырады:
    1. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқу
    2. Кәсіпткерлік бастамаларды қолдау
    3. Қала және ауылдарда микрокредитке кепілдеме

    Бағдарламаның екінші бағытының операторлары болып ҚР ұлттық экономика министрлігі болып табылады – «Бастау Бизнес» жобасының жүзеге асырылуы және қалаларда микрокредит беру және ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі – «Бастау Бизнес» жобасының 2018 жылдан жүзеге асырылуы және шағын қалаларда, ауылдарда микрокредит беру мәселелерін қарастырады. Жергілікті деңгейде – БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы ауылда микрокредит беру мәселесін қарастырса, БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы қалада микрокредит беру барысын жүргізеді.

    Қалада микрокредиттер екінші деңгейлік банктер (ЕДБ) арқылы, «Даму» ҚДҚ» АҚ арқылы қаржыландырылатын микроқаржыландыру ұйымдарымен беріледі. Ауылда микрокредиттер «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ арқылы микроқаржылық ұйымдарды және кредиттік серіктестіктерді қорландыру арқылы беріледі.

    Микрокредиттер 7 жылға дейіңгі мерзіммен өтеу, қайтару,ақылылық принципімен жылдық микрокредиттері бойынша сыйақының номиналды мөлшерлемесі 6%-дан аспайтын., 8 мың АЕК-ке дейін, негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезеңді мерзімінің ұзақтығы 1/3-тен аспайтын мерзіммен беріледі.

    Микрокредиттер микробизнес ашу үшін «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін немеме бірінші бағыты бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқығаннан кейін немесе
    басқа да бағдарламалар шеңберінде соңғы екі жылда кәсіпкерлік негіздерін оқығаны туралы сертификаты болған жағдайда беріледі.

    Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда берілетін кредиттерді, микрокредиттерді кепілдендіруді – «ҚазАгроКепіл» АҚ, қалаларда – «Даму» КДҚ» АҚ жүзеге асырады. Кредиттерге, микрокредиттерге кепілдік бергені үшін жергілікті атқарушы органдардан алынатын комиссиялардың мөлшері ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда кепілдік мөлшерінен 30%-ды, қалаларда – 20%-ды құрайды.

    Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда берілген МҚҰ микрокредиттерін беруге арналған операциялық шығындар субсидиялауға жатады. МҚҰ субсидия алушылар болып табылады. Субсидия мөлшері «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-дан алынған қорландыру қаражаты есебінен ауылдық жерлерде және шағын қалаларда МҚҰ берген микрокредиттің көлемінен 10 %-ды құрайды, қаражатты толық игеру көлемін субсидиялау бойынша бір уақытта МҚҰ-ға төленеді.

    Батыс Қазақстан облысында 2017 жылы микрокредит беруге 1 млрд 768 млн 73 мың теңге жолдау жоспарланып отыр. Оның ішінде 294,7 мың теңге бөлінді, оның ішінде микрокредит беруге -84,730 млн.теңге – республикалық бюджеттен, 210 млн. теңге – жергілікті бюджеттен. Кепілдемеге жергілікті бюджеттен – 36 млн. теңге, 18,1 млн.теңге «Бастау Бизнес» жобасы бойынша шәкіртақыға.

    Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының жүзеге асуы (БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының мәліметтері бойынша).
    Ағымдағы жылда аталмыш бағдарламаға орай шағын қалаларға және ауылдық елді мекендерге микрокредит беру бойынша 1474,0 млн. теңге және қалаларға микрокредиттеуге 294,7 млн.теңге жіберу жоспарланып отыр.

    Қазіргі уақытта кредит ресурстары микрокредит беру ұйымдарына аударылды: «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры»АҚ және «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ.

    Сонымен қоса, микрокредит беру бойынша кепілдемеге бюджеттен 190,4 млн. теңге бөлінді. Қазіргі уақытта, кепілдемені беру шарттарына сәйкес 50%-ы (154,4 млн. теңгенің 77,1 млн. теңге) «КазАгроГарант» АҚ және 18 млн.теңге (36 млн.теңгеден) «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ аударылды.

    Гауhар УМАРОВА


     
    Предыдущая статьяИз арендатора в арендодатели
    Следующая статьяОгненная напасть
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

    Оставьте ваш комментарий!
    Введите здесь свое имя

    Последние новости

    Как повысить доверие к функционированию системы ОСМС

    18 декабря 2024 года филиалом Фонда была проведена разъяснительная...

    Рекомендуем

    Более 56 км дорог было отремонтировано в этом году в Уральске 

    В акимате города начали подводить итоги уходящего года. На...

    Сотрудник таможенной службы ЗКО получил 10 лет колонии за взяточничество

    Приговор в отношении бывшего служащего департамента государственных доходов огласили...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл