Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
-9 C
Уральск
7.1 C
Аксай
Еще

    Табысқа жетулеріне қолдау көрсетеді

    Өткен жылы «Бастау Бизнес» жобасы республиканың 80 ауданында пилоттық режимде бастауын бастады, біздің облысымыз бойынша бес аудан жобаға тартылған болатын, олардың қатарына Зеленов ауданы да енді.

    «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасына (жоба бойынша оқыту да кіреді) тұрғындарды қатыстыруда бұл өңірдің белсенділігін жоғары бағалауы қуантады, ал бұл өңір бойынша бизнес-тренер Қуанышбек Ерниязовтың жұмысы үлгі аларлықтай деп танылды.

    «Н» келесі сауалдарға жауап іздеді: бизнес-тренерлер қандай талаптардан өтіп іріктеледі? Олардың оқулары қалай жүреді? Ал, ең бастысы, аты аталған бизнес-тренердің бизнес жүргізудегі жетістіктерінің құпиясы неде?

    — Қуанышбек Шынболат-ұлы, жобаның аты оның мақсатын айқындап тұрғандай – бизнесіңді баста! Оқу процесі қалай құрылған, сондай-ақ Зеленов ауданы жобаны жүзеге асыруда өте жақсы нәтижесімен республика деңгейінде аталып өтуі себепті, жасалған жұмысыңыздың барысы туралы айтып өтсеңіз: оқудан қанша адам өтті және олардың ішінде қаншасы өз кәсіптерін ашты?
    — Бизнесті жүргізу негіздеріне оқыту 30 күнге есептелген, оқу аптасына 5 күн, таңертеңгі 9.00-ден 18.00- ге дейін оқыту жүреді, түскі ас уақытына үзіліс беріледі. Түске дейін теориялық білім беру уақыты болып анықталса, түстен кейін жеке кеңес беру және қатысушылармен тәжірибе негізінде жұмыс барысы бизнес-жаттықтырушының көмегімен жүргізіледі, объектілерге шығу ұйымдастырылады. Жалпы айтқанда, бизнес-тренер басынан бастап, соңына дейін бизнес жүргізудің қыр-сырын үйретеді, жоба қатысушыларын бизнес-жобаларын жүзеге асырғанға дейін кеңес беріп, сүйемелдеп отырады.
    Біз дәрістерімізде кәсіпкерлік негіздеріне оқытамыз, оқуға қатысушыларға «маркетинг», «бренд», «тауар өткізу» дегеніміз не екендігін қарапайым тілмен түсіндіріп, өз кәсіптерін ашуға немесе кеңейту үшін жеңілдікпен ақшаны қайдан алуға болатындығы туралы және басқа да осы саладан туындайтын мәселелері бойынша кеңестер береміз. Оқу барысында жаңа бастаушы кәсіпкерге қандай кәсіпкерліктің түрімен айналысқаны тиімдірек болатындығын анықтауда көмектесіп, қай бағытта жүру керек екендігін, қандай құжаттар жинау керек екендігін айтып, жол көрсетіп отырамыз. Бір ай бойына жаңа бастаушы кәсіпкермен «бизнес-ментор» принципімен жұмыстанамыз, оқытып, кеңес беруден басқа әр түрлі заңнамалық, экономикалық салада туындаған сұрақтар бойынша бағдар береміз, өз кәсібін ашқаннан кейін де бір жыл бойына кеңес беріп қолдап отырамыз.
    Жаңа бастаушы кәсіпкерлердің негізгі мәселесі олардың елімізде жүзеге асырылып жатқан кәсіпкерлікті дамыту, кәсібін ашуға және бизнес жүргізуге бағытталған бағдарламалардан бейхабар болуларында. Біздің елімізде бизнес жүргізуге көптеген жағдайлар жасалған, кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар, қаржы институттары өте көп, ал бизнес-тренерлер «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыту барысында тыңдаушыларын осы бағдарламалармен ақпараттандырады.
    Казіргі таңда мемлекет кәсіп бастаймын деген азаматтарға өзінің бизнесін ашу мен дамытуға теңдессіз мүмкіндіктер беруде. Қазір өте тиімді жағдайда әр түрлі бизнесті бастап кетуге болады, ал ауылдық жердің тұрғындарына, яғни бұл ең алдымен еңбек адамдары, тиісінше олардың экономикалық әлеуеті өте жоғары.
    Біздің елімізде ауыл шаруашылық өнімнің 75-80% жеке аула шаруашылығында өндіріледі, бірақ өзін- өзі жұмыспен қамтушылардың басым көпшілігі шаруашылықты жүргізуге хобби ретінде қарайды, олар өзінің өнімдерін сату дағдысын білмейді. Кәсіпкерлер палатасымен жасалған «Бастау Бизнес» жобасы ауылдық жер тұрғындарын экономикалық белсенділігін оятуға көмектесуге бағытталған және осы бағдарлама арқылы ауылдық жерде өзінің әлеуметтік жауапкершілігімен қатар бизнеске түпкілікті көзқарасымен ерекшеленетін кәсіпкерлер тобын құру болып табылады.
    Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы туралы жалпы айтсақ, әрине бұл бағдарламамен өз ісін жаңа бастаушы кәсіпкерлерге жеңілдетілген кредиттеу (төменгі пайыздық мөлшерлемелер, кредитті бөліп төлеу және т.б.) түрінде мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған.
    2017 жылы БҚО Зеленов ауданында бизнес жүргізу негіздері бойынша оқудан 188 адам өтті. Оның 65-і өз ісін ашқан. 56 адам жалпы сомасы 293 млн теңгені құрайтын жеңілдетілген кредит алған. Ең төменгі жоба – 600 мың теңге (Асан ауылында сұлулық салонын ашылу) болса, ал ең жоғарғы сома – 12 млн теңге (Октябрь ауылында ағаш өңдеу цехы ашылуына).
    Бизнес-жобаның 80 пайызы – бұл ауыл шаруашылық бағытта, ал қалғаны қызмет көрсету және өндіріс саласы. Айта кететіні, Қазақстан бойынша ең ірі бизнес-жоба (100 млн теңге) — бұл Трекин ауылындағы консервіленген өнім мен шырын өндірісінің зауыты болып табылады. Бұл жоба «Агроэкспорт» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған, ал қаржыландыру операторы – «Аграрлық кредиттік корпорациясы» АҚ болды. Бұл кәсіпорын Қазақстанның батыс аумағы бойынша біреу болып табылатындығын, басқа аумағында әлі ашылмағандығын ерекше атап өткен жөн және оның 80 пайыз өнімін Еуразиялық экономикалық одағы елдеріне экспорттау жоспарлануда.
    Қызықты үрдісті атап өткім келеді: былтырғы жылдан бастап облыс орталығында тұратын бірнеше отбасы қаладағы үйін сатып, Зеленов ауданына көшіп барған. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудан өтіп, олар сол жерден өз бизнесін ашқан. Ал, Мичурино ауылына Астанадан бір отбасы көшіп келіп, сол жақта ірі қара малын өсірумен айналысып жатыр. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында қаржыландыру алып, сүтті-тауар фермасын ашты.

    — «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудан кейін адамдардың ойлары өзгере ме?
    — Айтып өткенімдей, бизнес – тренердің мақсаты — адамға өз бойындағы мүмкіндіктері мен мемлекет тарапынан беріліп отырған мүмкіндіктерді түсінуге, бойындағы сенімсіздік пен қорқыныш сезімін жеңуге көмектесу болып табылады. Әр адам өз кәсібін ашу туралы ой келгенде, әдеттегідей оған түрлі ойлар келеді, сондықтан олардың ішінен таңдау жасауы қажет. Біз бірге талдаймыз: қай салада оның тәжірибесі мол, нарық сұранысын, оның өтімділігін және басқа да мәселелерді талқылаймыз. Оқу кезінде, нақты ақпарат пен қолдауды ала отырып, адамдар өздеріне және мүмкіндіктеріне сене бастайды, кейін нақты әрекеттерге көшеді.
    Жастар үшін бизнес ашуға олардың жастық құлшыныстары, жаңаша ойлайтындары түрткі болса, үлкендерге олардың отбасылары қозғаушы күш болып табылады (олар кәсіпке балаларын тартып, кәсібін мирас ретінде қалдырып кеткілері келеді).
    Мемлекеттік органдардың қарым-қатынастарын да атап өткен жөн. Бұрын жоғарыда отырған шенеуіктер кәсібін жаңа бастаушы кәсіпкерлерге әдейі әкімшілік тосқауылдар қойып отырады деген қате түсінік болса, қазір олардың жобаларын жүзеге асыру барысына белсенді түре қолдау көрсетіп отыратындарына көздері жетті. Азаматтар нақты әрекеттермен толықтай қолдау алып отыр. Мысалы, Зеленов аудандық әкімдігінің жер қатынастары бөлімі өткен жылы «Бастау Бизнес» жобасының төрт қатысушысына сауда үйі және бордақылау үшін құрылыс алаңына (5-тен 20 сотыққа дейін) жер телімін бөліп берді. Жергілікті басқару органдарымен жобаны іске асыруда тығыз қарым-қатынас орнауда, бұл әрине, өңірдегі бизнестің табысты дамуына себін тигізеді.
    Мемлекеттік құрылымдар және қаржылық институттармен қарым-қатынас тиімдірек болу үшін, мен өз қарауымдағыларға «Бастау Бизнес» логотипімен белгі жасадым, ол біздің қатысушыларды көзбе-көз танып, егер де оларда қандай да бір қиындықтар туындаған жағдайда, менімен тез арада хабарласуға мүмкіндік береді. Көп жағдайда бастамашы кәсіпкерлерге құжаттамаларда бағыт-бағдар табу қиынға соғады, сондықтан жеткіліксіз құжаттарды жеткізу қажет болған жағдайда мемлекеттік органдарға және қаржылық институттарға электрондық пошта немесе басқа да байланыс түрлерімен жеткізуді қолға аламын.
    Өзімнің жоба қатысушыларыма маған тек қана бизнес-тренер ретінде емес, сонымен қатар әрқашан көмектесуге, кеңес беруге дайын тұратын бизнестегі серіктесі ретінде қарауларын әрдайым айтып отырамын.

    — Демек, Сіздің жетістікке жетуіңіздің бір құпиясы осыда болса керек, өйткені Зеленов ауданынан «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудан өткен екі кәсіпкерлер, олармен арнайы сұхбат жүргізу барысында Сіз туралы өте жақсы пікірлерін білдіріп, нағыз өз маман иесі деп айтқан болатын. Бизнес-тренерлерді іріктеу қалай жүргізіледі, қандай біліктілік талаптары бойынша оларға таңдау жүргізетіндігі туралы айтып өтсеңіз? Бизнес жүргізу бойынша нұсқаушыларды дайындау барысы қанша уақытты алады?
    — «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өздерінің сайтында, әлеуметтік желілерде, газеттерде және тағы басқа ақпарат көздерінде бизнес-тренерлерді қабылдау туралы хабарламаларын жариялайды. Үміткерлерге белгілі бір талаптар қойылады, ең алдымен бизнес жүргізуде тәжірибесі болу керек, банк секторында білімі болып, бизнес және т.б. салаларға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды білуі қажет. Ары қарай әңгімелесу жүргізіледі және үміткердің нақты міндеттерді шешуі, яғни осылайша оның бойындағы кәсіби жарамдылығы анықталады. Осыдан кейін бизнес-тренерлерді дайындау үрдісі жүреді, ол – оқыту. Әдетте, оқыту бір аптадай ғана болады.
    Қажетті негізгі білімдері бар адамдарды бизнес-тренерлікке іріктеп алуы себепті оларға «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыту қандай бағытта жүру керек екендігін айтып, оқытудың негізгі әдістемесін түсіндіреді. Менің ойымша, жақсы бизнес-тренер болу үшін, ең алдымен жақсы психолог болу қажет.
    Ең алдымен адамдар ішінен кімде бизнес жүргізуге қабілеттілігі бар екендігін анықтаймыз, кәсіпкерлік негіздері бойынша қажетті білім береміз, оларға өздеріне сенуге көмектесеміз. Психологтың «сезімталдық» қасиеті болмаса, қатысушылардың ішінен әлеуеті бар кәсіпкерлерді таңдап алу қиынға түсер еді.
    Менің осы жұмысымдағы жетістігім туралы сұрағыңызға орай айтарым, адамдардың кәсіпкерлікке ұмтылыстарында оларға мейлінше қолдау көрсеткім келетіндігі маған түрткі болады. Бүгінгі таңда мемлекет шағын және орта бизнестің ауылда дамуына үлкен күш жұмсап отыр, сондықтан адамдар бұл мүмкіндіктерді пайдаланып қалуы керек. Мен өзім ауылда туып-өскенмін, Тасқала ауданынан боламын. Ауылдың жағдайы өзіме жақсы таныс болғаннан кейін, олардың өмір сүру жағдайларын жақсарту мәселелері мені қашан да толғандыратын. Сол себепті де мені бизнес-тренер болуға шақырғанда, бұл ұсынысқа қуана келістім, себебі бұл жоба арқылы өмірін жақсартам деген ауыл тұрғындарына кәсіпкерліктің кыр – сырын біліп, табысты болуына, «Отан-отбасынан басталады» демекші, отбасыларының жағдайын жақсартуына көмектесуге менің де қол ұшымды беруге үлкен мүмкіндігім туды.

    — Менің ойымша, Сіздің қазіргі қызметіңізде адамдарға көмектесуде тек ниеттің болуы жеткіліксіздеу, қаржылай білім секторынан басқа, тәжірибе мен ұйымдастыру жұмыстарының бар болуы қажет шығар?
    — Сізбен толықтай келісемін. Менің алған біліміме келер болсақ, мектепті бітіргеннен соң Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша оқуға түстім. Одан кейін «инновациялық менеджмент» мамандығы бойынша магистратураны бітірдім, заңгерлік мамандығын да алдым. Студенттік жылдарда оқу орнының қоғамдық өміріне белсене араластым, жастар ұйымын басқардым, шетел оқу орындарынан тәжірибеден өттім.
    2012 жылы университетті тәмамдадым, ал өзімнің компаниямды 2016 жылы ашып, кәсібімді табысты жүргіздім. Мемлекеттік жұмыста, банк саласында аз уақыт қызмет жасай жүріп, менің түсінгенім, жанымның кәсіпкерлік саласына жақын екендігі. Қазіргі жұмысым, жоғарыда айтып өткенімдей маған үлкен рахат береді. Мен кәсіп ашуларына көмектескен адамдарымның қазіргі таңда табысты болып, отбасыларын қамтамасыз етіп отырғандарын көргенде олармен бірге өзімді де бақытты сезінемін. ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы – еліміздегі кәсіптің дамуына нақты шаралармен және нәтижелі жұмыс жасап отырған мемлекеттің құрылымы.

    — Ал, Сіз өзіңіздің болашағыңызды қалай көресіз?
    — Менің болашағым кәсіпкерлікпен байланысты, бұл ең алдымен тәуелсіздік, қаржылай тұрақтылық. Еліміздің болашағына келер болсақ, мықты және бәсекеге қабілетті бизнес – мемлекеттің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігінің кепілі.
    Бизнес-тренер болу маған көп нәрсені береді: адамдарды оқыту барысында, өзім де мемлекеттік бағдарламаларды, олардың жүзеге асырылу барысын жақсы біле бастаймын. Әрине, бұл жақсы тәжірибе. Онымен қоса, адамдарға олардың кәсіпкерлікпен айналысу ниеттерінің орындалуына көмектесемін, осылайша бизнестің дамуына, белгілі бір мақсаты бар адамдарға ойларын жүзеге асыруға мүмкіндік жасауда үлесімді қосамын.
    Табысқа кенелген бизнес – Отанымыздың гүлденуінің кепілі. Мен өз елімнің патриотымын деп еш бүпесіз айта аламын.

    — Дағдылар жетістікті қалыптастырады. Сіздің небары 27 жасыңызда жеткен жетістігіңіз аз емес, өзіңіздің жетістікке жетудегі қалыптастырған дағдыларыңызбен бөліссеңіз?
    — Мен ерте тұрамын. Дене шынықтырумен айналысуға өзімді дағдыландырдым, бұл жақсы қалпыңды сақтауға көмектесіп қана қоймайды, ойыңның таза болуына да септігін тигізеді.
    Теледидарды қарамаймын, өйткені онда негізінен жағымсыз ақпараттар таратылады. Журнал мен газеттерді оқығанды қалаймын, олар маған кәсіби жағынан да өте қажетті.
    Әрқашан алдыма мақсаттар қойып отырамын, өйткені адам жетістікке жетуге талпына отырып дамиды.
    Мен ойлаймын, жеткен жетістігіңмен тоқталып қалмау керек, адам жаңа талпыныстарға ұмтылған сайын алдынан жаңа мүмкіндіктер ашыла түседі.

    Саида ТУЛЕГЕНОВА


     
    Предыдущая статья
    Следующая статьяПомочь определиться с выбором
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    Последние новости

    Как повысить доверие к функционированию системы ОСМС

    18 декабря 2024 года филиалом Фонда была проведена разъяснительная...

    Рекомендуем

    Более 56 км дорог было отремонтировано в этом году в Уральске 

    В акимате города начали подводить итоги уходящего года. На...

    Сотрудник таможенной службы ЗКО получил 10 лет колонии за взяточничество

    Приговор в отношении бывшего служащего департамента государственных доходов огласили...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл