Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
-9 C
Уральск
7.1 C
Аксай
Еще

    Жұмыс беруші мен жұмысшы бір-бірімен табысу үшін…

    Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының жүзеге асырылуын «Н» БҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан білді.

    Аталған басқарманың хабарлауынша, президент Н.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы үшінші кешенді міндеті – еңбек нарығын жаңғырту болып табылады. Осыған байланысты, Елбасының тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдан бастап нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның ең басты мақсаты – халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту. Бұл бағдарлама аясында облысымызда жұмыспен қамту шараларымен 4123 адам қамту көзделуде. Ағымдағы жылдың 1 маусымына 1143 батысқазақстандық жұмыспен қамтылды.

    «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бірінші бағыты бойынша 800 адам оқыту жоспарлануда. БҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша, қазіргі таңда техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды дайындау бойынша 183 мобилді топтар құрылып, жүйелі түрде оқытуға жіберілетін тұлғалардың тізімі құрылуда. Оқу процесі ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен басталады. Сонымен қатар, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша 1077 адам оқыту жоспарланып, қазіргі уақыттың өзінде 323 адам курстарға жолдама алды.

    «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты бойынша 374 адамға микрокредит беру (соның ішінде 300 – ауылдық жерлерде жүзеге асыруға микрокредиттер, 74 – қалалық жерлерге микрокредиттер) және 72 адамға микрокредиттерге кепілдік беру жоспарлануда. Қазіргі таңда қарыз алушылардың өтініштері қарастырылуда.

    Одан басқа, бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 937 адам оқыту көзделуде. Қазір кесте бойынша қатысушыларды бес ауданда (Ақжайық, Жаңақала, Зеленов, Казталов және Теректі) оқыту жүргізілуде. Бұл жоба бойынша 218 батысқазақстандық оқытуға жолданды.

    «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшінші бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 420 адам жолдау жаспарлануда және оның 387-сі оқудан өтуде. Жастар практикасымен 515 жас маман қамтылу жоспарланса, оның 215-сі аталған міндетті жүзеге асыруға кірісті. Жоспарланған  6073 адамның  3410-ы ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.

    БҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары жыл аяғында аталған бағдарлама жүзеге асқан жағдайда жалпы жұмыссыздық деңгейі – 5%   (2017 жылдың 1 тоқсанында – 5 %), жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 4% (2017 жылдың 1 тоқсанында – 4,1 %) әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 5,4 % (2017 жылдың 1 тоқсанында – 5,2 %) көлемінде болатынын болжап отыр.

    Гауһар ОМАРОВА


     
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

    Оставьте ваш комментарий!
    Введите здесь свое имя

    Последние новости

    Какие инженерные сети были отремонтированы в этом году в Уральске

    Акимат города подводит итоги работы за 2024 год на...

    В Казахстане проверят прописки граждан

    Как сообщили в МВД, полицейские проведут рейды по квартирам...

    Рекомендуем

    Более 56 км дорог было отремонтировано в этом году в Уральске 

    В акимате города начали подводить итоги уходящего года. На...

    Сотрудник таможенной службы ЗКО получил 10 лет колонии за взяточничество

    Приговор в отношении бывшего служащего департамента государственных доходов огласили...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл