Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
-10 C
Уральск
5.1 C
Аксай
Еще

    Алдымен білім – бизнес кейін

    «Бастау Бизнес» жобасы Теректі, Зеленов, Ақжайық, Жаңақала және Казталов аудандарында белсенді жүзеге асуда. Қазіргі уақытта БҚО-да оқудың төртінші ағыны басталып та кетті, ал жақында БҚО «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында облыстық комиссия алдында оқудың үшінші ағынының түлектері зеленовтықтар мен теректіліктер өз бизнес-жобаларын ұсынды. Ақжайықтықтар, жаңғалалықтар, казталовтықтар да қалыс қалмай, онлайн тәртіпте өз ойларын айтып берді. БҚО КП – да өткен бұл шарада «Н» тілшілері де болып қайтқан.

    Қорғауға дайын!
    Біздің газетіміз мәлімдегендей, «Бастау Бизнес» жобасы ауылдық елді – мекендердегі жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандарды кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға арналған. Бұл нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Біздің облысымызда бұл жоба 10 сәуірде басталып кетті. Бағдарлама аясында оқытудың алты ағыны көзделген. Қазір еліміздің әр түкпірінде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқытудың төртінші ағыны да басталып кетті. Облысымыздың әр бес ауданында бизнес-тренерлер жұмыс жасап жатыр. Қатысушыларды оқытып, олармен бірге обьектілерге барып, өз кәсібін ашуға қажетті бизнес-жобаларын бірге жасасып, қолдау тапқан жобаларына қаржыландыру алуға сүйемелдеуде.
    «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқытудың үшінші ағыны бойынша бизнес-жобалардың ұсынылу рәсіміне БҚО КП –на микроқаржылау ұйымдарының өкілдерін, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өкілдерін, оның ішінде БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының, облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының да өкілдері шақырылды.
    -Осы жылы бұл жобаға нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша қатысып және халыққа қаржы беріп отыратын қаржылық операторлар болып табыламыз, — деп айтып өтті Федоровка аулында орналасқан «Батыс финанс» микроқаржы ұйымының директоры Руслан БУРПИЕВ БҚО КП-да өткен жобаларды қорғау шарасында. – Талаптары басқалардағы сияқты бордақылауға 6 пайызбен және 4 млн. теңге – бір қарыз алушыға максималдық қаржыланыру. Жеңілдік кезеңі 9 айға есептелген. Қазіргі таңда төрт жобаны 6 млн. теңгеден астам сомаға қаржыландырдық. Айтпақшы, бұл бағдарлама бойынша аудандар бойынша шектеуі жоқ. Яғни, басқа да аудандардың ауыл тұрғындары бізден қаржыландырыла алады. БҚО бойынша біз алғашқылардың бірі болып осы бағдарлама бойынша микроқаржыландыру үшін қаражат алғандардың бірі болып табыламыз. 65 млн. шамасында қаржыны жыл соңына дейін игеретін боламыз.
    Зеленов ауданы бойынша бизнес-тренер – Қуанышбек ЕРНИЯЗОВТЫҢ айтуы бойынша оқытудың үшінші ағыны 3 шілдеден 3 тамыз аралығында өткен, оқуда 26 ауыл тұрғындары қатысқан. 25 жоба қорғауға ұсынылған, олардың барлығы да ауыл шаруашылығы саласына жатады, бұл дегеніміз 75% құрайды. Бұл бордақылау және ірі қара мал өсіру, шошқа шаруашылығына да жобалар бар.
    -Бордақылауға қатысты жобаларға келер болсақ, көптеген қатысушылар қазірдің өзінде қаржыландыруға құжаттарын тапсырды, — деді Қ.Ерниязов. –Үшінші ағыннан бес жоба қаржыландырылды. Бұрын қатысушылар оқудан кейін ғана қаржыландыруға құжат тапсыратын болса, қазір құжаттарын оқу барысында тапсыра алады. Өз тарапымыздан біз сүйемелдеуде көмек көрсетеміз. Мысалға, атап көрсетер болсақ, жолаушы тасымалдау, сән үйлерін ашу жобалары. Шошқа шаруашылығы бойынша қызығушылық танытып отырған жоба бар. Сонымен, баршасы Дарьинск аулының шұжықтарын мақтайды. Жуырда бұл ауылда тек шұжықтар жасап қана қоймай, осы өнім үшін қажетті шикізатты да өндіретін болады. Өйткені, шикізатты жеткізу – маңызды мәселе. Әзірге кәсіпкерлер оларға ет жеткізетін шаруа қожалықтарымен жұмыс жасап отыр. Сондай-ақ, жеке монша құрылысы бизнес-жоспары да қызығушылық тудырып отыр. Қатысушының жасы не бары 19-да, ол — ең жасы. 17 жасынан бастап кілемдерді жуумен айналысып келеді, автокөліктерді жуу орнын ашқан… Жалпы үшінші ағын бойынша жобалар 445 млн. теңгеге барды. 17-18 жобалар жуық арада қаржыланады деп күтудеміз.
    Зеленов ауданында тағы да бір асыл тұқымды шаруашылық бойынша ерекше жоба бар, оны екі қатысушы ұсынған болатын. 2016 жылдан бері кәсіпкерлер «Сервер-Агро Н» ЖШС-ның дистрибьюторлары болып келеді, олар БҚО-на Қостанай облысынан канадалық тұқымды бұқаларды әкеледі. Әзірге ауылдықтар ірі қожалық шаруашылықтарын ғана делдалдықпен айналысып қамтып жүр. Ондай бір бұқаның өзі 450 мың теңге көлемінде тұрады. «Бастау Бизнес» бойынша оқу барысында жобаның қатысушылары өздіктерінен БҚО-да асыл тұқымды малды өсіруді игеруді жоспарлап Трекино аулынан жер алды.

    Зеленов ауданында оқудың 1-3 ағындарында барлығы 93 адам оқыды. Ауыл тұрғындарының 39 бизнес-жобалары «АШКҚҚ» АҚ –да 121,9 млн.теңге сомасына қаржыланды. «Батыс Шаруа» ШС –де екі жоба 7,96 млн.теңге сомасына және бір жоба «Батысфинанс» МҚҰ –нан 1 млн. теңге сомасына. Өз қаражаттарына 14 қатысушылар өз кәсібін ашты. Төртеуі «бизнес үшін» жер алды. 1,5 га – бұл Октябрьское аулындағы ағаш өңдеу цехына, 5 сотық – жеке қосалқы шаруашылығы, 2 га Трекино аулында ангус асыл тұқымды мал үшін және 10 сотық – Володарское ауылында сауда үйінің құрылысына.

    Теректі ауданы бойынша бизнес-тренер Зухра ИДГЕЕВАНЫҢ атап өткенідей, «Бастау Бизнестің» үшінші ағынында 45 адам оқыған. Барлық қатысушылар Теректі ауданының тұрғындары. Негізінен бизнес-жобалардың басымы мал шаруашылығымен байланысты. Ауылдықтардың ішінде шаштараз, наубайхана ашқылары келетіндері де бар. БҚО «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына өз бизнес-жобаларын қорғауға 20 адам келді. Бизнес-тренердің айтуы бойынша, қаржыландыру Федоровка аулындағы «Батыс финанс» микроқаржы ұйымы немесе қаржылай қолдау қоры арқылы жүреді.
    -Теректі ауданында да қызықты жобалар аз емес,- деп атап өтті Зухра Идгеева. – Сонымен, мысалға, бірінші ағынның қатысушысы жас үйде отырған Абай аулынан Әсел Габдушева «Бастау Бизнес» жобасына баруды шешкен, оның мақсаты салық санау, салық декларациясын қашан және қайда тапсыру керектігін үйрену, сонымен қатар, жалпы мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге қандай шаралар бар екендігімен таныс білу мақсаты еді. Әселдің отбасында өздерінің жеке қосалқы шаруашылығы бар, онда 20 бас ірі қара мал бар.Отбасында үш бала бар,Әсел аула шаруашылығын басқаруға амалын тауып уақытын арнай алады. Әсел сатушылармен де сатып алушылармен де келіссөздер жүргізе алады, малды сатуда өте сауатты саудаласа алады, қай жерде қандай бағалар бар екендігімен таныс, жалпы айтқанда, өте алғыр және белсенді әйел адам. Жаз уақытында малды жайлауға шығарады, онда жұмысшылар бағып қарайды. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуын аяқтап және бизнес-жобасын қорғап алып Әсел шаруашылығын дамыту үшін қосымша ірі қара мал алуды алуды шешті. Ол үшін Әсел «Батыс финанс»МҚҰ» ЖШС-не несие алу үшін жолықты. 3000000 теңге сомасында қаржыландыру мақұлданды.
    Айтпақшы, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудың төртінші ағыны Подстепное ауылында өтеді. Осы жолы жоба бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқуға осы ауданнан 30 жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар оқуға ниеттерін білдірген.
    Казталов ауданының бизнес-тренері – Динара СҮЙІНІШҚАЛИЕВАНЫҢ мәлі-меті бойынша, оқудың үшінші ағынында 32 адам қатысқан, оның ішінен 10 жоба қорғауға ұсынылған. Негізінен, жобалар бордақылау және ірі қара мал шаруашылығына арналған.
    -Ақжайық ауданында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқытудың үшінші ағынын 27 адам бітірді,- деп атап өтті бизнес-тренер – Әсемгүл ҚАДЫРХАН. –Оның ішінде 11 –і өз жобаларын қорғады (техникалық қызмет көрсету бекеті, дөңгелек жөндеу және бордақылау, ірі қара мал шаруашылығы). Оқудың төрт ағынында бұрынғы Чапай ауданының ауылдары негізінен қамтылды. Бұрыңғы Тайпақ ауданының тұрғындры шалғайда болғандықтары себепті әрқашан жобаға қатысу мүмкіндігі бола бермейді.

    Сәттілік алғырларды жақсы көреді
    «Бастау Бизнес» жобасының ауылдық елді мекендерде, әсіресе Теректі ауданында қалай іске асып жатқандығы туралы бірнеше мысал келтіруге де болады. Сонымен, Сары өмір аулының тұрғыны Серікқали ЕРМҰХАНОВ бағасы 1672679 теңге тұратын ұсақ мал шаруашылығы бойынша бизнес-жобасын ұсынды. Бір бастың орташа құны – 25000 теңге. Ауыл тұрғыны табиғатынан мықты және етті болып келетін Жайдары тұқымының қойынан алып (күзгі тірі салмағы 56 кг дейін барады), ұзын жүнділігін де ескеріп қырқуға көздеп отыр. Жобада «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ БҚФ несие қаражатын тарту қарастырылып отыр. 40 ұсақ бас малды (қойды) және оған қоса азығын, шөбін де алу жоспарланып отыр. Бордақылау бойынша бастамашының өзі айналыспақ және отбасы мүшелері көмек-теспек. Болашақта Орал және Атырау қалаларындағы базарларда етпен айналысу жоспарда.
    «Бастау Бизнес» жобасына Барбастау ауылынан тағы да бір қатысушысы Руслан ИБАТОВ жеке қосалқы шаруашылығы базасында бес сотық болатын алаңда шағын жылыжай ашуды жоспарлап отыр. Соған орай, қаржыландыру жоспарына сәйкес жылыжайдың құрылысын, іргетасын қалауға, полиэтилендік қабықшасын, суарушы желдеткіш қондырғысын алу жоспарланып отыр. Жобаның бастапқы екендігін ескере отырып, тұқымның және тыңайтқыштарды алуға қаражат қажет. Ауыл тұрғыны жылыжайда жемістер отырғызуды қолға алғалы отыр. Қарыз ретіндегі қаражатты несие қорын «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы тарту жоспарланып отыр.
    Әсем ИЛЬЖАНОВА (Пойма ауылы) ірі қара малды бордақылау және ет жасау мақсатымен несие алу үшін бизнес-жобасын дайындап қойды. Бұл азаматша жолдасы екеуі де мал шаруашылығында тәжірибелері бар адамдар. Оларға тиесілі жер телімінде мал ұстауға қажетті қосымша жайларды салуға мүмкіндіктері бар. Осы жобаға қажетті несие қаражаты 2 000000 теңгені құрайды. Несиені қайтару мерзімі жоспар бойынша 60 айды құрайды, жеңілдік айы – 6 ай. Төлеу тек жарты жылда бір жүргізілетін болады.
    Ақсуат қаласының тұрғыны Кенжебек ИРЖАНОВ ғимараттың ағымдық жөндеуіне несие ресурсын тарту жобасын ұсынды. Бұл жоба Ақсуат ауылындағы бұрынғы дүкен ғимаратын қайтадан қоғамдық тамақтандыру үшін дәмхана ретінде жабдықтауды қарастырған,сондай-ақ, сазды-би кештеріне, мерекелік кештер, мейрамдар тойлауға бағытталған. Ауыл тұрғыны айтып өткендей бұл мерекелік тойламен шектелмей, туыстарын да еске алу кештерін өткізуге да ыңғайланады. Ал, күнделікті уақытта асхана ретінде әр түрлі кондитерлік өнімдерді де ұсынумен халыққа қызмет көрсететін орын бола алады. Қажетті жабдықтармен жиһаздармен, газ плиталары, жеміс турайтын, ет тартатын, тоңазытқыш және басқалармен жабдықтау қарастырылып жатыр. Егер дәмхана жұмысын бастап жүріп кетсе 12-15 ауыл тұрғындарына жұмыс орыны табылады. Ауыл тұрғынының айтуынша, бұл жоба сұранысқа ие болады, өйткені 50 орынға арналған қоғамдық тамақтану орны жыл басынан тек біреу ғана жүзеге асқан, бұл қазіргі уақытта жеткіліксіз.
    «Бастау Бизнес» жобасының тағы бір қатысушысы Юлия БАСКОВА Подстепное ауылында салондық қызмет көрсету кабинетін ашу бойынша жоба дайындағын. Бұл жобаның жалпы құны 500000 теңгені құрап отыр. Қызмет көрсетумен бастама ұсынып отырғанның өзі айналысады. Өйткені, бұл қатысушы Москва және Самара қалаларында оқудан өтіп осы салада сертификат иеленіп тәжірибе жинақтаған.

    Жұмыссыздықпен қош айтыса отырып

    Қалалық жұмыспен қамту орталығында Орал қаласында нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 бағдарламасының жүзеге асуы туралы айтып берген болатын.

    Қалалық жұмыспен қамту орталығында Орал қаласында нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 бағдарламасының жүзеге асуы туралы айтып берген болатын.
    Осы бағдарламаның 2017 жылға дамытуда Жұмыспен қамту орталығында бекітілген жоспарға сәйкес қаржыландыруы 378041 мың теңге қарастырылған. 1 шілде көрсеткіші бойынша қалалық жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналастыруға 4689 адам жүгінген, оның ішінде 1704 адам жұмыссыз болып танылған. Есеп беру уақыты бойынша мемлекеттік қолдау шараларымен 2929 адам қамтылып, оның ішінде жұмысқа тұрғандар саны:
    тұрақты жұмысқа 1553 адам;
    жастар практикасы бойынша 335 адам;
    қоғамдық жұмысқа 816 адам;
    мемлекеттік және басқа да салалық бағдарламалар бойынша 42 адам;
    әлеуметтік жұмыс орындарына 63 адам;
    оқуға жіберілгендер 120 адам.
    Көрсетілген уақыт ішінде 895 адам жұмыссыз ретінде есепте тұрса, жұмыссыздық деңгейі 0,6% -ға жетті. 1959 жаңа жұмыс орындары ашылды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 129 адам адам жолықты. Әлеуметтік қолдау шаралары бойынша 104 адам қамтылды, оның ішінде 25 адам тұрақты жұмысқа орналасқан болса, 5 адам жастар практикасына, 4 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 68 адам қоғамдық жұмыс орындарына және екеуі қысқа мерзімдік оқуға жолданды.
    Айта кету керек, бас бостандығынан айыру жерлерінен босатылғандарға және пробация қызметі есебінде тұрғандар үшін әлеуметтік –құқықтық көмекпен белгілі бір ретте жәрдемдер көрсетіледі, сондай-ақ, тұрақты жұмысқа орналастыруда, әлеуметтік жұмыстарға жолданып, қысқа мерзімдік кәсіптік оқуларға да жолдама беріледі. 1 шілде бойынша есептік кезеңде жұмысқа орналастыруға көмекке бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар және пробация қызметі есебінде тұрғандардан 45 адам жүгінген болатын. Аталмыш топ азаматтарына деректер базасы бойынша көрсетілген бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен, 45 адамның ішінде 16-сы тұрақты жұмыс орындарына орналасса, төртеуі қоғамдық жұмыс орындарына тартылып, біреуі – әлеуметтік жұмыс орнына және алтауы өздігінен жұмысқа орналасты.
    Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша «Бағдарламаның қатысушыларын техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіби оқумен қамтамасыз ету» техникалық және кәсіптік оқу бойынша 400 адамды оқыту жоспарлануда,еңбек нарығында қажетті мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқумен оқытуға 134682 мың теңге бөлініп, 960 адамды оқыту жоспарда.
    Қысқа мерзімді курсқа барлығы 120 адам жолданды (жоспар бойынша 176, орындалғаны – 68,2%). 1 қыркүйектен бастап 400 адамды техникалық және кәсіптік оқуға жолдау жоспарланып отыр.
    Бағдарламаның екінші бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша 76 адамға 294,730 мың теңге бөлінді (республикалық бюджеттен – 84,730 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 210,0 мың теңге). Халықты жұмыспен қамту орталығы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 бағдарламасының негізінде жұмыссыздардың және өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың статусын анықтайды және кеңес береді. Жұмыспен қамту орталығында несие беру сұрақтары бойынша 273-тен астам адам кеңес алып, оның ішінде 205-і несие алуға тілек білдірген.
    Бағдарламаның үшінші бағыты «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша 120 адамға 18530 мың теңге бөлінді. Есепті кезеңде 2635 мың теңге игерілді, 49 жұмыс берушілермен шарттар жасалып, 37 ұйымдарда 63 адам жұмысқа орналастырылды. Жастар практикасын ұйымдастыру үшін 477 адамға 141978 мың теңге бөлінді. 1 шілде бойынша 41065 мың теңге игерілді, жастар практикасына 30 ұқйымға 335 адам жолданып, 174 келісімшарттар жасалды.
    Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 80951 мың теңге 1048 адамға бөлінді. 36433,0 мың теңге игерілді, 92 шарттар жасалып, 94 ұйымдарға 816 адам жолданды. Одан басқа, Орал қаласының жұмыспен қамту орталығы мәліметі бойынша бес бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізу жоспарланған болатын және олардың барлығы өткізілген. 500,0 мың теңге игерілген.

    Гауhар УМАРОВА


     
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    1 КОММЕНТАРИЙ

    1. Әлбетте, ең бірінші адамзат баласы білім алу керек. Содан кейін бизнесті өзі дөңгелетіп әкететіні анық.

    ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

    Оставьте ваш комментарий!
    Введите здесь свое имя

    Последние новости

    В обменных пунктах Казахстана не меняют «старые» доллары – Нацбанк сделал заявление

    В последнее время граждане стали сталкиваться с отказом частных...

    В Уральске прошел турнир по стритболу

    Впервые соревнования проводились среди сотрудников Группы компаний «Конденсат» вне...

    Рекомендуем

    Более 56 км дорог было отремонтировано в этом году в Уральске 

    В акимате города начали подводить итоги уходящего года. На...

    Сотрудник таможенной службы ЗКО получил 10 лет колонии за взяточничество

    Приговор в отношении бывшего служащего департамента государственных доходов огласили...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл