Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
3 C
Уральск
6.1 C
Аксай
Еще

    Баламасы жоқ кәсіби колледж

    А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі – облысымыздағы жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану саласындағы орта буын басшылары мен жұмысшыларды дайындайтын жалғыз оқу орны. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде колледжде қандай мамандықтарға оқытатыны туралы колледждің директоры Нұрболат Нұрпейісовпен болған сұхбаттан айтатын боламыз.

    — Нұрболат Бақтыбайұлы! Алдымен ұзақ мерзімді оқу барысы туралы айтып берсеңіз: мектеп білімінің қандай деңгейі негізінде оқушылар қабылданады және қандай мамандықтар бойынша оқу жүреді?

    — Оқу 11 сынып негізінде жүреді, оқу мерзімі – 10 ай. Осы мерзімде берілетін біліктіліктер: автогрейдер машинисі; тиейтін автомобиль машинисі; бір ожаулы экскаватор машинисі; тығыздаушы және тегістеуші тығыздаушы машина машинисі. Оқуды аяқтағаннан соң түлектер тракторшы-машинист мамандығы бойынша бір уақытта төрт санатын алады: «А» — дөңгелекті жеңіл тип, «Б» — ауыр дөңгелекті, «С» — шынжырлы, «Д» — арнайы техника.
    Атап өтсек, «Д» санаты 13 арнайы техниканы қамтиды (автогрейдер, бульдозер, экскаватор, асфальттөсегіш, 16 тоннаға дейінгі автомобильді кран және басқалар) және ең қиыны болып табылады.
    Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының қатысушысы ниет білдерген жағдайда, ол тағы бір жыл оқып, техника-мехиника біліктілігін ала алады. Ол өз алдына орта буынды басқарушы лауазым болып саналады, сондықтан бұл біліктілікті дәлелдеу үшін үміткерлерге талаптар өте қатаң болады. Оқушы құрылыс машиналарының барлық түрлерін басқару сынағынан өтіп, одан кейін емтихан тапсыру қажет (ол үшін комиссия құрылады). Содан кейін ғана, қатысушы техника-механика мамандығы бойынша диплом алады. Бағдарламаның қазіргі қатысушылары арасынан ұзақ мерзімді оқудан өтіп, техника-механика мамандығын алуға үміткерлер болған жоқ.

    — Ұзақ мерзімді курста қанша адам оқып жатыр және олардың ішінде қаншасы ауылдық жерлерден? Оқу екі тілде жүре ме?

    — Оқу тобына 50 адам жинадық, бірақ оқу барысында 4 адам шығып кетті. Біреулері жұмысқа орналасқандықтан, қалғандары әскери қызметке шақырылуына байланысты академиялық демалыс алып кетті.
    Бағдарламаның барлық қатысушылары – ауыл тұрғын-дары, олар қазақ тілінде сөйлейтіндіктен, оқу да мемлекеттік тілде жүреді.

    — Ұзақ мерзімді оқудан тек 29 жасқа дейінгілер ғана өтетіндігі белгілі. Бағдарлама қатысушыларының ішіндегі ең үлкені неше жаста? Сонымен қатар, колледж жанынан жатақхана бар ма, болса қанша орынға есептелген?
    — Ұзақ мерзімді курста оқып жатырған бағдарламаның қатысушыларының ең үлкені – 1991 жылғы.
    Колледж жанынан жатақхана бар, 120 адамға есептелген. Жатақхана 1971 жылы салынған. Білім басқармасының бағалауы бойынша жатақхананың салынған жылдан бері күрделі жөндеуі болмағанына қарамастан қазіргі жағдайы да жоғары деңгейде. Негізінен тұратын бөлмелердің, көпшілік пайдаланатын орындардың тазалығы, жиһаздар жағдайы, тұрмыстық техникалардың бар болуы қаралған болатын.

    — Жаңа оқу жылына ұзақ мерзімді оқуға қанша адам жинайды және мамандықтар түрлерін кеңейту жоспарланады ма?
    — Жоғарыда атап өткендей, оқу тобына 50 адам жинайтын боламыз. Ал, екінші сұрағыңызға келер болсақ, ол халықты жұмыспен қамту орталығынан жаңа біліктіліктер бойынша өтінім түсіруіне байланысты. Жұмыспен қамту орталықтары өздерінің аудандарында еңбек нарығының жағдайын бақылап отырады және еңбек сұранысындағы мамандықтарға байланысты өтінім түсіреді. Кәсіби білім мекемесінің материалдық-техникалық базасы өтінімде көрсетілген жұмысшы мамандықтарын дайындауға мүмкіндігі болған жағдайда, колледж өз ұсыныстарын енгізеді. Әзірге бұл сұрағыңызға толықтай жауап бере алмаймын.

    — Колледж түлектерінің жұмысқа орналасуын қада-ғалап отыра ма? Басқаша айтқанда, жол-көлік коллед-жін бітірген түлектер үшін жұмыс табу қиынға соға ма?
    — Біздің облысымызды мысалға алсақ, автокөліктер жол құрылысы атқарушы органдардың негізгі жұмыстарының бір бағыты болып отыр, яғни бұл саладағы мамандар әрқашан сұраныста болады. Колледж түлектерінің жұмысқа орналасуына орай статистика жүргізіп отырған жоқ, бірақ мүмкіндігінше бұл мәселеге немқұрайлы қарамайды. Шамамен айтқанда, біздің түлектеріміздің жалпы 85 пайызы мамандықтары бойынша жұмыс табады.
    Жақында біздің колледжде оқыған түлегімізді кездестірдім, қазіргі уақытта ол асфальт төсегіш болып жұмыс жасап жүр және айлық жалақысы 450 мың теңге құрайды екен.
    Таң қалдыңыз ба? Яғни, еңбек айлығының осынша жоғары болуына қарағанда, жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану саласында жұмыс-шылардың қаншалықты жоғары бағалатындығын көруге болады.

    — Әңгімемізді аяқтай келе, қысқа мерзімді кәсіби оқу шеңберінде ұйымдастырылған жұмыстар туралы айтсақ?
    — Қысқа мерзімді кәсіби оқудың мерзімі – 14 күннен 4 айға дейін. Ең қысқа мерзім ішінде жүк ілдіруші (тиеу-түсіру жұмыстарына жауапты адам); бір ай мерзімде — автомобиль краны машинисі; үш айда — экскаватор, бульдозер, автогрейдер машинисі; тығыздаушы және тегістеуші тығыздаушы машина машинисі, А,Б,В,Д категориялары бойынша тракторшы-машинисі дайындалады. «В», «С1» категориялы жүргізушілеріне оқыту 4 ай бойына жүреді.
    Оқыту орыс, қазақ тілдерінде жүреді. Өткен жылы қысқа мерзімді курстарда 33 адам оқыды, осы жылы 10 адам ғана тракторшы-машинист мамандығына оқуға тілек білдірді. Оқу тобы Зеленов ауданының тұрғындарынан құралды. Оқуға келген ер адамдардың барлығы да бір мекемеде жұмыс жасайды. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша жаңа мамандықтарға оқыту қарастырылған, ал олар үшін қайтадан біліктіліктен өту қажеттілігі болғандықтан бұл мүмкіндікті пайдаланып қалуды шешкен.
    Маусымның аяғында қысқа мерзімді курста оқып жатырған студенттердің оқуы аяқталады.

    — Қысқа мерзімді оқу қай кезеңмен қамтылады, сондай-ақ колледж студенттерін өндірістік практикадан өткізу үшін және түлектерін жұмысқа орналастыруға көмек көрсетуде облыстың қандай мекемелерімен бірлесіп жұмыс жасайды?
    — Қысқа мерзімді курс бойынша оқыту сәуірде басталып, қарашада аяқталады.
    А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі өңірімізде жол-құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатырған облыстың барлық 44 мекемесімен келісім шартқа отырған. Олардың ішінде ең ірілерін айтып өтсек, «Строительная инициатива» ЖШС, «КазАвтоЖол» АҚ, «Уральскагрореммаш» және т.б. бар. Жыл сайын әлеуметтік серіктестеріміз бос орын бойынша өтінім беріп отырады, серіктестік шеңберінде біз оларға түлектермізді жібереміз.

    — Сұхбатыңызға рахмет.

    Саида ТУЛЕГЕНОВА


     
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    Последние новости

    В ЗКО работали школы без лицензии на образовательную деятельность

    Нарушения были выявлены Комитетом по обеспечению качества в сфере...

    Пожар в многоэтажке Аксая: дети выпрыгивали из окна

    Сегодня утром в одном из многоэтажных жилых домов 10...

    Рекомендуем

    Добро должно быть под контролем

    В правительстве идёт обсуждение законопроекта, который предполагает контроль за...

    Взрыв в кафе «Rizyk»: суд вынес решение по апелляции осужденного предпринимателя

    20 ноября коллегия Западно-Казахстанского областного суда огласила решение по...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл