Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
2 C
Уральск
14.7 C
Аксай
Еще

    Мамандық алу үшін колледжге жол!

    Батыс қазақстандықтарды техникалық және кәсіби білімі бар кадрларды дайындау бойынша облыста жүргізіліп жатырған жұмыстар туралы ақпараттандыра отырып, бүгінде «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» бағыттары бойынша мамандар дайындайтын Орал ақпараттық технологиялар колледжінің және аудандық деңгейдегі колледждердің қызметіне назар аударамыз. Бұл техникалық мамандықтарға оқыту нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 Бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде жүргізіліп жатырғандығын еске саламыз.
    Орал ақпараттық технологиялар колледжінің директорының оқу-өндірістік жұмыстары бойынша орынбасары Новикова Елена Ивановна айтып өткендей, оқу тобы 9 сыныпты бітірген түлектерден құралған. Бірінші оқу жылында олар жалпы білім бағдарламасын өткен. Оқудың екінші, үшінші курстарында арнайы пәндер және өндірістік оқулар енгізіледі. Үшінші курсты аяқтап, емтихандарын сәтті тапсырған түлектер «Автомобильдерді жөндеу бойынша слесері» немесе «ЭЕМ операторы» жұмысшы мамандықтарын алып шығады.
    Елена Ивановна колледжде жұмысшы мамандықтарын алумен қатар модульдік бағдарлама шеңберінде арнайы-техникалық мамандық алу мүмкіндігі де қарастырылғандығын атап өтті. Тек бұл мүмкіндікті алу үшін «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасының қатысушысы өндірістік оқуды жақсы аяқтауы қажет. Өндірістік оқуды жақсы аяқтағандар төртінші курска жіберіліп, кейін орта буын мамандары ретінде (оқуларының бағыттарына қарай механик -техник немесе бағдарламашы-техник) бітіріп шығады.
    Орал ақпараттық технологиялар колледжінде мемлекеттік Бағдарлама шеңберінде 75 адам оқып жатыр (әр топта 25 адамнан). Оқу екі тілде жүреді. ЭЕМ операторы мамандығына «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» бағыты бойынша жігіттермен қатар, қыздар да оқып жатыр. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасының қатысушыларының ішінде ең үлкені 25 жаста.
    Колледж жанынан жатақхана болмауы себепті, Орал ақпараттық технологиялар колледжінде ұзақ мерзімді курстан өтуге ниет білдіргендер оқу кезінде тұратын орындарын өздері табуы керек. Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде оқып жатырған студенттердің ішінде 19 адам ауылдық жерден келіп оқып жатырғандар (25%).
    — «Алдағы оқу жылында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылатын мамандықтар түрлерін кеңейу, сәйкесінше білім алушылар санының ұлғаюы күтіле ме?,- деген сұрағымызға Е.И.Новикова: «Жаңа оқу жылында «Автомобильдерді жөндеу бойынша мастер» жаңа біліктілігінің енгізілуі жоспарда- деп жауап берді. Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде оқитын оқушылар санына байланысты сұраққа Е.Новикова келесі оқу жылында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша қатысушылардың жалпы саны 50 адамға дейін қысқартылатыны жоспарланып отырғандығын айтып өтті.
    Орал ақпараттық технологиялар колледжінің өндірістік практиканы ұйымдастыруы үшін әлеуметтік серіктестері болып табылатын мекемелер қатарында «Батыс Консалтинг» ЖШС, «Караванный путь» ЖШС, «Оргтехника»ЖШС, «Сервер плюс»ЖШС. Бұл мекемелер бағдарламашы-техниктер бойынша бос орындар болған жағдайда, аталған колледжге жас мамандарды жіберуге өтінімдер беріп отырады.
    Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға келер болсақ, Орал ақпараттық технологиялар колледжінде жұмыс кадрларын дайындау бойынша бұл бағдарлама қарастырылмаған.
    Теректі колледжінде слесарлар, көліктерді жөндеу бойынша мастерлер, механик-техниктерді де дайындайды. Оқу 9 сынып негізінде жүргізіледі, оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай.
    Модульдік бағдарламаға сәйкес, алғашқы берілетін жұмысшы мамандық – автомобильдерді жөндеу бойынша слесарь; үшінші курсты аяқтаған бағдарлама қатысушысы «Көлікті жөндеу бойынша мастер» мамандығы бойынша диплом, ал төртінші курсты аяқтағандар «Механик-техник» дипломын алып шығады.
    Өткен жылы «Автомобиль көліктерін пайдалану және жөндеу, техникалық қызмет көрсету» бойынша мамандығына ұзақ мерзімді оқуға 25 адам қабылданып, 24-і оқу жылын аяқтады (бір қатысушы әскери қызметке шақырылды).
    Теректі колледжінде ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы шеңберінде болашақ «Жануарларды ветеринарлық өңдеу бойынша оператор» мамандарын да оқытуда, бұл мамандыққа оқуға 11 сынып бітіргендер алынады.
    — Екі бағыт бойынша да оқыту мемлекеттік тілде жүреді. Жаңа оқу жылына нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы бойынша 40 адамды қабылдау жоспарлануда,- деп хабарлады Теректі колледжінің өндірістік оқу бойынша мастері Орманова Дариға Изимгалиевна.
    Колледж жанынан 50 адамға арналған жатақхана бар: жуынатын кабиналар, санитарлық тораптар, бос уақытын өткізуге, теледидар қарауға, газет-журнал оқуға мүмкіндік жасалған демалу бөлмесі – барлығы да қазіргі заманға сай жабдықталған. Спорт залында веложаттықтырғыш орнатылған. Колледжде мұражай жұмыс жасап тұр, мұнда колледждің ғана емес, ауданның да тарихымен терең танысуға болады.
    Қысқа мерзімді оқу курстарынан өтуге ниет білдірген Бағдарламаның қатысушыларына аспаз (оқу мерзімі – 3 ай), мал дәрігерік өңдеу бойынша оператор (6 ай) мамандықтарына оқу ұсынылады. Оқу қазақ, орыс тілдерінде жүреді.
    Өткен жылы қысқа мерзімді курстан ауданның 62 тұрғыны оқудан өтті, қазіргі уақытта қысқа мерзімді кәсіби оқуды 20 адам оқып жатыр.
    Дариға Изимгалиевна «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының қаты-сушыларының ішінде ең үлкені 54 жаста екендігін атап өтті.
    «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы шеңберінде оқу оның қатысушыларының өз беттерінше жүзеге асуы себепті, оқу орнын таңдау да олардың өз еріктерінде қалады. Мысалы, Шыңғырлау ауданының 25 жастағы тұрғыны Әсемгүл Рысқалиева Теректі колледжінде 6 айлық мал дәрігерлік операторы мамандығын оқып алуды шешкен, себебі өзінің өңірінде бұл мамандық оқытылмайды. Ай сайын 16759 теңге көлемінде стипендия және аптаның әр күніне бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етуге арналған 565 теңге алып отырды. Оқу кезінде тұрғылықты орын жайын жалдап тұрған, кәсіби біліктілігін алғандығы туралы сертификатын иеленгеннен соң, ауылына барып жұмысқа орналасқан. Жас маманның жұмысы өзіне ұнайды және нәтижелі қолдау танытқан мемлекетке өте риза.
    Сырым ауданының және оған жақын маңда орналасқан мекендердің тұрғындары Сырым колледжінде екі жыл 10 ай оқу мерзімімен «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығына оқи алады.
    Сырым колледжіне оқушыларды қабылдау орта білім негізінде жүреді (11 сыныпты бітіргендер бойынша).
    Модульдік бағдарламаға сәйкес бірінші және екінші оқу жылдарын аяқтағаннан соң «ЭЕМ операторы» біліктілігі бойынша сертификат беру қарастырылған, ал ұзақ мерзімді оқудың толық курсын аяқтағаннан соң « Бағдарламашы-техник» мамандығымен диплом беріледі.
    Өткен жылы «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығын алуға ниет білдірген 20 адамнан тек біреуі ғана оқу жылын аяқтамады. Сырым колледжі жаңа 2018-2019 оқу жылдарында 40 адамды оқытуды жоспарлап отыр (оның жартысы жоғарыда аталып өткен мамандық бойынша).
    Колледж 20 адамды «Фермерлік шаруашылық» бағыты бойынша дайындайтын болады, бұл бағытта келесі біліктіліктер беру қарастырылған: «Ауыл шаруашылық өндірісінің тракторшы-машинисі», «Автомобиль жүргізушісі», «Фермер».
    Өндірістік практикадан өту үшін «Балауса», «Сержан» ЖК-мен және мемлекеттік мекемелермен келісім орнатылған. Сырым колледжінің әлеуметтік серіктестері «СайновА» ШҚ, «Токсоба» ЖШС және «Сырым» МКМ болып табылады.
    Өткен жылы қысқа мерзімді оқу курсы шеңберінде 25 адам «аспаз», «газэлектрдәнекерлеуші» жұмысшы мамандықтарын алып шықты. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының қатысушыларының 72 %-ы жұмысқа орналасқандығын атап өткен жөн. Мысалға, 28 жастағы Азамат Қуанышев. Ол арнайы техникалық білімі бола тұра, мамандығы бойынша жұмыс таба алмаған, сондықтан аудандық халықты жұмыспен қамту бөлімінде «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы бойынша оқудан өтуге ұсыныс жасағанда, берілген мүмкіндікті пайдалануды шешкен. Оның ойынша, «газэлектрдәнекерлеуші» мамандығын таңдауда қателеспеген, себебі бір айлық оқу мерзімінен кейін бірден жұмыс тапқан. Азаматтың қысқа мерзімді курсты аяқтағандығы туралы куәлік алғанына бір жыл өтті, ол күні бүгінге дейін сол мекемеде жұмысын жасап жатыр.
    Азаматтың пікірінше, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы тұрақтылықты табуға көмектеседі, яғни ертеңгі күнге сенімділікті арттырады.
    Сырым колледжінде маусым-шілдеде қайтадан «Газэлектрдәнекерлеуші» және «ЭЕМ операторы» біліктіліктері бойынша қысқа мерзімді оқу өтеді, қазірдің өзінде 24 адамнан тұратын екі топ жасақталған.
    Ақжайық аграрлық-техникалық колледжі жоғарыда атап өткен колледждер секілді ақпараттық технологиялар саласында мамандарды дайындайды, білім беру барысы Сырым колледжімен ұқсас ұйымдастырылған. Мұнда да модульдік бағдарламаға сәйкес «ЭЕМ операторы» және «Электрондық –есептеуіш машиналарының жөндеушісі» біліктіліктері бойынша сертификат беру қарастырылған; толық курсты аяқтағанда «Бағдарламашы-техник» мамандығы бойынша диплом беріледі.
    Өткен жылы «Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша ұзақ мерзімді оқуға 20 адам қабылданды. Ұзақ мерзімді оқуда оқып жатырған студенттер қатарында Маңғыстау облысынан екі қыз бала бар. Сонымен, өткен оқу жылының соңында Ақжайық аграрлық-техникалық колледжінің өкілдері кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізу мақсатында Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында барып, 11 сынып оқушыларымен кездесіп, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкердікті дамыту Бағдарламасы шеңберінде тегін арнайы-техникалық мамандық алу мүмкіндіктері туралы айтып берген болатын. Құрбылар — Гүлшат Оразбекова және Зухра Утеуова Ақжайық ауданында оқыған ауылдас құрбыларынан бұл колледж туралы білген екен, сондықтан алда осы мүмкіндікті пайдалануды шешкен. Ата-аналары қыздарын оқуға жібермес бұрын Ақжайық ауданына келіп, колледж, жатақхана жағдайымен танысып, қыздарының осы колледжде оқуына келісімін берген.
    Одан бері бір жыл өтті, Гүлшат пен Зухраның демалыстары да жақын. Қыздар колледжін, бірге оқитын құрбыларына үйреніп, демалыс уақытында сағынатындарын білдірді.
    «Бағдарламашы-техник» мамандығын неге таңдадыңыздар, — деген сұраққа, қыздар: «компьютерленген қазіргі заманда бұл мамандықтың дипломымен қай уақытта да жұмыс табылады, -деп жауап берді.
    Ақжайық ауданының аграрлық-колледжінің үш қабатты жатақханасына 100 адам сияды, жатақханада қазіргі заманға сай барлық жағдайлар жасалған. Ұзақ мерзімді оқуда оқитындардың қатарында Казталов және Жаңақала аудандарынан келіп оқып жатырғандар бар.
    Бұл оқу орны IT мамандарымен қатар, «Мал дәрігерлік» бағыты бойынша да мамандар дайындайды. Ұзақ мерзімді оқу 11 сынып негізінде жүреді, оқу мерзімі – 2 жыл он ай.
    Жаңа 2018-2019 оқу жылында нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде бұл оқу орнымен тек 11 сыныптар негізінде емес,толық емес ( 9 сыныптық) орта білім негізінде де оқуды ұйымдастыру жоспарлануда. Оқу негізінен «Ауыл шаруашылық өндірісінің тракторшы-машинисі» мамандығы бойынша ұйымдастырылмақшы.
    Ақжайық аграрлық-техникалық колледжі қысқа мерзімді кәсіптік оқу шеңберінде аспаз, ұста, ветеринарлық оператор, газэлектрдәнекерлеуші мамандарын дайындайды.
    «Н» келесі санда, А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі дайындап жатырған жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану саласындағы мамандықтарға назар аударатын болады. Сондай-ақ, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасын жүзеге асыруға тартылған облыстың басқа да техникалық колледждерінің, жалпы Бағдарлама бойынша өңірімізде атқарылып жатырған жұмыстары туралы хабарлауды жалғастырамыз.

    Саида ТУЛЕГЕНОВА

     

    SAMSUNG CSC


     
    Аватар
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    Последние новости

    Олжас Бектенов: «Сейчас главное – спасение жизни людей и минимизация последствий стихии»

    А вот после, пообещал премьер-Министр Казахстана, будет проведена предметная...

    В ЗКО в период акции по легализации иностранных авто казахстанские номера получили почти 23 тыс. автовладельцев

    Данная льготная возможность была предоставлена государством для регистрации автомашин,...

    Рекомендуем

    Для здоровья тела и духа

    Настоящий праздник йоги и медитации состоялся в стенах спортивного...

    432 жилых дома затопило в ЗКО

    Самая сложная ситуация сложилась в Сырымском и Каратобинском районах. Оксана...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл