Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
-2 C
Уральск
3.1 C
Аксай
Еще

    Қажеттіліктер туралы «бірінші ақпарат көзінен»

    Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыту Қаратөбе ауданында биылғы жылдан бастап қана ұйымдастырылуда, соған қарамастан қаратөбеліктер кәсібін ашуға, бизнесін дамытуға «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жасап отырған мүмкіндіктеріне үлкен ынтамен қарап отыр. Облысымыздың ең алыс аудандарының бірінің тұрғындарының ұсынған қызықты бастамалары және осы бастамаларды жүзеге асыруда қандай қиындықтар туындайтыны туралы газетіміздің бүгінгі басылымында тоқталып өтеміз.

    Қаратөбе ауданы бойынша бизнес-тренер Гүлназ Чукаеваның айтуы бойынша, жыл басынан кәсіпкерлік негіздеріне 69 адам оқыды және «Бастау Бизнес» жобасы бойынша үшінші (қазіргі) ағында 15 аудан тұрғыны оқытудан өтуде. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалымен алты бизнес-жоба мақұлданды, берілген несиелік қарыздың жалпы сомасы 13 миллион теңгені құрады.


    Қаратөбеліктердің айналыс-қысы келетін қызмет түрі — мал шаруашылығы, негізінен – ірі қара малды өсіру, олардың ішінде бір бизнес-жоба ерекшеленеді. Төлен ауылының тұрғыны, 19 жасар Есімхан Абуов бие өсірумен айналысып, болашақта қымыз өндіруді жолға қоюды жоспарлап отыр.


    Айта кету керек, жас жігіттің жанұясы жылқы ұстайды, әрбір басталған шаруашылық дамытуды қажет ететіндігін түсінген Есімхан да әкесінің ісін жалғастырып, дамытуға бел буған. Қазіргі уақытта 20 бас жылқы ұстап отырған орынның аумағының кеңдігіне орай, жылқы басы санын тағы 10 басқа арттыру мүмкіндігін қарастырып отыр. Тұқымды биені сатып алуға 4 миллион теңге қажет және қазіргі таңда несие беру қарастырылуда.
    Абуовтар отбасылық бизнесін ұйымдастыру арқылы күніне 50 литр қымыз өндіретін болады, өздерінің сүт өнімдерін тұрғындарға бөлшектеп сату түрінде жеткізіп беруді жоспарлауда.
    Қазіргі таңда «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалында үш бизнес-жоба қарастырылуда.

    Сервистік қызметті дамыту саласы бойынша Шөптікөл ауылының тұрғыны өз елді-мекенінде тойхана ашуды жоспарлап отыр. Қаратөбе ауданының бизнес-тренері аудан тұрғындары мерейтой шараларын, оның ішінде тойларды белсенді түрде өткізетіндігін, алайда дәмхана, мейрамханалардың жоқтығынан немесе жеткіліксіздігі себепті мерейтой шараларын жұмыс күндері өткізуге тура келетіндігін атап өтті.
    Айта кетсек, аудан орталығы – Қаратөбе ауылында үш тойхана бар, Шөптікөл ауылында – тек қана біреу, оның да сыйымдылығы үлкен емес. Махсутовтар жанұясы айтулы оқиғаларды тойлауға мүмкіндік беретін кең тойханаға қажеттілігін біле тұра, өз қаражаты есебінен 200 орынға есептелген ғимарат сала алды. Тойхананы қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге қаражатқа қажеттілік туындауына байланысты, ерлі-зайыпты Әлібек пен Даззат тиімді жағдайда қарыз беру мүмкін-діктері қарасты-рылған мемлекеттік қолдауды пайдалануға шешім қабылдады.


    Кепілдік мүлікті бағалай келе, Махсутовтарға 2,5 миллион теңге көлемінде несие мақұлданды, ғимаратқа коммуникация (газ, жарық, су) өткізілгенін ескерсек, тойханаға тек жиһаз бен құрал-жабдық сатып алу ғана қалды. Қазір ерлі-зайыптылар осы жұмыстарды жүзеге асыруда.
    Отағасының сөзінше, 8 тамызға отбасының басты мерейтойы – кенже ұлының үйлену тойы белгіленген және осы күнге тойхананың ашылуы жоспарланып отыр. Махсутовтар отбасылық мерейтой қонақтарын жаңа тойханада күтетінін болжау қиын емес, қуанышты той шарасымен бір уақытта Қаратөбе ауданындағы жаңадан ашылған объектінің тұсаукесер салтанаты өтеді.
    — Бұл күнтізбелік дата «8» санына толы, ол шексіздік белгісін білдіреді, сондықтан осы күн – 08.08.2018 жыл – өз жанұямыздың ерекше күні ретінде таңдадық,- деп айтты Әлібек Қабиұлы.
    Осыдан бұрынғы біздің шығарылымдарда облысымызда Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында бағдарлама қатысушылары «Бастау Бизнес» жобасы бойынша бизнес-жобаларын қорғау барысында қызмет түрі ретінде негізінен мал шаруашылығын таңдайтындығын айтып өткен болатынбыз, алайда олардың ішінде ерекше идеялар ұсынатындар да баршылық.

    Мысалға, 28 жасар Қарлығаш Бисенова үш жыл бойы қолөнермен айналысады, оның жұмыс-тарының ішінде «хенд мейд» стиліндегі ішкі көріністі безендіруге арналған қуыршақтар да бар. Жас әйел екінші нәрестесіне жүкті болған уақытта You-Тube-тан тоқу мен тігу бойынша мастер-кластарға көңіл бөле бастады. Кейін еліктеушілік әуесқойлыққа айналды және тоқылған қуыршақтарды, қоян мен аюларды интернетке шығарғалы осы әдемі кәдесыйларды сатып алушылар табыла бастады.


    Мысалға, Қарлығаштың қолөнер туындылары туралы ортақ таныстары арқылы естіген Австралияның азаматшасы бір қуыршағын сатып алған.
    «Бастау» жобасы бойынша оқытудан өткен бұл азаматша Қаратөбе ауданының кішкентай тұрғындарына қолөнердің қыр-сырын үйретуге арналған шағын арт-студиясын ашқысы келеді. Соның ішінде, майда моншақтармен жұмыс жасауды қолға алғысы келеді. Екі баланың анасы Қарлығыш, қолдың ұсақ моторикасын дамыту баланың зияткерлігіне әсер ететінін, есте сақтау мен ойлау қабілетін дамытатынын, зейін қоюын қалыптастыратынын біліп, осы пайдалы ісін дамытқысы келеді.
    Қ.Бисенованың идеясы бизнес-тренер Г.Чукаеваға қатты ұнағанымен, кепілдікке мүлік болмағандықтан несие беруге мүмкіндік болмай тұр. Бірақ, Қарлығаш ауылындағы балалардың бос уақытын тиімді өткізуді ұйымдастыруға арналған ойынан бас тартудан айныған емес, «Атамекен» Ұлттық палатасымен берілген сертификаты екі жылға жарамдылығын ескере отырып, ол келесі жылы грант алу үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен ұйымдастырылатын конкурсқа қатыспақшы.


    Гүлназ Оқасқызымен әңгіме барысында ауылдағы өмірді біршама жақсартуға ықпал ететін бизнес-жобаларды жүзеге асыруға кедергі болып жүрген басқа да мәселелер анықталды. Қаратөбе ауданының тұрғыны Әйгерім Жұмағалиева көрпе дайындау бойынша тігін өндірісін ұйымдастырғысы келеді, бірақ ауыл тұрғынының жоспарын жүзеге асыруға оның несиесі бойынша мерзімінен асқан төлемдер кедергі болды.

    Осындай ұқсас жағдаймен Алтынай Жайлиева да кездесті, ол аудан орталығында стоматологиялық кабинет ашқысы келді, бірақ несиелік тарихы бұзылғанын ескере отырып, несие беруден бас тартылды. Ал, барлық Қаратөбе ауданы бойынша бір ғана тіс дәрігері бар екенін ескерсек, облысымыздың аталған ауданында жеке стоматологиялық кабинетті ашу маңыздылығын түсіну қиын емес.
    Гүлназ Чукаеваның айтуынша, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқытудан өткен он қатысушысына кредиттік тарихының қанағаттанарлықсыздығынан несие беруден бас тартылды. Несиелер бойынша мерзімінен кешіктіріліп төленген жағдайлар бойынша бизнес-тренер былай айтты:
    — Біздің ауданда Евразия банкінің банкоматы ғана бар, басқа банктерге төлем жіберу үшін облыс орталығына баруды қажет етеді. Төлем жасаудың басқа жолы бар, «Қазпошта» АҚ филиалы арқылы несиенің төлемін төлеуге болады, бірақ интернет жылдамдығының мардымсыздығынан банк операциялары кешіктіріліп жүреді. Осылайша, несие төлеу күнінен бұрын ақшасын салсаң да, төлем келесі күні де емес екі күннен соң түседі, міне солай қарыз алушының тарапына байланысты емес туындайтын жағдайлардан несие мерзімін өткізіп алулар болып жатады,- деп назын айтты Гүлназ Оқасқызы.
    Бизнес-тренердің ойынша, осындай жағдайлардың туындауын есепке ала отырып, кредиттік тарихына байланысты қойылатын шарттарды кері қарау керек. Оған қоса, несие жылжымайтын мүлікті кепілдікке қою арқылы берілетінін ескерсек (әдетте, аудан тұрғындары жалғыз үйлерін кепілдікке қойып жатады ғой).
    Сұхбаттасушыма мынадай сұрақ қойдым: — «Сіздің көзқарасыңыз бойынша, Қаратөбе ауданында бүгінгі таңда қай салада кәсіп түрін ашқан өзекті?».
    Гүлназ Чукаева мемлекеттік – жекешелік серіктестік аясында медициналық сараптама-талдаулар жасау бойынша зертхана салуға болар еді деп есептейді. Мұндай зертхананың болуы тұрғындар үшін ауданнан ұзамай өз зертханаларында талдауларды жасауына мүмкіндік тудырары және оларға тиімді болары сөзсіз.

    Р.S.: Мұндай медициналық зертхананы ашпақ болатын кәсіпкерге табыс әкеле ме жоқ па ол туралы үстірт пікір айтып, пайымдамайын, алайда Қаратөбе ауданының бизнес-тренері Гүлназ Чукаеваның адамдардың өз кәсібін ашқысы келіп, сол жолда кездесетін қиындықтарын бүкпесіз көрсетіп айтуға дайын екендігін таныта білгені үшін жақсы пікірде қалдық. Өйткені, бизнес-тренерлер бағдарламаны жүзеге асыруда кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жетекшілері, сонымен қатар халыққа кәсібін жаңа бастағалы отырғандарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларын жеткізіп қана қоймай, бағдарламаны жүзеге асыруда кедергі келтіретін мәселелерді жинақтау, жария қылу міндеттері болып табылады. Сондықтан да кері байланыс болуы қажет.
    Кім біледі, мүмкін, бұл бизнес-тренердің пікіріне «Атамекен» Ұлттық палатасында мән беріп, қатысушылардың кредиттік тарихына қатысты мәселе кері қарастырылып, несие беру шарттарында толықтырулар енгізілер…
    Ал, Қаратөбе ауданы тұрғындарының бизнес-жоспарларында көтерілген бастамаларына келер болсақ, оларды іске асыру мүмкіндігі болса, ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайларының аз да болсын артатыны сөзсіз.

    Саида ТУЛЕГЕНОВА


     
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    Последние новости

    59 тысяч деревьев посадили в ЗКО в рамках акции «Таза Қазақстан»

    Основной смысл данной республиканской акции – воспитание экопатриотизма, неравнодушие...

    Рекомендуем

    Добро должно быть под контролем

    В правительстве идёт обсуждение законопроекта, который предполагает контроль за...

    Взрыв в кафе «Rizyk»: суд вынес решение по апелляции осужденного предпринимателя

    20 ноября коллегия Западно-Казахстанского областного суда огласила решение по...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл