Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
-8.6 C
Уральск
5.1 C
Аксай
Еще

    Жұмыспен қамту қателіктен қорғайды

    Әр аптаның сәрсенбісінде «Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» ММ-нің №2 кабинетінде бас бостандығынан айырылу орындарынан шыққандар және пробация қызметінде есепте тұрған сотталушылар үшін қабылдау жүргізіледі. Орал қалалық прокуратурасының бастауымен осы топтағы азаматтардың жұмысқа орналасуына және оқуына көмектесумен айналысатын жұмыс тобы құралған болатын. Бұл акция аясында зейнетақы, жәрдемақы рәсімдеуде әлеуметтік-құқықтық көмек, сонымен қатар  психологиялық және заңгерлік көмек көрсету қарастырылған. Берілген қызмет түрлерін уәкілетті мемлекеттік органдар көрсетеді. Осылайша, қалалық прокуратура, пробация органдары, жұмыспен қамту және әлеуметтк бағдарламар орталығы, сонымен қатар, денсаулық сақтау өкілдерінен тұратын, барлық мәселелерді орнында шешетін, бірыңғай комиссия құрылды. Әрбір уәкілетті мемлекеттік органның мамандары қабылдау жүргізіп, құжаттарды рәсімдеумен айналысады.

    Жақында осындай кездесу немесе мини бос қызмет орындар жәрмеңкесі Орал қалалық жұмыспен қамту орталығында ұйымдастырылды. Шараға бекітілген комиссиямен қатар бас бостандығынан айырылу орындарынан шыққан және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды (қазіргі таңда есепте 759 тұлға), сонымен қатар жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындарын ұсына алатын жұмыс берушілер де шақырылды. Қалалық прокуратура қызметкерлерінің айтуынша, олар мұндай акцияға маусым айында да қатысқан болатын. Сол кезде қабылдауға 16 адам келген болатын, олардың 4 оқуға ниет  білдіріп, оқытуға жіберілген болатын. Үш адам ВС және ДЕ санатты жүргізушілер курстарына, бір адам аспаздық курсына орналастырылды. Сонымен бірге, он алты адам ішінен жеті адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Олар «Алатау-Альдан-Арго», «ТасқалаТрансГаз» және «Бірлік» ЖШС-не әртүрлі жұмысты орындаушылар болып орналастырылды. Бес азаматтарға құжаттарды және тұрақты тіркеуге тұру үшін құжаттарды рәсімдеуде құқықтық көмек көрсетілді.

    — Барлық жұмысқа орналастырылғандардың, ал бұл көбіне жұмысшы мамандықты адамдар, қазіргі таңда түрлі ЖК пен ЖШС-де жұмыстарын жалғастырып, сол үшін еңбекақыларын алуда, — деді қалалық прокуратураның прокуроры Ернат Махсотов. – Сондықтан да, өз қателіктерін түзеуге мүмкіндік тууына, сотталған азаматтардың қоғамға тез қосылуы үшін мұндай кездесулер аса қажет. Қазіргі таңда бұл бағыттағы біздің жұмысымыз дайындалған жоспарға сәйкес жүргізілуде. Мұндай санатты азаматтардың ішінен жұмыс табуға ниет білдірушілер әрдайым болады. Біздің деректер бойынша, жалпы саннан 90 адам – жұмыссыз. Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығының директор орынбасары Нұрсәуле Елеуованың айтуынша, «Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы» Заңына  сәйкес қалалық әкімдік бас бостандығынан айырылу орындарын шыққан және пробация қызметінде есепте тұрғандар үшін жұмыс орын квотасын бекіткен  болатын. Осыған орай, мұндай санатты азаматтар үшін құқықтық көмек көрсететін жұмыс топтары құрылды.

    — Біздің жұмыс тобымыз бос бостандығынан айырылу орындарынан шыққан және пробация қызметінде есепте тұрғандармен осымен үшінші кездесуін өткізуде, — деді Н.Елеуова, — екі кездесу нәтижесінде бізге 31 адам жолығып, оның бесеуі тұрақты жұмысқа орналастырылып, алтауы қысқа мерзімді курстарға , сегізі құқықтық кеңестерге жолданды.

    Ал, жыл басынан бері есептегенде аталмыш санаттан 40 өкілі жолықты. Оның ішінде 22- сі әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылса, 13-і тұрақты жұмысқа орналастырылды, сегізі өз беттерімен жұмыс тапқан болса, алтауы қысқа мерзімді курстарға жолдау алып, төртеуі қоғамдық жұмыстарға және біреуі әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды. Айта кететін жайт, қазіргі таңда мемлекеттік бағдарламалар белсенді түрде жүзеге асырылып келеді, оның ішінде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы,  сондықтан көптеген мекемелер бос орындарға жұмысшыларды алуға әзір. Негізінен қажеттілік жұмысшы мамандықтарға, инженерден бастап қарапайым әр түрлі жұмысты атқаратын жұмысшы сұранысқа ие болып отыр. Вакансиялар күн санап ауысып отыр. Соңғы көрсеткіштер бойынша, біздің базамызда 800 –ге жуық вакансиялар тіркелді.

    БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысының орынбасары полковник Дидар АТАНТАЕВ,  пробация қызметі бойынша  оның қылмыстық атқару жүйесінің бір бөлімшесі деп түсінік беріп өтті. Бірнеше жылға бас бостандығынан айрылған адамдар моральдық тұрғыдан да, нақты қолдауларға да мұқтаж болып келетіні белгілі. Көпшілігінің отбасылық байланыстары төмендеген, олардың жұмысқа орналасуына үлкен кедергілер кездесіп, оның ішінде өмірдегі ең қажеттіліктердің бірі тұрақты тұру орындарын және тамақтарын  табуында қиындықтар кездесіп отырады. Сондықтан,  осы топтардағы адамдарға мемлекеттің арнайы органдары уәкілдерінің қолдау көрсеткені аса маңызды.

    Орал қаласының жұмыспен қамту орталығында өткізілген кездесулер әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетуге шақырылған бағытта, қызмет көрсетудің барлық жиынтығы қарастырылған, оның ішінде пробация қызметіндегі есепте тұрғандардың жұмысқа орналасулары, — деп атат өтті Д.Атантаев.- Көрсетілген көмектің пайдалы және уақыт бойынша ұзап кетпеуі үшін қызмет көрсетулердің барлық процедурасы жеңілдетілген. Біздің басты мақсатымыз – жазасын өзінің қателігін түсініп, қайтадын қылмысын қайталамайтындай болып қоғамға оралуы. Мұндай әлеуметтік адаптация тұрмыстық жағдайдың жақсаруына септігін тигізіп, сондай-ақ, бұрынғы қателіктерді жасауына себептерінің төмендеуіне немесе толықтай жоюына алып келеді. Жұмысқа орналастыру мұндай азаматтарға түзелуге үміт берудің бір жолы.

     

    Александр:

    Мен пробация қызметінде есепте тұрмын. Үш ай бойы жұмыс іздедім, алайда орналаса алмадым. Кейін инспектормен бірге Орал қаласының жұмыспен қамту Орталығына жолықтым. Маған бірден Орал қаласындағы бір ЖШС-ке әр түрлі қызмет атқарушы болуға жолдама берді, осыдан кейін өмірім жайлап дұрыстала бастады. Өзімнің өмірдегі қажеттілктерімді қамтамасыз етуіме мүмкіндік бере алатындай еңбекақымды алып жүрмін.

    Асқар:

    —  Кезінде инженер мамандығы бойынша жоғары білім алған болатынмын.  Жұмыс жасауда еңбек өтілім де бар, менеджер болып жұмыс жасағанмын. Жұмыспен қамту орталығында вакансияларды қарап, өзіме ыңғайлысын таңдадым. Жұмыс тауып беруде үлкен көмек беріп отырғаны үшін алғысымды айтқым келеді. Өзіңіз түсінесіз ғой, қазіргі таңда жұмыс табудың қиындығын, қоғамда сенен бас тартып та кететіндігін… Ал, қазір мамандығым бойынша жұмысқа орналасудың қолайлы сәті туды, маған жұмысқа орналасу үшін жолдама берді.

    Валерий:

    —  Орта білімім бар. Қазіргі уақытта жұмыссызбын. Бұрын құрылыста тас қалаушы-өңдеуші болып жұмыс жасағанмын. Көшіп кетуді де ойлағанмын, бірақ жұмыспен қамту орталығында 1 шілдеден бастап медициналық сақтандыру жүйесінің болатынын, сондықтан маған тезірек жұмысқа орналасу қажеттілігін түсіндірді. Себебі, жұмыс беруші мен үшін төлем жүргізбесе, маған медициналық қызмет көрсетуден бас тарту мүмкін. Ары қарай не істейтінімді енді ойланатын боламын…

    Ренат:

    — Мен автокөліктерді жөндеу бойынша 4-ші разрядты шебермін. Жұмыспен қамту орталығында вакансияларды қарадым, оның ішінде маған келетіні бар. Маған жұмысқа орналасу бойынша жолдама берді, бұл әрине қуантады.

    Армат:

    —  Мен әр түрлі қызмет атқарушы болып барар едім. Мысалы, бөлме есіктерін жасайтын Орал қаласының бір серіктестігіне жүкші керек екен. Ол ақпаратты маған Жұмыспен қамту орталығы айтты. Ол маған толықтай жарайды. Тіпті айлығым 60 мың шамасында болатынын айтып отыр. Бұның несі жаман?

    Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының көмегімен қалай жұмысқа орналасуға болады?

    Экономикалық жоспарда нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы  жұмысқа орналастырудың өсетіндігін, сондай-ақ еңбектің және еңбекақының өнімділігінің  артатындығын жоспарлап отырғандығын атап өтпекпіз. Бұл әлеуметтік жоспар жағынан жұмыссыздықтың төмендеуіне және еңбек белсенділігінің және адами әлеуеттің дамуына бағытталған бағдарлама. Сондықтан,  жоспарланған шаралар халықты нәтижелі жұмыспен қамтуды еңбек ресурстарын көтеру және азаматтарды жұмысқа тарту жолымен аталған  мәселелердің шешілуіне мүмкіндік береді. Соңғы нәтижесіндегі қол жеткізетін көрсеткіштер бойынша 2021 жылға қарай   жұмыссыздық деңгейі 4,8 %-дан аспайтын болады (2016 жылғы 3-тоқсан – 4,9 %); жұмыс күшінің құрамындағы негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі 20 % (2016 жылғы 3-тоқсан – 27 %), ал  өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық құрамындағы нәтижесіз жұмыспен қамтылған нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі – 10 %-дан аспайды (2016 жылғы 3-тоқсан – 16 %).

    Бағдарламаның аясындағы жұмыс үш бағыт бойынша жүргізілетіндігін түсіндіріп өтсек:

    1. Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету;
    2. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту;
    3. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.

     

    Бұл бағдарламның қатысушылары  жұмыспен қамту қолдауын алушылар, жұмыс іздеушілер, жұмыссыздар және заң шеңберінде айрықша құқықпен қолданушылар болып табылады.

    Жұмыспен қамтуды қолдауда қандай  мемлекеттік шаралар ұсынылады?

    1. Әлеуметтік кәсіби бағдарлау, кәсіп таңдауда көмек, жұмысқа орналасу және оқыту мәселелері бойынша кеңестер алу;
    2. Лайықты бос орындарды табу және жұмысқа орналастыруда қолдау;
    3. Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу;
    4. Жастар практикасын ұйымдастыру;
    5. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру.

    Әлеуметтік кәсіптік бағдар беру еңбек қызметі жағдайын кәсіби ақпараттандыру, еңбек нарығының қажеттіліктерін, жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін немесе кәсіби біліктілік арттыруда көмек көрсетумен ғана шектелмейді, сондай-ақ, тұлғаның жеке психологиялық мінездемесі негізінде жұмыс орнын таңдауда кеңес беру, өмір жағдайларының ерекшеліктеріне, кәсіби біліктілік қабілеттеріне, тұлғаның қызығушылығына, денсаулығына және еңбек нарығының сұранысына және нақты мамандықтарға және кәсіп түрлерінің кәсіби біліктілік талаптарына тұлғаның сәйкес келуін  кәсіби іріктеу жолы арқылы анықтауы арқылы жүзеге асыратынын атап өткен жөн.

    Кәсіптік бағдарлау жұмыс іздеушілерге, жұмыссыздарға, сондай-ақ, өзін –өзі жұмыспен қамтығандарға, студенттерге және жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сынып оқушыларына арналып жүзеге асырылады.

    Кәсіптік бағдар беру халықты жұмыспен қамту орталықтарымен, өңірлік кәсіпкерлікті дамыту палаталарын, жеке жұмыспен қамту агенттіктерін және басқа да ұйымдардың тартылуымен білім ұйымдарында  жүзеге асырылады.

    Жұмыспен қамту орталықтары  жұмысқа орналастыруда және лайықты бос орындарды таңдауда қандай көмек көрсетеді?

    Жүгініп келген азаматтарға қажетті  бос орындарды іздеу және жұмысқа орналастыру халықты жұмыспен қамту Орталықтарымен, оның ішінде жұмысқа орналастыруға қолдау көрсететін Орал қаласының әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту Орталығымен жүзеге асырылады:

    • Базада бар бос жұмыс орындары;
    • Жұмыс берушілердің өздігінен ұсынған жұмыс орындары;
    • Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру аясында құрылған жұмыс орындары;
    • Жеке жұмыспен қамту агенттіктері арқылы жұмыс орындары;
    • Еңбекақысының бөлігі субсидияланатын әлеуметтік жұмыс орындар, сонымен қатар,  жастар  практикасынан өтуге арналған жұмыс орындары;

    Халықты жұмыспен қамту Орталықтары жұмысқа орналастыру қызметін жүзеге  асыру барысында жеке жұмыспен қамту агенттіктерін тартуға құқылы. Қажетті біліктілігінің болмауына байланысты жұмысқа орналастыру мүмкіндігі жоқ бағдарлама қатысушылары техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлар дайындауға және  бағдарламаның бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімді  кәсіптік оқытуға жіберіледі. Бұл ретте, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық компаниялар мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде жобаларды іске асырған кезде халықты жұмыспен қамту Орталықтарының жолдамалары бойынша жобаларға жұмысқа орналасу үшін Бағдарламаға қатысушыларға құрылыс және реконструкциялау кезінде – жаңадан құрылатын жұмыс орындарының кемінде 10 %-ын, күрделі, ағымдағы жөндеу және абаттандыру кезінде жаңадан құрылатын жұмыс орындарының кемінде 15 %-ын ұсынуды қамтамасыз етеді.

    Әлеуметтік жұмыс орындары

    Әлеуметтік жұмыс орындарына келер болсақ, олар жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен уағдаластық бойынша жалақысын субсидиялай отырып, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орны құрылады. Әлеуметтік жұмыс орындары барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады. Әлеуметтік жұмыс орындары тұрақты жұмыс орындарынан тыс және тұрақты жұмыс орындарына арналған бос орындардан тыс құрылады. Мұндай жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, зиянды немесе қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда құрылмайды. Әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыс уақытша сипатқа ие болады. Азаматтардың әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды.

    Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады, әлеуметтік жұмыс орындарын құруға өтінім берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесін, ұйымдастырылатын жұмыс орындарының санын және нақты жұмыс шарттарын, төленетін еңбекақы мөлшерін және оларды қаржыландыру көздерін бекітеді. Жұмыс берушілердің тізбесі қажетіне қарай күнтізбелік жыл ішінде жаңартылып отырады. Халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген тізбеге сәйкес жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға және қаржыландыруға жұмыс берушімен шарт жасасады.

    Жұмыссыздар әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына өтініш пен құжаттарды береді, олар өз кезегінде жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша консультация береді және олар келіскен жағдайда әлеуметтік жұмыс орнына жолдама береді.

    Бастысы, жұмыс беруші үш жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа қабылдағаны немесе қабылдаудан бас тартқаны туралы хабарлау қажеттігін білуі тиіс.  Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайда, әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушыларға жалақының субсидияланған бөлігін төлеуге мемлекет жұмсаған шығыстарды жұмыс берушілердің бюджетке өтеу отырып, олармен жасалған тиісті шарт бұзылады.

    Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы қолданылады. Бос орын пайда болған кезде, жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін, қатысушының келісімімен жұмыс берушінің бастамасы бойынша тұрақты жұмысқа орналастыруға рұқсат беріледі. Бұл жағдайда, жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығына еңбек заңнамасында белгіленген мерзімде тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін жолдайды.

    Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды халықты жұмыспен қамту орталығы әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздарға еңбекақы төлеуге жұмсалған жұмыс беруші шығындарының бір бөлігін өтеуге субсидия беру арқылы республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырады.

    Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың жалақысына берілетін ай сайынғы субсидия мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескере отырып, жалақының белгіленген мөлшерінің 35 пайызын құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайды.

    Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін үкіметтік емес ұйымдар құратын әлеуметтік жұмыс орындарының жалақысын субсидиялау мөлшерін жергілікті атқарушы орган өз алдына белгілейді.  Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздарға еңбекақы төлеуді жұмыс беруші еңбек шартында белгіленген мөлшердің негізінде, ай сайын нақты жұмыс істеген уақытына сәйкес жүргізеді. Орындалатын жұмыстың көлеміне және күрделілігіне қарай, жұмыс беруші өз қаражаты есебінен, қажет болған жағдайда, нақты орындалған жұмыс үшін қосымша үстемеақылар белгілей алады.

    Гауһар УМАРОВА


     
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

    Оставьте ваш комментарий!
    Введите здесь свое имя

    Последние новости

    В Уральске не будет церемонии зажжения ёлки

    В этом году в Уральске, как и в других...

    1900 км электрических сетей было отремонтировано в ЗКО в этом году

    Однако это позволило сократить количество изношенных линий лишь на...

    Рекомендуем

    Сотрудник таможенной службы ЗКО получил 10 лет колонии за взяточничество

    Приговор в отношении бывшего служащего департамента государственных доходов огласили...

    7,2 млрд тенге на три года просит ТОО «Зап-Каз РЭК» для уменьшения износа сетей в Уральске

    Такая цифра была озвучена руководством Городских электрических сетей на...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл