Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
10 C
Уральск
19 C
Аксай
Еще

    Тасқалалықтардың болашағы зор бастамалары

    Тасқала ауданы биылғы жылы «Бастау Бизнес» жобасымен алғашқы рет қамтылып отыр және қазіргі уақытта кәсіпкерлік негіздеріне 76 адам оқытудан өтті. Облыстың басқа аудандары секілді бұл ауданда да қызмет түрінің басым бағыты мал шаруашылығы болғанымен, тасқалалықтар басқа да салаларды дамытуға атсалысуда.

    Қайта өзгеруге бағытталған бизнес
    Мысалға, 53 жасар Тасқала ауылының тұрғыны Светлана Өтемісова, қызы Арайлымның ұсынысын қолдап, аудан орталығында сұлулық салонын ашуға бел байлады. Айта кететін жәйт, қызы Орал қаласында бірнеше жыл бет әрлеуші, стилист болып қызмет атқарған екен. Жас аруымыз ауданның тұрақты экономикалық дамуын (ауыл тұрғындарының материалдық жағдайына әсер етеді) ескеріп және әйел қауымы арасында сұлулық салонының қызметіне әрқашан сұраныс болатынын біле отырып, анасына отбасылық бизнесті ашуға және ауданда сұлулық индустрия саласын дамытуды ұсынды.
    Светлана Есқабылқызына қызының бастамасы ұнап, Өтемісовтер өз қаражаты есебінен сұлулық салонына арналған ғимарат құрылысын бастап кетті. Тасқала ауданына «Бастау Бизнес» жобасы енген уақытта олар ғимараттың құрылысын аяқтаған болатын. Баршаға мәлім, бұл жоба өз ісін бастауға ниет білдірген тұлғаларға тек қана бизнес жүргізуді үйретіп қана қоймайды, оқытудан өтіп, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сертификатын алған соң, қатысушылар кредиттік қарыз алу мүмкіндігін пайдалана алады. Несие беру шарттары – төлем бойынша жеңілдік ұсына отырып, 6-7 жылдық пайыздық мөлшерлемесі және жаңа бастаушы кәсіпкерлердің көпшілігі осы мүмкіндікті пайдаланып, өз ісін бастай алады.
    Бизнес-тренер Алмагүл Исмагулова өз ісін жаңадан бастап жатырған кәсіпкерлерге барлық тәуекелдер мен мүмкіндіктерді ескере отырып, нарыққа талдау жүргізуге көмектесті, бизнес-жоспарды бірге жасасып, қаржыландыруға қажетті құжаттарды жинастырды.
    Өтемісовтерге өз салондарына құрал-жабдық алу үшін үш миллион теңгеден аса қаражат қажет болды. Светлана Есқабылқызы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның облыстық филиалына кепілдікке мүлік ұсынып, қажетті сомасын алды. Жобаға қатысушы қарызды бес жыл бойы қайтаруы тиіс, төлем бойынша жеңілдік кезеңі – алты ай.
    Сізді несие беру шарттары қанағаттандыра ма, қарызды қайтаруда қиындықтар туындайды деп қорықпайсыз ба деген сұрақтарға кәсіпкер төлем бойынша қиындықтар туындамайтынын және жобаның барлық шарттары қол жетімді екендігін айтып берді.
    — «Бастау Бизнес» жобасы несімен қызықтырды? Оқытуды ұйымдастыру бойынша ұсынысыңыз бар ма? – деп сұраған болатынмын Светлана Өтемісовадан.
    — Мен үшін көптеген танымдық ақпараттар болды, негізінен бизнес-жоспар жасау, шығындар мен кірістерді есептеуді үйреніп, салықтық есептерді тапсыру тәртібімен таныстым. Оқытудың сапасы ұнады және «Бастау Бизнес» оқу процесін ұйымдастыруына өзгерістер енгізудің қажеті жоқ деп есептеймін, — деп жауап берді кәсіпкер.
    Өтемісовтер салонында қандай қызметтер көрсетілетін болады деген сұраққа келер болсақ, бұл — барлық шаштараз қызметтерінің түрі (оның ішінде химиялық бұйралау, шашты тегістеу мен қайта қалпына келтіру, кератинмен емдеу), маникюр, педикюр, визаж, киім стилі. Кәсіпкердің айтуынша, Тасқала ауылында 8 шаштараз жұмыс жасап тұрса да, шаш күтудің жаңа бағыттары тек олардың салонында ғана қолданылатын болады. Қызы Арайлым ауылдастарының жаңа бейнесін жасауға, киім стилін таңдауға көмектесетін болады және С.Өтемісова шаштаразшы және тырнақ күту мастерін жұмысқа қабылдайды. Барлық қызметтер тиімді бағаға көрсетілетін болады.

    Бақытты сәтті түсіру

    22 жасар Нұр Ғаббасов аудан орталығында фото-студия ашты, ол келесі қызметтер ұсынатын болады: құжаттарға арналған фотосурет (түрлі-түсті, қара -ақ); цифрлы фотокамерадан 3х4 см, 20х30 см өлшемді фотосуреттерді шығару, дискета, компакт-дискілерден фотосурет шығару; фотосуреттерді қайта қалпына келтіру мен редакциялау; салтанатты шараларды (той, бітіру кеші т.б.) бейнежазбаға түсіру; құжаттарды ксерокөшірмелеу мен сканерлеу.
    Жас жігіт фотосуреттерге жасөспірім кезінен қызығушылық танытты, кейін оның хоббиі табыс көзіне айналды: Нұр салтанатты шараларды фото-бейне таспаға түсіріп, табыс таба бастады.
    Ағымдағы жылдың сәуір айында жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, маусым айында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқытудан өтті. Оқыту барысында Нұр өзінің хоббиі тұрақты табыс әкелетініне тағы да көз жеткізді. Тәлімгері А.Исмагулова бизнес-жоспар құруға көмектесті. Ғаббасовтың бизнес-идеясын жүзеге асыру үшін 2.9 млн. теңге қажет, өз ісін бастағалы отырған кәсіпкерді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ қаржыландырды. Кредиттік қарыз ақшаға кәсіпкер фото-бейне жабдықтарын, компьютер, кеңсе техникаларын, салонға жиһаз сатып алды. Болашақта фото тауарларды (фотоаппарат, фотоальбом, фотосуреттерге жақтау) сатумен айналысуды жоспарлап отыр. Әзірге кәсіпкер жұмыс көлемін өзі орындап үлгеруде, болашақта бір жұмыс орнын ашпақшы. Нұр өзінің ұзақ жылдар бойы фотограф пен бейне түсірілім операторы болып қызмет атқарғанын ескеріп, өзінің қызметіне сұраныс болатынына, яғни тұрақты табыс нәтижесінде қарызды уақытылы қайтаруда қиындық туындамайтынына сенімді.
    — «Бастау Бизнес» жобасы бизнес жүргізуге қажетті білім береді, біз табысты дұрыс бөлу, тәуекелдер мен мүмкін шығындардың алдын-алуды білдік. Бизнес-тренеріміз бәсекелестермен қарым-қатынас жасау, әлеуетті сатып алушыларды тарту туралы білімімен бөлісті және жобада тағы да басқа көптеген қызықты тың ақпарат алдық. Бұл алған білім өз ісін жаңа бастап жатырған кәсіпкерлерге сенімділік береді және жаңа межелерге жетуге итермелейді, — деп 22 жасар Нұр Ғаббасов өз ойымен бөлісті.

    Ананың құнды кеңесі

    30 жасар Талғат Өтепбергеновтің жеңіл автокөлік шанағын жөндеу бойынша жұмыс тәжірибесі бар, бірақ ресми түрде жеке кәсіпкер болып жақында ғана – бір ай бұрын тіркелді. Оның бизнес-жоспарының мазмұны – PDF-технологиясын қолдану арқылы жеңіл автокөліктен жапырылған жерін сырсыз кетіру, оны жүзеге асыру үшін 2,5 млн. теңге қажет. Жаңа кәсіпкердің өзінде мұндай көлемде қаражат болмағандықтан, несие алуды жоспарлап отыр.
    Несие беру шарттары (6 жылдық пайыздық мөлшерлеме, 5 жылға, жеңілдетілген төлем кезеңі – жарты жыл) Талғатқа ұнап отыр, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры оның бизнес-жобасын мақұлдаған жағдайда, автокөлік шанағын жөндеу бойынша кәсіпорнын өзінің гаражында ұйымдастырады. Жоспар табысты жүзеге асқаннан кейін, жеке кәсіпкер Өтепбергенов өзіне бір жұмысшы алады. Талғаттың жұбайы – Әдемі де жолдасымен қатар «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқытудан өткен болатын. Әдемінің ендігі мақсаты аудан орталығында балаларды үштілділікке (қазақша, орысша, ағылшынша) үйрететін репетиторлық орталық ашу.
    Жас әйел бірнеше жыл ағылшын тілінің (қазақ және орыс тілінде оқыту тәжірибесі бар) мұғалімі болып жұмыс жасады, «Бастау Бизнес» жобасы бастамашыл, белсенді адамдарға өзін кәсіпкер ретінде ашылуға көмектесетінін ескере отырып, осы мүмкіндікті пайдалануға бел буды.
    Әдемі Өтепбергенованың бизнес-идеясын жүзеге асыру үшін бір миллион көлемінде қаражат қажет, бірақ ол өзінің бизнесін ашуға асықпайды, алдымен жұбайының идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
    «Бастау Бизнес» туралы Талғат пен Әдеміге анасы айтқан болатын, сол үшін Әдемінің енесіне алғысы шексіз, себебі осы оқыту барысында ерлі-зайыпты өз кәсіптерін бастау үшін пайдалы біраз ақпарат алды.

    Әуесқой автомобильшілердің қуанышы

    37 жасар Жуламан Сиражев өзінің гаражын дәнекерлеу цехы мен дөңгелек жөндеу шеберханасына қарай жабдықтауды жоспарлап отыр, құрал-жабдық сатып алуға жалпы 2,5 млн. теңге керек.
    Оның бизнесі салынған қаражатты ақтайтынына сенім бар. Жуламан осыған дейінгі сауалнамаға жауап берушілер секілді несиені уақытылы төлейтінін, сонымен қатар ол қарыз алушыларға таңдау берілетінін айтты, қарызды ай сайын немесе тоқсан сайын төлеу мүмкіндігі бар. Оған қоса, төлем бойынша жеңілдетілген кезең қарастырылған, ол өз алдына қарызды қайтару міндеттемесін орындауды жеңілдетеді.

    Бабалар жеріне қайта оралу бақыты

    Соңында айта кетейін, «Бастау Бизнес» жобасының Тасқала ауданы бойынша қатысушыларының бизнес-идеялары туралы ақпараттандыруды аяқтай келе, идеяның өзіне емес, идеяның авторына ерекше тоқталғым келіп отыр. Ол — 42 жасар Санжарбер Сагинов, 13 жыл бұрын Қарақалпақстаннан көшіп келген (Өзбекстанның солтүстік-батысындағы егеменді республика).
    С.Сагинов оралмандар мен қоныс аударып келгендерді қабылдау квотасы арқасында тарихи отанына отбасымен бірге көшіп келді. Жұбайы және балаларымен Тасқала ауылында орналасып, шаруашылығын ашты. Осы жылдарда бірнеше жұмыс орнын ауыстырды, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқытудан өтпестен жарты жыл бұрын, өзінің шаруа қожалығын ашты.
    Сагиновтың бизнес-жоспары – ауыл шаруашылығы малына шөп дайындау, оны жүзеге асыру үшін трактор сатып алу керек. Кәсіпкерде жер мен шабындық бар, Санжарбер Таңғатарұлына техниканы сатып алу үшін 10 млн. теңге қажет. Ол қажетті сомаға «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы қол жеткізіп, трактор сатып алды, қазір шөп дайындаумен айналысып жатыр. Несие 7 жылға рәсімделді, жеңілдік кезеңі – 2 жыл. Сагинов шаруа қожалығында 10 адам жұмыс жасайды, жалақылары уақытылы төленіп тұрады (орташа – 50 мың теңгеден).
    — Кәсіпкерлікті дамытудың Қазақстанда жасалған жағдайларын Өзбекстандағы жағдайлармен салыстыра отырып айта аласыз ба? – деп кәсіпкерге негізгі сұрақты қойдым.
    — Қазақстанда шағын бизнесті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жасалып, жүзеге асырылуда, осы бағдарламалардың бірі — «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы, ал Өзбекстанда мұндай бағдарламалар жоқ. Қалай болғанда да, мен Қазақстанға көшпестен бұрын болмады. Елбасының оралмандар мен қоныс аударып келген азаматтарға барынша көмек көрсетіп келе жатырғаны қуантады. Жұбайымыз екеуміз Қазақстанға көшіп келгенімізге еш өкінбейміз, біздің балаларымыз да атамекендерінде өсіп жатыр.
    Қазақтар мен өзбектер бауырлас халық болғандықтан, мәдениет пен дәстүрлерінде ұқсастық көп, сондықтан қоғамда бейімделуде қиындық болмады. Қазіргі уақытта Отанымыз деп Қазақстанды айтамыз, жасыратыны жоқ Өзбекстандағы достарымыз бен көршілерімізді сағынамыз, — деп жауап берді Санжарбер Сагинов.
    — Сонда да біздің халықтарымыздың менталиттерінде қандай айырмашылық бар? – деп қайта сұрадым оралманнан.
    — Өзбекстанда шай ішу дәстүрімен ерекшеленеді, онымен әрбір отырыс пен әңгіме басталып, аяқталады. Біздегі сияқты, оларда да үй иесінің қонаққа деген қарым-қатынасы кесеге құйылған шайдың көлемімен түсінуге болады. Яғни, аз құйылған сайын көп сыйлайды. Керісінше, ұнамсыз қонаққа шайды толтырып құяды. Ерекшелігі өзбектерде шайды үй иесі құйса, қазақтарда оны әйелі, келіні немесе қызы құяды, — деп жауап берді Санжарбер Таңғатарұлы.

    Оқыту жалғасуда

    Тасқала ауданы бойынша бизнес-тренер Алмагүл Исмагулованың айтуынша, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқытудың үш ағынында кәсіпкерлікті жүргізудің негіздерін 76 адам оқыды. Қазіргі таңда төртінші ағынға 32 адамнан тұратын топ жинақталды. Кейін жыл соңына дейін тағы 40 адам оқытумен қамтылу көзделуде.

    Бизнес-тренер өз ісін бастағалы отырған кәсіпкерлерді қолдау тек бизнес-жоспарды жасау мен кредит рәсімдеумен шектелмей, сонымен қатар «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сертификатын алғаннан кейін бір жыл бойы сүйемелдеу жалғасатындығын атап өтті. Аудан орталығының тұрғындарынан басқа «Бастау Бизнес» жобасына Мерей, Мереке, Ақтау, Қосшы, Чижа 2, Амангелді ауылдарының тұрғындары да белсенді қатысуда. 76 қатысушының 26%-ы Тасқала ауданының әйелдері, ең жасы – 20-да болса, жобаның ең үлкен қатысушысы– 54 жаста. Екі қатысушы – екінші және үшінші топтағы мүмкіндігі шектеулі тұлғалар. Оның екеуі де кәсіпкерлік қызмет түрі ретінде мал шаруашылығын таңдаған.
    Келесі шығарылымда Теректі ауданының өз ісін жаңа бастағалы отырған кәсіпкерлер туралы айтып өтеміз.

    Саида ТУЛЕГЕНОВА


     
    Предыдущая статья
    Следующая статьяЧтоб Роман играл в футбол, забивал в ворота гол!
    Аватар
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    Последние новости

    Минздрав предложил сократить рейсы и ужесточить требования для въезжающих в страну

    Министерство здравоохранения предложило приостановить возобновление новых авиарейсов с 5...

    И жизнь, и слезы, и любовь

    После эпидемии коронавируса драматический театр им. Островского, наконец, открыл...

    Рекомендуем

    Минздрав предложил сократить рейсы и ужесточить требования для въезжающих в страну

    Министерство здравоохранения предложило приостановить возобновление новых авиарейсов с 5...

    АО «Аксайгазпромэнерго» подводит итоги к 30-летнему юбилею

    В первый день октября АО «Аксайгазпромэнерго» отмечает 30-летие со...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл