Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
-7 C
Уральск
1.1 C
Аксай
Еще

    Тұрмысты жақсартатын мамандықтар

    Газетіміздің алдыңғы сандарында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында құрылыс, автокөлікке техникалық қызмет көрсету, жөндеу, пайдалану, сонымен қатар, ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдеткіштерді және инженерлі жүйелер саласындағы мамандарды дайындайтын Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі мен Орал политехникалық колледжінің қызметі туралы айтып өткен болатынбыз.

    Бүгінгі санымызда тұрмыстық қызмет көрсету саласында жұмысшы және техникалық мамандықтарды дайындайтын кәсіби-техникалық колледждердің жұмысына тоқталып өтеміз.
    Сонымен, Сервис және жаңа технологиялар колледжі (Құрылысшы шағын ауданы, 21/1 мекен-жайы бойынша орналасқан) «Тамақтануды ұйымдастыру» бағыты бойынша оқытуды жүзеге асырады. Егер де былтырғы оқу жылында ұзақ мерзімді бағдарлама бойынша оқыған 50 оқушының басым көпшілігі қыз бала болса, биылғы жылы оқуға түскен 45 оқушының 25-і ұл бала.
    Оқыту 9 сынып базасында ұйымдастырылған, сәйкесінше – екі тілде. Оқыту мерзімі – 3 жыл 6 ай. Модульді бағдарлама аясында «Аспазшы», «Кондитер» біліктілігі беріледі, ұзақ мерзімді оқу бағдарлама бойынша оқу аяқталғаннан кейін «Сервис менеджері» дипломы беріледі.
    2017-2018 ж.ж. оқу кезеңінің қорытындысы бойынша: бір студент сабақты қалдыру мен үлгерімсіздігі себебінен оқудан шығарылды, екі студент мамандығын ауыстыруына байланысты басқа колледжге көшті.
    Қазіргі уақытта Сервис және жаңа технологиялар колледжінде ұзақ мерзімді оқу бойынша 92 студент оқиды.
    Қысқа мерзімді (үш айлық) курс бойынша 146 адам аспазшы мамандығына оқып шықты. Қазіргі уақытта жұмыспен қамту орталықтарынан жолдамалар болмауына байланысты, қысқа мерзімді курстар жүргізілмейді.
    Облыс орталығында аспаздық өнерге Технологиялық колледжде оқытады (Нұрпейісов көшесі, 40), жоғарыда аталған колледжден айырмашылығы бұл оқу орнында 11 сынып түлектерін де оқуға қабылдайды. Оларға оқу мерзімі 2 жыл 10 ай. Одан басқа, Технологиялық колледжде «Тігін өндірісі және киімді сәндеу» мамандығы бойынша мамандар дайындайды.
    Модульді бағдарламаға сәйкес, «Тамақтануды ұйымдастыру» бағыты бойынша «Аспазшы» немесе «Кондитер», ал екі жыл профильді оқудан кейін «Өндірістік оқыту шебері» біліктіліктері беріледі, негізгі мамандық – «Қоғамдық тамақтану кәсіпорнының менеджері».
    «Тігін өндірісі және киімді сәндеу» бағыты бойынша әр аяқталған кәсіптік оқу жылынан кейін «Тігінші» немесе «Сәнгер», «Өндірістік оқыту шебері» сертификаттары, «Тігін өндірісінің техник-технологы» мамандығы бойынша дипломы беріледі.
    Соның арқасында, ұзақ мерзімді оқыту бағдарламасы бойынша толық оқудан өткен «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының қатысушысы орта буынды маман дипломын алып шығады.
    Технологиялық колледждің 95 студентінің 43-і өткен оқу жылы түскендер. «Тігін өндірісі және киімді сәндеу» мамандығы бойынша оқып жүрген 7 қыз бала «Тігінші» сертификатымен оқуды аяқтады. Үлгерімі бойынша оқудан шығару жағдайлары болмады.
    Технологиялық колледжде 9 сынып базасында 50 адам, 11 сыныптан кейін 43 адам оқиды. Барлық топтарда оқыту мемлекеттік тілде жүргізіледі.
    2017-2018 оқу жылында қысқа мерзімді курсына 63 адам оқыды. Оқыту «Шаштараз өнері және сәндік косметика» және «Тігін өндірісі және киімді сәндеу» мамандықтары бойынша жүргізілді. Жаңа оқу жылы басталғанымен, жолдамалардың болмауына байланысты қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылмады.
    Екі колледж жанында да жатақхана бар.
    Аудан деңгейінде ұзақ мерзімді бағдарлама бойынша «Тамақтануды ұйымдастыру» бағыты Шыңғырлау, Жәнібек, Рубежка (Зеленов ауданы) колледждерінде, Ақсай техникалық колледжінде ұйымдастырылған.
    Осы бағыт бойынша қысқа мерзімді оқыту Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінде («Кондитер» мамандығы), Теректі колледжінде («Аспазшы» мамандығы») ұйымдастырылды.
    Жоғарыда аталған оқу орындары әртүрлі бағыттағы мамандарды дайындайтын болғандықтан, ол туралы толығырақ ақпаратқа келесі сандарда кері ораламыз. Бұл шығарылымды аспазшылар, тігіншілермен қоса сән индустриясы саласының мамандарын оқытатын Орал «Сервис» технологиялық колледжінің қызметі туралы ақпарат беріп, аяқтаймыз.
    Айта кететін жағдай, сән индустриясы саласы тұрғындардың ішіндегі әйел қауымын әрқашанда қызықтырады, сондықтан бет әрлеуші, шаштараз, тырнақ сервисінің шеберлерінің қызметтеріне қай уақытта да үлкен сұранысқа ие болады.
    Ағымдағы жылда Орал «Сервис» технологиялық колледжі «Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандығына 50 адам (41 қыз бала, 9 ұл бала) қабылдады, олар былтырғы жылдан бастап оқуда. Оқыту 9 сынып базасында, екі тілде жүргізіледі. Модульді бағдарлама бойынша оқыту мерзімі – 3 жыл 10 ай. Өзімізге белгілі, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының қатысушысы әр оқу жылы аяқталған кейін кандайда бір жұмысшы мамандығын алғандығы жөнінде сертификат алады, «Шаштараз өнері және сәндік косметика» бағыты бойынша оқушылар «Бет әрлеуші», «Шаштараз-сәнгер» біліктілігіне ие болады.
    Мысалға, Орал «Сервис» технологиялық колледжінің 17 жасар оқушысы, Зашаған кентінің тұрғыны Алтынай Қосымбетова «Мейкап» бойынша білімін алып, қазір алған біліктідігін іс жүзінде жүзеге асыруда. Жазғы демалыс кезінде бұл оқушы қаланың бір сән салонында жұмыс жасады, сонымен қатар үйден қызмет көрсетті.
    Жаңа оқу жылынан бастап Алтынай оқитын топ шаштараз өнерін үйренуде. Оқушыға адамның бет-әлпетін жаңарту ұнайды, уақыт өте қызығушылығы азаймаса, бір күні оқушы қыз өзінің сұлулық салонын ашаарына сеніміміз мол!
    Орал «Сервис» технологиялық колледжінде 2017 жылы қысқа мерзімді оқыту аясында 316 адам қайта даярлаудан өтті. Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының 33 қатысушысы қайта даярлықтан өту курсында оқыды. Қазіргі уақытта «Аспазшы», «Тігінші», «Бет әрлеуші», «Шаштараз-сәнгер», «Маникюр шебері» мамандықтары қысқа мерзімді курста 20 адам оқуда. Курс оқушыларының арасында тек қана облыс орталығының тұрғындары емес, сонымен қатар аудан тұрғындары бар (оның ішінде Ақжайық, Казталов, Жаңақала аудандары).
    Қысқа мерзімді курс студенттері арасындағы ең үлкені – 57 жаста.
    Орал «Сервис» технологиялық колледжі оқытатын мамандықтарға ер-азаматтарда қызығушылық танытуда, олардың ішінде тек қана жастар емес, сонымен қатар ересек жастағы тұрғындар да бар. «Аспазшы», «Тігінші», «Шаштараз-сәнгер» мамандықтары бойынша қысқа мерзімді курстан 9 азамат оқудан өтті.
    Келесі санда біз «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Фермерлік іс», «Автокөлік пен жол-құрылыс машиналарын техникалық қамтамасыз ету мен пайдалану» саласында оқытуды жүзеге асыратын қала мен аудандағы кәсіби-техникалық колледждер туралы сөз қозғаймыз.

    Саида ТУЛЕГЕНОВА


     
    Предыдущая статьяПрогресс от турнира к турниру
    Следующая статьяПрофессии по интересам
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    Последние новости

    Более 100 человек погибли на дорогах ЗКО в этом году

    1166 дорожно-транспортных происшествий произошло с начала года, сообщили в...

    Авиакатастрофа в Актау: внеплановую проверку проведут в аэропортах Казахстана

    После крушения самолёта Азербайджанских авиалиний в Актау премьер-министр Казахстана...

    Рекомендуем

    Предновогодняя ярмарка пройдет в Уральске

    Местные товаропроизводители представят свою продукцию для горожан к новогоднему...

    Более 56 км дорог было отремонтировано в этом году в Уральске 

    В акимате города начали подводить итоги уходящего года. На...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл