Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
-2 C
Уральск
3.1 C
Аксай
Еще

    Дүкен, дәріхана немесе дәмхана ашқыңыз келе ме? «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша оқыңыз!

    «Н» БҚО-да қазіргі таңда белгілі нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік мемлекеттік бағдарламасының «Бастау Бизнес» жобасының жүзеге асырылуы туралы оқырмандарына ақпарат беруді жалғастырады. Өткен санда Зеленов ауданының төртінші ағыны бойынша түлектерінің қандай бизнес-идеяларын таныстырғандығы туралы айтқан болатынбыз. Бұл жолы Теректі ауданының осы ағын оқуының түлектерінің жобаларымен таныстырамыз.

    Еске сала кетейік, қазіргі уақытта «Бизнес Бастау» бағдарламасы бойынша бесінші ағынның тобына қабылдау жүріп жатыр. Төртінші ағынның қатысушылары (Зеленов және Теректі ауданы бойынша) жақында БҚО кәсіпкерлер Палатасында бизнес-идеяларын таныстырса, Ақжайық, Жаңақала, Казталов аудандарының қатысушылары әдеттегідей онлайн тәртіпте бизнес-идеяларын ұсынды.
    Теректі ауданы бойынша бизнес-тренер Зухра ИДГЕЕВА айтып өткендей, «Бастау Бизнес» бойынша бұл ауданда 42 адам оқытылған. Олардың ішінен 25 адам облыстық комиссия алдында бизнес-жоспарларын қорғауға ұсынған. Ұсынылған бизнес – жобалардың ішінен таңдаулысына келер болсақ, олар: Пойма ауылында балабақша ашу, пластикалық терезелер өндірісі бойынша цех ашу, Федоровка ауылында керамзитбетон блок өндірісі, жылыжай ашу алға қойылуда, сондай-ақ, бірнеше жобалар – ірі қара мал өсіру және бордақылау мен тағы да басқалары.
    — Мысалға, әлеуметтік маңызы бар жобалардың қатарында бала бақшаның ашылуын айтуға болар еді,-деп атап өтті З.Идгеева. – бұл жоба үшін ауылдық әкімдік жерді бөлді, алайда осы жылы әзірге құжаттарды жинақтаумен өтетін болар. Бұл – Ақсуат ауылдық округі. Бұл өңірде бала бақша ашу қажеттілігі бар, себебі, төрт ауылға бір ғана бала бақша жұмыс жасап тұр. Мектепке дейінгі мекемеге кезекте 200 бала тұр, сондықтан «Бизнес Бастау» жобасына қатысушы 100 орындық балабақша ашуды жоспарлап отыр.
    Айтпақшы, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша бесінші ағынның оқытуы Федоровка ауылында өтетін болады, топқа 20-25 адам қабылдау жоспарлануда. «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша барлық кезеңінде (төрт ағын) Теректі ауданынан 143 адам оқудан өтті. Белгілі болғандай, бұл бағдарлама бойынша оқудың алты ағыны жоспарланып отыр.
    «Даму» КДҚ кәсіпкерелердің облыстық филиалының қызмет көрсету орталығының менеджері Дана ҚАНАТОВА айтып өткендей, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы осы жылдың басында іске асты. «Даму» КД Қоры жаңа бастаушы кәсіпкерлерге 85% — ға, ал кәсібін жүргізіп жатқандарға 50% –ға дейін екінші деңгейлі банктер алдында кепілдік беруші ретінде шығады.
    — Біз жобаларды қаржы алғанға дейін көмек көрсетеміз. Болашақ кәсіпкерлердің бизнес-жобалары бойынша алғашқы құжаттарын Ресей Сбербанкіне тапсырдық, қазір мақұлдауды күтіп отырмыз. Жаңа бағдарлама үлкен сұранысқа ие. Бұл барлық ниет білдірушілерге шағын болса да дүкен, дәріхана, сән үйін, монша, сауна немесе дәмхана ашып алуға жақсы мүмкіндік. Бағдарлама тіпті сауда және көлікті жалға алу бағыттарды да қамтиды, мұндай мүмкіндіктер «Жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасында болмағандығын да айта кету керек. Сондықтан, жаңа бағдарламаның талаптары мейлінше қызықтырарлық. Кредит беру 7 жылға дейінгі мерзіммен мөлшерлемесі жылдық 6 %-дан аспайды, оған қоса бір жыл жарым- екі жылға дейін «демалыс» беріледі, бұл уақытта кәсіпкер ісін дөңгелендіріп алып кетуге, кіріс айналдыруға, содан кейін барып келген кірістен алған қарызын асықпай пайызын өтеу үшін жеңілдік ретінде қарастырылған. Кредит берудің ең жоғарғы сомасы 18 млн. теңгені құрайды. Бағдарламаға жұмыссыздар да, өзін-өзі қамтушылар да, жаңа бастаушы немесе кәсібін жүргізіп отырған кәсіпкерлер де, сондай-ақ жалдамалы жұмысшылар да қатыса алады. Біздің өңір бойынша бес екінші деңгейлі банктер бағдарламаға қатысып отыр, оның үшеуіне қазіргі уақытта қаражат аударылып та қойды. Олар – Ресей Сбербанк, БанкЦентрКредит және Халық банкі. 20 шақты жобалар қазірдің өзінде қаржылануға қарастырылып жатыр.
    БҚО КП қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Мақсат ҚҰЛАНБАЕВТЫҢ айтуы бойынша ауылдарда қаржыландыру әр ауданда бар микро қаржылау ұйымдары немесе кредиттік серіктестіктер арқылы жүреді. 12 жоба «Бастау Бизнес» жобасына қатысушылардың жеке қаражатынан жүзеге асырылып отыр.
    — Яғни жобаға қатысушылар оқытылды, оларға бизнес-жобалар жасауға көмек көрсетілді, ал жүзеге асқан жобалар олардың өз қаражаты есебінен іске асырылады. Егер салалар туралы айтар болсақ, ішінде ең тарағаны – ауылда ірі қара мал өсіру және бордақылаудан тұратын мал шаруашылығы. Осы бағыт бойынша қаржыландырудың қоятын бірден бір талабы қатысушыларға «ЖК» ашу. Жаңа бағдарлама аясында жаңа бастаған 80 кәсіпкер шықты, қалғандары жуық арада «ЖК» ашады немесе өз кәсібін кеңейткен жағдайда қосымша жұмыс орындарын жасайды. Бес ауданның ішінде көбірек белсенділікті Зеленов және Теректі аудандарының тұрғындары танытып келеді. Оның себебі бұл аудандардың қалаға жақынырақ орналасуында, сондықтан қаржы институттарынан кредит алған жағдайда кепілдік мүлкі жоғарырақ бағаланады.

    Көкіністер ешқашан артық етпейді!
    Подстепное ауылынан «Бизнес Бастау» жобасы бойынша оқытудың тағы бір қатысушысы Төрехан АЛДАБЕРГЕНОВ жылыжай ашқалы отыр және түрлі ауыл шаруашылық мәдениеттерін екпекші. Негізгі егетіндері — қызанақ және қияр. Жобаның сомасы бір миллион теңгені құрап отыр. Оның ойынша қазіргі уақытта жеміс-көкініс өнімдерінің өндіріс деңгейі айтарлықтай сақталып отырғанымен және үлкен жер ресурстары мен табиғи ауа-райы жағдайының бар болғанымен, БҚО-н осы күнге дейін жеміс-көкініс өнімдерімен толық деңгейде әлі күнге дейін қамтамасыз ете алмай келе жатырмыз. Жеміс-көкініс өнімдері қыста да, жазда да әрқашан қажет. Негізінен жылыжайлық бизнес қазіргі уақытта еліміздің оңтүстігінде дамыған, базар белсенділерінің айтуынша, тауарды көп шығын жұмсап солтүстікте еккенен гөрі оңтүстіктен дайын өнімді солтүстікке тасымалдаған пайдалырақ. Алайда, ұзақ тасымалдау нәтижесінде тауардың бұзылатын қасиеті де бар, сондықтан қосымша шығындар орын алады, бұл дегеніміз — тауардың өз құнына тағы да шығынды арттырады деген сөз. Жылыжайдың сапалы материлы болған жағдайда және жаңа технологиялардың болуы солтүстікте де жеміс-көкіністерді егуге мүмкіндік береді.
    Осы жобаны жүзеге асыру үшін жеке аула шаруашылығындағы базасында бес сотық алаңда шағын жылыжай салу үшін қаржылай қаражат тартуды көздейді. Қаржылау жоспарына сәйкес жылыжай кострукциясы, іргетасын салу үшін бетон, полиэтилен жабынын, су жіберетін жүйесін, жылыту құрылғыларын және желдету жүйесін алу жоспарлануда.
    Т.Алдабергеновтің жеке жер телімі бар екендігін атап өтейік, онда ол қаңқасы ағаштан жасалған жылыжайды салуды жоспарлайды. Болашақ кәсіпкер жемістерді өсірумен алдағы уақытта оның отбасы айналысады деп жоспарлап отыр. Шаруашылықты өздіктерінен жүргізу өзіндік қаражаттарын үнемдеуге жол береді.
    Өндірістің технологиясына келер болсақ, жоба бастаушысының бизнес-жоспарында көрсетілгендей қиярдың өсуі үшін температура +13С төмен болмауы қажет, сондықтан көктемнің салқын күндерінде жылытылмайтын жылыжайда оларды өкпек желден қорғау керек. Өсе бастағанында, әсіресе пісу кезінде мол суғару болғаны қажет, алайда шектен тыс ылғалдылықтан да қашқан жөн. Екі жұмада бір рет сұйық тыңайтқышпен қоректендіру қажет. Қажетті көлемге ие болғанда, әдетте өнімнің шеңбері 10 см жеткенде оларды жинауды бірден бастау керек. Сабақтарына зиян келтірмеу үшін оларды әрдайым қайшымен немесе арнайы бақша қайшысымен кесіп отыру қажет.

    Қолайлы және ұзаққа арналған кәсіп
    Федоровка ауылынан Ринат СЕРІКҚАЛИЕВ аудан орталығы Теректіде платикалық терезе және есіктер жасау бойынша цех жасау туралы жобасын таныстырды. Өндіретін өнімнің негізгі түрлері пластикалық бөлмелерге арналған есіктер мен терезелер болып табылады, ары қарай басқа да пластикалық бұйымдармен түрлері толығуы мүмкін.
    Қатысушының болжауы бойынша тұтынушылар ретінде құрылыс ұйымдары болатын болады, олар өз қызметінде осы өнімді пайдаланатын болады. Теректі ауданының орналасуы Орал және Ақсай қаласына жақын болуы да есепке алынып отыр, бұл да аса маңызды және қолайлы. Одан басқа, аудан орталығында көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы да күтілуде. Тұтынушылардың екінші тобын жеке үй шаруашылықтары құрайды. Р.Серікқалиевтің айтуы бойынша осы айтылғандардың барлығы пластикалық терезе және есік өндірісі бойынша цехтың дамуына септігін тигізетін болады.
    Айтпақшы, жобаның қаржылануы бастаушының өз қаражаты және қарыз беруші капиталы есебінен де болайын деп отыр. Жобаның жалпы құны 2 100 000 теңгені құрайды, оның ішінде нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы бойынша сомасы – 1 600 000 теңге. Жобаның іске асуы барысында Теректі ауданында тағы да бір жұмыс орнының ашылуы болжанып отыр. Цехтың ашылуы БҚО бюджетіне қосымша кіріс көзінің түсуіне де қызмет ететін болады.
    — Қызықтысы сол, пластикалық терезелер туралы алғашқы рет америкалықтар өткен жүз жылдық ғасырдың басында айтып бастаған екен,- дейді Р.Серікқалиев. – Олардан бар терезелерін дамыту идеясы шығады, кейін жақсылып ойлап келіп, тәуекелге бармай бұл идеяны жүзеге асырмай қалады, шындығында бұл идеядан бекерге бас тартқан. Бұл тақырып қайтадан 1954 жылы көтерілген, бірақ Германияда. Немістер үшін терезелерді жаңарту идеясы тиімді болып көрінген, олар ынта қойып бұл істі қолға алды. Сол жылы «Trocal» неміс фирмасы алғашқы рет пластикалық терезе өнімдерін шығарды, сол арада пластикалық терезелеір терезе индустриясының жаңа дәуір болды…
    Бизнес-жобада көрсетілгендей қазіргі уақытта пластикалық терезелер жасаушыларда пластикалық терезелер өндірудің тиімділігі төмен болады деген мәселе туындамайды да, жуық жылдарда оның сұранысы төмен түсуі мүмкін емес, оған деген сұраныс күшті. Пластикалық терезелер жасаудың алғашқы фабрикасынан бастап бұл өнімге сұраныс артып, бұл өнімді жасау жетіліп жатты. Қазіргі өнім XX ғасырдың орта кезеңімен салыстыруға да келмейді. Ол уақытта пластикалық терезелер жартылай жұмсақ қабат поливинилхлоридпен жабылған металл жақтаудан тұратын. Сондықтан, мұндай ПВХ пластикалық терезелер сапасы сын көтермейтіндігі белгілі болды және көптеген өзгерістерге ұшырады.
    Жоба бастаушысының дерегі бойынша, пластикалық терезелер өндіру өз кезегінде қатаң бақылау мен жаңа жабдықтардың технологиялық процесін қамтиды. Жұмыстың барысында барлық талаптар мен ережелердің қатаң сақталуы қазіргі нарық жағдайында қолайлы, сенімді өнім және ұзақ мерзімге шыдамды ПВХ пластикалық терезе мен есіктер шығаруға әкеледі.
    БҚО КП жобаларды қорғауда қазіргі уақытта пластикалық терезелер жасайтын үлкен мекемелермен қатар шағын мекемемелерде жасап жүргендігі, олар барлық ережелер мен талаптарды сақтаған жағдайда сапасы жағынан еш кем түспейтіндігі айтылып өтті.Өнімнің негізгі тұтынушылары болып Федоровка және оның жақын маңындағы ауылдар, оның ішінде Богданов, Приречное, Долинное, Яик, Покатиловка болмақ. Цех ғимаратта 250 шаршы метр алаңды орналастыру жоспарлап отыр, ол Федоровкаға кіре берісіте орналасатын болады. Осы бизнеспен жоспарланған кәсіпорынның ақша айналымын ескере отырып, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкер ретінде жұмыын жүргізу ұсынылады.
    «Бизнес Бастау» жобасының қатысушысы пластикалық терезелер мен есіктердің көптеген оң сапаға ие екендігіне сенеді. Олар қызмет көрсетуде күй талғамайды, қосымша өңдеуді қажет етпейді, дыбыс өткізбеуде, жылу өткізбеуде, ауа кірмеуде жоғары көрсеткіштерге ие. Позитив фактор – ПВХ жасалған бұл сияқты ультрафиолитке поливинилхлоридтің орнықтылығымен тікелей байланысты, жоғары ылғалдылық және температураның ауытқуына конструкцияның ұзақ пайдалануы. Тағы бір ескеретін жәйт, ол пластикалық терезелер мен есіктер ұқсас мінездемелері бар ағаш немесе алюминийден жасалған өнімдерден анағұрлым арзан. ПВХ-ның тағы бір атап өтерлік артықшылығы – ол ПВХ-дан жасалған есік пен терезелер өндірісінің қалдықтарын жоюдың жеңілділігі (пластик сапасын жоғалтпастан өңдеудің бес сатысынан өткізуге болады), сонымен қатар өндірістің жоғары технологиялылығы. Ал, пластиктан жасалатын терезе өнімдерін шығарудағы айтарлықтай кемшілік деп кәсіпкерлер пластикалық профильде дефекті немесе із түсіп қалған жағдайда профильді толықтай ауыстыру қажеттігі. Сонымен қатар, ПВХ өзінің электр статикалық қасиеттеріне байланысты, шаң-тозаңды өзіне тартады және қазіргі уақытқа дейін поливинилхлоридтің денсаулыққа зияны жөнінде дау әліде басылмай жүргенін атап өту қажет. Жобаның қатысушысының ойынша терезелердің эксплуатациялық қасиеттерінің олардың дұрыс жиналып және құрастырылмауымен тікелей байланысты.

    100 балаға арналған балабақша
    Пойма ауылының тұрғыны «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқытудың төртінші ағынының қатысушысы Нығмет БАРМАКОВ балабақшасын ашу туралы жоспарлап отыр. Бастамашының жұбайы Ләззат Магрошқызы Бармакова қазіргі уақытта Пойма ауылының бала бақшасының директоры болып жұмыс жасайды. Сондықтан, ауыл әкімдігі осы отбасыға жеке бала бақша ашу туралы ұсыныс тастаған. Ләззат Магрошқызы бала бақша мекемесінде 20 жылдан астам қызмет еткен, тәжірибесі мол жоғары санатты педагог екендігін атап өту керек. Оның бала бақша жұмысында білімі мен тәжірибесі бар, өйткені бұл бастама барлық талаптардың орындалуын қажет ететін сала. Жеке бала бақшаны ашқаннан соң Ляззат Магрошқызы мемлекеттік мекемеден кетіп, жеке бала бақшада жолдасымен бірге жобаның іске асуымен айналысатын болады деп жоспарлануда.
    Жоба бастамашысының келтірген дерегі бойынша елімізде 1991 жылы 8743 бала бақша болған, жартысынан көбі (4868) «оңтайландыру» кезеңінде жекешелендіріліп алынған, ғимараттардың кей бөлігі қараусыз қалып, күйзелісті бастан кешірді. Тұтастай алғанда 2000 жылға дейін республикамызда бала бақшалар саны 1144 –ке дейін азайған. Тәуелсіздік жылдарында бала бақша жүйесі біртіндеп дами бастады. Бүгінгі таңда бала бақшалар саны айтарлықтай көбейді, онымен қоса мектепке дейінгі балаларға ұйымдардың жаңа түрлері шығарылып жатыр. Жобаның қатысушысы түсіндіріп өткендей, бала бақша даму жүйесінің негізгі артықшылығы 3-6 жасқа дейіңгі балаларды қамтитындығы, оларды мектеп жасына дейін саналы тәрбиемен және біліммен сапалы дайындау. 2018 жылы БҚО-да жаңа бала бақшалар құрылысы есебінен мектепке дейінгі мекемелерде 5575 орын ашу жоспарлануда. Жоба бастамашысы екі қабатты, 600 шаршы метр құрайтын ғимарат құрылысын жоспарлап отыр. Осы мақсатта Ақсуат ауылдық округынан 50 сотық жер телімі бөлініп берілген болатын. Ғимаратты керамзитблоктан салу жолға қойылып отыр. Бала бақша 100 орындық болады. Бұл 25 баладан төрт топ болмақ. Азық –түлік алуға және дотация түскенге дейінгі шығыстарға 1200000 теңге сомасында қаражат қажет болады. Балаларды қарағаны үшін жартылай төлемін мемлекет төлеуді жүзеге асыратын болады. Кәсіпкердің есебі бойынша әр балаға жұмсалатын қаржы 39,7 мың теңгеге шығады, оның ішінде 12,0 мың теңге ата-аналары,ал 27,7 мың теңгені мемлекет төлейді. 100 балаға дотация 2770 мың теңгені құрайды.
    Тамақтандыруға келер болсақ, Н.Бармаков бизнес-жобасында көрсетіп өткендей онда таңертеңгілік ас мәзірінде (әр түрлі сүттен жасалған ботқалары, сүт немесе кисель, май немесе ірімшікпен нан, жұмыртқа), екінші ертеңгілік тамақ (жемістер, ірімшік, шырындар), түскі ас (бірінші ас, екінші ас, салат, шай, компот, нан), бесіндік уақытта (айран, печенье немесе тәтті тоқаштар) енеді. Мерекелік күндерде балаларды Орал қаласындағы театр, киноларға апару немесе аниматорларды шақыру ұйымдастырылатын болады.
    Қаржыландыруға қажетті жалпы сома 50 000 000 теңге, капиталға айналдыруға 12600 теңге қарастырылған, төлеу мерзімі 4 жылды құрайды, айналым құралдарын толықтыруға жылына 14% мөлшерлемемен 1400 мың теңге, оның 4%-н «Жеке кәсіпкер», 10%-н мемлекет төлейтін болады. Бастамашының сөзі бойынша пайызын және негізгі қарызды төлеу жобаның іске асуының бірінші айынан бастап жүргізілетін болады.

    Нәтижелі құрылыс үшін
    Федоровка ауылының тұрғыны «Бастау Бизнес» жобасының қатысушысы Жанаргүл Жақсылыққызы керамзитбетон блок өндірісі бойынша цех ашуды жоспарлап отыр. Жобаның сомасы 2312500 теңге құрап отыр, қаржыландыру сомасы – 2000000 теңге. Керамзитбетон блок жасаумен идея бастамашасының жолдасы айналысатын болады, себебі бұл салада оның тәжірибесі бар. Қазіргі уақытта жолдасы Атырау қаласында вахта тәртібімен құрылыс ұйымында жұмыс жасайды. Қаржыландыруды алысымен жұмысынан шығып кәсіппен айналысатын болады.
    Бизнес-жобада көрсетілгендей керамзитбетон блок арқылы бірнеше өнім жасау артықшылығымен ерекшеленеді. Тұтынушыларға бұйымдардың түрлі жинағын ұсынса, кәсіпорын зиянсыздығынан жуық арада шығады, өйткені әр клиент мақсатына қарай қажетті өнімін алады. Кәсіпорынның дамуына қарай басқа да материалдарды жасауды ойластыруға болады. Мысалға, безедірілген керамзитбетон блоктарн шығара отырып, мамандандырылған компанияларға безендірілген интерьермен жасалған бұйымды ұсына отырып, кейін жаңа нарық деңгейіне толықтай шығуға болады.
    -Керамзитбетон блок қолайлы құрылыс материалы болып табылады, оның танымалдылығы жарты ғасыр бұрын болған,- деп айтып өтті жоба бастамашысы. –Оны өндіру барысында цемент, құм және керамзит пен су араластырылады. Бұл қоспаға керамзит қосу ешқандай зиянын келтірместен оның жеңілділігі мен жылу өткізгіштігін қамтамасыз етеді.
    Қатысушының мәліметі бойынша керамзитблоктар өте ыңғайлы және өндірісте жеткілікті қарапайым процеске ие. Алайда, көпшілігі қоспаны дайындау барысында қалыпты мөлшерден цементті аз салып, нәтижесінде материал осал болып, оның үстіне плита төсеу қиынға соғады. Сатып алу кезінде блоктың сыртқы нақысына жіті мән беру қажет. Керамзитбетон көптеген жақсы сапаларға ие. Ол бағасы жағынан, құрамындағы қоспасынан, тез монтаждалуы жағынан да пайдалы. Бірақ оның да кемшілігін табуға болады. Оның беріктігі тасқа жетпейді. Сондықтан да мұндай үйдің ара жабынында жүктемелі арқалықтарды орналастыру мүмкін емес. Сонымен қоса, керамзитблоктан жасалған негізгі қабырғаны сыртқы қатармен байланыстыру айтарлықтай қиын. Бұл жағдайда кірпіш қолданған ыңғайлы.

    Әлеуметтік дүкен
    Теректі ауданының тұрғыны Нұрлан ӘДІЛОВ те Подстепное ауылынан азық-түлік дүкенін ашуды қолға алмақшы. Жоспарланып отырған дүкеннің жалпы алаңы 40 шаршы метрді құрайтын болады және ол орыс тілді мектепке жақын салынбақшы. Жобаның бастамашысы дүкенді орта және ортадан төмен кірісі бар тұрғындарға арнап ашқысы келеді. Ол қазірдің өзінде Орал қаласынан төмен бағамен азық-түлік сататын көтерме сауда орындарын тауып алды. Ауыл аймақтарында көптеген дүкендер сатуда 30-35% деңгейде ұстаса, жоба бастамашысы 20-25 % деңгейде ұстап тұрмақшы. Онымен қоса, әр жұмада зейнеткерлерге және жағдайы төмен отбасыларға нан үйлестірмекші.
    — Подстепныйда 15 азық-түлік дүкені жұмыс жасап тұр, бірақ мұның өзі де дүкен ашуыма бөгет болмайды- деп пайымдайды болашақ кәсіпкер. — Мен ауылдың басқа бетінде бір ғана дүкен орналасқан аумағында кәсібімді ашуды жоспарлап отырмын.
    Жобаға қатысушы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында жылына 6% мөлшерлемемен 60 айға дейіңгі өтеу мерзімімен 950000 теңге кредит беруді сұрап отыр.
    Осыған ұқсас бизнес-жоба, яғни кең жинағында азық –түлік және шаруашылық заттар дүкенін ашуды Подстепное ауылынан Сания ХАМИТОВА ұсынып отыр. Жоспарлап отырған дүкенінің жалпы алаңы 30 шаршы метр құрайды, ауылдың орталығында орналасатын болады. С.Хамитова жобасын іске асыру үшін 60 айға есептелген өтеу мерзімімен жылына 6% мөлшерлемемен 7720000 теңге сомасында кредит сұрап отыр. Дүкенді керамзитблоктан салуды жоспарлайлы. Дүкен 20 шаршы метр сауда залынан, қоймадан және санитарлық тораптан тұратын болады. Жобаның бастамашысы нәтижелі менеджмент, сапалы сервистік қызмет көрсету болса, сондай-ақ жаңа тауарлармен қамтамасыз ету бәсекелестік ортаны қалыптастыра алады деп отыр. Дүкенге 30000 жалақымен бір адамды жұмысқа алу жоспарда.

    Мал – бордақылау үшін
    Теректі ауданында төртінші ағыны нәтижесінде ірі қара мал алу және бордақылау, соңынан ет өнімімен айналысу бойынша бизнес-жобалар аз болған жоқ. Мысалға, Подстепное ауылының тұрғыны Марғұлан БЕКТЕМІРОВ те осындай бизнес- жоба ұсынған болатын. Малды ұстап, күтіп бағу үшін оған бір жұмысшы қажет. Мал бағушының міндетіне малды қарау, ауласын тазалықта ұстап тұру кіреді. Осы жобаға кредит мөлшері 4000000 теңге қаражатты құрайды.
    Осындай бизнес-жоба Сайлаубек УСАЕВТА, ол да Подстепное ауылының тұрғыны. Бұл кәсіпорынға қажеті несиеге алынатын қаражат 2 000000 теңге сомасын құрайды. Алынған несиені жабуға арналған мерзім-36 ай құрайды, жеңілдік кезең 6 айға беріледі. Төлем жылына бір рет жүргізіледі.
    Федоровка ауылынан Төреғали ХАЙДАРОВ та ірі қара малды өсіру үшін сатып алып айналысқысы келеді. Ол ІҚМ басын көбейтіп, БҚО-да мал шаруашылығын дамытуды көздейді. Қажетті қаражат сомасы 1 300 000 теңге. Жобада көрсетілгендей Т.Хайдаровтың мал шаруашылығында тәжірибесі мол, оған қоса жеке қора-жайлары бар болғандықтан малды ұстауына мүмкіндік болып отыр. Тиесілі жер аумағында малға қосымша жай салуға жағдайы бар. Бұдан басқа, жоба бастамашысы бухгалтерия саласында да тәжірибесі бар, бұл дегеніміз тағы да бір артықшылығы. Өндірістің алғашқы қызмет процесінің бастамасында бір жұмысшы қажеттілігі күтілуде. Мал басының көбейгені жағдайында қосымша жұмыс күші тартылуы қажет болады.

    Гауhар УМАРОВА


     
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

    Оставьте ваш комментарий!
    Введите здесь свое имя

    Последние новости

    Более 100 человек погибли на дорогах ЗКО в этом году

    1166 дорожно-транспортных происшествий произошло с начала года, сообщили в...

    Авиакатастрофа в Актау: внеплановую проверку проведут в аэропортах Казахстана

    После крушения самолёта Азербайджанских авиалиний в Актау премьер-министр Казахстана...

    Рекомендуем

    Предновогодняя ярмарка пройдет в Уральске

    Местные товаропроизводители представят свою продукцию для горожан к новогоднему...

    Более 56 км дорог было отремонтировано в этом году в Уральске 

    В акимате города начали подводить итоги уходящего года. На...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл