Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
25 C
Уральск
25.1 C
Аксай
Еще

    АЭС қолдаушылардың қатары тұрақты өсуде – үш сауалнаманың нәтижесі

    Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша «Демократия институты» ҒЗҚ ҚБ 2024 жылдың 13-26 қыркүйек аралығында телефон арқылы сауалнама жүргізді. Сауалнамаға 18 жастан асқан 1 200 респондент қатысты. Сауалнамаға 17 облыс пен республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларының респонденттері қатысты.

    Жалпы респонденттердің басым бөлігі – 72,9%-ы атом электр станциясын салу идеясын қолдайды. «Қазақстанда АЭС салу идеясына көзқарасыңыз қандай?» деген сұраққа респонденттердің шамамен үштен екісі оң көзқарас білдірді.

    Алдында жарияланған сауалнама қорытындыларымен салыстырғанда, бұл қазіргі уақытта ең жоғары көрсеткіш. Бірінші сауалнама қорытындыларымен салыстырғанда, АЭС құрылысын қолдаушылардың үлесі 19,8 пайыздық тармаққа, екіншісімен салыстырғанда 12,7 пайыздық тармаққа өсті. Ағымдағы үрдісті ескерсек, атом электр станциясын қолдаушылардың саны сайлау күніне қарай одан әрі артуы мүмкін деген болжам жасауға болады.

    Респонденттердің 22,3%-ы атом электр станциясын салу идеясына теріс көзқарас білдірді; 4,8%-ы жауап беруге қиналды.

    Телефон арқылы жүргізілген сауалнама нәтижелері респонденттердің 62%-ының азаматтық ұстанымы бар екенін және референдумға қатысуға ниет білдіретінін көрсетеді.

    Мәселен, «Қазақстанда атом электр станциясының (АЭС) салу мәселесі жалпыұлттық референдум арқылы шешілетін болады. Сіз референдумға қатысуға дайынсыз ба?» деген сұраққа 46,3%-ы нақты ниет танытты, 15,7%-ы қатысуға тырысамын деп жауап берді.

    Осыған дейінгі сауалнама қорытындыларымен салыстырғанда, дауыс беруге ниетті респонденттердің үлесі 59%-дан 62%-ға дейін өсті. Респонденттердің 19,3%-ы референдумға қатысуды көздемейді, 18,7%-ы әлі шешім қабылдамаған.

    Сауалнаманы 2024 жылдың 13-26 қыркүйек аралығында «Демократия институты» ҒЗҚ ҚБ жүргізді. Зерттеуде телефон арқылы сұхбат алу әдісі қолданылды.

    Сауалнамаға 17 облыс пен республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларының 18 жастан асқан респонденттері қатысты. Іріктеу көлемі 1 200 респондентті құрайды.

    Статистикалық қателік 2,5%-дан аспайды.

    ОСК-ның 2024 жылғы 13 қыркүйектегі № 3Т-2024-05252505 ресми мәлімдемесі.

     

     


     

    ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

    Оставьте ваш комментарий!
    Введите здесь свое имя

    Последние новости

    В Уральске назначен аким города

    Им стал Мурат Байменов, прежде занимавший должность заместителя акима...

    В супермаркетах ЗКО реализуются просроченные продукты

    В рамках проекта «Сапалы өнім» общественная организация по защите...

    Рекомендуем

    В Уральске назначен аким города

    Им стал Мурат Байменов, прежде занимавший должность заместителя акима...

    Несколько человек пострадали во время празднования Дня района Байтерек

    Во время празднования Дня района Байтерек, которое проходило 28...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл