Газета «Надежда»

Мәдени-ағарту бірлестігі «Достық» балалар аула клубы

Мәдени-ағарту бірлестігіне қарасты «Достық» балалар аула клубының Мөңкеұлы 97 мекен-жайында орналасқан жазғы алаңқайында балалардың жазғы демалыс кезінде бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында әр түрлі қызықты шаралар ұйымдастырылады. Балаларға салауатты өмір сүруді насихаттау бағытында «Темекі тартқанын, өзіңді құртқаның» тақырыбымен жасөспірімдер арасында шағын футболдан жарыс оздырылып, «Таза ауа денсаулық кепілі» тас жолға сурет салу, «Көңілді караоке» ән шырқау, «Көңілді мәре» атты шаралар балаларға көңіл күй сыйлады.

«Достық» балалар аула клубының үйірме жетекшісі: А.С.Мусагалиева

Exit mobile version