Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
-9 C
Уральск
7.1 C
Аксай
Еще

    Кадрлар шеберханасы

    «Н» өткен сандарында нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік Бағдарламасының «Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды дайындау» бағыты туралы жазған еді. Еске сала кетейік, аталаған бағыт бойынша бағдарламаның қатысушылары техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру бойынша білім деңгейі және оқу мерзімі бойынша   мамандықтар мен кәсіптер тізбесіне сәйкес  жұмысшы біліктіліктеріне тегін негізде оқытылатын болады.

    Тәжірибеде бұл бағыт қалай жүзеге асып жатырғандығы туралы толықтай білу үшін «Н» мұнай, газ және салалық технологиялар колледжіне барып қайтқан болатын.  Бұл жолы осы бағдарлама бойынша мамандарды дайындап жатырған екі колледжге барып, бағдарламаның жүзеге асу барысын біліп қайтуды шештік.

     Батыс Қазақстан облысы индустриалды колледжінде нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 9 –шы сынып базасында екі топ оқып жатыр: бір тобы орыс тілінде және бір тобы мемлекеттік тілде.

     — Бізде «Электр байланысы және желімен хабарлаудың желілік құрылыстарын пайдалану» (оқу мерзімі – үш жыл 10 ай, оқу тілі – орыс тілінде) және «Өндірістегі электрлік-механикалық жабдықтар» (оқу мерзімі – үш жыл алты ай, оқу тілі – мемлекеттік тілде) мамандықтары ұсынылады,-деп  айтып өтті колледж директоры Әли Масалимов. –Бірінші мамандық бойынша  біздің түлектеріміз келесі сертификаттарға ие болады: «Электр байланысы және желімен хабарлау желілік құрылыстарының электр монтері» және «Байланысты монтаждаушы-кабелші», екіншісі бойынша «Электр жабдықтарын жөндеуші және қызмет көрсетуші электр монтері» және «Трансформаторларды құрастырушы».  Өндірістік тәжірибеден өту мәселесіне келер болсақ, біз 70-тен аса кәсіпорындармен, соның ішінде «Қазақтелеком» АҚ филиалымен және Орал трансформаторлар зауытымен дуалдық оқыту жүйесі бойынша келісімшарттар жасаған болатынбыз.

    — Біздің түлектер қаладағы абоненттік байланыс желілерін пайдалану-техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындауды білетін болады, олар кішкене болсын байланыс жерлері бар кез келген мекемелерде жұмыс жасай алады. Сонымен қатар олар жоғары кернеу электр монтері жұмысын орындай алады. Олар «бір оқпен бірнеше қоянды атады» деген сияқты ғой, яғни бірнеше біліктілікті бірден алып шығады, мұндай біліктілік дағдыларымен Орал қаласы әкімінің қазіргі уақытта өзекті мәселе ретінде көтеріп отырған «Ақылды қала» жобасын жүзеге асыруда үлкен көмек көрсетуге болады, — деп хабарлады өндірістік оқыту бойынша мастер Светлана Герасимова.

     

    Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы бойынша мамандарды дайындайтын тағы бір колледж – Орал «Сервис» технологиялық колледжі.  Мұнда «Тігінші», «Модельер-киім пішуші», «Аспазшы», «Шаштараз-Модельер», «Маникюр бойынша мастер», «Визажист» (бет әрлеуші) мамандықтары бойынша оқытылады.

     Колледж нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік Бағдарламасы бойынша ағымдағы жылдың мамырынан бастап жұмыс жасап келеді. Осы аралықта 232 маман дайындалды.

    — Біздің колледж Орал қаласының, Теректі, Сырым, Ақжайық, Казталов, Жаңақала, Жәнібек, Зеленов аудандарының жұмыспен қамту орталықтарымен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта «Тігінші» біліктілігі бойынша 43 студент оқып жатыр. Сонымен қатар, колледжіміз Орал қаласының жұмыспен қамту орталығымен «Маникюр бойынша мастер» біліктілігі (15 адам), «Визажист» (11 адам)  біліктілігі бойынша 1 айлық қайта даярлап оқытуға келісім шарт жасасты. Біздің студенттеріміз тәжірибені Орал қаласының ательелері және сән үйлерінен өтеді, — деді директор орынбасары Дариға Жиналеева.

    — Мен жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен оқып жатырмын,  салиқалы жасқа келсең де қажетті мамандық біліктілігіне оқуға мүмкіндік тудыратын осындай бағдарламаны ойлап тапқандары үшін өте қуаныштымын, — деп айтады Алима Аймағамбетова. – Оқытушыларының тәжірибелері мол, материалды жақсы түсіндіреді. Оқу тәжірибесінен өткен кезде жұмыс берушінің қызығушылығын тудыртып, жұмысқа орналасып кетермін деп үміттенемін.

    — Тігіншілер мамандығына оқытамыз, көпшілігі қызығушылық танытып өздіктерінен үйренген, бірақ олардың арнайы білімі болмаған, мұнда қысқа мерзімде болсын оқығаны туралы құжат алу мүмкіндігі бар, себебі кейін жұмысқа орналасуда құжаты болса  жеңілдеу болады ғой, негізінен бізде үлкендер оқиды, кейбіреулерінде жоғары білімдері де бар. Әр түрлі киімдер тігеміз: алжапқыштар, белдемшелер,- деп айтып берді өндірістік оқыту бойынша мастер  Римма Сираева.

    — Біз маникюр бойынша мастерлерді оқытамыз, алдымен олар классикалық маникюр, кейін қазіргі заманға сай жаңа үрдіспен оқытылады, яғни гель лак, осы біліктілікті игеру арқылы мамандарымыз шаштараз, сән үйлеріне жұмысқа орналаса алады немесе үйде де жұмыс жасай алады. Біздің мамандарымызға сұраныс көп екендігін атап өтуге болады, сондықтан жұмыссыз қалмайтындығына сенімдіміз,- деп атап өтті өндірістік оқыту мастері Римма Галиева.

    Студенттердің өздері де оқыту жағдайлары толықтай көңілдерінен шығатындығын айтып берді.

    — Қалалық жұмыпен қамту орталығы жолдамасымен маникюр бойынша мастер мамандығына оқып жатырмын, бір ай болды оқығаныма, барлығы да ұнап жатыр, осы уақытқа дейін бұл мамандық саласында ешқандай түсінігім де болмаған еді, қазір қызығушылығым артты,- дейді Юлия Сальташева.

    Гауhар УМАРОВА


     
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

    Оставьте ваш комментарий!
    Введите здесь свое имя

    Последние новости

    Более тысячи закладчиков в Казахстане смогут выйти на свободу по УДО

    Они получат право ходатайствовать об условно-досрочном освобождении после вступления...

    Рекомендуем

    Более 56 км дорог было отремонтировано в этом году в Уральске 

    В акимате города начали подводить итоги уходящего года. На...

    Сотрудник таможенной службы ЗКО получил 10 лет колонии за взяточничество

    Приговор в отношении бывшего служащего департамента государственных доходов огласили...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл