Ағымдағы жылдың 21 маусымында Астана қаласында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бастау» жобасы түлектері мен қатысушыларының форумы өтті. Форум ұлттық кәсіпкерлер палатасының V съезі қарсаңында ұйымдастырылған жұмыстары аясында өткен шаралардың бірі болды, аталған шарада «Бастау» бойынша еліміздегі үздік деп танылған 30 бизнес-жобалардың авторлары марапатталды. Осы үздік деп танылған бизнес-жобалардың ішінде облысымыздан екі кәсіпкеріміздің де жұмыстары болғаны бізді қуантады.
Жоба өзінің тиімділігін дәлелдеді.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов Форумның қатысушыларының алдында сөз сөйлей отырып, жартыжылдық қысқа уақыт ішінде «Бастау» жобасы тиімділігін дәлелдегенін және жобаға қатысушылардың көңілінен шыққандығын атап өтті.
— «Бастау» жобасының қолға алынуына елімізде осындай қолдау құралдарының көптен бері болмауы себеп болды. Агроөнеркәсіп кешені саласында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың бар болғанына қарамастан, ауылдық елді мекендерде қарапайым азаматтар үшін кәсіптерін бастап кету мүмкіндіктері болмай келген еді. Сондықтан «Бастау» жобасы ауылдағы қатардағы азаматтарды кәсіпкерлікке тартуды мақсат етті. Бұл жобаның арқасында мыңдаған адамдар қайтадан оқыды, өз кәсіптерін ашты, сондай ақ, «Бастау» қаржылық тәуелсіздікке жетуді қамтамасыз ете алатындықтан бұл жобаға еліміздің түкпір түкпіріндегі ауылдық елді мекен тұрғындарының қызығушылықтарының артқанын көреміз, — деп атап өтті А.Мырзахметов.
Өзектілігімен және ұқсамайтындығымен ерекшеленетін бизнес-жобалар қолдауға ғана ие болып қалмайды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма мүшелерінің пікірінше, бастама бастаушылары марапаттар мен атаулы сыйлықтарға ие болу қажет, өйткені олар бастамаларын іске асыра отырып, Қазақстанның экономикасының дамуына да өзіндік үлестерін қосып отыр.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Мақсат Құланбаев айтып өткендей, өткен жылы кәсіпкерлік негіздеріне облысымыздың 938 тұрғыны оқыған, оның ішінде өз бизнес-жоспарларын қорғаған және оқудан өткендігі туралы куәлікке ие болғандар саны 395 адамды құраған.
Жоғарыда аталып өткен бизнес жобалардың республикалық байқауына біздің өңірімізден сегіз жоба жолданды, оның алтауы мал шаруашылығын дамыту саласына арналған болатын. Қалған екі жоба оларға ұқсайтын жобалардың жоқ болуымен ерекшеленді: оның бірі – «орманды пайдалану» жобасы (автор – 58 жастағы Сергей Теплоухов), екіншісі – шағын консерві зауытын ашу жобасы (автор – 37 жастағы Мади Абуғалиев). Айтпақшы, екі кәсіпкер де Зеленов ауданының тұрғындары.
Мақсатың болса, жасыңның нешеде екені маңызды емес
Сергей Николаевичтің ағаш сүректерін қалдықсыз қайта өңдеумен айналысу бастамасы туралы толығырақ газетіміздің сәуірдегі санында айтып өткен болатынбыз. Еске сала кетейік, өткен жылы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының қатысушысы болып, Сергей Теплоухов «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқып алған болатын, қолға алғалы отырған жаңа бастамасына сәйкес келетін оқуын бітіргендігі туралы куәлігін алғаннан соң, қажетті техникасын алуға тиімді жағдайда несие рәсімдеді. Алайда, табиғатты қорғау заңнамасында жаңадан енгізілген өзгерістерге сәйкес орман пайдалану саласында тендерді тоқтатып қоюға байланысты өндірістің тоқтап тұруына тура келді. Алайда, ұзаққа созылмай, жарты айда шешіліп, тендер қайтадан қалпына келтірілген бойда, кәсіпкер бірден облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасымен орманды пайдалану бойынша келісім шарт жасады.
Бастаған жұмысы бірден жүріп, жақында Сергей Николаевич 2 млн теңгеге грант ұтып алып, сол қаражат арқасында қажетті жабдықтарын алатын болады, облысымыздың көгалдануына өз үлесін қосуда толықтай еңбектенетін болады.
«Алғашқы алған несиені қайтару қалай болып жатыр?» — деген сұрағымызға Теплоухов барлығы да жоспар бойынша жүріп жатырғандығын, несиені жабуға жеңілдікпен берілген алты ай демалыс жаңа бастаушы кәсіпкерге «аяғынан тұруға» мүмкіндік бергендігін, сондықтан қарызды қайтаруға қиындық тудырмай отырғандығын айтып берді.
Қазіргі уақытта бұл азамат кәсіпорнына жұмысшылар іздеуде. Оған 15 адам керек, оның ішінде қол ара операторы, 8 жұмысшы, 1 тракторшы және автотехникаға 2 жүргізуші.
Сергей Николаевич қол ара операторлығына оқытып алуға дайын, алайда бұл мамандықты алуға және жұмысқа орналасуға ниет білдіргендер әзірге жоқ болып отыр.
Кәсіпкер жұмысшыларды өздігімен іздеп көрген болатын, алайда бос әуре болып, сондықтан аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына өтінім берді.
Таңдалған кәсіпкерлік қызметінің түрі, әрине, орманды пайдалану саласында тәжірибесі мен дағдысының болғандығын қалайды. 90 жылдары Теплоухов алысқа қатынайтын жүргізуші болып жасаған, жұмыстан қысқартуға ұшыраған соң, өз өзіне жұмыс жасап, өз кәсібімен айналысу туралы көбірек ойланған екен. Қол ара (ағаш тілгіш) операторлығына ақылы оқып алып, 15 жылдан бері орман құлатушысы болып жасап келе жатырған.
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы және оның бизнес жүргізу негіздеріне оқыту, қолайлы жағдайда кәсіп ашу мүмкіндіктерін қарастырғандығын білгенде, осы мүмкіндікті пайдаланып қалуды шешкен. Теплоуховтың ағашты қалдықсыз қайта өңдеу кәсібімен айналысу бастамасын бизнес-тренер Қуанышбек Ерниязов та қолдап, бизнес-жобасын қорғауға көмектесіп, бастамасын іске асыруға көмектескен.
Жаңа бастаушы кәсіпкердің бастамасы республикалық деңгейде қолдау тапқанда, Сергей Теплоуховтың өз мүмкіндігіне деген сенімі одан сайын артты. «Атамекен» ҰКП –нан берілген жоғары баға бұл азаматқа бастамасын дамытып, жаңа идеяларға ұмтылуға күш берері сөзсіз, өз тарапымнан жерлесіміз болып келетін бұл азаматтың бойында кәсіпкерлік қабілеттің бар екендігіне көзіміз жеткендігін қосқым келеді. Бұл адам бойындағы табандылық нағыз бизнес жүргізу мәселелеріне қажетті қасиет екендігіне келісерсіздер. Сергей Теплоухов 58 жаста екендігін тағы да атап өтіп, осы 60-қа таяған шағында да жігерлілігінің арқасында оның алдыңда жаңа белестер ашылып жатыр. Шын жүрегімізден кәсіпкер ауыл тұрғынына бастаған ісінің алға жүруіне сәттілік тілейміз!
Жетістік кездескен сынға мұқалмай, мақсатына сенімді баратын адамға ғана келеді
Бұл ұранды басшылыққа алып келе жатырған азамат – Мади Абуғалиев, кезінде мемлекеттік қызметтен кетіп қалып, өзінің шағын кәсібін ашқан.
Жас жігіт Жаңақала ауданында дүниеге келген, 15 жыл бұрын сол ауданда отау құрған екен.
Заңгерлікке оқып, сот саласында қызмет атқарған, отбасында үшінші сәби дүниеге келгенде, ол өз кәсібін ашуды шешкен.
— Мемлекеттік қызмет әрине, тұрақтылық, қызметте көтерілу, алайда табыс табуға толық кетуге мүмкіндіктер болмайды. Ал кәсіп деген, ол өз-өзіңді сынап көруге мүмкіндік, егер де бойыңда көрегендік, тәуекелшіл, мақсат қоя білу сияқты қасиеттерің болса, неге өз кәсібіңді ашып, дамытып көрмеске?! Оған қоса, Қазақстанда жаңа бастаушы кәсіпкерлерге қолайлы жағдайлар жасалуда, — деп есептейді Мади.
Бұл азамат Жаңақала ауылында азық-түлік дүкені құрылысына несие алып, кейін жабдықтар, техника сатып алуға, кәсібін кеңейтуге тағы да екі мәрте несие рәсімдеген. Уақыт өте жолдасы екеуі облыс орталығына жақын жерге көшуді шешіп, 2016 жылы бұл отбасы Зеленов ауданына көшіп келеді.
Тұрғылықты жерлерін ауыстырғаннан соң табыс көзі туралы ойлану керек болды, осы аралықта бір досы Шымкент қаласынан ресей қалаларына консервіленген өнімдерді тасымалдаумен айналысуды ұсынады. Құрбылар (үшеуі) шымкенттік көкіністерді өндіретін зауытпен серіктестікті орнатып, сатып алынған тауарларды Орал арқылы Самара, Москва, Тюмень қалаларына қайта жіберіп отыруды қолға алған.
Өткен жылдың жаз мезгіліне дейін кәсіптері жақсы жүріп отырады, алайда тасымалдауға қызмет көрсету қымбаттағаннан соң, өз өңірімізде шағын консерві зауытын ашу туралы ой келеді.
— Бағымызға орай Зеленов ауданында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқытуды бастады, ал кәсіп жүргізі үшін қажет білімді тегін оқытатын мүмкіндікті пайдаланып қалмау ақылсыздық болар еді. Оған қоса, өз бизнес-жоспарларын сәтті қорғай алғандарға жеңілдікпен несие беріледі. Бизнес-тренер Қ.Ерниязов менің жобама бизнес-жоспар жасап беруге көмектесті, оның қолдауының арқасында мен жобамды сәтті қорғап қана қоймай, біздің бірігіп жасаған еңбегіміз үздіктердің қатарына қосылды, жақсы бағаланды,- деп айтып өтті Мади.
Ал, Зеленов ауданында ашылғалы отырған консерві зауыты бойынша жобаның өзіне келер болсақ, «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ «DMD.PRODUСTION» ЖШС (М.Абуғалиевтің кәсіпорнының атауы осы атаумен тіркелген) үшін несие желісін ашып, қазіргі уақытта зауыттың ғимаратының және оған жақын орналасатын өнімдерді сақтауға қойманың құрылысы жүріп жатыр.
Несие шарты өте қолайлы – 10 жылға 8 % мөлшерлемемен, жеңілдік мерзім – 2 жылға есептелген.
Консерві зауытының құрылысының бітуі жақын деп болжануда, себебі тамызда обьект тапсырылады деп жоспарланған.
Қазіргі уақытта серіктестер қажетті құралдарды алуға құжаттарды рәсімдеуде. Консерві зауыты өз жұмысын бастағанда аудан тұрғындары ғана емес, облыстың да тұрғындары «DMD.PRODUСTION» ЖШС өнімдерін сатып ала алатын болады, бұл өнімдер қатарында – әр түрлі көкініс салаттары, шырындар, компоттар, томат пастасы және тағы да басқалары бар.
Оған қоса, жаңа отандық бренд өнімдерін Ресейге экспорттау жоспарлануда, өйткені серіктестік құрылтайшылары ресейлік кәсіпкерлермен серіктестікті әу бастан жолға қойып қойған болатын.
«Зауыттың алғашқы бастамасында қанша жұмыс орнын ашуды жоспарлап отырсыз?»,- деген сұрағымызға, кәсіпкер әзірге 15 орнын ашуды көздеп отырғандығын, бірақ, «DMD.PRODUСTION» ЖШС қызметі болашақта сәтті жүріп кетіп жатса, штаттағы жұмысшылар міндетті түрде көбейетіндігін айтып берді.
Мен кәсіпкерден: «Сіздің жетістікке жетудегі құпияңыз неде?»,- деп сұраған болатынмын.
— Мақсатқа талпынушылық және шыдамдылық, өйткені кәсіп бір мезеттік уақытта ашылып кете қоймайды ғой, ал құжаттарды рәсімдеу, қаржыландыруды күту кейде айларға созылады. Көпшілігі құжат жинау бастамасында өз кәсіптерін ашудан бас тартып жатады, бірақ күте білу керек.
Жалпы айтқанда, бизнесті жүргізу қиындықтарды шешумен бірге жүріп отырады, оның ішінде сыртқы факторларды шешу де кіреді. Сондықтан, бір істі бастадың ба, өзгенің көзқарасына және сынына қарамай, мақсатыңа нық басуың керек,- деп есептейді жас кәсіпкер.
36 жастағы ер азаматтың бес баласы бар, Мади үшін отбасы барлық жаңа бастамаларының түрткісі болып табылады.
Ал, «DMD.PRODUСTION» ЖШС-не «Н» газеті тек өрлеу мен көптеген жаңа идеялардың бастаушысы болсын деп тілек білдіреді.
Форумдағы «Бастау» жобасының қатысушылары мен түлектерін марапаттау салтанатына қайта оралсақ, бұл шарада жеңімпаздарға атаулы сыйлықтар мен грамоталарды «Атамекен» ҰҚП басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев және меценат Жақсылық Үшкемпіровтың бергендігін атап өткіміз келеді.
Саида ТУЛЕГЕНОВА