Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
-10 C
Уральск
6.1 C
Аксай
Еще

    «Жұмыста аздан бастау керек!»

    Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы шеңберінде жуырда осы жылдың кеңейтілген және қорытынды бос орындар жәрмеңкесі өтті. Қазақ драма театрында ұйымдастырылған жәрмеңкеде БҚО қаласы және аудандарынан 48 жұмыс беруші, сондай-ақ «Домашний сервис» жеке агенттігі қатысты. Барлығы 868 бос орындар ұсынылды. Бұрыннан келе жатырғандай, негізінен сұранысқа ие жұмысшы мамандықтар: электриктер, темір ұсталары, қырнаушылар, электргаздәнекерлеушілер, барлық санатты жүргізушілер, тас қалаушылар, жұмысшылар, аспазшылар және т.б. Медициналық бағыттағы мамандықтарға да бос орындар аз болмады.


    Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысының орынбасары Қырмызы АЙТҚАЛИЕВА айтып өткендей, жәрмеңкеге жаңа бітірген ЖОО-ның түлектерімен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен пробация қызметінде есепте тұрғандар да шақырылды. Осы санатта көрсетілгендердің барлығы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы шеңберінде жұмысқа орналастыруда мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған.


    — Қазан айының басында қаланың жұмыспен қамту Орталығына 7978 адам жолықты, олардың ішінде 3012- сі жұмыссыздар болып танылды, — деп атап өтті Қырмызы Айтқалиева. – Жыл басынан бергі өткен бос орындар жәрмеңкесіне Орал қаласының 128 жұмыс берушілері қатысты. Жұмысқа орналастыруда мемлекеттік қолдау шараларымен 231 адам қамтылды. Одан басқа, тоғыз айдың қорытындысы бойынша бізге 172 мүмкіндігі шектеулі адам жолықты, олардың 142-сі мемлекеттік қолдаумен қамтылды. Біз оларды тұрақты жұмыс орындарға орналастырдық, оқуға, жастар практикасына және әлеуметтік жұмыс орындарына жолдадық. Жұмысқа орналастыру жұмыс берушілердің берген өтінімдері және ұсынылған мамандықтарына сәйкес жүзеге асырылады. Жұмыс іздеушілер бала бақшаға тәрбиешілердің көмекшілері де болып, гардеробшы, қарауылшы да болып жұмысқа орналасты.
    Жәрмеңкеде берілген 237 бос орынның 12-ін өндірістік мекемелер ұсынса, 22-сі құрылыс ұйымдарынан, 118-і денсаулық сақтау саласынан,13- білім саласы, 14-і мәдениет саласы, 4-і мұнай газ саласы, 162-сі сауда саласы және 298-і басқа да салалардан болды.
    Мысалға, «Орал таза сервис» ЖШС жұмысқа ақпараттық технологиялар бойынша инженер, келісімшарт бөлімі маманын, абоненттік бөлімнің бақылаушысын, жүгізушіні алуға, «Талап» АҚ кардиолог-дәрігер, анестезиолог, дерматолог, тіс дәрігерін, фармацевт, және медбикелер, «Автошкола «Самат» ЖШС-гі ЖЖЕ оқытушыларын, менеджерлерді, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші қон департаментінің комитетіне – жоғары медициналық білімі бар бас маман, «Батысэнергияресурс» ЖШС халықпен жұмыс жасау инспекторы, кассир, тұтынушылармен жұмыс жасауда маман, электр жабдықтарының маманын, «АШМ «Ақ қайнар» АҚ газэлектрмен дәнекерлеуші, қазандық операторын алуға дайын.
    Қалалық №1 емханасына жалпы тәжірибесі бар дәрігер, ревматолог, физиотерапевт, уролог, травмотолог, «Кублей» ЖШС-не – қазандық операторы, іс жүргізуші, «Батыс су арнасы» ЖШС-не күрделі құрылыс бөлімі басшысы, материалдық-техникалық жабдықтау және мемлекеттік сатып алу бөлімі инженері, слесарь-жөндеуші, газэлектрмен дәнекерлеуші, «Батыс Қазақстан құрылыс материалдары корпорациясы» АҚ-на ішкі сантехникалық жүйенің және құрылғылардың жөндеушісі, дайын өнімнің сатып алушысы, жүкші, «Батыс Қазақстан машина жасау компания» АҚ-на салқын қалып жөндеушісі, мастер, инженер-химик, құюшы, бухгалтер, бас металлург, бас дәнекерлеуші, қалалық жедел жәрдем станциясына – жедел жәрдем дәрігері, фельдшер, №21 ЖОББМ –ке орыс тілді оқытумен логопед, диеталық медбике, орыс тілді оқумен мектеп алды даярлық сыныбының мұғалімі, ұзартылған күн оқушылар тобының тәрбиешісі, ұзартылған күн тобы тәрбиешісі, «Жайықжылуқуат» АҚ-на электрик – газбен дәнекерлеуші, электр жөндеушісі, газ құрылғыларын жөндеу және пайдалану бойынша слесарь, «Бат.Қаз.ЭТК» АҚ-на — лифтер, тракторшы,инженер,электр жөндеушісі, курьер, «Квант» ЖШС-не бухгалтер, ревизор, корпусты жиһаз сату бойынша менеджер, жүкші, ғимарат тазалаушысы, ағаш ұстасы – құрастырушы, «Агрофирма «Акас» ЖШС-не инженер, лаборант-химик, агроном, электрик, токарь, А.Н.Островский атындағы драма театрға – артист, қоюшы-режиссер, шаштараз, жүргізуші, тазалаушы, жарық беру бойынша суретші, дыбыс беру бойынша мастер, «Казпочта» АҚ-на – жетекші маман, сатып алу бойынша маман, байланыс операторы, бухгалтер, пошташы қажет.
    БҚО жастар саясаты бойынша басқарманың басшысы Аян САҚОШЕВ «Н»-ға айтып өткендей, жаңа бастаушы мамандар үшін жұмысқа орналасу мәселесі әрқашан өзекті, бос орындар жәрмеңкесі жұмыс іздеуде көмек ретінде арналған.


    — БҚО бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,1% құрайды. Сондықтан жұмысқа орналасудың, нақтырақ айтқанда қажетті жұмысты алудың негізгі тетігі бос орындар жәрмеңкесі тәрізді алаң болып отыр, бос орындар жәрмеңкесінде жұмыс беруші үшін де қажетті маманын табуға, ал жастар үшін мамандығы бойынша жұмыс табуға мүмкіндік бар. Жастар үшін өте маңызды, себебі жігіттер мен қыздар арнайы бір бағытта мамандықтары бойынша төрт немесе бес жыл бойына білім алады ғой. Әрине, жастар жұмыспен қамту орталықтарына жастар ресурсы орталықтарына барып кеңес және жұмысқа жолдама ала алады, бірақ жұмыс беруші мен ізденушіге қарастырылған ортақ алаңның артықшылықтары басымырақ. Жәрмеңкеде барлық жұмыс берушілер жиналады, бұл дегеніміз барлығымен көзбе-көз жолығып, қоятын талаптары және еңбекақылары туралы бірден сұрап білуге болатындығы деп айтуға болады. Оған қоса, жас мамандар үшін біздер шеберлік-сағаттарын ұсынамыз, семинарларды өткізетін және кеңес беретін тренерлерді тартамыз, осылайша жастарға нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат алуға, түйіндемені сауатты толтыруға, жұмыс берушінің өткізетін әңгімелесуінен сәтті өтулеріне көмек береміз.
    «Н» бірнеше жұмыс берушілермен және жұмыс ізденушілермен әңгімелесті, олардың айтқандарына келер болсақ:

    Менсұлу ГАИСИНА, «№1 ЖАП» ЖШС кадр бөлімі инспекторы:


    — Біз үшін ең бастысы, әлеуетті маманның зиянды әдет-терден бойларының аулақ, мейірімді, мұқият болуы және адамдармен жақсы тіл табыса алуы. Біздің тасымалдаушы кәсіпорнымызға автобустардың және «КамАЗдардың» жүргі-зушілері, газэлектрдәне-керлеуші, автослесарь қажет. Жұмысқа жас мамандарды да алуға дайынбыз, тек зиян әдеттері болмаса болды…

    Гүлайым КЕСАЕВА, «Орал құс фабрикасы» ЖШС кадр бөлімі инспекторы:


    — Біз үшін де ең бастысы адам-дардың парасатты болуы. Құс фабрикасына барлығын қосқанда бес адамды жұмысқа алу қажет. Азық цехына меңгеруші және жұмыс-шылар қажет. Орта жастағы әйел-дердің болғаны жақсы болар еді.

    Зоя БОГОУТДИНОВА, «Нафта» Сауда үйі» ЖШС персонал бойынша менеджері:


    — Бізге клиенттермен жұмыс жасайтын әкімші, «Мечта» кемпинг қонақ үйіне әкімші, пиар-менеджер қажет. Одан басқа, жұмысшыларды да алуға дайынбыз. Әрине, жұмысшылардың жауапкершілігі мол, жұмысқа қабілеттілігіне қарау керек. Жастарды да, орта жастағы мамандарды да аламыз.
    Татьяна МАЛИНАУСКАЙТЕ, «Домашний сервис» Агентство» ЖШС офис-менеджері:


    — Біздің агенттік еңбек нарығында 14 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Әр түрлі бағыттағы мамандарды жұмысқа орналастырумен айналысып келеміз. ЖШС-де өте үлкен база. Көптеген компаниялар мен кәсіпорындар жұмысқа тәжірибесі жоқ жастарды да алуға әзір. Қазіргі уақытта құрылысшы мамандар, мұнай газ саласындағы түрлі білікті жұмысшылар талап етіледі. Мамандарды басқа бағытта кері біліктіліктен өткізіп, оқытуға дайын компаниялар қатары да бар. Бухгалтерлер, кассирлер қажет. Қазіргі уақытта жұмыс жоқ деп көпшіліктің айтуы қате пікір, жастар аздан бастап, жайлап тәжірибе жинақтау арқылы алға жылжу керек екендігін түсіне бермейді. Сату бойынша менеджерлер, топ-менеджерлер, өңірлік және сауда өкілдеріне қажеттілік жоғары деңгейде болып отыр. Бұл салада жас ерекшелігіне қойылатын ешқандай өлшеу жоқ. Мысалға, бізде 67 жастағы клиент болатын, оны вахтаға жұмысқа орналастырдық. Оны қуана жұмысқа алды. Жақында 19 жастағы жас адамды ірі комапанияға жұмысқа алды.

    Айбар,
    Жұмыс іздеуші:
    — Бос орындар жәрмеңкесіне «Газбен жабдықтау жүйесін пайдалану және жөндеу» мамандығы бойынша жұмыс іздеп келдім. Осы жылы Орал қаласының мұнай және газ колледжін бітірдім. Мекемелерге жұмыс іздеп бардым, бірақ әзірге жолым болмай тұр. Барлық жерде жұмыс тәжірибесі бар мамандар қажет… Айына 60 мың теңге жалақысы бар жұмыс маған жарар еді деп ойлаймын.
    Осы жәрмеңкенің артықшылығы — ұсынылған бос орындардан басқа жұмыс іздеушілерге шағын бизнес ашуда мемлекеттік қолдау көрсету бойынша сұрақтарына жауап алуға, жұмысқа орналасу бойынша толғандырып жүрген сұрақтарына немесе түйіндемені сауатты жазуға, бірінші әңгімелесуден өткен кезде өздерін қалай ұстау керектігі төңірегіндегі мәселелерге еркін түрде жолығуға мүмкіндіктерінің болуы. Бұл мәселелердің шешілуіне жұмыстануды БҚО Кәсіпкерлер палатасының мамандары өздерінің міндетіне алды.
    — БҚО кәсіпкерлер палатасы бос орындар жәрмеңкесін өткізуге белсене қатысады, — деп атап өтті БҚО КП сарапшысы Нұрбек АЙТБАЕВ.

    — Әдетте біз семинарлар, тренингтер өткіземіз, ол жұмыс-сыздар, әсіресе жастар және қаламыз-дың басқа да тұрғын-дары еңбек нарығындағы ұсынылған бос орындармен тек танысып қана қоймай, мынадай курстардан өту үшін де ұйымдастырылады: «Өз ісіңді қалай ашуға болады?», «Жер телімін қалай алуға болады?», «Мемлекеттік гранттарды қалай алуға болады?», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы шеңберінде банктерден төменгі мөлшерлемемен несиені қалай алуға болады?». Біреулерде кәсіпкерлік ой туа қалған жағдайда, бірден қолдауымызға аламыз. Біз үшін бизнестің дамығаны және адамдардың жұмыссыз қалмағаны маңызды. Нәтижесінде, жұмыс іздеушілер бос орындар жәрмеңкесіне жай келіп қана қоймай, оған қоса жұмысқа орналасу бойынша өзекті сұрақтарына жауап та ала алады.
    Пробация қызметінде есепте тұрғандарға келетін болсақ, қалалық жұмыспен қамту бөлімінің мәліметі бойынша оларға бұл санаттан жұмысқа орналастыруға көмек сұрап келгендер саны 71 адам. Оның 44-і жұмысқа орналасқан. Негізінен, олар әр түрлі жұмыс атқаратын жұмысшылар. Пробация қызметінде есепте тұрғандардың қатарындағы тоғыз адам аспаздық, газбен дәнекерлеу және жүргізушілікке оқуды шешті.
    — Бос орындар жәрмеңкесіне қоғамнан оқшауланбаған жұмыс істемейтін сотталғандарды тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін шақырдық, — деп айтып өтті БҚО бойынша Орал қаласының ҚАЖД пробация қызметінің басшысының орынбасары Сұлтан САХМЕТОВ.

    – Біз үшін бұл санаттағы азамат-тардың қоғамға аралас-қаны, олардың жұмысы мен табысы болғаны, жұмыс жасау арқылы отбасыларына материалдық көмек көрсеткендері, келтірген залалдарын өтей отырып, сот өкіміне сәйкес мемлекетке кіріс төлеу мүмкіндіктері болғандығы маңызды. Басты мақсат – сотталғандарды дұрыс жолға қойып, жаңа құқықбұзушылықтарға бой алдыруларына жол бермеу. Осы жылы Орал қаласының жұмыспен қамту орталығында қалалық прокуратурамен бірге пробация кабинеті ашылғандығын атап өткім келеді. Жыл басынан бері қалалық жұмыспен қамту орталығымен біріге жасалған жұмысқа орналастыруда қолдау көрсету шараларымен бұл санаттағылардан 40 азамат қамтылды. Негізінен олар құрылысқа әр түрлі жұмысшы ретінде жұмысқа барады, жүкші болып жұмыс жасайды.
    Еске сала кетейік, «Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің №2 кабинетінде аптаның әр сәрсенбісінде бас бостандығынан айыру орындарынан шыққандарға, сотталғандарға, пробация қызметінде тұрған азаматтарды қабылдау жүргізіледі. Қалалық прокуратураның, пробация органдарының, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдерінен, сондай-ақ зейнетақы, жәрдемақы, құжаттарды рәсімдеуде психологиялық, заңгерлік және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсететін денсаулықты сақтау бас-қармасы өкілдерінен тұратын жұмыс тобы құралды.

    Гауһар УМАРОВА,
    Георгий СЕМЕНОВ


     
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

    Оставьте ваш комментарий!
    Введите здесь свое имя

    Последние новости

    Как повысить доверие к функционированию системы ОСМС

    18 декабря 2024 года филиалом Фонда была проведена разъяснительная...

    Рекомендуем

    Более 56 км дорог было отремонтировано в этом году в Уральске 

    В акимате города начали подводить итоги уходящего года. На...

    Сотрудник таможенной службы ЗКО получил 10 лет колонии за взяточничество

    Приговор в отношении бывшего служащего департамента государственных доходов огласили...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл