Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
-10 C
Уральск
6.1 C
Аксай
Еще

    Жұмысшы кадрларға — «жол ашық»!

    «Н» бұрын да айтып өткендей, ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап БҚО колледждерінде нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 бағдарламасының «Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды дайындау» бағыты бойынша іске асырылуы басталып кетті. Аталып отырған Бағдарлама қатысушылары жұмыс біліктіліктеріне мамандықтар және кәсіптер Тізбесіне, техникалық және кәсіптік үшін білім деңгейлеріне, орта білімнен кейінгі білім деңгейлеріне сәйкес тегін негізде оқытылатындығын еске сала кетейік.

    Оқу барысы қалай жүріп жатырғандығын білу үшін «Н» тілшілері Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжіне барып қайтты.

    Біздің газетамыз халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша 2017 жылы 27 сәуірде өткен өңірлік комиссияның  отырысында кадрларды оқыту бойынша БҚО-ның 22 колледждерінің тізімі бекітілгендігі туралы хабарлаған болатын, (8 қалалық, қалғандары аудандардан), олар 13 мамандық бойынша кадрларды дайындайтын болады (колледждердің толықтай тізімі «Н» газетінің 30.08.2017 ж. санында жарияланған болатын). Айта кету керек, Бағдарламаның техникалық және кәсіптік білім алып жатқан барлық қатысушылары бір реттік ыстық тамақпен, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз етіледі.

    Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінде (ары қарай ОГМСТК) 25 адамнан үш топ жинақталған, олар келесі мамандықтар бойынша оқудан өтіп жатыр:

    — Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану (11 сынып негізінде, орыс тілінде);

    — Техникалық қызмет көрсету, автомобиль транспортын жөндеу және пайдалану (9 сынып негізінде, мемлекеттік тілде);

    — Ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдеткіштерді, инженерлік жүйелерді пайдалану мен монтаждау (9 сынып негізінде, мемлекеттік тілде).

    — «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша оқытылатындар оқу мерзімі екі жыл алты айды құрайтын келесі алғашқы жалпы кәсіптік пәндерді оқиды: құрылыс материалдары, геодезия, сызу. Бірінші курсты аяқтағаннан соң олар сылақшы-майлаушы ретінде сертификатын алады, содан кейін оқу барысында тек майлаушы, ал оқуды бітіргеннен соң техник-құрылысшы мамандығы бойынша диплом алады. Бізде өзіміздегі шеберханада ғана оқу тәжірибесін өткізу қарастырылып қоймай, қала мекемелерінде өндірістік тәжірибеден өту қолға алынған, олармен келісім шарт жасаған болатынбыз. Оқу тәжірибесінде оқушыларымыз әлеуетті жұмыс беруші алдында өздерінің жақсы қабілеттерін көрсете алса, мекеменің жұмыс берушісі оны оқу аяқталысымен өзіне жұмысқа шақыра алады,- деп айтып берді колледждің құрылыс-теникалық бөлімі меңгерушісі Үмітай ЖАРЫЛҒАСОВА.

    — Қазір біз жалпықұрылыс пәндерін өтіп жатырмыз, бізде колледж негізінде оқу тәжірибесі бар, мұнда жақсы жабдықталған шеберханалар бар, онда өзіңді нағыз құрылысшы ретінде сезінуге мүмкіндіктер қарастырылған, алдағы уақытта шеберханада сырлау, майлау және т.б жұмыстарды атқаратын боламыз. Оқумен қатар колледждің қоғамдық өміріне де белсенді қатысуға тырысамын, мысалы, мемлекеттік тілді білу байқауында бірінші орынды жеңіп алдым. Әзірге жұмысқа орналасу бойынша нақты шешім жоқ, бірақ бізге түсіндіріп өткендей, егер өндірістік тәжірибе өту барысында өзіңді ең жақсы қырыңнан көрсете алсаң, әдетте мұндай оқушыларды жұмыс беруші өз мекемесіне жұмысқа шақырады екен. Сондықтан тырысатын боламыз! – деп ойын бөлісті Алексей ЛЕВОЧКИН.

    Колледжде сұранысқа ие мамандықтардың қатарында «Ішкі санитарлық-техникалық құрылғылардың, желдеткіштердің және инженерлік жүйелерді пайдалану мен монтаждау» мамандығы. Мұнда да 25 оқушы оқиды, оның ішінде үшеуі қыз бала.

    -Біздің колледждің мамандықтары бойынша түлектер санитарлық техник қажет әр түрлі ұйымдар мен мекемелерге, жұмысқа орналаса алады. Оқу мерзімі – үш жыл он ай, өйткені, алғашқы жылдары оқушыларымыз жоғарғы сыныптың мектеп пәндерін оқиды, сосын барып мамандандырылған пәндерді өтеді. Оқу барысы үш деңгейден тұрады: бірінші оқу жылынан соң оқушылар электргаздәнекерлеуші мамандығын алады, одан соң слесарь-санитарлық техник, ал оқу аяқталған соң санитарлық-техник, техник мамандығы бойынша диплом алады. Оған қоса бағдарламаға қатысушылар таңдауға ие: олар үш деңгей бойынша да дайындықтан өтіп диплом ала алады сондай-ақ бір немесе екі сертификат алып, жұмысы болған жағдайда ары қарай оқуын жалғастырмай, бірден жұмысқа орналаса алады. Сабақ оқулары жаман емес, қызығушылықтары бар, оған қоса егер оқушылар екі алған жағдайда стипендия төлемейді, бұл шарт оқып жатырғандарға салғырттық танытпай, мамандықтарды жеткіліксіз игеруіне жол бермейді,-деп хабарлады мұнайгаз бөлімі меңгерушісі Мадина Насырбекова.

    -Біз жоғары қысымды құбыржолдарды электрлігаздәнекерлеу және аргон-дұғалық дәнекерлеуге оқытамыз. Бізге 9-11 сыныптар негізінде оқуға келеді, сонымен қатар дайын мамандарды бір разрядтан басқа жоғары разрядқа дейін қайта біліктіліктен өткіземіз. Әзірге нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының қатысушылары тәжірибеден өтпейді, алда өтетін болады, алайда бізде барлық қажетті жабдықтар бар, сондықтан мекемелерде өтетін өндірістік тәжірибеге дейін дәнекелеудің негіздерінің түріне, оның ішінде санитарлық техникалық жұмыстарда қолданылатын түріне де үйрететін боламыз,- деп айтты өндірістік оқыту бойынша мастер Роман ЖИРОВ.

    — 9 сыныптан соң осында санитарлық техникалық мамандығы бойынша оқуға келдім, бұл мамандық көптеген мекемелерде қажеттілікке ие мамандықтардың бірі деп ойламын, соңына дейін оқитын боламын, сертификатты да, дипломды да алатын боламын. Осылайша, дәнекерлікті де, санитарлық техник жұмысын да игеремін, бұл өте қолайлы. Оған қоса үйде ата-анама да жөндеу жұмыстары бойынша, шаруашылықта мысалға шүмектерді оңдау немесе тағы да басқасына көмектесе аламын — деп ойымен бөлісті Мұхамедрахым ҒҰБАШЕВ.

    Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінде мамандыққа оқытудың үшінші түрі – автокөлікпен байланысты және толық атауы «Техникалық қызмет көрсету, автомобиль транспортын жөндеу және пайдалану».

    — Бізде бұл мамандық бойынша оқу мерзімі – үш жыл 10 ай, бірінші жылы жоғарғы сыныптарға арналған мектеп пәндерін оқиды, кейін мамандықтар бойынша пәндер оқытылады. Оқу барысында бірнеше сертификаттар беріледі, алдымен автослесарь, кейін автомобидьдерді жөндеу бойынша мастер, ал оқу аяқталысымен механик-техник мамандығына сәйкес диплом беріледі. Оқу мемлекеттік тілде жүреді, топта 25 адам бар, оның бесеуі – қыздар. Оқу аяқтағаннан соң жұмысқа орналасуға болады немесе ЖОО-да оқуларын жалғастыруға, мысалға БҚАТУ-ға «Машина жасау» факультетіне оқуға түсуге болады,- деп айтып өтті төтенше жағдайлар бөлімінің меңгерушісі Сара БИСАЛИЕВА.

    Осы мамандық түрін таңдаған нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының қатысушылары оқулары туралы аса қызығушылықпен айтып берді.

    — Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы туралы аудандық білім беру бөлімі арқасында білдім, олардың өкілдері бізге мектепке келіп, бағдарламаның шарттары туралы айтқан болатын, мен осы мүмкіндікті көрейін деп, қажетті құжаттарды жинақтадым және таңдау жасағаныма еш өкінбеймін. Қазір мектеп пәндерін: физика, математика, тілдер жалпы мектеп бағдарламасын оқып жатырмыз. Мен автомобильдер бойынша техник-механик мамандығына түстім, өйткені маған бұл сала қызықты, оқуға дейін де көлікті жөндеуде білетіндерім бар еді, әкемнің көліктері бар достарына баратынбыз, көліктің ішкі құрылғысын зерттейтінмін, осылайша қызығушылығым туды. Мұнда көптеген достар таптым,оқуды ақтағаннан соң өзімнің автосервисімді ашуды жоспарлаймын,- деп айтып берді Шыңғырлау ауданының тұрғыны нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының қатысушысы Дінислам МАСАЛИМОВ.

    — Маған да бұл мамандық ұнайды, бала кезімде атама көлік жөндеуде көмектесетінмін, осылайша бұл жұмысқа тартылдым. Осы жылы 9 сыныпты бітірдім және колледжге оқуға түсуді шештім, оған қоса нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының шарттары өте тиімді: оқу бюджет есебінен, оған қоса стипендия 24 мың теңге көлемінде және тегін тамақтандырады. Барлығына ризамын, ендігі кезекте оқуымды жақсы бағамен аяқтап, барлық оқу мерзімін өтіп дипломымды аламын деп үміттенемін. Қазіргі уақытта жұмыс мамандары өте қажет болғандықтан, жұмысқа орналасу да қиынға соқпайтынына сенемін,- деді Казталов ауданының қатысушысы Азамат РЫСҚАЛИЕВ.

    Облыстық білім басқармасының мәліметі бойынша БҚО колледждерінде нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде кәсіби дайындау үшін 4000 адам (жыл сайын 800адам) қамту жоспарланып отыр. Кәсіптік және техникалық білім беруде кадрларды тегін дайындауға қаржы жергілікті (3500 орын шамасы) бюджеттен және республикалық (800 орын) бюджеттен қарастырылып отыр.

    Сондай-ақ облыстық білім басқармасы Білім және ғылым минстрлігімен 2017 жылдан бастап «Барлығына тегін кәсіптік – техникалық білім» атты жаңа жобасын енгізу бойынша Жол картасы бекітілгендігін айтып берді. Ол мамандарды кәсіптік-техникалық біліммен мамандарды даярлауға жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік білім тапсырысының жыл сайын кеңейе түсуін қарастырады.

    Облыстың еңбек нарығында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарға қажеттілігі 2017-2018 жылдарға 8500-ден аса адамды құрайды. Барлығы 38 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында (27 мемлекеттік және 11 мемлекеттік емес колледждерде) 19,9 мың адам мамандықтар және жұмыс мамандықтарын алып жатыр.Жұмыс кадрларын және мамандарды дайындау 74 мамандықтардан аса және 139 біліктіліктер бойынша жүреді. 12520 оқытатын мемлекеттік колледждердің 4603 (36,8% ) адамы жұмыс мамандықтары бойынша оқытылады, мемлекеттік емес колледждерде оқытылатын 7366-сы орта буын мамандықтары бойынша оқытылады.

                                                                                                                               Гауhар УМАРОВА


     
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

    Оставьте ваш комментарий!
    Введите здесь свое имя

    Последние новости

    Как повысить доверие к функционированию системы ОСМС

    18 декабря 2024 года филиалом Фонда была проведена разъяснительная...

    Рекомендуем

    Более 56 км дорог было отремонтировано в этом году в Уральске 

    В акимате города начали подводить итоги уходящего года. На...

    Сотрудник таможенной службы ЗКО получил 10 лет колонии за взяточничество

    Приговор в отношении бывшего служащего департамента государственных доходов огласили...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл