Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
-9 C
Уральск
6.1 C
Аксай
Еще

    Мамандық алу үшін қайда бару қажет?

    Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыруға қатысушы кәсіби техникалық колледждердің жұмыстарының нәтижесін қорытындылай келе, бүгін еңбек нарығында сұранысқа ие техникалық және кәсіби біліммен кадрларды дайындау бойынша облыстағы жүргізіліп жатырған жұмыстар туралы жариялымдар циклін аяқтаймыз.

    Сонымен, оқу жылы аяқталды, сонымен қатар Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында ұзақ мерзімді оқыту бойынша мамандық алушы қатысушылардың бірінші оқу жылы да аяқталды. Газетіміздің осы уақытқа дейінгі шығарылымдарында ауыл шаруашылық саласы туралы кеңінен айтылмауы себепті, бұл жариялымда «Фермер шаруашылығы» мамандығын дайындайтын Шыңғырлау, Бөкейорда, Жәнібек, Тасқала, Рубежка колледждерінің қызметін таныстырамыз.
    Алғашқы айтылған үш ауданда болашақ фермер мамандарын 9 сынып негізінде дайындайды, оқу мерзімі — 2 жыл 10 ай. Бастапқы сатыда оқушылар орта білім бағдарламасы бойынша оқыды, енді осы жылдың қыркүйек айынан бастап арнайы мамандықтарды оқыту басталады. Колледж түлегіне берілетін негізгі біліктілігі – «фермер» (техникалық мамандық), сонымен қатар модулді бағдарламаға сәйкес, оқудың екінші курсында автокөлік жүргізушісі (бірінші жартыжылдықта) және ауыл шаруашылығының тракторшы-машинисі (екінші жартыжылдықта) сертификатын беру қарастырылған.
    Шыңғырлау ауданында оқу жылының аяғында ұзақ мерзімді оқудағы 18 студент оқудан өтті, жастарына қарай ең үлкені – 26 жаста. 10 студент халықтың әлеуметтік-осал топтары санатына жатады (аз қамтылған, көп балалы отбасылардан, соның ішінде 1 студент – жетім).
    Жаңа оқу (2018-2019) жылында ұзақ мерзімді оқу аясында Шыңғырлау колледжінде қоғамдық тамақтану саласының жұмысшыларын да дайындай бастайды.
    Колледж жанында өзінің жатақханасы бар, онда шамамен 80 студент баспанамен қамтамасыз етіледі.
    Жолдама бойынша «Фермер шаруашылығы» мамандығы бойынша қысқа мерзімді оқытудан өтуге де болады. Қысқа мерзімді кәсіби оқыту «Электр монтері», «ЭЕМ операторы», «Тас қалаушы» мамандықтары бойынша да ұйымдастырылды. Оқыту 1 мамырдан бастап 31 шілде аралығын қамтиды. Ағымдағы жылда 75 адам қысқа мерзімді кәсіби оқудан өтуге ниет білдірді.
    Өткен жылы қысқа мерзімді курстардан 67 адам өтіп, аспазшы, газ электр дәнекерлеуші мамандықтарын алып шықты. Олардың 47-сі жаңадан алған мамандықтары бойынша жұмысқа орналасқан. Шыңғырлау ауданы бойынша нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының қатысушыларының ең үлкені 61 жаста.
    Бөкейорда және Жәнібек аудандарында фермерлікке 9 сынып негізінде барлығы 38 адам оқудан өтуде. Жұмысшы мамандықтары (автокөлік және ауыл шаруашылық өндірісінің тракторшы-машинисті) бойынша сертификат және диплом алу тәртібі Шыңғырлау колледжімен бірдей. Атап өтетін жәйт, Жәнібек колледжі оқушыларының арасында бір қыз бар. Ал, Бөкейорда ауданында ұзақ мерзімді оқыту тек мемлекеттік тілде емес, сонымен қатар орыс тілінде жүргізіледі.
    Екі колледждің де оқушылары арасында Казталов ауданының тұрғындары бар. Аудан орталығынан қашық және облыстың басқа ауданынан келген студенттер үшін жатақхана қарастырылған (Бөкейорда ауданында – 30 орын, Жәнібек ауданында – 70 орын).
    Жасы 29 жастан асқандарға Бөкейорда колледжінде автокөлік жүргізушісі (В, ВС1 санаты), аспазшы, тракторшы-машинист мамандықтары бойынша қысқа мерзімді кәсіби білім алуға мүмкіндігі бар.
    Жәнібек ауданында жұмысшы мамандықтар таңдауы айтарлықтай кең, жоғарыда айтылғандардан басқа сатушы, слесарь-жөндеуші, тігінші, электр газымен дәнекерлеуші, ЭЕМ операторы, тас қалаушы, сылақшы, сырлаушы, ағаш ұстасы, слесарь-сантехник мамандықтары бар. Жәнібек колледжіндегі қысқа мерзімді оқу мерзімі – бір айдан алты айға дейін.
    Тайпақ (Ақжайық ауданы) және Рубежка (Зеленов ауданы) колледждерінде «Фермер шаруашылығы» мамандығы (оған қатысты біліктіліктер) бойынша 11 сынып негізінде оқыту жүргізіледі, оқу мерзімі – 10 ай. Айтпақшы, Зеленов ауданының қыздары ауыл шаруашылығы саласына ерекше қызығушылық танытуда (ұзақ мерзімді оқытуға қатысып жатырған 13 студенттің 10-ы қыздар). Тайпақ колледжінің студенттері арасында 2 қыз бар (барлығы 18 студент).
    Жоғарыда аталған техникалық кәсіби білім беру мекемесінде жатақханалары бар.
    Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасының ұзақ мерзімді оқыту шеңберінде мамандықтар түрлерін арттыру мүмкіндігі туралы сауалға Рубежка колледжінің әкімшілігі жаңа оқу жылында тағы 15 студенттен топ құрып, кондитерлерді дайындау жоспарланып отырғандығын айтты.
    Еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіби оқуды ұйымдастыру туралы айтар болсақ, Рубежка колледжі бұл саладағы оқытуды жүргізбейді.
    Тайпақ колледжі былтырғы жылы қысқа мерзімді бағдарлама бойынша 17 адамды аспазшы мамандығына оқытып шығарды, биылғы жылға аудандық халықты жұмыспен қамту орталығынан жолдама түспеді.
    Тасқала колледжінде «Фермер шаруашылығы» мамандығы бойынша ұзақ мерзімді оқыту тобында қазіргі уақытта 14 адам оқудан өтуде (басында топ Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының 20 қатысушынан құрылған болатын, 11 сынып негізінде оқытады). Бірінші біліктілік – тракторшы-машинист, екіншісі — автокөлік жүргізушісі. Негізгі мамандығы – фермер (дипломында көрсетіледі). Ұзақ мерзімді оқыту бағдарламасына сәйкес, биылғы жылдан бастап оқыту 9 сынып негізінде ұйымдастырылады.
    Фермер шаруашылығына оқуға ниет білдірген орта және егде жастағы адамдарға үш айлық курстан өтуге мүмкіндіктері бар. Қазіргі таңда қысқа мерзімді оқуды Тасқала ауданының 10 тұрғыны өтуде. Қазіргі уақытта Тасқала колледжіне нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасы аясында қысқа мерзімді кәсіби оқуға қатысуға қайтадан сұраныстар түспеген.
    Қаратөбе колледжі 11 сынып негізінде «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» бағыты бойынша оқыту жүргізеді. Оқыту мерзімі – 10 ай. Бастапқы алатын мамандығы — сылақшы, курсты толық өткеннен кейін «Құрылыс ұстасы» мамандығын алып шығады.
    Ұзақ мерзімді оқыту курсында 20 адам білім алуда, оның ішінде 3 қыз.
    Жаңа оқу жылында тағы 20 адам жинау жоспарланып отыр, бірақ ол кезде болащақ құрылысшылар тобы 9 сынып негізінде құрылатын болады.
    Зеленов колледжі «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша дайындайды (9 сынып негізінде). Модулді бағдарламаға сәйкес, 2 жыл 10 ай оқыту мерзімі аяқталған кейін «Электр газбен дәнекерлеуші» сертификатын алады, егер де оқушы оқуды тағы бір жылға жалғастырса, онда оқу аяқталғаннан кейін «Техник-механик» мамандығы бойынша дипломын алады.
    Қысқа мерзімді кәсіби біліммен дәнекерлеуші, аспазшы мамандықтары қамтылады, алайда, қазіргі уақытта аталған жұмысшы мамандықтар алуға ниет білдірушілерден сұраныс жоқ.
    Жаңақала колледжінде 29-қа жасқа дейінгі жастарды «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығына дайындайды. Оқыту 11 сынып негізінде, мерзімі – 10 ай.
    Жасөспірімдер «Автокөлікті жөндеу слесарі» сертификатын алады, ал оқуды жалғастырғандар орта буын мамандық – техник-механик дипломын алады.
    Қысқа мерзімді бағдарлама бойынша 65 адам оқудан өтті, атап өтсек, «Ветеринар ісі», «Дәнекерлеу ісі», «Электр жабдықтарына қызмет көрсету электр монтері» мамандықтары бойынша. Аспаз өнеріне қызығушылар «Аспаз» мамандығына оқыды.
    Ағымдағы жылда Жаңақала аудандық халықты жұмыспен қамту бөлімі аудандық колледжге «Ветеринар ісі», «Аспазшы», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» (ЭЕМ операторы) мамандықтарына оқуға ниет білдірген 45 адамды жолдады.
    Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі (Казталов ауданы) 11 сынып бітірген жастарға жұмысшы мамандықтардың кең таңдауын ұсынады. Атап айтсақ, «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Фермер шаруашылығы», «Дәнекерлеу ісі». Нәтижесінде оқушылар білікті сылақшы, қаптау-тасшы, ЭЕМ операторы, аспазшы, кондитер, ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі, автокөлік жүргізушісі, электр газымен дәнекерлеуші болып шығады. Орта буынды біліктілік алуға ниет білдірген оқушылар модульді бағдарламаға сәйкес оқуды жалғастырып, «Құрылысшы техник», «Бағдарламашы техник», «Кондитер», «Фермер», «Механик техник» мамандықтарын алады.
    Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінде қазіргі таңда Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұзақ мерзімді оқытудан 40 адам өтуде және жаңа оқу жылына да осыншама адам жинау жоспарлануда.
    Қысқа мерзімді оқыту бағдарламасы аясында халыққа мамандық алу мүмкіндігін ұсыну бойынша тоқталып өтсек, қазіргі уақытта 29 адам кондитер мен тракторшы-машинист мамандықтарын оқуға ниет білдірді. Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінде қысқа мерзімді оқытудың оқу кезеңі — 1 шілдеден бастап 1 қазан аралығы.
    Жоғарыда айтылған техникалық және кәсіби білім беру мекемелері жергілікті салалық кәсіпорындар мен өзінің студенттері өндірістік тәжірибеден өткізуді ұйымдастыру және түлектерді жұмысқа орналастыруда қолдау көрсету бойынша келісім шарттары бар. Оқу кезеңінде тұрғылықты орынға мұқтаж ұзақ мерзімді бағдарлама бойынша оқушыларға жатақханадан орын беріледі (барлық колледж жанында бар), 16759теңге көлемінде стипендия төленеді (оқу үлгеріміне байланысты).
    Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтіп жатырған «Еңбек» бағдарламасының қатысушылары стипендиямен қамтылады. Одан басқа, «Н» газетінің мамыр айында «Таңдау жасауға көмек» атты мақаласында хабарланып өткендей, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтіп жатырған облысымыздың басқа өңірінің тұрғындарының тұруларына 5 айлық есептік көрсеткіш есебінде төлемдер төленеді (оқу кезеңінде).
    Сонымен, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 Бағдарламасын жүзеге асыруға қатыстырылған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметінің ұйымдастырылуы туралы жариялымдарды қорытындылай келе, облысымыздағы ірі аудандардың бірі Бөрліде орналасқан «Ақсай техникалық колледжі» МКҚК-ғы оқу барысы туралы айтатын боламыз.
    Ұзақ мерзімді оқыту бағдарламасы бойынша бұл оқу орнында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша оқытады, оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай. Оқу базасы – 9 сынып негізінде.
    Оқудың алғашқы жылында студенттер мектеп бағдарламасының негізгі орта білімін өтеді. Арнайы пәндерді игеру аясында аспаздыққа оқытылады (сертификат беріледі), толық курсты аяқтағаннан соң сервис бойынша менеджер дипломын алып шығады.
    Қазіргі уақытта Ақсай техникалық колледжінде 25 адам оқып жатыр (орыс тілді топ), алдағы жаңа оқу жылында тамақтандыруды ұйымдастыру саласы бойынша оқытылатын жаңа топ қазақ тілінде сөйлейтін қыздар мен жасөспірімдерден құралатын болады.
    Қысқа мерзімді оқыту «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Өнеркәсіптегі электрмеханикалық жабдықтар», «Дәнекерлеу ісі» мамандықтары бойынша жүреді. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының қатысушыларының ең үлкені 56 жаста.
    Қысқа мерзімді кәсіптік оқу шеңберінде жұмысшы мамандығын алуға ниет білдіргендер 7 адам, олар пробация қызметінде есепте тұрғандар.
    Атап өтсек, қазіргі уақытта «Ақсай техникалық колледжі» МКҚК облысымыздағы жатақханасы жоқ жалғыз кәсіптік колледж.
    Колледждің әлеуметтік серіктестері — «AkSalam» ЖШС, «Aksai Canteen Servise» ЖШС, «Омаров Т.Т.» ЖК, «Ренко Проперти» ЖШС.
    «Теректі колледжі», «Сырым колледжі», «Ақжайық аграрлы-техникалық колледжі» МКҚК- да мамандықтар алу мүмкіндіктері туралы газетіміздің мамырдағы №22 санынан оқып білуіңізге болады.

    Ойма: Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мәліметтері бойынша өткен жылы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасымен қарастырылған қысқа мерзімдік кәсіптік білім беру аясында 3132 облыс тұрғындарын оқыту болжанған, алайда нақты саны бойынша 3353 адам жолданған.

    Ағымдағы жылға қысқа мерзімді кәсіптік біліммен 1,5 мыңдай адамды қамту жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда қысқа мерзімдік оқуды 230 адам аяқтап отыр. 1 шілде бойынша нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының 875 қатысушысы қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданып отыр.

    Саида ТУЛЕГЕНОВА

    Ақсай техникалық колледжі. //

    Жәнібек колледжі. //

    Қаратөбе колледжі. //

    Рубежка колледжі. //

    Шыңғырлау колледжі. //


     
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    Последние новости

    Как повысить доверие к функционированию системы ОСМС

    18 декабря 2024 года филиалом Фонда была проведена разъяснительная...

    Рекомендуем

    Более 56 км дорог было отремонтировано в этом году в Уральске 

    В акимате города начали подводить итоги уходящего года. На...

    Сотрудник таможенной службы ЗКО получил 10 лет колонии за взяточничество

    Приговор в отношении бывшего служащего департамента государственных доходов огласили...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл