Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
1 C
Уральск
16 C
Аксай
Еще

    «Зеленовтық» кәсіпкерлердің қалыптаса бастауы

    «Н» ауылдарда кәсіпкерліктің дамуына арналып жазылған мақалаларды оның ішінде «Бастау» жобасына қатысушылардың идеялары туралы жазуды аяқтай келе, бүгінгі шығарылымда Зеленов ауданы тұрғындарының бизнес-жобаларының мазмұнына тағы да назар аудартады. Алдыңғы басылымдарымызда бірнеше рет атап өткеніміздей, облысымыздың бұл елді мекені жоғары кәсіпкерлік белсенділігімен ерекшеленеді.

    «Алғашқы қатысушылар»
    Зеленов ауданының екі тұрғыны – Сергей Теплоухов пен Мәди Абуғалиевтің былтыр өткен «Бастау» жобасының түлектерінің Форумында үздік бизнес-жоспарлардың авторлары қатарында аталып өткені қуанышты жайттардың бірі болды. Қазіргі таңда бұл стартапшылардың кәсіптері алға жылжыды және олардың бизнес бастамаларын «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ерекше деп атап өтуі «Бастау» жобасының басқа да қатысушыларына үлгі болып, олардың жаңа бастамаларға талпынуына себепші боларына сенім мол.
    Ауданның дамуына, ауылдағы өмір сүру сапасының жақсаруына үлестерін қосқан «зеленовтық» іскерлер туралы, оның ішінде өткен жылы жеке кәсіпкерлік ашқан біраз жаңа бастаушы кәсіпкерлерді мысалға келтіру арқылы жүзеге асырылып жатқан кәсіп түрлеріне нақты тоқталып өтпекпіз.
    Сонымен, Асан ауылының тұрғыны, бұрын әскери қызмет атқарып, зейнеткерлікке шыққан және «Бастау Бизнес» жобасына қатыспас бұрын жұмыссыздар қатарында болған 50 жасар Абат Абулкатимов туралы айтып өтсек. Ол кәсіпкерлікке оқу барысында ассенизаторлық қызмет көрсетумен (септиктерді сорып, тазалау) айналысуды шешкен, ал жеке кәсіпкер ретінде тіркелгеннен кейін жеңілдікпен несие беру мүмкіндіктерін пайдалалана отырып, ассенизаторлық машина сатып алған. Зеленов ауданының бизнес-тренері Қуанышбек Ерниязовтың айтуынша, Абулкатимовтың көрсететін қызмет түрі үлкен сұранысқа ие: бір күнде ауылдастарынан 5-6 тапсырыстан түсіп отырады. Кәсіпкер серіктесімен бірге қызмет көрсетеді, өйткені түскен тапсырыстарды уақытында орындау үшін көмекші қажет.
    Осы ауылдың тағы бір тұрғыны 31 жастағы Асия Шакманова шаштараз ашқан. Қазіргі уақытта осы ауылдағы шаш күтімі бойынша барлық қызметтерді көрсететін жалғыз шаштараз екенін атап өту керек.
    Әсияның өзі шаштараз мамандығын оқыған, қызметті сапалы және уақытымен үлгеріп көрсету мақсатында шаштараз өнерін жақсы меңгерген маманды қасына қосымша жұмысқа алған. Сонымен қатар, бизнес-вуменнің салонында тырнақ қызметін көрсету бойынша маман жұмыс жасайды.
    Кәсібінің айналып кетуі үшін жас әйел жолдасының автокөлігін кепілдікке қойып, шағын несие алған. Шакманова әзірге ғимаратты жалға алып отыр, бірақ болашақта ғимарат салып, сұлулық салонын сол ғимаратта ашуды жоспарлап отыр.
    Махамбет ауылының 49 жасар тұрғыны Сергей Горлов «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 3 миллион теңге несие алып, бұл қаражатқа жеті орындық «Фольксваген» автокөлігін сатып алған.
    «Бастау Бизнес» жобасының бұл қатысушысының айналысқалы отырған кәсібінің түрі – жолаушыларды тасымалдау болып табылады. Ауылдастары Сергей Викторовичке тек облыс орталығына ғана емес, РФ шекарасына, негізінен, Саратов, Самара облыстарына апарып келуге тапсырыс беріп отырады.
    Газетіміздің алдыңғы сандарының бірінде Мичурино ауылының тұрғыны болып табылатын және осы ауылда мектепке жақын жерден дәмді пісірілген нандар түрлері мен ыстық сусындар дайындайтын балалар дәмханасын ашқан 49 жасар Айгүл Жакиева туралы айтып өткен болатынбыз. Жаңа оқу жылының басталуымен оның бизнес-бастамасының пайдасы туралы тағы да атап өткенді жөн көрдік, себебі әрбір ата-ана үшін балаларына сабақ уақытындағы үзілістерде сапалы және дәмді піскен нан өнімдерімен жеңіл тамақтанып алу мүмкіндігінің жасалғаны қуантарық жағдай емес пе?!
    А.Жакиеваның бизнес-жоспарының жүзеге асуына қаражат салу керек болды, кәсіпкерге қажетті сомасын бөлуге ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры көмектесті.
    21 жастағы Артур Озеров ата-анасының материалдық жағынан қолдауы арқасында үйінің ауласында автокөліктерді жуу орнын ашты. Оған қоса кілемдерді жуып беру қызметін де ұйымдастырды, ауылдастары кәсіпкердің ұсынып отырған қызметтерінің барлық түрін қуана пайдаланып отырғандығын атап өтуге болады. Озеровтың кәсіпорнында екі адам жұмыс жасайды. Өзге де белсенді жастар секілді Артур да бір кәсіппен шектеліп қалмай, әр түрлі саланы қолға алғысы келеді, қаражат жинап, осы жылы монша құрылысын бастап кетті. Ата-анасының қаржылай көмек беруі арқасында несие алудың қажеттілігі болмады, бірақ бұл азамат «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер Палатасымен ұйымдастырылған бизнес жүргізу негіздері бойынша оқудың кәсібін бастап кетуі үшін пайдасы зор болды деп есептейді
    — Барлық істе де білім қажет және бұл біліктілік дағдыларын бізге тәжірибелі коучмэндер үйретті. Оған қоса, бизнес-тренингтер үлкен адамдарға бойларындағы қорқынышты және сенімсіздікті жеңуге көмектеседі және «Бастау Бизнес» жобасы арқасында көптеген егде жастағы адамдар кәсіпкер ретінде сәтті қалыптасты,- дейді А.Озеров.

    Қорытындылай келе
    Бизнес-тренер Қ.Ерниязовтың айтуы бойынша, Зеленов ауданының «Бастау Бизнес» жобасы аясында өткен жылы оқыған 188 тұрғынының 70-і жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, өз кәсіптерін бастаған. Жобаға қатысушылардың негізін (60 %) – әйелдер, қалған жартысынын аз бөлігін ер адамдар құраған.
    10 жеке кәсіпкер өз қаражаттары есебінен кәсіптерін ашса, 60 адам жеңілдікпен несие беру мүмкіндігін пайдаланған. Қаржыландырылған бизнес-жобалардың жалпы сомасы – 302 миллион теңге құраған. Оның ішінде, 55 жобаны «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалы, 2 жобаны «Батыс-Шаруа» кредиттік серіктестігі және бір-бір жобадан «Сбербанк» АҚ ЕБ, «Батыс –Финанс» микрокредиттік қаржы ұйымы, «Аграрлық кредиттеу корпорация» АҚ-ның облыстық филиалы қаржыландырды.
    Қаржыландырылған жобалар-дың 80 % -ы ауыл шаруашылығы саласына, 20% — қызмет көрсету және өндіріске қатысты болды.
    Биылғы жылға келер болсақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқумен сәуірден бастап қыркүйек айы бойынша 135 адам қамтылған. Бүгінгі таңда 4-ші ағынның қатысушыларына оқу жүріп жатыр (31 адам), жылдың соңына дейін тағы да 59 адамды оқыту жоспарланып отыр.
    Жалпы сомасы 244,89 млн теңгеге 72 жоба қаржыландырылды. Несиенің негізгі үлесі ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы және аздаған бөлігі «Батыс — Шаруа» кредиттік серіктестігімен берілді.
    Зеленовтықтардың бизнес-жобаларының 60 % -ы ауыл шаруашылығын дамытуға арналған, өткен жылмен салыстырғанда жобалар саны екі есе көп, қалған 40%-ы өндіріс және әр түрлі қызмет көрсетулер болып келеді.

    Осы жылдың «Бастаушылары»
    Еденнің маманы
    Садовое ауылының тұрғыны 37 жасар Асылхан Муханбетьяров «Бастау Бизнес» жобасына қатыспас бұрын өндірістік едендерді дайындаумен айналысты.
    Азаматтың айтуынша, бұл кәсіппен ол 5 жыл айналысады, оның алғашқы үш жылында жұмыс берушіге жұмыс жасаса, соңғы екі жылында өзіне жұмыс жасауда.
    Құрал-жабдықты жалға алуға тура келді, себебі оларды сатып алуға қаражаты болмады. Оқытудан өтіп, жеке кәсіпкер ретінде тіркелгеннен кейін, ол жеңілдетілген несие рәсімдеп, соның арқасында қажетті құрал-жабдықтар мен құралдарды сатып ала алды. Айта кету қажет, бұл қызмет түрін жүзеге асыру үшін орын-жайдың қажеті жоқ, себебі жұмыстар тапсырыс берушілердің аумағында жасалады.
    Асылханның айтуынша, бүкіл облыс бойынша барлығы екі-үш кәсіпкер ғана өндірістік еденді жасаумен айналысады, сондықтан бастаушы кәсіпкер тапсырыстың азаймайтындығына сенімді. Яғни, аталған қызмет түріне сұранысты ескере отырып, қарызды қайтаруда қиындық туындайды деген қорқыныш жоқ. Несие бойынша алғашқы төлем – қараша айында. Қазіргі уақытта ЖК Муханбетьяровта екі жалдамалы жұмысшы қызмет атқаруда.

    Жалға беру бизнесі
    Мичурино ауылының тұрғыны — 41 жасар Мұратбек Кенжесов жол бойындағы дәмхана ашуды ойластырды, бірақ Орал-Самара жол бойында бос жер телімі болмауына байланысты бұл ойынан бас тартуға тура келді. Көп ұзамай туыс ағасы арнаулы техниканы сатып алып, жалға беру идеясын ортаға салып, Мұратбек ағасының ұсынысына көңіл аударды.
    Жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, 4 млн. 800 мың теңге көлемінде несие рәсімдеді. Қаражатты трактор, экскаватор сатып алуға жұмсады, кәсіпкердің жер өңдеу жұмыстарымен (ор қазу және басқа да құрылыс жұмыстары) айналыспаса да, табысты арнаулы техниканы жалға беру арқылы табады.
    Қазіргі таңда М.Кенжесовтың арнаулы техникалары Жаңақала ауданында су құбырының құрылысы жұмыстарында қолданылуда.
    — Жазғы маусым – құрылыс жұмыстары кезеңі, арнаулы техникаға сұраныс болады, ал қысқы маусымда жұмыс қалай болатынын көре жатармыз, — деп айтты кәсіпкер.
    Алғашқы төлем мерзімі – желтоқсан айында, алты айлық жеңілдетілген кезең арқасында ісін жаңа бастаған кәсіпкер қарыз қайтаруға қаражат жинап қоя алатынына сенімді.
    М.Кенжесов атап өткендей, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша бір айлық оқыту барысында тыңдаушылар көптеген пайдалы ақпараттар алды, соның ішінде қаржылық жоспар құру бойынша, егер де алған ақпаратты ұқыпты пайдаланса, кірісті тиімді бөлу жүйесін қалыптастыруда қиындық болмайды. Демек, несие қайтаруда кездесуі мүмкін қиындықтардың алдын-алуға болады.
    Ебін таба білсең, жүк те жеңіл! Бизнес-вумен бастамасы.
    Қаражар (бұрынғы Черноярово) ауылының тұрғыны 56 жасар Раиса Лукбанова бұрын бастауыш сыныптың мұғалімі болып жұмыс жасады, бірақ оның бүгінгі бизнесінің білім беру саласына қатысы жоқ. Мамыр айында оқытудан өтіп, жеке кәсіпкер ретінде тіркелді; бағыты – жүк тасымалдау.
    Бұл кәсіпті жұбайы және ұлымен ақылдасып, сонымен қатар бизнес-тренер Қуанышбек Шынболатұлының көзқарасын да ескере отырып, таңдады. Бизнес-тренер бизнес-жоспар құруға көмектесіп, бизнес-жобасын несие алғанға дейін сүйемелдеді. Р.Лукбанованың бизнес-жоспарына заңнамалық сүйемелдеу келесі жылдың мамыр айына дейін жүргізілетін болады («Бастау Бизнес» жобасының қатысушысы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сертификатын алғаннан бастап жыл бойына жоба сүйемелденеді).
    «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ісін жаңа бастағалы отырған кәсіпкерді «ГАЗель» автокөлігін сатып алуға жеткілікті қаражатпен қамтамасыз етті. Раиса Нұрмашқызының жұбайы жүргізуші болып жасайтын болады. ЖК Лукбанова жүк тасымалымен тек қана облыс аумағында емес, қажет болған жағдайда қызмет көрсету аясын кеңейтіп, Ресей Федерациясы аумағына да шығуды жоспарлап отыр.
    Махамбет ауылының тұрғыны 28 жасар Нұргүл Амантурлина да әйел адамға тән емес қызмет түрін таңдады – лактау-сырлау материалдарын өндіру. Нұргүл бұл кәсіп түрін пәтер және үйлерді жөндеумен айналысатын жұбайымен бірге ақылдаса отырып қабылдады.
    Оқытудан өткен соң, 2,3 млн. теңге көлемінде несие рәсімдеді. Қарызға алынған қаражатты отбасылық жұп орын-жайды жалға алу және құрал-жабдық сатып алуға жұмсады. Өзінің кәсіпорнына Амантурлина үш жұмысшы қабылдауды жоспарлауда.
    Ас атасы – нан!
    Белес ауылында наубайхана жоқ, нан дастарханның басты тағамы екендігін және сұраныс болатындығын ескере отырып, осы ауыл тұрғыны, ІІМ-нің зейнеткері Руслан Ахметов нан, тәтті нан түрлерін пісіруді қолға алып, кондитерлік өнімдер өндірісін ұйымдастыруға шешім қабылдады.
    «Кәсіпкер» бағдарламасы бойынша 2,8 млн. теңге көлемінде жеңілдетілген қаржы алып, наубайханаға ғимарат құрылысын бастады, ал алған ақша бөлігіне құрал-жабдық сатып алды. Р.Ахметов өндірісті қазан айының ортасында іске қоспақ, наубайхана ашылғаннан соң жұмысқа 5 адам қабылдауды жоспарлап отыр.
    Ауылдық жерге тән кәсіп ретінде мал шаруашылығымен айналысумен қатар, «зеленовтықтар» көкөніс шаруашылығын дамытуға да күш жұмсауда. Мысалға, Трекино ауылының тұрғыны 52 жасар Бакиза Нұрғалиева қызанақ пен қияр өсірумен айналысады және жұбайымен бірге үйінің ауласында көкөністерді өсіруге арналған шағын жылыжай құрылысын аяқтады.
    Б.Нұрғалиеваның «Бастау Бизнес» жобасына қатысып, мамыр айында кәсіпкерлік негіздерін оқытудан өтуі оның кәсібін кеңейтуге несие рәсімдеуіне мүмкіндік берді. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры 4 млн. теңге көлемінде несие беру арқылы Б.Нұрғалиеваның кәсібін қаржыландырды. Бұл қаражаттың бір бөлігі үлкен көлемді жылыжай салуға қажетті құрылыс материалдар сатып алуға, қалғаны құрал-жабдық сатып алуға жұмсалмақ.
    Кәсіпкердің айтуынша, жылыжайдың құрылысы аяқталуы жақын. Алғашқы кезеңде тек қана қияр өсіру қарастырылды, кейін басқа да көкөніс дақылдары түрлерін өсіру жоспарға енді.
    Жылыжай жақын арада жұмыс жасайтынын ескере отырып, Бакиза Гайнуллақызы аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына оған жұмысшылар жолдауға сұраныс жіберді.
    Жылыжай жағдайында қияр өсірумен Б.Нұрғалиеваның ауылдасы – Абай Иралиев пен Мичурино ауылының тұрғыны Олег Тюрин айналысуды жоспарлап отыр. Бұл азаматтарға да «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы жабық орын-жайлар құрылысына және құрал-жабдық сатып алуға жеңілдетілген шарттарда несие берілді.
    Сонымен, біз, аудандарға «экскурсияны» аяқтадық, жұмыс барысында облысымыздың ауылдық тұрғындарының кәсіпкерлік әлеуетін көре алдық. Батысқазақстандықтардың кейбір бизнес-идеялары өзінің ерекшелігімен көзге түсті, өкінішке орай олардың ішінде кредиттеу шарттарына сәйкес келмеуіне байланысты жүзеге асырылмай қалғандары да кездесті. Сонымен қатар, кейбір аудандарды мысалға ала отырып, Батыс Қазақстанның тұрғындарының кәсіпкерлікке белсенді қызығушылық танытып отырғанын көруге болады, ол өз алдына, жерлестерін мемлекет тарапынан әр түрлі бағдарламалар аясында беріліп отырған мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға ынталандырады.
    Еске салып кетейік, «Бастау Бизнес» жобасы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру барысы енгізілді және оны орындауға әр түрлі ведомстволар мен олардың аумақтық бөлімшелері жұмылдырылған. Сондықтан, келесі шығарылымға дайындық барысында БҚО «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келесідей сұрақтар қоятын боламыз: өзектілігіне қарай облысымыздың қай ауданында қандай қызмет түрін дамыту қажет екендігін анықтау бойынша талдау жүргізіле ме? осы бағытта жұмыс жалғастыру үшін жергілікті атқарушы органдармен қарым-қатынас орнатылды ма?
    Сонымен қатар, жаппай кәсіпкерлікті дамыту – «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағытын жүзеге асыруды қорытындылай келе, статистикаға және ауыл тұрғындарын шағын кредиттеуді жүзуге асыратын қаржылық ұйымдар жұмыстарына да назар аударатын боламыз.

    Саида ТУЛЕГЕНОВА


     
    Предыдущая статья
    Следующая статьяПодводя итоги
    Аватар
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    Последние новости

    Почти четверть триллиона тенге выделено на строительство и приобретение жилья в ЗКО

    В этом году в рамках «Концепции развития жилищно-коммунальной инфраструктуры»...

    Как государство регулирует кредитную политику банков

    «Жизнь взаймы» – практика, давно получившая широкое распространение в...

    Рекомендуем

    Для здоровья тела и духа

    Настоящий праздник йоги и медитации состоялся в стенах спортивного...

    432 жилых дома затопило в ЗКО

    Самая сложная ситуация сложилась в Сырымском и Каратобинском районах. Оксана...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл