Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қосымша 38 тұрғын үй салынды.
Алғашқы тұрғын үйлердің кілттері 1 апта бұрын табысталған болатын. Енді Жымпиты, Өлеңті және Бұлдырты ауылдарында қалған үйлердің кілттері ауыл тұрғындарына берілді.
— Бүгін жаңа қонысқа кіріп жатырмыз. Президентімізге, үй салған барша азаматтарға алғысымды білдіремін. Енді мұндай жағдай болмасын елімізде. Ауылымыз көркейе берсін, — деді жаңа қоныс иесі Айдарханова Жаңыл.
Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 889 үй салынды. Оның 451-і Орал қаласында. Сондай-ақ, Оралдағы Саяжай тұрғындарына демеушілер қаржысына 2 мыңнан астам үй сатып алынды.
БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі