Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
-5 C
Уральск
1.1 C
Аксай
Еще

    Түрлі кадрлар қажет, үздік кадрлар маңызды

    Белгілі болғандай, Қазақстанда қазіргі уақытта нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Осы бағдарлама шеңберінде орындалатын міндеттерінің ішінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және қала, ауылдарда микро кредиттер беруді кеңейтуден басқа, кадрларды еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік біліммен даярлау және жұмыс кадрларын еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағды бойынша қысқа мерзімдік оқыту бар.БҚО – да бағдарлама қалай жүзеге асып жатқаны, бағдарламаның қатысушысы ретінде қалай болуға болады және біздің облысымызда нақты қай жерде оқу жүретіні туралы материалдан оқыңыздар.

    Сонымен, Бағдарламаның қатысушылары оқыту мерзімі және білім беру деңгейі бойынша мамандықтар тізіміне сәйкес ақысызнегізде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жұмыс мамандықтарына оқытылады.

    ТжКБ алып жатқан бағдарламаның барлық қатысушылары қамтамасыз етіледі:
    — стипендия;
    — жол жүру ақысымен;
    — ыстық тағаммен
    Бұл бағдарламаға Білім және ғылым министрлігі және оның өңірлік басқармасы мен бөлімдері жетекшілік етеді.

    Бағдарламаның «техникалық кәсіптік білімі бар кадрларды дайындау» 1-ші бағыты бойынша қалай қатысушысы болуға болады?

    — Аудандық (қалалық) комиссияның шешімімен әр ауылдық мекенде ТжКБ бар үміткерлердің қайта даярлауға тізімін қалыптастыру бойынша мобильдік топтар құрылады.
    — мобильдік топтар жыл сайын 20 тамызға дейінгі мерзімде білім беру ұйымдарынан, жергілікті полиция қызметінен, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардан және кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың, қалалар құрамындағы аудандардың әкімдіктерінен деректер алу арқылы үміткерлерді іздестіруді жүзеге асырады және олармен түсіндіру және кәсіптік бағдарлау әңгімелерін жүргізеді.
    — Жүргізілген жұмыс нәтижесі бойынша мобильдік топтар бекітілген тізімге сәйкес білім мекемелерін және мамандықтарын көрсете отырып үміткерлердің тізімін жасайды;
    — мобильдік топтар жыл сайын 25 тамызға дейінгі мерзімде аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беру мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға аудандық (қалалық) комиссияның қарауына және бекітуіне шығару үшін қалыптастырылған тізімдерді ұсынады;
    — аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар облыстық деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың және қалалар құрамындағы аудандардың әкімдерімен бірлесіп үш жұмыс күні ішінде үміткерлерді хабардар етеді және оларға оқу орындарына жолдамалар береді;
    — оқу орындары үш жұмыс күні ішінде өтініш берушілерді оқушылардың құрамына қосады.
    — Оқу орындары оқушыларды қабылдағаннан кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей және ай сайынғы негізде есепті айдан кейінгі айдың 1-күніне дейінгі мерзімде облыстық деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдарға білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру қағидаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), ЖСН (бар болса), жасын, олар таңдаған мамандықтарды, оқу топтары мен ұзақтығын көрсете отырып, оқитын Бағдарламаға қатысушылардың тізімдерін ұсынады;
    — оқуды аяқтаған және біліктілік емтиханынан өткен Бағдарламаға қатысушыларға білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес техникалық және кәсіптік білім туралы диплом, біліктілік беру туралы сертификат беріледі.
    ТжКБ бар кадрларды даярлаудың ұзақтығы білім беру бағдарламаларында көрсетілген мерзімдерге сәйкес таңдалған мамандыққа байланысты болады.Оқу орындары Бағдарламаға қатысушыны білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру қағидаларында көзделген жағдайларда аудандық (қалалық) комиссиямен келісу бойынша оқудан шығарады.
    Облыстық деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар ай сайынғы негізде қабылданған оқушылар жөнінде статистикалық есептілік пен ақпаратты (Т.А.Ә., ЖСН, тұратын жерінің мекенжайы) халықты жұмыспен қамту орталықтарына білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру қағидаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне дейінгі мерзімде ұсынады.

    Қысқа мерзімді кәсіптік оқу
    — қысқа мерзімді кәсіптік оқуға үміткерлер Бағдарламаға қатысуға өтінішпен халықты жұмыспен қамту орталық-тарына/өңірлік кәсіпкерлер палаталарына/ауылдық округ немесе елді мекен әкіміне жүгінеді және қажетті құжаттарды тапсырады;
    — Білім беру ұйымдары/ӨКП/ауылдық округ немесе елді мекендердің әкімдері үш жұмыс күні ішінде үміткерлерден келіп түскен құжаттар мен өтініштерді халықты жұмыспен қамту орталықтарына тапсырады;
    — Халықты жұмыспен қамту орталықтары екі жұмыс күні ішінде үміткерлердің құжаттарын Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестігін тексереді, үміткерлердің тізімдерін қалыптастырады және аудандық (қалалық) комиссияға жібереді;
    — Аудандық (қалалық) комиссия үміткерлердің тізімдерін үш жұмыс күні ішінде қарап, бекітеді;
    — Халықты жұмыспен қамту орталықтары үш жұмыс күні ішінде үміткерлерді аудандық (қалалық) комиссия қабылдаған шешім туралы хабардар етеді және оларға білім беру ұйымдарына жолдама береді. Ауылдық елді мекендерде тұратын үміткерлер ауылдық округтер мен елді мекендердің әкімдері арқылы хабардар етіледі;
    — Білім беру ұйымдары оқушыларды қабылдағаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей және есепті айдан кейінгі айдың 1-күніне дейінгі мерзімде ай сайынғы негізде халықты жұмыспен қамту орталықтарына білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру қағидаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), ЖСН (бар болса), жасын, олар таңдаған мамандықтарды, оқу топтары мен ұзақтығын көрсете отырып, оқытылатын Бағдарламаға қатысушылардың тізімдерін (портал арқылы электрондық түрде/қолма-қол) және қабылдау туралы бұйрықты ұсынады;
    — Қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған және біліктілік емтиханын тапсырған Бағдарламаға қатысушыларға білім беру ұйымы белгіленген үлгідегі куәлік, біліктілік беру туралы сертификат береді.Білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру қағидаларында көзделген жағдайларда Бағдарламаға қатысушыларды аудандық (қалалық) комиссиямен келісу бойынша оқудан шығаруға құқығы бар.
    Халықты жұмыспен қамту орталықтары халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға Кадрларды даярлау және оқыту қағидаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне дейінгі мерзімде ай сайынғы негізде оқушылар жөнінде статистикалық есептілік ұсынады. Білім беру ұйымдарында қысқа мерзімді кәсіптік оқудың құнын облыстық деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдардың ұсынысы бойынша жыл сайын білім беру бағдарламаларының талаптарына сәйкес білім беру процесіне арналған шығыстарға сүйене отырып өңірлік комиссиялар белгілейді және өндірістегі тәлімгерлердің еңбегіне де ақы төлеуді көздейді. Қысқа мерзімді кәсіптік оқу аяқталғаннан кейін халықты жұмыспен қамту орталықтары Заңға сәйкес Бағдарламаға қатысушыларға жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі.

    Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде тартылған тараптардың қызметтерін бөлу:

    Өңірлік комиссия:
    1) ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқу үшін, оның ішінде мобильдік оқу орталықтарының базасында оқыту үшін білім беру ұйымдарының тізбесін бекітеді;
    2) оқушылардың контин-генті бойынша жоспарлы деректердің негізінде білім беру ұйымдары және мамандықтар (кәсіптер) бойынша орындарды бөлуді қамтамасыз етеді.

    Аудандық (қалалық) комиссия
    1) ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқуға үміткерлердің тізімдерін бекітеді;
    2) Бағдарламаға қаты-сушыларды оқудан шығару туралы шешім қабылдайды;
    3) әрбір елді мекенде ТжКБ бар кадрларды даярлауға үміткерлердің тізімін қалып-тастыру бойынша мобильдік топтар құрады.

    Білім беру саласындағы уәкілетті орган:
    1) Бағдарламаның бірінші бағытын жалпы үйлестіруді және іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады;
    2) Бағдарламаның бірінші бағытының іс-шараларын іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және қабылдайды;
    3) қаржыландыруға қажет-тілікті айқындайды және ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша шараларды қаржыландыруға әкімшілік етеді;
    4) «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының
    6) тармақшасына сәйкес модульді-құзыретті тәсілге негізделген үлгілік оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын бекітеді.

    Облыстық деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар:
    1) Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру бойынша жер-жерлерде тартылған барлық тараптардың жұмысын үйлестіреді;
    2) ТжКБ бар кадрларды даярлауға жергілікті бюджет қаражатын орналастырады;
    3) ТжКБ бар кадрларды даярлау жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын үйлестіреді;
    4) ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша білім беру ұйымдарының және мамандықтардың (кәсіптердің) тізбесін қалыптастырады және оларды өңірлік комиссиялардың бекітуіне шығарады;
    5) аудандар және ауылдық округтер бойынша мобильді оқу орталықтарының шығу графигін қалыптастырады.

    Аудандық (қалалық) деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар:
    1) ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқуға үміткерлердің тізімін аудандық (қалалық) комиссиялардың шешімі бойынша құрылған мобильді топтар ұсынған деректердің негізінде қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және оларды аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялардың бекітуіне шығарады;
    2) аудандық (қалалық) деңгейде Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру бойынша жұмысты үйлестіреді және мониторингті жүзеге асырады.

    Білім беру ұйымдары:
    1) қысқа мерзімді кәсіптік оқу үшін ӨКП-мен бірлесіп кадрлар даярлаудың дуальды моделінің элементтерімен оқу бағдарламаларын әзірлейді;
    2) цифрлық сауаттылық дағдыларына, ағылшын тілін және кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларын әзірлейді;
    3) кадрлар даярлаудың дуальды моделінің элементтерімен ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша оқуды жүргізеді;
    4) халықты жұмыспен қамту орталықтарына оқитын Бағдарламаға қатысушылар туралы ақпаратты ұсынады;
    5) белгіленген үлгідегі біліктілік беру туралы құжаттарды (диплом, сертификат, куәлік) береді.

    Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:
    1) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп Бағдарламаның бірінші бағытының іске асырылуын жалпы үйлестіруді және мониторингін жүзеге асырады;
    2) қаржыландыруға қажет-тілікті айқындайды және қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша шараларды қаржыландыруға әкімшілік етеді;
    3) еңбек нарығын талдауды және болжауды, анағұрлым сұранысқа ие кәсіптерді айқындауды жүргізеді және аталған ақпаратты Бағдарламаға қатысушы тараптарға беруді қамтамасыз етеді;
    4) ТжКБ бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды жемісті аяқтаған Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастырудың мониторингі бойынша жұмысты ұйымдастырады.

    Жұмыспен қамту мәсе-лелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар:
    1) өңірлік еңбек нарығындағы жұмыс күшіне талдауды, сұраныс пен ұсынысты болжауды жүргізеді;
    2) қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жергілікті бюджет қаражатын орналастырады;
    3) қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша іс-шаралардың іске асырылуын үйлестіреді
    4) қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша оқитын Бағдарламаға қатысушылардың монито-рингін жүргізеді;
    5) өңірлік және аудандық (қалалық) комиссияның жұмысын ұйымдастырады.

    Жергілікті атқарушы органдар — кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың және қала құрамындағы аудандардың әкімдері:
    1) Бағдарламаның бірінші бағытына қатысу мәселелері бойынша тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
    2) мобильді топтар құрамында ТжКБ бар кадрларды даярлауға үміткерлердің тізімдерін қалыптастыруға қатысады;
    3) қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қатысқысы келетін адамдарға кеңес береді және оларды халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді;
    4) қысқа мерзімді кәсіптік оқуға үміткерлерді қабылданған шешім туралы хабардар етеді және оларға білім беру ұйымдарына жолдама береді;
    5) ТжКБ бар кадрларды даярлаудан және қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өткен адамдардың мониторингін жүргізеді.

    Халықты жұмыспен қамту орталықтары:
    1) қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қатысушылардың тізімін қалыптастырады, комиссиялардың қарауына үміткерлердің тізімдерін шыға-рады және аудандық (қалалық) комиссия қабылдаған шеші-мдер туралы үміткерлерді хабардар етеді;
    2) ТжКБ бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша оқытылатын, сондай-ақ оқуды аяқтаған Бағдарламаға қатысушылардың монито-рингін ақпараттық жүйелер арқылы жүргізеді;
    3) қысқа мерзімді кәсіптік оқу жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қатысады;
    4) ТжКБ бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі.

    Ұлттық және өңірлік кәсіпкерлер палаталары (ӨКП):
    1) үміткерлерді тартуға және олардан қысқа мерзімді кәсіптік оқуға өтініштер қабылдауға қатысады;
    2) ТжКБ бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқу үшін білім беру ұйымдарының тізбесін айқындауға қатысады;
    3) қысқа мерзімді кәсіптік оқу үшін, оның ішінде мобильді оқу орталықтары арқылы оқыту үшін оқу бағдарламаларын келіседі;
    4) кәсіптер бөлінісінде жұмыскерлерге сұранысты болжауға қатысады;
    5) ТжКБ бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орна-ластыруға жәрдемдеседі.

    «Н» газетіне хабарлап өткендей облыстық білім басқармасында басқа да мемлекеттік органдармен бірлесе Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Бағдарлама шеңберінде БҚО –да колледждерде кәсіби дайындықпен 4000 адамды (жыл сайын 800 адам) қамту жоспарланып отыр.
    -Бағдарламаны жүзеге асыру үшін жұмыс мамандықтарын дайындайтын колледждердің мүмкіндіктері пайдаланады. 2016 жылғы кейбір жұмыс мамандықтарына сұранысты ескере отырып, 2017 жылдың қыркүйегінен техни-калық, технологиялық, ауыл шаруашылығы мамандықтарына мем-лекеттік тапсырыстар көбейтілді. Кәсіптік-техникалық білім бойынша кадрларды тегін дайындауға жергілікті бюджеттен (3500 орынға жуық) және республикалық бюджеттен (800 орын) қаражат қарастырылып жатыр.Білім, медицина, және өнер мамандықтарына мемлекеттік тапсырыс 550 орын деңгейінде сақталады,-деп хабарлады БҚО білім басқармасы.
    Сондай-ақ, облыстық білім басқармасы 2017 жылдан бастап Білім және ғылым министрлігімен «Барша үшін тегін кәсіптік-техникалық білім» жаңа жобасын енгізу бойынша Жол картасы бекітілгендігін айтып өтті. Жоба кәсіптік және техникалық біліммен мамандарды дайындауға жергілікті бюджеттен жылма жыл мемлекеттік білім тапсырысының көбейтуін қарастырады.
    2017 жылдың 27 сәуірінде халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша өңірлік комиссиясында БҚО бойынша 13 мамандықтар бойынша кадрларды дайындайтын 22 колледждердің тізімі бекітілді. Төменде осы тізімді көрсетеміз:

    БҚО колледждері тізімі (PDF)

    БҚО білім басқармасының сайтындағы деректер бойынша облысымызда 2017-2018 жылдарға кәсіптік және техникалық біліммен мамандықтарға еңбек нарығындағы сұраныс 8500 –ден астам адамды құрайды. БҚО –да мекемелер мен ұйымдар көбіне жалпы тәжірибесі бар медбикелерге (493), жалпы тәжірибелі фельдшер (214),акушер (86), аспазшы (230), техник-жобалаушы (175), ауылшаруашылығы машинисі-тракторшы (172), құрылыс жұмыстарының әрлеу бойыншша мастері (138), дәнекерлеуші (128), тас қалаушы (121), ағаш ұстасы,сырлаушы (108-ден), шаштараз (100), тігінші (90), мектепке дейіңгі ұйымдар тәрбиешісі (75), дене тәрбиесі және спорт мұғалімі (60), фрезерші (71), техник-электрші (65), техник-механик (50) және тағы басқалары. Бұрыннан келе жатқандай облыс мектептерінде математика, физика, информатика пәндерінің мұғалімдері жетіспейді (әрқайсысына 25 бос орыннан)
    Барлығы 38 техникалық және кәсіптік ұйымдарда (27 мемлекеттік және 11 мемлекеттік емес) 19,9 мың адам мамандықтар және жұмыс кәсіптерін алып жатыр. Жұмыс кадрларын және мамандарды 74 –тен астам мамандықтар және 139 біліктіліктер бойынша даярлаумен жүріп жатыр. Мемлекеттік колледждерден 12520 білім алушылардың ішінен 4603 (36,8%) адам жұмыс мамандықтары бойынша оқытылуда, мемлекеттік емес колледждерден 7366 білім алушылар орта буын мамандықтары бойынша оқытылуда.

    Гауhар УМАРОВА,  Георгий СЕМЕНОВ


     
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

    Оставьте ваш комментарий!
    Введите здесь свое имя

    Последние новости

    Интеллектуальная дуэль

    В минувшую субботу, 23 ноября, в кемпинге «Мечта» прошел...

    60 незаконно установленных торговых киосков выявлено в Уральске

    Ведется работа по их ликвидации. На сегодня 16 киосков...

    Рекомендуем

    Добро должно быть под контролем

    В правительстве идёт обсуждение законопроекта, который предполагает контроль за...

    Взрыв в кафе «Rizyk»: суд вынес решение по апелляции осужденного предпринимателя

    20 ноября коллегия Западно-Казахстанского областного суда огласила решение по...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл