Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
-8.6 C
Уральск
5.1 C
Аксай
Еще

    «Бастау Бизнес» зеленовтықтарды оятуда

    «Бастау Бизнес» жобасы Зеленов ауданында белсенді жүзеге асырылуда. «Н»-ға осы елді мекендегі бизнес-тренері Қуанышбек ЕРНИЯЗОВ зеленовтықтар жоғары кәсіпкерлік белсенділікпен ерекшеленіп отырғанын және аталған жобаны жүзеге асыру барысындағы алғашқы нәтижелерге сәйкес республика бойынша алдыңғы қатарда тұрғанын жеткізді.— Менің ойымша, бұл жобаның ерекшелігі біз тек қана оқытып қоймай, әрбір қатысушыны сүйелмелдеп отырамыз. Түскі мезгілге дейін оқыту процесі өтсе, ал түскі мезгілден кейін жеке-жеке кеңес беруге кірісеміз. Әр қатысушының өзінің флешкасы бар және онымен өзінің электронды-цифрлық қолтаңбасын алып келеді. Біз айыппұл бар-жоғы тексеріліп, толықтай барлық ерекшеліктерді түсіндіреміз. Егер ауылдықтар қаржыландыру алғысы келсе, бірлесе толық құжаттарды жинақтаймыз.

    Зеленов ауданы бойынша бизнес-тренерінің айтуынша, «Бизнес-Бастау» жобасы көп жағдайда нақты қолдауға мұқтаж жергілікті ауылдық мекендер (аудан орталықтарында, село, ауыл) тұрғындарын қамтитын, қазіргі уақыттағы елімізде әлеуметтік маңызы өте зор. БҚО-да ол ағымдағы жылдың 10 сәуірінде бастау алып, қараша айына дейін созылады. Оқыту «Бизнес тәлімгер» қағидасы бойынша құрылады. Яғни, бұл оқыту, кеңес беру, объектіге шығу, бизнес-жоспарын бірге құрастыру, сонымен қатар қаржы институттарынан («КазАгро» АҚ, «АШҚҚҚ» АҚ, «АКК» АҚ, «Даму» АҚ, ЕДБ және т.б.) қаржыландыру бойынша сүйемелдеу, оған қоса, бизнеске қажетті жер алуға қолдау көрсету рұқсат қағаздарын (лицензия, актілер және т.б.) дайындау барысында сүйемелдеу. Ақырғы мақсаты ауылдық жерлерде стартап-жобаларды (бастапқы бизнес жобаларды) жүзеге асыру болып табылады. Кейін жобаны сүйемелдеумен аймақтық Кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалы айналысады. Яғни, ісін жаңа бастаған кәсіпкер оқуды аяқтап, қаржыландыру алғаннан кейін нарықпен бетпе-бет жалғыз қалмай, жыл бойы оны қолдап және бағыттап отырады.

    Қазіргі таңда, Зеленов ауданында оқытудың үшінші ағымы өтуде. Бірінші ағымда 35 қатысушы болды. Нәтижесінде 24 бизнес-жоба ұсынылып, оның 17-і қаржыландырылды. Екінші ағым бойынша оқыту шілде айының басында аяқталып, 32 қатысушы қатысты. Олардың ішінен біреуі қаржыландыруға ие болып, қалғандары қаржыландыруға құжаттар жинауда. Жылдың соңына дейін тек Зеленов ауданының өзінде бизнес жүргізу негіздерін жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарынан 188 адамға  оқыту көзделуде.

    Орташа ауылдықтарға құпталған бизнес-жобалардың көлемі 2-3 млн. теңгені құрайды, — деп Қ.Ерниязов жалғастырды. – 3 және 6 млн. тенгені құрайтын жобалар бар, бірақ ондай жобалар аз. Көбінесе бұл ірі қара малды өсіру және жемдеу…Дайындық қалай өтіп жатыр? Оқу бітуге қарай мен өзімнің тыңдаушыларыма аумақтың ерекшелігіне қарай бизнес-жоба жазамын және оны сол бағытта қаржы бөлетін қаржы институттарына бағыттап жұмыстанамын. Кейін БҚО КП-да жергілікті басқару органдары, кәсіпкерлік басқармасы, жұмыспен қамту басқармасы, ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорының өкілдері қатысатын жиында жобаларды ұсыну және қорғау өтеді. Олар әлеуетті қарыз алушынының жобасын қарап, қаншалықты «жанды» екенін бағалайды.

    Оқу аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға оқу курсын дәлелдейтін сертификат беріледі. Осылайша бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі қалыптастырылады. Нәтижесінде кредит алу үшін қажетті кепілдік мүлікті бағалау компаниясы бағалайды.

    Кепілдік ретінде барлық жылжымалы және жылжымайтын мүлік алынады, — Қуанышбек Ерниязов түсіндіреді. – ол үй, көлік, шаруашылық құрылыстар болуы мүмкін. Қатаң талаптар жоқ. Мысалға, төменгі бағалық құны 1-2 млн. теңге бар саман немесе ағаш үй. Сондай –ақ, оқу кезінде мемлекет тарапынан айына 16759 теңге төленетінін де атап өтуге болады. 

    К.Ерниязовтың айтуынша, зеленовтықтардың бизнес-жобаларының 70% -ы бордақылау және ірі қара мал өсіруге есептелген. Әдетте, ауылдықтар баспақтарды бірнеше айлық уақытында сатып алып, жемдеп өсіріп алып, сатып одан қайтадан төлдей сатып алады.  Осы мақсатта алты жыл жарым уақытқа кредит алады.

    — Бұрын осы мақсатта кредит алу жұмыстарында бірнеше қиындықтар кездескен болса, қазіргі уақытта «Бастау Бизнес» жобасы арқасында ауылдықтардың тауарларының өтуінің ретке келтіру жұмыстары да қарастырылып жатыр. Өйткені, айналымның болғаны өте маңызды. Жобаның көптеген қатысушылары Оралға қаймақ, сүт апарады. Біз оларды ең төменгі капиталдан ақша табуды үйретеміз. Ауылдық тұрғындар жұмыс жасағысы келмейді деген стереотип, өз анықтамасына қайшы келеді. Ия, көптеген тұрғындары ресми түрде жұмыссыздар, алайда сүт өнімдерін сатумен айналысады, сондығымен отбасыларын асырап отыр. Осы жоба есебінен мал басының өсімдерін арттырып, соның арқасында ауыл шаруашылығын дамыту мүмкіндігін алып отыр.

    Бизнес-тренер К.Ерниязов айтып өткендей, «Бастау Бизнес»  жобаға зеленовтық   қатысушылардың орта жасы 45 жасты құрайды. Олардың ішіндегі ең үлкені 62 жастағы болса, ең жасы – 24 жастағы. Оның айтуынша, бұл жобаға кәсіпкерлікке әбден пісіп жетілген адамдар келеді екен. Ауылдықтардың ішінде 10-15 жыл қатарынан ресми түрде жұмыссыз статусында есепте тұрғандар да бар.

    Мысалға, Сабырғали СИСЕНОВ (жоғарыда фото) тазартылмаған күнбағыс майын Достық аулында өндіру жобасын қаржыландыруға құптау алған.10 жыл бойына негізінен Ресей елінен әкелінген шикі пістелерді сатумен айналысқан. Қазіргі таңда «Бастау Бизнес» жобасы арқасында ауыл тұрғыны жоспарлап жүрген құралдарын алу үшін 3 млн. 400 мың сомасына кредит алуға құптау алды. С.Сисеновте жері бар, енді онда мини-цех салып, жеңілдікпен алынған құралдарын орнатып, ауыл тұрғыны «сатып алып кері сату» принципімен жұмыс жасауды қойып өзінің жеке мини-бизнесін іске асыруға мүмкіндігі пайда болды.

    Біз бұл жобаның іске асырылуының әрбір ұсақ-түйегіне дейін ойластырып қойдық,- дейді бизнес-тренер Қуанышбек Ерниязов. – Өсімдік майы сықпасынан кейінгі әдетте қалып қоятын күнжарасын малға қоспа жем ретінде пайдалануға болады. Мұның өзі қалдықсыз өндіріс болады.

    «Бастау Бизнес» жобасының тағы бір қатысушысы Асан ауылынан Абат АБУЛКАТИМОВ – әскери зейнеткер. Бағдарламаға дейін ол жолаушыларды такси жүргізушісі ретінде тасымалдап жүрген. Оқуға келген уақытында, алдымен автокран сатып алғысы келген болатын, алайда кейіннен ойды өзгертіп, ассенизаторлық бизнеспен айналысуды шешті, өйткені ауылдық жерлерде және қалада жеке секторларда үлкен сұранысқа ие. Оның бұл жобасы ассентизаторлық машина алуы үшін  «АШҚҚҚ» АҚ –нан 10 млн. теңге соммасын алуына құптау алды.

    Ауған соғысының ардагері, Октябрьский ауылының тұрғыны  Сергей ТЕПЛОУХОВ бұрын әр түрлі қызмет атқарушы болған, кейін ескі ормандағы ағаштарды кескіш сатып алып, ағаш өңдеумен айналысқан. Ауылдастары оған құрылысқа қажетті ағаш алуға, қосырыққа жүгініп келетін болған.Алайда көп ұзамай бұл кәсібін қоюға тура келген. Себебі, С.Теплоухов өзенге алыс емес орналасқан өзінің жеке меншік үйінің ауласында жұмыс жасаған. Бұлай орналасқан жерде кәсіпкерліктің бұл түрі СЭС талаптарына қарама қайшы болды.

    Қуанышбек Ерниязов айтып өткендей, «Бастау Бизнес» жобасын оқыту кезінде кәсіпкерлер палатасы Сергей Теплоуховқа ағаш кесу құрылысын тұрғызуға жер бөлігін беруге рұқсат алуына көмектесті.

    Бірлескен күштің арқасында бизнес-жоспар жасап шығардық,- дейді Қ.Ерниязов.- Зеленов ауданының басшылығы бізге қолдау көрсетті. Жамбыл және Октябрьский ауылдарының арасынан 49 жылға арендаға жер бөліп, енді С.Теплоухов «Бастау Бизнес» жобасының көмегімен ағаш өңдеу цехын салып және оған қажетті құралдарын сатып ала алады.

       Гауhар УМАРОВА


     
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    1 КОММЕНТАРИЙ

    1. Керемет жоба, үлкен әсер алып, шағын жеке кәсіп ашып жанұямызбен бірге адал енбек жасап жатырық!

    ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

    Оставьте ваш комментарий!
    Введите здесь свое имя

    Последние новости

    В Уральске не будет церемонии зажжения ёлки

    В этом году в Уральске, как и в других...

    1900 км электрических сетей было отремонтировано в ЗКО в этом году

    Однако это позволило сократить количество изношенных линий лишь на...

    Рекомендуем

    Сотрудник таможенной службы ЗКО получил 10 лет колонии за взяточничество

    Приговор в отношении бывшего служащего департамента государственных доходов огласили...

    7,2 млрд тенге на три года просит ТОО «Зап-Каз РЭК» для уменьшения износа сетей в Уральске

    Такая цифра была озвучена руководством Городских электрических сетей на...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл