Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
2 C
Уральск
3.1 C
Аксай
Еще

    Жұмыс іздеп жүрсің бе? Биржаға кел!

    Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде елімізде электронды еңбек биржасы пайда болды, бұл жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға жұмысқа орналастыру шараларымен қамтамасыз етуді арттыру мақсатында құрылған.

    «Еңбек биржасы» еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы – жұмыс берушілер, ізденушілер және жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арасында өзара байланысты қамтамасыз ететін еңбек делдалдығына жәрдемдесу іс-шараларының кешені.
    Бірыңғай база құрамын-дағы мемлекеттік орган-дардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияны қосқанда жұмысқа орналастыруда, ведомоствааралық өзара іс-қимылда делдалдық көрсету, есептілікке мониторинг жүргізу және қалыптастыруға арналған.
    «Еңбек нарығы» халықты жұмыспен қамту орталықтарымен қалыптасады және жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсету және еңбек делдалдығы туралы ақпаратты қамтиды.
    Портал Еnbek.kz интернет-ресурсының базасында қолданылады және халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу саласында ақпараттық қызмет көрсетуге арналған. Жұмыс берушілердің, ізденушілердің, жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері мен халықты жұмыспен қамту орталықтарының порталдағы өзара іс-қимылы Бағдарлама мен Заңға сәйкес функционалдық мүмкіндіктерімен «жеке кабинет» ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етіледі.
    Қандай бос орындар бар екендігін білу үшін сайтқа кіріп, аймақты немесе қаланы көрсетіп және сілтеме бойынша жүріп отыру қажет. Мысалы, «Орал қаласында жұмыс» бөлімінде порталда 1125 бос орынға 698 хабарлама орналастырылған, «Батыс Қазақстан облысында жұмыстар» бөлімінде 1762 бос орынға 959 хабарлама орналастырылған. Бар бос орындарға қарсы жерде жалақылары бойынша ақпарат, еңбек өтілі және жұмыс кестесі туралы мәлімет жазылған, бұл ақпараттар да қолайлы болып келеді.
    Теректі ауданының жұмыспен қамту орта-лығының маманы Нұрлан КАРИМОВ «Н»-ға берген мәліметі бойынша, елімізде жаңа ұлттық қызметтер жіктеуішісі жасалынып шыққан. Ол еңбек нарығындағы барлық қолданыстағы қызметтерді топтау және еңбек нарығы бойынша қажетті статистикалық ақпараттарды одан ары қарай іріктеу және талдау үшін қажет.
    — Жиналатын статистика талданады және жұмыспен қамту, білім беру, көші-қон, шетелдік жұмыс күшін тарту және т.б. секілді түрлі салалардағы саясат үшін ақпараттық негіз болып табылады,- деп атап өтті Н.Каримов. – Мысалға, , жіктеуіш қызметтердің нақты түрлері шеңберінде мамандардың қажеттілігін анықтау және болжау жүйесін құруға мүмкіндік туғызады. Нәтижесінде, білім беру тапсырысы нарықтың нақты қажеттіліктерінен құрылуы мүмкін. Жіктеуіш жұмыс берушілермен ұсы-нылатын бос орындар мен белгілі бір кәсіпке ие жұмыс іздеушілерді түйістіру бағытындағы жұмыспен қамту қызметінің жұмысын қамтиды.
    Нұрлан Каримов айтып өткендей, бүгінгі таңда елімізде 12 жыл бұрын әзірленген қызметтер жіктеуіші қолдануда, сондықтан да, оны пайдалану кезінде бірқатар қиыншылықтар туындайды. Ол егжей-тегжейлі талданбаған, және бір негізгі кәсіп тобы 4-белгі бойынша әртекті кәсіптерді біріктіреді. Мысалға, мұнай, газ және конденсат байыту шебері және бас металлург олардың міндеттері мен тапсырмаларының әртекті болғанына қарамастан бір топқа біріктірілген. Жіктеуіштің ағымдағы редакциясы статистикалық ақпараттың іріктеу кезіндегі жетікіліксіз талдануына байланысты, еліміздегі еңбек нарығының жағдайын толыққанды зертеуге мүкіндік бермей отыр. Осыған байланысты, Қазақстанның еңбек нарығындағы ағымдағы жағдайы мен әлемдегі озық тәжірибені есепке ала отырып, қолданыстағы қызметтер жіктеуішін қайта қарау туралы шешім қабылданды.
    — Егер бұрын біз елде шартты түрде 200 дәрігер дайындау қажеттілігін айтқанмен олардың мамандануын білмесек, қазіргі таңда біз олардың қандай дәрігерлер екенін білеміз – кардиологтар, хирургтар және т.б.,- деп атап өтті Нұрлан Каримов. — Аталған тәсіл еңбек ресурстарының статистикалық есебіне, мамандардың қажеттілігін болжауға және Ұлттық біліктілік жүйесін толыққанды енгізуге сәйкес келетін өзекті қызметтерді жіктеуді құруға мүмкіндік туғызады. ҰҚЖ барлық жергілікті атқарушы органдарымен, Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және өзге де түрлі ұйымдармен келісілген.

    Гауhар УМАРОВА


     
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

    Оставьте ваш комментарий!
    Введите здесь свое имя

    Последние новости

    В ТОО «Зап-Каз РЭК» новый генеральный директор

    На пост первого руководителя ТОО «Западно-Казахстанская РЭК» назначен Бауржан...

    Рекомендуем

    Добро должно быть под контролем

    В правительстве идёт обсуждение законопроекта, который предполагает контроль за...

    Взрыв в кафе «Rizyk»: суд вынес решение по апелляции осужденного предпринимателя

    20 ноября коллегия Западно-Казахстанского областного суда огласила решение по...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл